Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Әлемнің тізгіні – білімдінің қолында» тақырыбындағы бітіруші түлектерді ұлттық біріңғай тестілеуге педагогикалық – психологиялық тұрғыдан алдын–ала дайындау акциясының БАҒДАРЛАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
11-ші сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындау, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өз іс-әрекетін қадағалай білуге үйрету, және қобалжудың алдын-алу және болдырмау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әлемнің тізгіні – білімдінің қолында» тақырыбындағы бітіруші түлектерді ұлттық біріңғай тестілеуге педагогикалық – психологиялық тұрғыдан алдын–ала

дайындау акциясының

БАҒДАРЛАМАСЫ


Өтілетін уақыты:

Өтілетін орны:

Мақсаты: 11-ші сынып оқушыларын ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындау, өз-өзіне сенімділігін арттыру, өз іс-әрекетін қадағалай білуге үйрету, және қобалжудың алдын-алу және болдырмау.

Міндеті:

  • Түлектердің қобалжу деңгейін байқау.

  • Есте сақтаудың тиімді әдістерін үйрету.

  • Өзін-өзі бақылау дағдыларын жетілдіру.

  • Емтихандағы мінез-құлық дағдыларын жан-жақты қарастыру.

  • Тестілеу алдында түлектермен психологиялық бағытта жұмыс жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың өзіне дегенсенімділігі, стресске қарсы тұра білу дағдыларын арттыру.

  • Оқушылардың білімдегі сапа көрсеткішін көтеру.

  • ҰБТ бойынша жоғары пайызға жету.

Бағдарлама жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, стресске қарсы тұра білуі, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі бағалауға және бақылау дағдысына үйрету.Өзіне сенімділігін арттыру мақсатында жаттығулар, шағын дәріс, кинезологиялық жаттығулар, өсиет әңгімелер, тренингтер мен жаттығулар өткізу.

  • Психологиялық кеңестер.

  • Ата-анамен жұмыс.

  • Педагогтармен жұмыс.

  • Таратпа материалдармен қамтамасыз ету.

Сабаққа жоғарғы сыныптың бітіруші түлектері қатысады. Сабақ бүкіл сыныпқа араналған, сабақтың ұзақтығы – 45 минут, кейде 1 сағатқа созылуы мүмкін.

Сабақтың өзіндік бір жүйесі бар. Топтағы балаларың энергиясын жоғарлату мақсатындасабақ жаттығумен басталады. Сабақтың тақырыбын ашу және маңыздылығына қысқаша түсінік беру мақсатында презентация көрсетіледі(шағын-дәріс), бітіруші түлектерге қажетті мәліметтер беріліп,қорқыныш пен ішкі күйзелісті реттеуге, сергітуге арналғанжаттығулар, түлектерден кері байланысты қайтару мақсатында сабақ рефлексиямен аяқталады.

Сабақта қолданылатын әдістер мен техникалар:

  • Диагностикалық әдістер

  • Шағын - дәріс.

  • Пікірталас.

  • Релаксациялық әдістер.

  • Өсиет әңгімелер.

  • Психофизиологиялық әдістер.

  • Кинезиологиялық жаттығулар.

Бағдарлама мазмұны

Қызмет түрлері

Мазмұны

Мақсаты

Орындалу мерзімі

1


ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға диагностикалау жұмыстарын жүргізу.



1.Басса-Даркидің эмоциялық тесті

2.«Өз мәселеңді дұрыс шеше аласың ба?»(тест)

3.Депрессиялық деңгейдi анықтауға арналған тест.

4.С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы

5.Э. Ховард бойынша стреске төзімділік

6.Табысқа жету қажеттiлiгi.

7.Л. Вассерманның невротизация деңгейiн анықтауға арналған диагностикасы


Түлектердегі қобалжу деңгейін анықтау.


Қыркүйек

Қазан

2

11-ші сынып оқушыларымен практикалық сабақ

1 - сабақ.

«Танысу»


1Салемдесу «Қошемет».

2Топтың жұмыс ережелерін қабылдау.

3Өсиет әңгіме. «Өмірдің ұсынып отырған мүмкіндіктері»,

пікіраласу.

4 «Жарайсың!» жаттығуы.

5 Рефлексия.

Топты бірлікке шақыру, топтың жұмыс ережелерін қабылдау, бірегей жұмыс кеңістігін құру.


3

2- сабақ.

«Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?»

1Сәлемдесу.

2«Радиодан айтқан» жаттығуы.

3тест«Моральды тұрақтылық».

4Шағын-дәріс «Емтиханға қалай жақсы дайындалуға болады?».

5Кинезиологиялық жаттығу.

6Рефлексия.

Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру, танымдық қабілеттерін дамыту.


4

3-сабақ.«Емтихандағы іс-әрекет».

1Сәлемдесу.

2 «Санағыш» сергіту жаттығуы.

3 Шағын дәріс «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек?».

4 Шағын топтағы пікіраласу.

5Медитативті-релаксациялық жаттығу «Тыныштық храмы».

6 Рефлексия.

Есте сақтау қабілетімен таныса отырып талдау жасау. Есте сақтау қабілетін дамыту мен ойлау арқылы өз ойын жүйелеуге дайындау.


5

4-сабақ.

«Есте сақтаудың тиімді әдіс -тәсілдері».

1-бөлім

1Сәлемдесу.

2«Мұздық»сергіту жаттығуы .

3 Шағын – дәріс «Есте сақтау. Ақпараттарды есте сақтаудың тиімді әдістері».

4Пікіраласу.

5«Қар жұмыршағы»жаттығуы.

6.Рефлексия.

Адамның есі туралы мәліметпен танысу.

Есте сақтау жолдары, мәтінмен жұмыс істеу, алған білімдерді саралау.


6

5-сабақ.

«Есте сақтаудың тиімді әдіс-тәсілдері» 2-бөлім

1Сәлемдесу.

2 «Тірі мүсіндер» сергіту жаттығуы.

3 Шағын-дәріс «Белсенді есте сақтаудың тиімді әдістері».

4 Пікірталас.

5жаттығу «Сезімдік тәжірибе және ес».

6«Мен өзімді мақтан тұтамын...» жаттығуы

7 Рефлексия.

8 «Саусағыңмен көрсет» жаттығуы.

Оқушылардың ерiк мобилизация әдістерімен танысуы. Емтихан барысында сабыр сақтау білуді тұрақтандыру.


7

6-сабақ.

«Мәтінмен жұмыс жасаудың әдістері»

1 Сәлемдесу.

2 «Шілдір» сергіту жаттығуы

3 «Мәтінмен жүмыс» жаттығу

4 «Бос орындық» жаттығуы

5 Рефлексия.

Қатысушыларға емтиханға кіргенде мәтінмен қалай жұмыс жүргізудің тәсілдерін түсінуге көмектесу.


8

7-сабақ.

«Ерік пен сабырлылықты тұрақтандырудың тиімді әдістері»


1Сәлемдесу.

2 «Орындарыңмен ауысыңдар, кімде (кім)...» сергіту жаттығуы.

3. «Эксперимент» жаттығуы.

4 Шағын-дәріс «Ерікті мобилизациялаудың экспресс-тәсілі».

5 «Ерікті тыныс» жаттығуы.

6 «Қыздыру тынысы» жаттығуы.

7 Рефлексия.

Жүйке-жүйесі релаксациясы арқылы оқытудың әдіс-тәсілдері.


9

8-сабақ.

« Стресспен қалай күресуге болады?» 1-сабақ

1 Сәлемдесу.

2«Шынымды айтқанда» жаттығу.

3 Стресс-тест.

4 Шағын – дәріс «Стресспен күресудің қысқа мерзімді, тиімді жолдары».

5«Мен шаршадым!» жаттығуы.

6 «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым? » жаттығуы

7 Рефлексия.

Айналасындағы адамдарға сенімділігін нығайту, қорқыныш пен ішкі күйзелісті реттеу, ішіндегі ойын ашық, жасырмай айтуға үйрету.




10

9-сабақ.«Стресспен қалай күресуге болады?» 2-бөлім

1 Сәлемдесу.

2«Бір-бірімізге!» сергіту жаттығуы.

3 Шағын - дәріс «Стресспен күресудің жолдары».

4 Пікірталас.

5«Джунглидегі жаңбыр»жаттығуы.

6 Рефлексия.

Жанындағы жандарға ықыласты ілтипатпен қарауға дағдыландыру. Бұлшықет буындарындағы қысымдарды жазу.


11

10-сабақ. «Релаксация»

1 Сәлемдесу.

2«Тірі сурет» сергіту ойыны.

3 Шағын-дәріс «Релаксацияның техникаларынқиялдау арқылыүйрету».

4 жаттығу «Ресурстық бейне».

5 «Аутогендік релаксация».

6 Рефлексия.

Релаксациялық техникалар жайлы болжай білу қабілеттерін дамыту. Релаксация туралы білімдерін жетілдіру.


12

11-сабақ.

« Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан айырылу».

1 Сәлемдесу.

2«Шілдір» ойыны.

3Шағын-дәріс «Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан айырылудың тәсілдері».

4 «Ойыңыздағы сурет» жаттығуы.

5 «Суретті бастап, қасыңдағыға бер» жаттығуы.

6«Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!» жаттығуы.

7 Рефлексия.

Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан босаңсытуда релаксациялық жаттығулар орындау.Оқушыларда психофизикалық күйін басқаруды қалыптастыру


13

12-сабақ.

«Іс-әрекет және эмоция»

1 Сәлемдесу.

2 «Қош бол менің күрделі мәселем!» жаттығуы.

3 Шағын-дәріс «Эмоцияларды қалай басқаруға болады?»..

4Пікірталас.

5 «Менің бет бейнем» жаттығуы.

6 Рефлексия.

Өз эмоцияларын білдіруге және басқаруға үйрету.



14

13-сабақ.

« Бітіруші түлектердің өзін-өзі бағалау мен сенімділігін жетілдіру»

1 Сәлемдесу.

2 «Кім өзін, өзгелерден артық мақтайды немесе "Қара күнге" жадынама» жаттығуы

3 «Өз құндылықтарымының деклорациясы» жаттығуы.

4«Пандора қорапшасы» жаттығуы.

5 «Жолға чемодан» жаттығуы.

жағымсыз эмоциялардан айыру, өзін-өзі талдау қабілетін дамыту, өзін-өзі бағалауды жоғарылату


15

14- сабақ

ҰБТ-ға дайындалу кезінде психологиялық көмек


1.Сәлемдесу. Сұрақтарға жауап беру
2. «Күншуақ» жаттығуы;
3. «Бәйтерек» жаттығуы;
4. «Мен өзіме сенімдімін» жаттығуы;
5.
«Сыйлық» жаттығуы;
6. «Тоғай тілегі» қорытынды.

Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз - өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл - күйлерін қалыптастыру


16

15- сабақ

« Мен өзіме сенемін» психологиялық тренингі


1.«Танысу» жаттығуы

2.«Сағат тілі» жаттығуы

3.А)«Менің отбасым» суретін салу (оқушылар үшін)

Б) «Ата – ана, менің суретімді тапшы» (ата – аналар үшін)

В)«Мен кім» және «мен қандаймын?» жаттығуы (пән мұғалімдері мен ата – аналар үшін)

4.«Көңіл күй айнасы» релаксациялық кезең

5.Түлектерге арналған аффирмация

6. «Эксперимент» жаттығуы

7. «Өміршеңдік ережесі» сенімділік бағдарламасы

Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру.


17

16- сабақ Қалай нәтижелі болуға болады?


1.Сәлемдесу

2.Топқа бөлу

3. «Ну ормандағы жаңбыр»

4. «Күн тәртібі»

5. «Шынымды айтсам»

6. рефлексия

Оқушылырға стресстік жағдайларды жеңе білуге және Ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі өздеріне сенімділіктерін арттыра түсуге көмектесу.


18

17- сабақ

«Сенімділік серігім»

1.Сәлемдесу

2. Сыр сандық

3. «Жеміс-жидек» ойыны

4. «Бұзылған телефон»

5. «Періште» ойыны

6. Рефлексия

Өз эмоцияларын білдіруге және басқаруға үйрету.



19

18- сабақ

Бәрімізде мақсат бір


1.«Шілдір» (паутинка)жаттығуы.

2. «Қар қиыршықтары»

3. «Сәлемхат»

4. .«Шынымды айтқанда» жаттығуы

5. Топтық жоба «Мен үшін ҰБТ…»

6. «Ерікті тыныс»жаттығуы.

7. «Жаңғырық туралы аңыз» әпсана әңгіме

8. Ән «ҰБТ-да жетістікке жетейік!»

ҰБТ-ға психологиялық қолдау, ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.  



20

«Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық» тақырыбындағы педагог-психологтарға арналған семинар


І БӨЛІМ

1 Семинар мақсатымен таныстыру.

2 «Келісім шкаласы» жаттығуы.

3 «Ассоциация» жаттығуы.

4 ҰБТ-ның дістүрлі емтиханнан айырмашылығы.

5 ҰБТ-ға дайындық кезінде кездесетін қиындықтар.

6 ҰБТ-ға дайындық.

7 Өзін – өзін реттеуге арналған жаттығу.

8 Рефлексия.

ІІ БӨЛІМ

1 «Өзіңді ойла, басқаны көрсет» жаттығуы.

2 «Аутогендік дайындық» жаттығуы.

3. ҰБТ-да бағалау өлшемінің шығарылуы.

4 Өзін-өзі реттеуге арналған жаттығулар

5 Тәуекел тобының балалары.

6. Жаттығулар.

7 Рефлексия.


Бітіруші түлектерде дайындық барысында кездесетін қиындықтарды анықтау.

Балалар түйсігінде ҰБТ туралы жағымды түсініктер қалыптастырып, белгілі бір нысанға бейімдеу.





































Л. Вассерманның невротизация деңгейiн анықтауға арналған диагностикасы

Мақсаты: невротизация деңгейін анықтау.

Құрал: Сұрақ қағазы, жауап беретiн бланк, қылқалам.

Нұсқау: «Төменде берiлген пiкiрлермен және ситуациялармен танысып, «ия» немесе «жоқ» деген жауапты таңдап отырыңыз».

  • Мен денемнiң кейбiр бөліктерiнде күйген, шаншу қадалғандай сезінулер болады кейде дене бойымның түршiгуiн, сiлеюiн сезiнемiн.

  • Мен сирек ашуланамын және менде жүрекгім қатты соқпайды.

  • Мен аптасына бiр рет немесе одан да жиi ашуланамын.

  • Менiң басым жиi ауырады.

  • Мені түнгі мезгілде аптасына 2-3 рет бастығырмалауға жүгінемін.

  • Сонғы кезде мен өзiмдi нашар сезiнемiн.

  • Менде күнделікті түрлі жайттар болып жатады, олар менi шошытады.

  • Қобалжыған кезде менің ұйқымкелмейді.

  • Әдетте жұмыс маған үлкен күшке түседi.

  • Кейде қатты толқыған жағдайда мен ұйқымнан айырыламын.

  • Мен көп жағдайда өмiрге қанағаттанбаймын.

  • Менi әрқашанда бiр нәрсе қобалжытады.

  • Мен өзiмнiң таныстарыммен және жолдастарыммен сирек кездесуге тырысамын.

  • Менің өмірім әр – түрлі жайтармен шиеленісіп жатады.

  • Маған қандай болса да есепке немесе жұмысқа зейінімді аудару қиынға түседi.

  • Бiр күннiң iшiнде мені шаршататын жайттар жиі болады.

  • Мен болашаққа сенемiн.

  • Мен жиi көңiлсiз ойға салынамын.

  • Уақыт өте мен басымның жұмыс iстеуі баяулағанын сезінемін.

  • Маған ең қиын күресол – өзiммен күресу.

  • Мен әрқашанда бiреу үшiн немесе бiр нәрсе үшiн мазасызданамын.

  • Менiң өзiме сенiмдiлiгiм төмен.

  • Мен өзiме сенбейтiнiмдi жиi сезiнемiн.

  • Аптасына бiрнеше рет, құрсақтың үстiнгi жағында, менiң мазамды кетіретiн, жағымсыз сезiмдер пайда болып тұрады.

  • Кей кезде менiң алдымда үлкен бір шешімі болмайтындай қиындықтар туатын сияқты.

  • Аптасына бiр рет немесе одан да жиi мен себепсiз, аяқ астынан бүкiл денемде пайда болған қызуды сезiнемiн.

  • Мен кейбiр уақытта өзiме соншалықты көп жауапкершiлiктi аламын, сонымен өзiмдi әурелеймiн.

  • Мен өзiмнiң киiнуiме өте ұқыпты қараймын.

  • Соңғы кезде менiң көзiмнiң көруi нашарлап кеттi.

  • Адам арасындағы қарым-қатынаста көбiнесе әдiлетсiздiк жеңiп шығады.

  • Мен қатты мазасызданған кезде бiр орында отыра алмаймын.

  • Мүмкiндiк болған кезде мен рақаттанып билеймiн.

  • Мен көп адам жиналған жерден мен мүмкiндiгiнше қашықтауға тырысамын.

  • Менi асқазаным мазалайды.

  • Кейбiр кезде мен түкке тұрмайтын нәрселердi уайымдайтынымды мойындаймын.

  • Өзiмнiң ашуланшақ және күнкiлдек болғаныма өзiм жиi ренжимiн.

  • Аптасына бiрнеше рет маған қорқынышты бiр нәрсе болып қалуы мүмкiн деген сезiм болады.

  • Менi жақындарым дұрыс түсiнбейтiн болса керек.

  • Менде жиi жүрегiмде немесе кеудемде ауырлау сезiмi пайда болады.

  • Қонақта мен әдетте шетте немесе тек қана бiр ғана адаммен сөйлiп отырамын.



3.Табысқа жету қажеттiлiгi.

Нұсқау: Берiлген ситуацияларды көз алдыңа елестет және ойланбай тез, бiрден ойыңа келген жауапты ата. «Ия» немесе «Жоқ» жауаптарды жауап беретiн бланктың сәйкес келетiн графасына жаз.

Жауап беретiн бланк:

Сұрақтың №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Ия












Жоқ












Сұрақтың №

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Ия












Жоқ













Сұрақтар:

  • Табыс өмiрде алды-артын болжағандықтан гөрi кездейсоқ жағдайға байланысты.

2. Егер мен көңiлiм сүйген жұмыстан айырылсам, онда маған өмiрдiң мағынасы жоқ.

  1. Маған қандай да болмасын iстiң ақырғы нәтижесiнен гөрi оның орындалуы маңызды.

  2. Менiң ойымша, адамның көпшiлiгi жақындарының арасындағы жаман қарым-қатынастан гөрi жұмыстағы сәтсiздiктен азап шегедi.

  3. Менiң ойымша, адамның көпшiлiгi жақын арадағы мақсаттармен емес, алыс мақсаттармен өмiр сүредi.

  4. Менiң өмiрiмде сәтсiздiктен гөрi жетiстiктер көбiрек.

  5. Маған жiгерлi адамнан гөрi эмоционалды адамдар көбiрек ұнайды.

  6. Тiптi әдеттегi жұмыста да мен оның кейбiр элементтерiне жаңалық енгiзуге тырысамын.

  7. Жетiстiктер туралы ойлар менi толық тартып әкеткен кезде, мен сақтық шараларын ұмытып кетуім мүмкiн.

  8. Менi ата-анам жалқау бала деп санаған.

  9. Менiң бақытсыз болуыма менен гөрi жағдайлар айыпты деп ойлаймын.

  10. Менi ата-анам тым қатан бақылауға алған.

  11. Менде қабiлеттiлiкке қарағанда, шыдамдылық басым.

  12. Өзiмнiң ниетiмнен бас тартуым табысқа жетуiмне күмәндануымнан емес, жалқаулыққа байланысты.

  13. Мен өзiмдi өз күшiме сенетiн адам деп ойлаймын.

  14. Табысқа жету үшiн мен қауiп-қатерлi жағдайға түсуiм мүмкiн.

  15. Мен ынтасыз адаммын.

18. Бәрi жатық болғанда менiң энергиям күшейедi.

19. Егер мен тiлшi болсам, онда мен саяхатшылардан гөрi адамдардың жаңа өнер табыстары туралы жазар едiм.

20. Менiң жақындарым әдетте менiң жоспарларымды қуаттамайды.

21. Менiң өмiрге қоятын талаптарым, жолдастарымның талаптарынан әлдеқайда төмен.

22. Менiң ойымша менде қабiлеттiлiктен гөрi қайсарлық басымырақ.

Нәтиженi өндеу

2,6,7,8,14,16,18,19,21,22 сұрақтарда «Ия» деген жауапқа және

1,3,4,5,9,10,11,12,13,15,17,20 сұрақтарда «Жоқ» деген жауапқа бiр ұпайдан қосыңдар.

Табысқа жету қажеттiлiгiнiң көрсеткiшi ұпайдың жалпы қосындысы болып саналады. Оның шамасы 2-22 ұпайдың арасын құрайды.

1. ТК < 10Сiз алдыңызға жеңiл мақсатты қоюды артық көресiз, өзiңiздiң жай-күйiңiзге жиі қанағаттанасыз, жұмысқа ынталанбайсыз. Әдетте жұмыс iстегенде оны жақсартам деп ойламайсыз.

2. ТК = 10 -12Бұл типке жататын адамдар нақты, тек өте қиын емес мақсаттарды алдына коюды артық көредi. Мұндай адамдардың тiлегi тек практикалық iстермен байланысты. Өзiнiң жай-күйiмен жиi қанағаттанады. Жұмыс iстеген кезде, оны бұрын iстеген жұмысқа қарағанда, жақсырақ iстеймiн деп ұмтылмайды. Жұмыстағы сәтсiздiктi мазасызданбай басынан өткiзедi.

3. ТК = 13 -14Сiз өзiңiзге сын көзбен қарайсыз. Сондықтан сiз алдыңызға қиын мақсат қоясыз және оны орындауға тырысасыз. Кейбiр iстеген жұмыстарыңыз сiзге ұнамайды. Қайда болса да, жұмыс iстегенде сiз табысқа жетуге тырысасыз, әсіресе бәсекелестік болса. Көмектен де бас тартпайсыз.

4. ТК = 15 -16Сiз өзiңiздiң мүмкiншiлiгiңiздi жоғары бағалайсыз, сондықтан алдыңызға қиын мақсаттарды қоясыз және оған жетуде қайсарлық мiнезiңiздi көрсетесiз. Жеткен жетiстiкке қанағаттанбайсыз. Iстеген жұмысты одан да жақсартуға тырысасыз. Жұмысты берiлiп iстейсiз. Iстеген жұмысыңызға жаңалық енгiзуге тырысасыз.

5. ТК > 17Сiз ер мiнездiсiз. Сiз мақсатқа жетуде қайсарлық бiлдiресiз. Жеткен табысқа қанағаттанбайсыз. Әр уақытта iстеген жұмысты жақсартуға тырысасыз. Жұмыспен өте қатты әуестенесiз және табыс рақаттылығын бастан өткiзуге әуессiз. Қандай жұмыска болса да, шығармашылықпен және қуатты оймен кiрiсесiз. Жолдастарыңыздың жетiстiктерiне олармен бiрге қуанасыз. Жеңiл табысқа қанағаттанбайсыз.

Э. Ховард бойынша стреске төзімділік

Стрес саған қалай

әсер етеді ?

жәй

кейде

сирек

Мен тез ренжимін.

3

2

1

Жеңіліске шыдай алмаймын.

3

2

1

Егер біреу мені ренжітсе ызаланамын, бірақ сезімімді ешкімге көрсетпеймін.

3

2

1

Кезекке тұрғанға шыдай алмаймын.

3

2

1

Қиналсам да, өзіме жауапкершілікті көп аламын.

3

2

1

Біреуден көмек сұрауға көп жағдайда қиналамын.

3

2

1

Өз-өзімді басу үшін дәріге көп жүгінемін.

3

2

1

Мәселені шешу үшін сенімді жолдастарыма сыр ақтарамын.

1

2

3

Қателік жасасам кешірім сұрау маған қиын.

3

2

1

Қателік жасасам, өзімді кінәлап, қатты уайымдаймын.

3

2

1

Егер менің намысыма тиетіндер болса мен оларға жауап қайтаруға тырысамын.

1

2

3

Достарымнан алғанымнан гөрі бергенім көп деп есептеймін.

3

2

1

Демалу үшін мен уақыт бөлемін және одан шын қуаныш табамын.

1

2

3

Мен күнделікті дене шынықтыру жаттығуларына уақыт табамын.

1

2

3

Мен жиі күлемін және қуанамын.

1

2

3

Енді бәрін қос та, қандай топқа жататыныңды анықта:

І топ: 15-25 ұпай: сен стресске аздап ұшырайсың.

ІІ топ: 26-36 ұпай: сен стресске орташа ұшырайсың.

ІІІ топ: 36-45 ұпай: сен стреске жиі ұшырайсың.



С.Спилбергер бойынша өзін-өзі бағалаудың тұлғалық шкаласы

Бұл әдіс стресске тұлғаның жеке сезгіштігі ретінде алаңдау деңгейін анықтауға және тұлғаның көп жағдайда қорқу, қауіптену жағдайын сипаттауға мүмкіндік береді.

Сыналушыға ескерту:

Төмендегі сөйлемдерді зейін қоя оқып, оң жағындағы тиісті цифрларды сызыңыз,. Жауап беруге көп ойланбаңыз, себебі дұрыс не бұрыс жауап бәрі-бір жоқ.

Сөйлемдер

ешқашанда

кейде

жиі

ұдайы

1

Мен қанағатшыл екенімді сезінемін.

1

2

3

4

2

Мен тез шаршаймын.

1

2

3

4

3

Мен оңай жылап жіберемін.

1

2

3

4

4

Мен басқалар сияқты бақытты болғым келеді.

1

2

3

4

5

Мен кейде тез шешім қабылдай алмағандықтан жиі жеңіліске ұшыраймын.

1

2

3

4

6

Мен өзімді сергек сезінемін

1

2

3

4

7

Мен өзімді салмақты, салқын қанды, жинақы сезінемін.

1

2

3

4

8

Қиыншылықты күту мені өте алаңдатады.

1

2

3

4

9

Мен кейбір ұсақ-түйекке күйзелемін.

1

2

3

4

10

Мен өзімді бақытты сезінемін.

1

2

3

4

11

Мен бәрін де жүрекке жақын қабылдаймын.

1

2

3

4

12

Маған өзіме деген сенімділік жетіспейді.

1

2

3

4

13

Мен өзімді қауіпсіз жағдайдамын деп сезінемін.

1

2

3

4

14

Мен қиыншылықтар мен қысылтаяң жағдайлардан қашамын.

1

2

3

4

15

Менде жабырқау сәттер болады.

1

2

3

4

16

Мен риза боламын.

1

2

3

4

17

Барлық ұсақ-түйектер мені алаңдатады және ойландырады.

1

2

3

4

18

Мен көңілім жабырқаған нәрсеге көп алаңдаймын. Ол туралы тіпті ұмыта алмаймын.

1

2

3

4

19

Мен салмақты адаммын.

1

2

3

4

20

Мен өзімнің жұмыстарым туралы ойласам қатты мазасызданамын.

1

2

3

4

Сұрақтар екі кіші шкаладан тұрады: Тұлғаның қасиеті және эмоциялық жағдайы ретінде алаңдауын өлшеу.

Нәтижелерін есептеу:

2,3,4,5,8,9,11,12,14,15,17,18,20 сұрақтары жауабының сомасынан 1,6,7,10,13,16,19 сұрақтары жауабының сомасын алып таста. Оған 35 санын қос. Егер Спилбергердің шкаласы бойынша көрсеткіштің сомасы 30 ұпайға дейін болса – алаңдаудың төменгі деңгейі; 30 - дан 45 – орташа; 45- тен көп болса – алаңдаудың жоғарғы деңгейі. Алаңдаушылық деңгейі жоғарғы сыналушыға ерекше назар аударған дұрыс, оған психологиялық көмек жүйесін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру керек.









Депрессиялық деңгейдi анықтауға арналған тест.

Нұсқаулық: «Келтiрiлген пiкiрлердiң әр қайсысын ұқыпты оқыңыз және сәйкес келетiн әрiптi қойыңыз. Сұрақ туралы көп ойланбаңыз».

А – ешқашан немесе өте сирек. Б – кейбiр кезде В – жиi Г – үнемi немесе әрқашан

1. Мен жабырқаулы екенімді сеземiн


2. Мен таңертең өзiмдiқ өте жақсы сезiнемiн


3. Менде жылау немесе жас дайын тұру кезедрі болады


4. Менiң түнгi ұйқым нашар


5. Менiң тәбетiм күнделiктi жағдайдан нашар емес


6. Мен құрдастарыммен қарым-қатынасыма ризамын


7. Мен өз дене салмағымның түскенiн байқаймын


8. Науқастанып жүргенім менi қатты мазалайды


9. Күнделiктi жағдайға қарағанда жүректiң соғуы жылдамдайды


10. Ешбiр себепсiз-ақ мен тез шаршаймын


11. Менiң ойымның саралығы күнделiктi жағдайда


12. Мен мазаланамын және соған қарай бiр жерде отыра алмаймын


13. Қолымнан келетiн нәрсенi мен ебiн тауып iстеймiн


14. Менiң болашақтан үмiтiм бар


15. Мен күнделiктi жағдайға қарағанда өте ашуланшақпын


16 Мен шешiмдi жеңiл қабылдаймын


17. Мен өзiмнiң бiреуге пайдалығымды және қажеттiлiгiмдi сезiнемiн


18. Мен жан-жақты, жеткiлiктi, толыққанды өмiр сүрудемiн


19. Мен өлсем, онда бөтен адамдарға жеңiл болатынын сезiнемiн


20. Менi өткен қуаныштар қазiргi кезге дейiн қуантады


Депрессиялық шкала

Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi:

ДД = ПР + ОБР мұнда:

ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19.

ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20.

Жауапқа берiлген ұпай: А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай

ДД : 50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз

50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия

60-69 ұпай арасында - субдепрессивтi күйi

70 ұпайдан жоғары - нағыз депрессиялық күйдің диагностикасын көрсетедi.


Өз мәселеңізді дұрыс шеше аласыз ба?

  1. Сіздің пікіріңізше, тағдыр...

    1. сізді айналдырады -5

    2. сізге әділетсіз -2

    3. жақсы -1

  2. Өзіңіздің қиын мәселеңіз туралы айтасыз ба?

    1. жоқ, бұл сізге көмектеспейді -3

    2. әрине, жақсы тыңдаушы болса -1

    3. бәріне бірдей емес, ол туралы ойлау өзіме де қиын - 2

  3. Қайғы, уайымды қалай қабылдайсыз?

    1. әрқашанда өте ауыр –4

    2. бұл жағдайға байланысты –0

    3. шыдауға тырысамын, өйткені ерте ме, кеш пе мұндай жағдайдың бітетінін білемін –2

  4. Егер сіз мүлдем “ащы суды” татпасаңыз келесі сұраққа көшіңіз. Егер ішсеңіз, не үшін ...

    1. мұнда бар мәселені шешуге мүмкіндік бар -5

    2. бір рет болса да “көңіліңді сергітесіз” –3

    3. жәй ұнайды -1

  5. Егер сізді біреу қатты жазаласа, не істер едіңіз?

    1. үйде отырып, өз-өзімді аяймын –4

    2. жақын жолдасыма барамын –2

    3. көптен бері қол жетпеген қуаныш есебінде қабылдаймын -0

  6. Егер жақын адамыңыз сізді ренжітсе, не істер едіңіз?

    1. үндемеуге тырысамын –3

    2. түсіндіруін талап етемін –0

    3. тыңдаған адамның бәріне де айтамын –1

  7. Бір сәт өзіңізді бақытты сезінсеңіз:

    1. бақытсыздықтың болуы мүмкін емес деп ойлаймын –1

    2. осы сәт тез өтіп кете ме деп қорқамын –3

    3. өмірде көптеген қиындықтар барын да ұмытпау керек –5

  8. Психиатр және психотерапевт туралы не ойлайсыз?

    1. сіз олардың пациенті болғыңыз келмейді –4

    2. олар көптеген адамдарға көмектесер еді - 2

    3. адам өзіне - өзі көп көмектесе алады –3

  9. Жақын жолдасыңызбен ұрысып қалсаңыз, ашуыңыз басылғаннан кейін қандай ойда боласыз?

    1. бұрын арамызда не болғанын еске аламын –1

    2. одан өшімді қалай алсам деп ойлаймын –2

    3. оның қырсықтығына қанша шыдағаным туралы ойлаймын-3

Бәрін қосып, қанша ұпай жинағаныңызды қараңыз:

7-15 ұпай. Сіз барлық қиындықтарға төзе білесіз, өзіңізді өте аямайсыз. Сіздің көңіл – күйіңізге таңдануға болады.

16-26 ұпай. Сіз тағдырға ренжисіз, бірақ мәселеріңізді өзіңіз шеше аласыз.

27-36 ұпай. Сіз әлі өзіңіздің мәселелеріңізді шешуді үйренген жоқсыз.

Басса-Даркидің эмоциялық тесті

Шарты: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз

"+" белгісін, ал келіспесеңіз "-" белгісімен белгілеңіз.

1.Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін.

2.Мен ешқашан заттарды лақтыратындай қатты ашуланбаймын.

3.Мен тез ренжіп, тез басыламын.

4.Егер меннен дұрыстап өтінбесе, өтінішті орындамаймын.

5.Меніңойымша тағдыр маған қатыгез сияқты.

6.Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.

7.Егер басқалар сөзталастыруда менімен келіспесе, мен айтысудан бас тартпаймьн.

8.Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ұжданымньң алдында қатты азаптанамын, қысыламын, ұяламын.

9.Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емес сияқтымын.

10.Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жабамын.

11.Кейде адамдар мені өзінің бар болмысымен ашу-ызамды шақырады.

12.Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.

13.Кейде мені қызғаныш мазалайды.

14.Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.

15.Менің құқығымды басқалардыңсыйлағанынталап етемін.

16.Кейде менің ойыма өзім де ұялатын ойлар келеді.

17.Мені төбелеске дейін жеткізетін адамдарды білемін.

18.Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін.

19.Мен өзімді жиі атылуға дайын тұрған оқ ретінде сезінемін.

20.Егер біреу өзін бастық сияқты көрсеткісі келсе мен әрқашан оған қарсы тұрамын.

21. Мені барлық болмысыммен жек көретін адам жоқ.

22.Көбі маған қызғанышпен қарайды.

23.Егер мен қатты ызалансам да балағат сөз айтпаймын.

24.Жұмыстан қашатын адамдар өздерінің кінәсін байқап сезу керек.

25.Егер маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын.

26.Қатты ызаланғанда бірінші қолыма түскен затты алып, сындырғанымды есіме түсіре аламын.

27.Өзіме ұнамсыз адамдарғадөрекілеу көзқарас танытамын.

28.Маған бұйрық беріп сөйлесе, ештеңс жасағым келмейді.

29.Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын.

30.Кейде мені мазақ қылатын сияқты.

31.Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.

32.Өз ата-анама аз көмек тигізетінім мені қатты толғандырады.

33.Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын.

34.Дау барысында мен жиі дауысымды көтеремін.

35.Мен кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.

36.Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын.

37.Мен әрқашан да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын.

38.Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ.

39.Мен жиі адамдарды жәй ғана айтып қорқытқанмен, оны іске асырмаймын.

40.Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.

Жауап бланкісі

Ұпайлардың қосындысы

1+ -

9+ -

17+ -

25+ -

33+ -


2+ -

10+ -

18+ -

26+ -

34+ -


3+ -

11+ -

19+ -

27+ -

35+ -


4+ -

12+ -

20+ -

28+ -

36+ -


5+ -

13+ -

21+ -

29+ -

37+ -


6+ -

14+ -

22+ -

30+ -

38+ -


7+ -

15+ -

23+ -

31+ -

39+ -


8+ -

16+ -

24+ -

32+ -

40+ -



Кілті: .

  1. Физикалық агрессия 1 - 9 17 -25 -33

  2. Жанама агрессия -2 10 18 26 34

  3. Тітіркенушілік 3 11 19 27 -35

  4. Негативизм 4 12 20 28 36

  5. Өкпелегіштік 5 13 -21 29 37

  6. Күдіктенушілік 6 14 22 30 -38

  7. Вербаліьді агрессия 7 15 -23 31 39

  8. Кінәлі сену 8 16 24 32 40


Сәйкес ке
лген таңбаларға бір ұпайдан беріледі және ұпайларды бір-біріне горизонтальді тұрғыда қосып, қосындысын "Ұпайлардың қосындысы" бағанына жазу қажет.

Өңдеу кезінде эксперимент жүргізуші (зерттеуші) зерттелушінің интеллекттік деңгейінеемес, оның мінезіндегі эмоциялық ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек.







1-сабақ.

«ТАНЫСУ»

Мақсаты: Топты бірлікке шақыру, топтың жұмыс ережелерін қабылдау, бірегей жұмыс кеңістігін құру

1.Сәлемдесу «Қошемет!»

Әрбiр қатысушы оң жағындағы көршiсiне қошемет айтуы керек.

Шарттары: 1) есімі бойынша әріптесіне қарап сөйлеу

2) айтылған қошемет айтушыға емес тыңдаушыға жағымды естілуі керек.

2. Топтың жұмыс ережелерін қабылдау

Топтың ережелері:

  • Тұрақтылық

Топтың барлық қатысушылары басынан бастап соңына дейін қатысады және кешікпейді.

Топтық жұмыстардың тәртібі.

  • Құпиялылық

Топта болып жатқан жағдайлар топтың шеңберінен тыс сыртқа шықпауы керек.

  • Белсенділік

Топтың барлық мүшелері болып жатқан жағдайларда белсенділік танытуға тырысады және барлық оқиғалар мен процедураларға қатысуға ұмтылады.

  • Қарым-қатынастағы адалдық және «жоқ» деп айту құқығы.

Топтың кез-келген мүшесі адал болуға тырысады, бірақ «жоқ» деп айтуға құқықтары бар. Қатысушылар мүмкіндігінше өздерінің ойлары мен сезімдерін ашық жеткізеді. Егер өздері жайлы қандайда бір оқиғасын айтатын болса, онда ол сенімді болуы керек. Бұл жағдайда кезкелген қатысушы өз жағдайында пайда болған оқиғаны қалай шешу жөнінде шешім шығаруға құқығы бар, ал егер ол айтқысы келмесе «жоқ» деп айтуға да құқығы бар, бірақ ашық айтылуы керек.

  • Есімі бойынша қарату

Топтағы қатысушыларды есімдерімен атап, ал қатыспай отырған үшінші тараптағыларды айтпау керек.

  • Сөйлеудің жекетұлғалануы

Жеке бастық емес сөйлеу формасынан бас тарту, яғни адамдармен күнделікті қарым-қатынасқа себебін тигізетін жеке пікірлерді жасыру және жауапкершіліктен бас тарту. Өзінің жеке басының пікірін көп айту: «Менің ойымша ...» орнына «кейбіреулер . . . ойлайды»

  • Адамдарды бағалауда ....

Болған жағдайды талқылау кезінде қатысушылардың өзін емес олардың іс-әрекеттерін бағалау керек. (....) «Сен маған ұнамайсың...» емес, «Маған сенің былай айтқаның немесе былай жасағаның ұнайды»

3. Өсиет әңгіме,пікіралысу.

Қатысушыларға өсиет әңгімені тыңдап, оны талқылау ұсынылады.

«Өмір ұсынған мүмкіндіктер».

Бір күні түнде бір адамға періште келіп, оған оны күтіп тұрған ұлы істер туралы айтып кетеді. Ол адамның қолында үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігі бар екенін айтады. Ол өмір бойы сол айтылған ғажайып өмірді күтеді, бірақ ең соңында жалғыздықтың күйін кешіп, кедейліктің азабын тартып, өмірден өтеді. Ол жұмақтың есігінің алдына келгенде сол баяғы өзіне келіп кеткен періштені көріп қалады да айтады: «Сен маған үлкен байлық, қоғамда бедел және керемет әйелің болады деген уәдең қайда? Мен өмір бойы соны күттім, бірақ ешнәрсе өзгермеді»,- дейді. Сол кезде періште тұрып: «Мен оны уәде еткен жоқпын, мен саған қолыңда үлкен байлық болатынын, қоғамда беделді азамат болып, керемет әйелге үйленуге мүмкіндігің бар екеніне уәде бердім, бірақ сен оның барлығын өз уысыңнан шығарып алдың»,- дейді. Сол кезде ол адам аң-таң күйде періштеге қарап: «Мен сенің не туралы айтып тұрғаныңды түсінбедім»,- дейді. Сол кезде періште: «Есіңде ме, сенде жеке шаруашылық ашу туралы ой болған, бірақ сен тәуекел етпедің, сәтсіздіктен қорықтың, сөйтіп ешнәрсе істемегенің рас қой?»,- деп сұрайды.

Әлгі адам қызарып кетеді. «Сенің сол ойыңды жүзеге асырудан қорқып, одан бас тартқаның үшін, ол бірнеше жылдан кейін басқа өзінің қорқынышын жеңе білген адамға берілген болатын.Егер есіңде болса ол адам хандықтағы ең ауқатты адамдардың бірі болды. Сонымен бірге, есіңдеме, қалада жер сілкінісі болып, көптеген үйлер қирады, қаншама адамдар үй астынан шыға алмай мерт болды. Сол кезде сенің кейбір адамдарды құтқаруға мүмкіндігің болды, бірақ сен ешкімді құтқармадың, қорықтың, өзің жоқта үйіңдегі мал-мүлкіңді тонап кетер деп жан айқайы шығып, көмек сұраған адамдарға қарамай, өз үйіңе кетіп қалдың», - дейді. Ол адам өзінің ұятты тірлігін есіне түсіріп, қызарып кетеді. «Бұл сенің мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға деген үлкен мүмкіндігің еді. Сол кезде сені қалада тірі қалған халықтың барлығы сыйлайтын еді», - дейді періште.

«Есіңде ме, саған бір сарғылт шашты өте керемет әйел ұнаушы еді ғой. Ол оған дейін және кейін көрген әйелдердің ешбіріне ұқсамайтын. Бірақ, сен оны ешқашан өзің сияқты адамға тұрмысқа шықпайды деп ойлап, қорыққаннан одан сырт айналдың. Осы кезде әлгі адамның көзінде жас пайда болды.

«Иә, досым менің», - деді періште, ол сенің жарың болатын еді, екеуіңде тамаша сәбилер де болатын еді, сен ол әйелмен өмір бойы нағыз бақытты адам болатын едің», - дейді.

Өмірде бізге күн сайын әртүрлі мүмкіндіктер кездесіп отырады, бірақ көбінесе біз оны мына оқиғадағыдай қорқыныш пен тәуекелге бара алмауымыздан ол мүмкіндіктерді қолдана алмаймыз.

4. «Жарайсың» жаттығуы.

Қатысушылар ішкі-сыртқы болып екі топқа бөлінеді. «Біреуі ішкі, екіншісі сыртқы болып екі шеңбер жасаңыздар. Сыртқы шеңбердің қатысушылары өздеріне ішкі шеңберден өз жартысын тауып алады да, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Мен белгі берген уақытта кезекпен өздерінің жетістіктерін айтады. Тыңдап тұрған адам саусағымен санап әр айтылған жетістікке «Сен жарайсың! Бір! Сен жарайсың! Екі!» және әрі қарай осылай жалғастырады. Егер өзіңіз жайлы жағымсыз жақтар есіңізге түсіп жатса да батылдық танытып, жақсы жақтарыңызды айтудан тайсалмаңыз. Егер кімде кім осы жаттығуды орындау кезінде ұялса немесе өзіне сенімсіз болса онда өзі туралы «Мен өзімді жақсы көремін, мен мінсіз және қайталанбас тұлғамын!» деп айтуына болады. Егер сіздің ойыңызға өзіңіздің жағымсыз жақтарыңыз келе беретін болса, онда ойланыңыз сізге қай жағыңыздан өзіңізді дамыту керек?.Әрине, сіз мінсіз бола алмайсыз. Менің белгіммен ішкі шеңбер орнында қалады, ал сыртқы шеңбер солға қарай жылжи отырып өздерінің жартыларын ауыстырады. Ойын өз жалғасын табады»

5. Рефлексия.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.


2-сабақ.

ЕМТИХАНҒА ҚАЛАЙ ЖАҚСЫ ДАЙЫНДАЛУҒА БОЛАДЫ?

Мақсаты:Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру,танымдық қабілеттерді дамыту.                

  1. Сәлемдесу

Қатысушылар өткен аптада өздерінде болған жақсы оқиғалар жайлы айтып береді.

  1. «Радиодан айтқан»

Қатысушалар шеңбер бойымен жүргізушінің айтқандарын орындайды: қолымызды көтереміз, қолымызды жібереміз, тоқтаймыз, айналамыз, шапалақтаймыз және т.с.с. Жаттығуды орындау үшін жүргізуші алдымен «радиодан айтқан» деген сөзді айтып бастау керек. Сол кезде ғана жаттығу орындалады. Ал ол сөзді айтпай, команданы орындағандар шеңберден шығады.

  1. Моралды тұрақтылық (тест)

Қатысушылар төмендегі тұжырымдармен келіссе «иә», келіспесе «жоқ» белгілерін қою керек

  1. Мен әр қашан өзімнің айтқан сөзімде тұрамын және басқалардың алдындағы өз борышымды орындаймын.

  2. Мен достарыма үнемі және бар ынтаммен көмектесемін

  3. Мен әділетсіздікті көрсем ыңғайсызданамын

  4. Адамдардың дөрекілігі мен тәрбие көрмегендігі менің ызамды келтіреді.

  5. Мен кекшіл адам емеспін, адамдарға кек сақтамаймын

  6. Мен жануарларды жақсы көремін

  7. Мен үлкен кісілердің жасы мен кемеңгерліктерін сыйлаймын

  8. Басқалармен қарым-қатынаста ғана емес өзіме де шыншыл болуға тырысамын.

  9. Өз мәселелерімді шеше отырып, басқалар туралы да ойлауды ұмытпаймын

  10. Мен сыйлық жасағанды, адамдардың қуанғанын ұнатамын

Нәтижесі:

Әрбір «иә» деген жауапқа 1 баллдан қойып, нәтижесін шығарыңыз.

1-3 балл. Сізде өте жоғары моралдық тұрақтылық. Мүмкін бұл туралы сіз ойламаған шығарсыз немесе бұл сіздің басқа біреулерден алған тәрбиеңіз. Бұл жағдайда сізге сәті түспеді. Сіз осылай өзгергіңіз келсе күнделікті өз әрекеттеріңіз жайлы ойлануға кеңес берер едік.

4-6 балл. Сіз көбінесе қоғамда орын алған моралдық нормаларды басшылыққа алып өмір сүруді жөн көресіз. Бірақ, сізге осы нормалар ішкі қажеттілігіңізді өтеу үшін жұмыс жүргізу керек.

7-10 балл. Сіз қажетті деңгейде қоршағандар теңесе алатын идеалды адамсыз. Бірақ сонда да осы райыңыздан таймай, өзіңізбен жұмыс жасауды әрі қарай жалғастыру керек.


  1. «Емтиханға қалай дайындалу керек?» Шағын дәріс.


Психологиялық тұрғыда қалай дайындалу керек?

Қиын ситуация кезінде өзіңді жоғалтып алмау үшін, шамадан тыс мақсат пен міндет қоюдың қажеті жоқ. Барлық нәрсені біртіндеп жасаған жөн Емтиханға алдын-ала, біртіндеп, тыныштықты сақтап дайындала баста. Егер ойды жинақтау қиын болса, жеңілін есте сақтап, сосын қиын материалды үйрен. Ішкі қатаюдан, шаршағаннан арылу үшін жаттығуды күнделікті орында.

Көзің шаршаса не істейсің?

Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі.Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды.Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтанда көзіңнің демалуына жағдай жаса.Кезкелген жаттығуды орындау керек.

  • кезегімен жоғары-төмен жиырма бес секунд,оңға солға он бес секунд қара;

  • көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

  • ұзақтығы бір затқа жиырма секунд, сосын алдыңдағы қағазға жиырма секунд көзіңді тік;

  • сағат тілінен кері қарай, көз қарашығыңменквадрат, үшбұрыш сал.

Күн тәртібі

Бір күнді үш бөлікке бөл:

  • емтиханға дайындық күніне сегіз сағат;

  • спортпен айналысуға,таза ауада серуендеуге, би алаңына баруға сегіз сағат;

  • сегіз сағаттан кем ұйықтама және қажет болса түсте демалып ал.

Тамақтану

Тамақтану үш-төрт реттен және дәрумендерге толы болуы керек. Тамақтанғанда грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шоколадпен қоректену керек. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында көп тамақтанбау  керек.

Сабаққа арналған орын

Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр.Үстел үстіне сары және күлгін реңкті  суреттер мен заттар қой,өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады

Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңнің барлығын қысқаша жаз,сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер.Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойлауды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.


  1. Кинезиологиялық жаттығу

Мақсаты: Танымдық қабілеттерді ынталандыру.                

Нұсқау: Бас бармақпен және сұқ саусақпен барлық саусақтарды алдымен артын, сосын алдын басу қажет. Сосын келесі қолды жасаған дұрыс.

Мақсаты:Қимыл координациясын дамыту.              

Нұсқау: Қолды алға қойып,алақаныңызды ашып ұстаңыз.Кішкентай бөбек саусағыңызды бүгіп, қалғанын тік қойыңыз.Қолды оңнан солға,ал аяқты солдан оңға қарай айналдырыңыз. Сосын келесі аяқ пен қолға өтіңіз. Қолыңызды тізеңізге айқастырып қойыңыз. Бұйрық бергенде шапалақтап қолды ауыстырыңыз

  1. Дәріс материалын талқылау.

  2. Рефлексия

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.


3-сабақ.

ЕМТИХАНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ

Мақсаты: Емтиханға дайындалудың тиімді формаларымен таныстыру, танымдық қабілеттерді ынталандыру.

  1. Сәлемдесу.

Қатысушылар өздерінің көршілеріне материалдық емес бір нәрсе береді. Бұл аспандағы жұлдыз, күннің шуағы, сәттілік, дарын т.б. болуы мүмкін. Яғни, қалтаға салып алатын емес, өзімен бірге жанында алып кетуге болатын нәрсе.

  1. Сергіту. «Санағыш»

Қатысушыларға бір таңсық санамақ ойнау ұсынылады. Қатысушалар өздерінің тұрған реті бойынша сандарды айту керек. Рет саны 4 немесе құрамында 4 саны бар реттік санды айтатын қатысушы қол шапалақтап айтып, кезекті жібереді. Егер кімде-кім қателесетін болса ойыннан шығады.

  1. Шағын дәріс. «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек?»

Киетін киім ыңғайлы, жайлы түстен тігілген болуы керек. Емтихан кезінде қарым-қатынасқа түсетін адамдардың теріс эмоциясын қалыптастырып алмау үшін киімде өте жарқырап тұрған, тым ашық түсті киім кимеуге тырысыңыз. Өз шамаң жайлы әрдайым есіңізде болсын, артық болмайды! Ал, емтиханнан кейін не қаласаңыз да болады.

Емтихан кезіндегі және оған дейінгі іс-әрекет жайлы кеңестер

  1. Емтиханнан бір күн бұрын ешнәрсе істемеуге тырысыңыз. Егер бір нәрсені оқуға үлгермесеңіз, оқып аламын деп тырыспаңыз. Демалыңыз, көңіл көтеріңіз және алдағы емтихан жайлы ұмытуға тырысыңыз.

  2. Емтихан алдында міндетті түрде жақсылап ұйықтап алыңыз.

  3. Міне сен сынып бөлмесінің алдындасың. Сабаңды бас! Бірнеше рет: «Мен сабырлымын! Мен сабырлымын!» деп айтыңыз. Алдыңғы қатардағы тапсырушылармен бірге кіріңіз. Соңына қарай емтиханды тапсыруға қорқып тұрған сыныптастарыңмен қала берсең өзіңді де қысым, сенімсіздік, қорқыныш сезімдері басып кетеді.

  4. Өзіңнің эмоцияларыңды ретке келтіріп, өз ойыңды жинақта.

  5. Сыныпқа бәрі ойдағыдай болады деп сенімді түрде кір.

  6. Арқаңды тіктеп, жайлы отырып ал. Өзіңді бәрінен де жоғары, ақылды деп ойлап, сенде бәрі ойыңдағыдай болатынына сен. «Мен сабырлымын, мен сабырлымын!» деген сөзді асықпай қайталап айт. Ойыңды жоққа шығарудың керегі жоқ ол шектен тыс қысым пайда болуына әкеліп соқтырады. Соңында қолыңды жұдырыққа қыс.

  7. Қысымды алып тастау үшін мына қосымша жаттығуларды жаса:

- ыңғайлы отыр;

- мұрын арқылы терең демал (4-6 секунд)

- деміңді тоқтат (2-3 секунд)

  1. Тест жұмысын орындаудың ережелерін артынан артық сұрақ қоймас үшін мұқият тыңдап ал. Саған бланкты қалай толтыру керек екенін, қандай әріптермен жазу керек екенін, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін т.б. барлығын түсіндіреді.

  2. Өз-өзіңді жинақтап, жан-жағыңдағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек сағат, тест жұмысын орындауға берілген регламенттік уақыт және бланк пен тапсырмалар ғана маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқып шық. Тапсырманың басын оқып, қалғанын өзім түсініп аламын деп асықпа.

  3. Барлық сұрақтарға қарап шығып, өзің жауабына күманданбайтын сұрақтан бастап белгіле. Сол кезде жұмысты орындау үшін бір қалыпқа түсесің. Кез келген тестте өзің жауабын білетін сұрақтар болады. Тек сен ойыңды жинақтауың керек.

  4. Жаңа тапсырманы орындайтын кезде алдыңғы тапсырманы ұмыт. Тест жұмысында бір-бірмен байланысты сұрақтар болмайды.

  5. Сызып тастау әдісін пайдалан. Кезегімен сәйкес келмейтін жауаптарды сызып таста.

  6. Егер жауабыңа сенімсіз болып, таңдау жасай алмасаң, ішкі сезіміңе сүйеніп жауаптың біреуін таңда.

  7. Ең болмағанда бір көз жүгіртіп, кеткен кемшіліктерді жөндеу үшінзіңнің жұмысыңды тексеруге міндетті түрде уақыт қалдыр.

  8. Барлық сұраққа жауап беруге тырыс, бірақ есіңде болсын, тәжірибеде бұл дәлелденбеген. Тесттік тапсырмалардағы қиындық ең жоғары деңгейге есептелген. Сондықтан, жақсы баға алу үшін 70% тапсырманы орындаған жеткілікті.

Жауап беру кезіндегі іс-әрекет

Егер емтихан қабылдаушы қызуқанды болып, сенің жауабың жай, кідірісі көп болса, онда оны таңқалдыра алмайсың. Ал, егер емтихан қабылдаушы байсалды, бірқалыпты адам болса, онда сен қатты дауыспен, жанды мимикамен ол адамда қанағаттанбаушылық сезімін тудырасың. Өз шамаң жайлы әрдайым есіңде болсын, артық нәрсе болмайды!

  1. Шағын топтағы пікіралысу.

Қатысушылар 4 кіші топтарға бөлінеді. Топтың ішінен басшысын, спикерді, уақыт төрешісін, хатшысын сайлап алады.

Топ басшысының қызметі: топтың талқылап жатқан тақырыптан ауытқып кетпеуін, «амандасу» қағидасын сақталуынқадағалау, қатысушыларды марапаттау;

Хатшының қызметі: идеяларды, талғамшылдық ұсыныстарды, ұқыпты жазу; кілт сөздерді және топтың мүшелерiнiң сөйлемдерін пайдалану
Спикердің қызметі: топ ұсынған ұсыныстарды және идеяларды ашық, қысқа және ықшам түрде баяндау

Уақыт төрешісінің қызметі: пікіралысуға берілген уақытқа қарап отыру. Жүргізуші топтарға «амандасу» қағидасының түсініктемесін, оның принципін түсіндіреді.

  • Мүмкіндігінше көптеген идеяларды туындатыңыздар;

  • Барлық идеялар жазылып отырады;

  • Ешқандай идея жоққа шығарылмайды;

  • Ешқандай идея талқыланбайды, оларға бөлек уақыт болады;

Қажетті материалдар: 4 ватман қағазы, фломастерлер

Нұсқау: Біздің пікірталас клубымызға қош келдіңіздер! Жұмыс жүргізу үшін сіздерге 4 кіші топтарға бөлінуді ұсынамын. Топтарды құру кезінде келесі тәсіл бойынша: «таңертең – күндіз – кеш – түн» болып бөлінуді ұсынамын.
Сіздерге пікіралысуға тапсырмалар беремін.

1-топқа тапсырма: емтиханға қалай дайындалу керек?

2-топқа тапсырма: ҰБТ-ға дайындалу үшін жұмыс орнын қалай ұйымдастыруға болады?

3-топқа тапсырма: емтихан алдындағы күнді қалай ұйымдастыруға болады?

4-топқа тапсырма: емтиханды сәтті тапсыру үшін не істеу керек?
Пікіралысуға тапсырмалар

1-топқа тапсырма: емтихан кезіндегі іс-әрекеттің жағымды және жағымсыз жақтары.

2-топқа тапсырма: емтихан кезінде қалай өз-өзіне келуге болады.

3-топқа тапсырма: емтихан кезіндегі сәтсіздіктерден қалай құтылуға болады.

4-топқа тапсырма: емтихан кезінде мұғалімді өзіңе қалай қаратуға болады.

«Амандасу» қағидасын және топ ережесін сақтай отырып, өнімді жұмыс істеуге тырысыңыз.

Пікірталас үшін 2 минут уақыт беріледі. Содан кейін спикерден талқыланған сұрақтар бойынша сұрыпталған топтық идеяларды ортаға салуды өтінеді.


  1. Медитативті-релаксациялық жаттығу «Тыныштықтың ғибадатханасы»

Өзіңді қаланың адамдары көп бір шулы көшесінде келе жатырмын деп елестетіңіз... Аяқтарыңызды жай басып келе жатқандай сезініңіз...Көшеде кетіп бара жатқан басқа адамдардың бет-әлпетіне, дене бітіміне көңіл аударыңыз...Мүмкін біреулері көңілді, біреулері сабырлы...тағы біреулері бір нәрсені уайымдағандай...Қандай әуен естіп тұрғандайсыз?.. оны тыңдап көріңізші...Дүкендердің сөрелеріне назар аударыңызшы...Ол жерлерден не көріп тұрсыз...Айналаңызда бір жерлерге асығыс кетіп бара жатқан адамдар көп...Мүмкін осы адамдардың ішінен өзіңізге таныс жүзді кездестіріп қалатын шығарсыз...Сіз ол адамға барып амандасуыңызға болады. Мүмкін қасынан өтіп кетерсіз...Тоқтаңыз да ойланыңыз, бұл шулы көшеден не сезіндіңіз?..Енді бұрылыстан бұрылып, басқа көшемен қыдырыңыз...Бұл көше жаңағы көшеге қарағанда тыныштау. Әрі қарай жүрген сайын адамдар да азая береді...Шамалы жер жүргеннен кейін алдыңызда архитектуралық жағынан ерекше, басқа ғимараттарға ұқсамайтын үлкен ғимарат тұрғанын байқадыңыз. Онда «Тыныштық храмы» деп үлкен етіп жазып қойған екен...Сіз түсіндіңізба, бұл храмда ешқандай дыбыс естілмейді және бұл храмның ішінде ешқашан ешкім сөйлемеген. Сіз жақындап келіп, ауыр ағаштан жасалған есікті ұстайсыз. Есікті ашып, ішіне кіресіз. Сол кезде сізді бірден терең тыныштыққа тап боласыз... осы храмда...тыныштықта бола тұрыңыз...осында біршама өзіңіз қалағанша уақытыңызды өткізуіңізге болады... Храмнан шыққыңыз келсе есікті итеріп ашып, сыртқа шығыңыз. Енді өзіңізді қалай сезінесіз? «Тыныштық храмына» апаратын жолды есіңізде сақтаңыз. Қалаған кезіңізде ол жаққа қайта баруыңызға болады.

  1. Рефлексия.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.



4-сабақ.

ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ(1-бөлім)

Мақсаты: Есте сақтау қабілетімен таныса отырып талдау жасау. Есте сақтау қабілетін дамыту мен ойлау арқылы өз ойын жүйелеуге дайындау

  1. Адамның есі туралы мәліметпен танысу.

  2. Есте сақтау жолдары, мәтінмен жұмыс істеуді оқу, алған білімдерді саралау.

  1. Сәлемдесу.

«Комплимент» жаттығуы.

Әрбір қатысушы өзінің қасында тұрған көршісіне комплимент айту керек. Комплиментті көрші тұрған адамға өзінің ол адаммен қарым-қатынасы туралы айту керек және ол тыңдаушыға жағымды естілу керек

  1. Сергіту.

«Мұздық» жаттығуы.

Қатысушылар бірнеше бөлікке бөлінген мұздықтың суретінің үстіне тұрады. Оларға былай тапсырма беріледі: «Сіздер топтың барлық мүшелері мұздықтың кішкене бөлігіне орналасуларыңыз керек. Еденге шығып кетуге болмайды.» Қатысушылар мұздықтың ортасына жиналған кезде жүргізуші мұздықтың артық бөлшектерін алып тастайды. Соңында қатысушылар бір аяғымен тұрып, аяғының астынан мұздықтың бөлшектерін алып тастайды. Жаттығу соңында «кім не сезгені» жайлы пікіралысу болады.

  1. Шағын дәріс. «Есте сақтау. Ақпараттарды есте сақтаудың тиімді әдіс-тәсілдері»

Ес – адамның болмыспен өткендегі өзара ықпалдасты қарым-қатынасының психикалық бейнесі, оның тіршілігіне қажет ақпараттық қор.Ақпаратты сақтау қабілеті және оны іріктеп, таңдаумен қажетті іс-әрекетке қосылуы, іс-әрекетті реттеу үшін пайдалануы – тек өкілің қоршаған ортамен байланысын қамсыздандырушы мидың негізгі қасиеті. Ес арқылы өмір тәжірибесі бірігеді, адамзат мәдениеті мен жеке бас тіршілігі үздіксіз дамиды. Ес негізінде адам бүгінгісін бағдарлап, келешегін болжайды. Әсіресе, мнемотехникалық есте сақтау тәсілі жақсы нәтиже береді. Өйткенi, «айырым белгiлермен» жадының құрастыратын iздерiн жабдықтау немесе «мекен-жайлармен», оған бару жолын әлдеқайда ықшамдайды. Есті жақсы қолдана білу өнерi мұндай таңбаларды сәттi таңдау болып табылады.Бiздiң бүгiнгi жұмысымыз – бұл менiң сiздерге әлгiнде айтқандарымды көркемдеу. Есте сақталатын материалмен жұмыстың нақтылы қабылдаулары іске асады.

  • Топтау – мәліметтерді қандай да бір түбегейіне байланысты топтау (мағынаға, ассоциацияларға және т.б.)

  • Тiрек пунктін шығару – негізгі мазмұнынан астам қандай да бір қысқаша тармақты бекіту, (мысалдар, мәлiметтердi шифрлау, салыстыру, тезистер, мәтiн баяндалатын сұрақтар және т.б)

  • Жоспар - тiрек пунктінің жиынтығы

  • Жiктеу – нақтылы ортақ белгiлердiң негiзiнде таптарға, топтарға, дәрежеге арналған заттар, оқиғаларға байланысты ажырату

  • Жiктелу -.бүтіндікті құрайтын өзара орналасуларды анықтау

  • Схематизация (графикалық схемалардың құрылымы) – есте сақталатын ақпаратты ықшамдаудағы негізгі сызықтарды жазу немесе бейнелеу.

  • Материалдың сериялық ұйымы – әр түрлі тізбектегі: уақыт бойынша, көлемі бойынша, кеңістіктегі тарату бойынша құрылымды анықтау.

  • Ассосациялар – ұқсастыққа, шектестiк немесе қарама-қарсылық бойымен бойынша орнату.

Психологтар «Жетілік» ұғымының магиялық құпияларын ашты( жеті бәле – бір жауап; жетеу біреуді күтпейді; жеті рет өлшеп бір рет кес т.б.). Біздің есте сақтауымыздың орташа көлемі осындай екен. Бір уақытта қабылдау кезінде біздің жадымыз орташа алғанда жеті нәрсені ғана ұстап қала алады. Сонымен қатар, жеті әріп, жеті сөз бен жеті сөйлемнен де қиынырақ есте қалады.

Сондықтан, егер көп көлемді материалды есте сақтау үшін оны мағынасына қарай бірнеше бөліктерге бөліп оқыған тиімді нәтиже береді. Бір мағынаны білдіретін бір сөйлемді есте сақтау үшін салыстырмалы түрде бірдей көлемді жады керек. Осы құбылысты ашқан американдық психолог Миллер былай деп жазады: «Бұл біздің әмиянымызға барлық ақшаларымызды салғымыз келсе бірақ әмиянға жеті ақшадан артық ақша сыймайды. Әмиянға ақшаны пенс немесе доллар ретінде салынғаны мүлдем маңызды емес.

Жүргізуші қатысушылардың әрқайсысына дәрістен жадынама үлестіреді.

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:

    1. Есте сақтаудың қиындығы көлеміне пропорционал емес өседi. Үлкен үзiндiні қысқа нақылға қарағанда оқу пайдалырақ болады.

    2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатын материалдың көлемі түсіну дәрежесінің жоғарылауына байланысты өседі.

    3. Барлығын бірден қатарынан оқығаннан үзіліс жасап оқыған есте сақтау үшін тиімдірек

    4. Жәй ғана қайта-қайта оқығаннан есте қайталаудың уақыт үнемдеуге пайдасы зор.

    5. Үлкен және кіші көлемдегі екі материалмен жұмыс істесең, үлкен көлемдісінен бастағаның тиімді.

    6. Адам түсінде есіне түсірмейді де, ұмытпайды да.

  1. Дәрістің тақырыбы бойынша пікірталас

  2. «Қар жұмыршағы» жаттығу

Жаттығу шеңберде орындалады. Бірінші қатысушы кез-келген сөзді айтады. Кезек бойынша келесі қатысушы алдыңғы сөзді, сосын өзінің сөзін айтады. Ал келесі қатысушы алдыңғы екеуін және өзінің сөзін айтады және т.б. әрі қарай жалғаса береді.

  1. Рефлексия.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.



5-сабақ.

ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІ2-сабақ



Мақсаты:

    1. Адамның есте сақтау қабілеті жайлы танысу

    2. Есте сақтау жолдары, мәтінмен жұмыс істеуді оқу, алған білімдерді саралау.

1. Сәлемдесу.

Қатысушылар өткен аптада өздерінде қандай жақсы жаңалықтар болғаны жайлы айтып береді.

2.Сергіту. «Тірі мүсіндер»

Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сыртқа шығып тұрады. Осы кезде екінші топ тірі мүсін жасап тұрады. Содан кейін бірінші топ келіп қарап алады да сыртқа қайтадан шығады. Қайтып келгенде жаңағы бірінші топ жасаған тірі мүсінді қайталап жасау керек. Содан кейін топтар орын ауыстырады.

3.Шағын-дәріс. Белсенді есте сақтаудың әдістері.

Қатысушыларға үй жағдайында ағымдағы сабаққа қалай дайындалуға болатынына байланысты әртүрлі әдіс-тәсілдердің құрылымы жазылған таратпалар үлестіріледі.

Есте сақтаудың алтын ережесі – материалмен интеллектуалды жұмыс. Белсенді есте сақтау әдістері мәтінмен интеллектуалды жұмысты өзіне қосады. Олардың бірнешеуін қазір талдаймыз. Қазір сіздер үй жағдайында сабаққа немесе емтиханға дайындалғанда өзіңіздің жұмысыңызды ұйымдастыру үшін жадынамалар аласыздар.

Кілт сөздер әдісі.

Кілт сөздер дегеніміз не? Бұл өзінше бір біздің есіміз бен санамызда сақталып тұрған мәліметтерді байланыстыруға және айтуға рұқсат береді. Қандай да бір сөйлемді есте сақтау үшін бір-екі кілт сөзді белгілеп алып, оны есте қалдырып, содан кейін оны еске түсіргенде ол сөйлем де түгелімен есіңізге түседі. Бұл әдісті ұзыннан шумақ мәліметтерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Ол үшін есте сақталу керек материал бірнеше бөліктерге бөлінеді. Әр бөлікте негізгі ойды білдіретін және еске түсіретін кілт сөздер алынады. Осындай жолмен мәтіннің мазмұнын қайта жаңғыртып еске түсіруге болады.

И. А. Корсакова бойынша қайталау әдісі.

1. Мәліметтердің үлкен бөлігінің жоғалуы есте сақтаудың бірінші сатысында жүреді, ал қалғандары қабылдау кезінде болатындықтан қабылдаған мәліметті 20 секунд ішінде кайталау керек, (есімдер, телефон нөмірі, күндер және т.б.)

2. Мәліметтерді қайталау аралығындағы уақытты мүмкіндігінше ұзарту керек. Мысалы, дайындыққа 7 күн берілді делік, ал мәліметті қайталау 5 күннен кем емес күнді қажет етеді. Олай болса төмендегідей етіп жұмысты ұйымдастыруға болады:

1-ші күн – 2 рет қайталау;

2-ші күн – 1 рет қайталау;

3-ші күн – қайталау жоқ;

4-ші күн – 1 рет қайталау;

5-ші күн - қайталау жоқ;

6-шы күн - қайталау жоқ;

7-ші күн – 1 рет қайталау;

3.Егер сізге мәліметті бірнеше күнге ғана есте сақтау керек болса, онда қабылданған мәліметті алдымен 15-20 минуттан кейін, сосын 8-9 сағаттан кейін және тағы 24 сағаттан кейін қайталау керек.

Кешенді оқу әдісі

Мәліметтің көптеген бөлігін сөйлем артынан сөйлем жалғасатын, катар артынан катар жалғасатын жартылай оку әдісі арқылы есте сақтауға болады. Бірақ жартылай оқу әдісінде мәлімет өзінің мәнін жоғалтып, қайта-қайта қайталауға әкеліп соғады. Сонымен қатар, мұнда мәтін бүтін күйінде сақталады және бүтін күйінде қайталауға тура келеді. Жеке бөліктер арасындағы өзара қатынас тез және негізделген күйінде қабылданады. Сондықтан, керек жерінде кешенді оқу әдісін қолданған жөн. Өте үлкен көлемді мәліметпен жұмыс істегенде оның барлығын есте сақтау қиындық әкеледі. Сондықтан, мәтінді бір тақырыпқа негізделген бірнеше бөлімдерге бөлген дұрыс.

Мәліметтің көп бөлігін калай есте сақтауға болады

Сұрақ бойынша материалды қайтала. Басында есіңе түсір және міндетті түрде не білесін соны қысқаша бәрін жаз, содай кейін ғана нақты мәліметтерге сүйеніп тексер. Оқулықты оқи отырып нақты ойларды бөліп ал – бұл жауаптың негізгі бөлімдері. Кішкентай парақтарға әрбір сұрақ бойынша бөлек қысқаша жауап жоспарын құруды үйрен. Емтихан алдындағы соңғы күні жоспар жазылған парақтарға қарап ал.

4.Дәріс тақырыбы бойынша пікіралысу.



5. «Сезімдік тәжірибе және ес» жаттығуы.

Кіріспе. Сезім мен эмоция – естің ең жақсы одақтасы. Есте сақтауда сезім қаншалықты көп қатынасса, мәліметті бөліп алуда оңайырақ болады. Қаншалықты қармақты көп лақтырсақ, соншалық көп балық аулаймыз. Есте сақтау да сондай, сезімге қаншалықты берілсек, соншалық еске түсіруіміз оңай болады. Қабылдауда өздеріңіздің ерекшеліктеріңіздің көрінуіне мүмкіндік беріңіз: көріңіз, тыңдаңыз, ұстап көріңіз, дәмін татып көріңіз, иіскеңіз, қозғаңыз.

Біз жақсы еске түсіреміз.

      1. Біз үнемі қолданатын мәліметті;

      2. Нақты мәтіндегі қабылдағандарды;

      3. Бізге жақсы әсер қалдырған нәрсені;

      4. Үзілген іс-әрекетті;

Еске түсіру кезінде көру арқылы есте сақтау тәсілдерін қолдануыңызға болады:

а) еске түсіргіміз келетін нәрсені ойша көз алдымызға келтіреміз. Оны ерекше бір түспен бояймыз немесе үлкен көлем береміз. Оны аударып-төңкеріп жан-жағынан қараймыз. Осыдан кейін ол затты ұмыту қиын ғой, солай ма?

б) таза түрде елестету. Қысқа сандарды еске түсіру үшін олардың көру бейнесін туындатқан жеткілікті. Сізге есте қалдыру керек сан үлкен қызыл шәкілмен, ақ қабырғаға жазылған немесе неондық сандармен қара аспанда жанып тұр деп есептеңіз. Осы жазуды 15 секунд ішінде өз түйсігіңізге жазып алыңыз. Санды қайталап айту арқылы есіңізде қалуына одан сайын жағдай жасай аласыз. Біздердің кейбіреулерімізге сандық мәліметтерді сақтау кезінде кодтар көмектеседі. Оларға мыналарды жатқыза аламыз:

- Вербалды код

- көру сәйкестігіне орай мәліметтерді кодтау

6. «Мен өзімді мақтан тұтамын» жаттығуы.

Қатысушыларға келесідей хабарлама айтылады: «Мен сіздерге өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауларыңызды ұсынамын. Қазір сіздерге қалағандарыңызша мақтау сөз айту мүмкіндігі туды, бірақ бұл өте сирек құбылыс. Сонымен, « Мен өзімді мақтан тұтамын...!» сөйлемін жалғастырыңыздыр.

Осыдан кейін әр қайсысы сұрақтарға жауап береді:

  • Өзіңізді мақтау қиын болды ма?

  • Осы кезде қандай сезімді бастан өткердіңіз?

  1. Рефлексия.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.

«Саусағыңмен көрсет» жаттығуы

Барлық қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Алдымен олар сұқ сауасақтарын көрсетіп, қолдарын жоғары көтеруді өтінеді. Содан кейін жүргізуші бір қатысушыжайлы қандай да бір мәлімет айтып сол адамды сұқ саусақпен қалғандары көрсетуі керек. Мысалы:

  • Ең белсендіні көрсетіңдер

  • Ең ұйқышылды;

  • Бүгін топта ең көп көңіл көтергенді;

  • Бүгін сізге көмектескен адамды;

  • Тапсырманы орындауда көп күш-жігерін жұмсаған адамды көрсетіңіз;



6-сабақ.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Мақсаты:

  • Қатысушыларға емтиханға кіргенде мәтінмен қалай жұмыс жүргізудің тәсілдерін түсінуге көмектесу;

1.Сәлемдесу.

Әрбір қатысушы басқаларда өзінің жақсы көретін сөздерін айтып және бет-әлпет қимылымен сәлемдеседі. Ал, қалғандары қимылмен қоса сөзді қайталайды.

2.Сергіту. «Шілдір» (паутинка)

Топқа жіп орамы беріледі. Жіп орамын алған бірінші адам жіптің басын өзінде қалдырып, әрі қарай кез келген қатысушыға беру арқылы қазір өзінің қандай сезімде екенін, басқаларға не тілейтінін айтып береді. Осындай жолмен жаттығу соңында «шілдір» пайда болады.

3.«Мәтінмен жұмыс» жаттығуы.

Жүргізуші алдын ала бірнеше көп емес 1-2 беттік азғана әңгіме, өмірбаян, табиғат құбылыстары жайлы ғылыми жаңалықтардан мәтін дайындап алады. Қатысушыларға ақ парақ, фломастарлер мысалы, схема сызу үшін керек болады. Барлық топқа арнайы нақты тәсілмен есте сақтауға болатындай етіп ұйымдастырылған мәтін беріледі. Тапсырма орындалған кезде нәтиже топ мүшелерінің барлығына таныстырылады. Тапсырманы орындау үшін 20 минут беріледі.

Талқылау:

  • Не нәрсе сенде қиындық тудырды және оны қалай жеңуге болады?

  • Қандай тәсіл оңтайлы болды және не үшін олай ойлайсын?

  • Сіздің ойыңызша мәтінмен жұмыст әстеуде қандай тәсілдер сәйкес келеді: математикадан, әдебиеттен, орыс тілінен, биологиядан, географиядан және т.б.

4. «Бос орындық» жаттығуы

«Бір-екіге» саналыңыздар. «Бір» санды қатысушылар шеңбер болып отырады, ал «екі» санды қатысушылар олардың орындықтары болады. Бір орындық бос тұру керек. Бос орындықта отырған қатысушының тапсырмасы былай: көздің ишарасымен топ мүшелерінің біреуін ым-ишрамен бос орындыққа шақырады, егер кім де кім оны байқап койса сол орынға сол адам отырады.

      1. Рефлексия.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі







7-сабақ.

ЕРІК ПЕН САБЫРЛЫЛЫҚТЫ ТҰРАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ.


Мақсаты:

  • Оқушылардың ерiк мобилизация әдістерімен танысуы.

  • Емтихан барысында сабыр сақтауды тұрақтандыру.

1.Сәлемдесу.«Ұлы ұстамын...»

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр қатысушы өзінің күшті жақтарын «Мен Ұлы ұстамын...»деп бастап өзін мақтайды, әрі қарай жағалай кете береді.

2.Ойын.«Орындарыңмен ауысыңдар, кімде (кім)...»

Қатысушылар шеңбер құрып орындықта отырады. Жүргізуші «Орындарыңмен ауысыңдар, кімде (кім)...» ортақ бір белгіге сәйкес белгіні айтады, сол белгіге сәйкес қатысушылар орындарымен ауысады. Белгілер сыртқы пішінге (...кім ақ көйлек киіп отыр, кім ҰБТ-да 120 баллға тапсырғысы келеді), көңіл-күйге, әдетке және хоббиге т.с.с. байланысты болуы мүмкін. Орын таппаған қатысушы жүргізуші болады.


3. Жаттығу. «Эксперимент»

Қатысушыларға «30 секундтың ішінде мәтінді оқып шығу керек!» деген тапсырма беріледі. Бір қарағанда әріптер жиынтығы, бағдарсыз жазылған мәтіні бар каточкалар әр қатысушыға беріледі.

НоКАКТеперьВеРнутьсяНАЭстАКАДУКаКПЕРЕнестиЭТоГоСтрАшНОНаПУгаННоГо
РеБЕНКаВБеЗОПаСНОемЕсТО
наКОнецП ОСЛЫШАЛ Ся Топ ОгБеГУщиХ ног

Тапсырманы орындап болған соң талқылау жүреді:

  • Сіз тапсырманы тез орындап шықтыңыз ба?

  • Тапсырманы тез орындау үшін Сізге не көмектесті деп ойлайсыз?

  • Сіздің ойыңызша сабырлылықтың мәнісі неде?

  • Сабырлылықты қалай нығайту керек?

4. Шағын-дәріс.«Ерікті мобилизациялаудыңэкспресс-тәсілі»

Оқу үрдісінде қиындық туындағанда, мысалы: бақылау жұмысы, физикалық күшті талап ететін емтихандарда, емтиханда ерік мобилизациясын іске қосуға болады. Мұндай жағдайда қолдануға тиімді, тапсырманың бір бөлігін шешуге көмектесетін эксперсс-әдісті ұсынғым келіп тұр. Ерікті өзін-өзі реттеу әдісі шығыстың жекпе-жек мектебінен алынған. Мен сендерге бұл жаттығуларды қалай орындау керек екенін көрсетемін, сосын өз беттеріңмен 1 рет қайталап шығасыңдар.


5. «Ерікті тыныс»жаттығуы.

Қатысушылырға: Түргеліп тұрамыз, денеміздің бәрін бос ұстаймыз, денемізді барлық қысымдардан босатамыз, терең бірқалыпты демаламыз. Сосын, бір мезетте демімізді ішке алып жатқанда,алақанымыз жоғары қараған күйінде қолымызды кеудеміздің тұсына дейін көтереміз, қолымызды шынтаққа дейін бүгіп артқа қарай апарамыз. Сосын, бір мезетте демімізді сыртқа шығарып жатқанда алақанымызды төмен қаратып қолымызды төмен түсіреміз. Демді шығару кезінде қол, иық, ішіміз және аяқтарымыздың бұлшық еттерге күш түсіреміз (напрягаются). Қол төменге түсу кезінде, өкпедегі ауа қысыммен төменге (жерге) қарай бағыттайтынын елестетуге болады. Тыныс алып болғаннан кейін бұлшық еттерді босаңсытамыз. Жаттығуды бойыңда сенімділік пайда болғанға дейін және ағзаның дайындығына дейін бар ынтамен қайталау керек.


6. Жаттығу. «Қыздыру тынысы»

Қатысушылырға: Түргеліп тұрамыз, денеміздің бәрін бос ұстаймыз, денемізді барлық қысымдардан босатамыз, терең бірқалыпты демалып қолымызды жоғары көтеріп айқастырамыз (бетімізден сәл алысырақ). Сосын, барлық денеміздегі бұлшық еттерімізді тырыстырамыз, әсіресе ішіміздің бұлшықетіне қысым түсіреміз. Қолымызды екі жанымызбен түсіріп жатқанда ауызымызды бірден ашып демімізді шығарамыз. Демнің соңында өкпедегі ауаны күшпен шығарыңыз. Әрі қарай дем алу мен дем шығаруды баяулатамыз. Жаттығуды 3 рет қайталасаң өзіңді белседі сезінесің.

  1. Рефлексия.

Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі

8-сабақ.

СТРЕССПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУ КЕРЕК. 1бөлім.

Мақсаты:

  • айналасындағы адамдарға сенімділігін нығайту;

  • қорқыныш пен ішкі күйзелісті реттеу;

  • ішіндегі ойын ашық, жасырмай айтуға үйрету;

1.Сәлемдесу"Қошемет"(комплимент)

Әр қатысушы жанындағы көршісіне ым-ишарамен қошемет көрсетеді. Қошемет көрсетіліп болғаннан кейін, «қабылдаушыға» сұрақ қойылады«Сенің ойыңша, саған не айтқысы келді?».


2.«Шынымды айтқанда» жаттығуы

Материал: Аяқталмаған сөйлемдер карточкасы.
Ережесі: Сіздердін алдарыңызда карточкалар тұр. Қазір біртіндеп шығып бір карточкадан аласыздар. Карточкадағы аяқталмаған сөйлемді бірден ойланбастан аяқтау керек. Барынша шын көңіліңізбен ашық айтуға тырысыңыз.

Мысалы:
Шыныдмы айтқанда, алда келе жаткан емтиханды ойласам...
Шынымды айтқанда, емтиханға дайындалған кезімде...
Шынымды айтқанда, үйге келгенімде...
Шынымды айтқанда, ата–анамның маған қатысты емтиханға қобалжығанын ойласам...
Шынымды айтқанда, менің бос уақытым болғанда...
Шынымды айтқанда, мен толқығанымда...
Шынымды айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаймын...
Шынымды айтқанда, емтихан жайлы естісем...
Шынымды айтқанда, мен консультацияға келгенімде...
Шынымды айтқанда, тренингке қатысқанымда...

Талдау:
Сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?
Осы сәттегі сіздің өмірлік ең маңызды мақсаттарыңыз қандай?

3. «Стресс-тест»

Мақсаты: Түлектердің стресске ұшырағанын анықтау.
Өткізілу уақыты: 15 минут.
Ережесі: Берілгенді оқып шығып, келісіміңізді төмендегі формамен жауап беріңіз
— ешқашан (1 балл);
— сирек (2 балл);
— жиі (3 балл);
— әрқашан (4 балл).

Сұрақ:
1. Мен ұсақ–түйекке ашулана бермеймін.
2. Біреуді күтуге тура келгенде мен күйіп-пісемін(нервничаю).
3. Келеңсіз жағдайға түскенде, мен қызарып кетемін.
4. Мен ашуланғанымда, біреуді ренжітіп алуым әбден мүмкін.
5. Сынды тыңдай алмаймын.
6. Егер мені қоғамдық көлікте итеріп жіберсе т.б., мен дәл солай жауап беремін немесе дөрекі сөйлеймін.
7. Бос уақытымды тиімді пайдаланамын.
8. Кездесуге әрдайым уақытылы келемін немесе кешіге беремін.

9. Адамды аяғына дейін тыңдамай бөле беремін.
10.Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын.
11. Жиі, ешқандай себепсіз уайымдаймын.
12. Таңертең өзімді жайсыз сезінемін.
13. Ұйқым нашарлап, шаршап жүрмін.
14. Жақсы ұйықтағанның өзінде де өзімді нашар сезінемін.
15. Жүрегім ауырады деп ойлаймын.
16. Менің мойным мен арқам ауырады.
17. Үстелде отырғанымда саусақтарыммен барабан ұрамын немесе аяғымды тербеймін.
18. Менің жасаған істеріме мақтау айтқанды қалаймын және қадір тұтқанды

армандаймын.
19. Мен өзімді басқалардан жақсымын деп ойлаймын.
20. Мен диета ұстамаймын.

Нәтижесі:
30 баллдан төмен. Сіз тыныш өмір сүресіз, туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге үлгересіз. Сiз шамадан тыс сыпайылық пен жалған атақ құмарлықтан азап шекпейсіз. Бұл адамдар өздерінің өмірін көбіне «күлгін» түсте көреді.
31–45 балл. Сіздің өміріңіз шым-шытырыққа толы. Сіз стресске ұшырағансыз, мұның жақсы жағы әрдайым жаңа жетістіктерге деген ұмтылысыңыз болса, оның жағымсыз жағы да бар. Осыған қарағанда өмір сүру салтыңызды өзгертпейсіз, бірақ өзіңізге кішкене уақыт бөліңіз.
46–60 балл. Сіздің өміріңіз – тоқтаусыз күрес. Сiз атаққұмарлықты және баққұмарлықты арман етесіз. Басқалардың пікірі Сіз үшін маңызды, осы жайт Сізді стресс күйiнде ұстайды. Егер Сіз осы қалпыңызда жалғастыра берсеңіз, көптеген жетістіктерге жетесіз, бірақ Сізге қуаныш әкелуі екі талай. Қажеті жоқ дау–дамайдан бойыңызды аулақ ұстаңыз, ұсақ түйектен туындаған ашуыңызды жүгендеңіз. Жоғары нәтежиеге жетуге тырыспаңыз.

61 баллдан жоғары. Сіз көлік жүргізушісі секілді өмір сүресіз, бір мезетте «газ» бен «тежегішті» басасыз. Өмір сүру салтыңызды өзгертіңіз. Сіз ұшыраған стресс денсаулығыңыз бен болашағыңызға қауіп төндіреді.

4. Шағын-дәріс «Стресспен күресудің қысқа мерзімді тиімді әдістері».

1. Стресске қарсы тыныс алу(противосрессовое дыхание). Мұрынымыз арқылы жайлап, терең дем аламыз, ортасына келгенде лезде демімізді тоқтатып мұрынымыз арқылы жай ауаны шығарамыз. Әрбiр терең дем алумен және ұзақ дем шығару кезінде стресс қысымынан босаңсыймын деп ойлауға тырысукерек.

2. Релаксация.Ерінімізді ылғалдатып, ерін маңындағы бұлшық еттерді босаңсыту керек(тіл ауыздың ішінде жай ғана бос жатады ), иығымызды да босаңсытамыз. Бет әлпетің мен өз денеңе мұқият көңіл аудар.

3. Бір жұмыспен айналыс, қандай болса дамейлі. Стресстік жағдайларда дене еңбегі ішіміздегі жағымсыз эмоцияларды шығаруға, көңілімізді сергітуге көмектеседі.

5. Өздігінен бағдарламалау мысалдары:

  • Алдымда емтихан күтіп тұрса да, мен өз өмірімнен барынша ләззат аламын.

  • Емтихан- бұл өмірімнің бір бөлшегі.

  • Мен тез босаңсимын, өз-өзімді тез жинай аламын.

  • Мен өзімнің ішкі сезімдерімді басқара аламын.

  • Мен пайда болған қысымдарға кезкелген уақытта төтеп бере аламын.

  • Қандай жағдай болмасын, алға қойған мақсатыма жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

  • Менде бәрі жақсы болатынына сенімдімін, емтиханды да жақсы тапсырамын.

5. «Мен шаршадым»жаттығуы.

Әр қатысушы кезекпен «Ох, мен шаршадым!» деп әр түрлі интонациямен айту керек.


6.Жаттығу «Саған не тілесем екен, менің қымбатты досым?».

Нұсқау:Ыңғайласып үлкен шеңбер құрып отырайық, менің қолымдағы керемет ойншыққа (гүл т.б.) қараныздаршы. Қазiр ол сiздердiң қолдарыңыздың бойымен көңiлдi домалайды. Бауырсақ кімнің қолына түссе, сол адам топка тілегін айтады. Қалғандары сөзді бөлмей аяғына дейін мұқият тыңдау керек.


Талдау:
Бүгінгі күн сізге нені әкелді?
Бүгінгі тренигтен алған әсеріңіз қандай?

7. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.



9-сабақ.

СТРЕССПЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУ КЕРЕК. 2 сабақ.


Мақсаты:

  • Жанындағы жандарға ілтипатпен қарауға дағдыландыру;

  • Бұлшықет буындарындағы қысымдарды жазу.

1.Сәлемдесу. «Тілек білдіру»

Қатысушылар шеңберге тұрып, дәл сол сәттегі көңіл-күйін және оң жағындағы көршісіне жақсы тілектерін айтады.

2.Ойын «Бір - бірімізге».

Нұсқау: Дәрiсханада еркiн қозғалып жүреміз, мен «Бір - бірімізге» дегенде - әр қайсыларыңыз өздеріңізге жұп табуыңыз керек. Жұп тапқаннан кейін сендерге тапсырма беремін.

Сонымен, бастаймыз:«Бір – бірімізге!» Енді бір–бірлеріңнің қолдарыңды ұстаңдар, мұрынды мұрынға, басыты басқа, кұлақты құлаққа, аяқты аяққа тигізіңіздер.

Ойынды жұпты ауыстырумен жалғастырамыз.
Талдау:
Көңіл-күйіңізбен бөлісіңіз.
Сіздің ойыңызша бұл ойын неге бағытталған?

3. Тест «Өз-өзіңізді бақылай аласыз ба?»

Төмендегі нұсқауларды оқып шығып, «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.


1. Менің ойымша басқа адамдарға еліктеу қиын сияқты.
2. Өзгелерді күлдіруге немесе өзіме назар аудару үшін әр нәрселерді істеймін.
3. Менен жақсы актер шығады.
4. Кейде сырт көзге мен әлденені қатты уайымдап жүрген болып көрінемін.
5. Мен құрдастарымның ортасында ықыласқа бөлене бермеймін.
6. Әртүрлі жағдайда және әртүрлі адамдармен қарым-қатынаста мен өз-өзімді мүлдем басқаша ұстаймын.
7.Мен көз жеткізген дүниелерді қорғап алып шығамын.
8. Адамдармен қарым-қатынасымды жақсартуға және жұмысымда табысқа жету үшін, мені қоршаған адамдарқандайретінде көргісі келсе мен сондай боламын.
9. Көргім келмейтін адамдардың жүзіне күліп қарай аламын.

10. Мен өз қалыпымды өзгертпеймін, әрқашанда осындаймын.


1, 5, 7 сұрақтарға «Жоқ» деген жауаптарыңызға 1 баллдан, қалған «Ия» деп жауап берген сұрақтарыңызға 1 баллдан. Баллдарыңызды санаңыз. Егер тестті шыңдап жауап берген болсаңыз, сіз туралы төмендегіні айтуға болады:


0–3 балл.Сіздің коммуникативтік дағдыларыңыз төмен, туындаған жағдайларға байланысты өзгеруге тырыспайсыз, өйткені, өзгертуге тұрмайды деп ойлайсыз. Қарым-қатынаста жақсы ашыласыз. Тік мінезділігіңізденСізді кейбір адамдар «ыңғайсыз» деп ойлайды.

4–6 балл. Сіздің коммуникативтік дағдыңыз орташа деңгейде. Сіз қарым-қатынаста ашықсыз, бірақ эмоцияларыңызды көрсетпейсіз. Өзіңізді қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түскенде олардың да іс-әрекетін ескерген дұрыс.
7–10 балл.Сіздің коммуникативтік дағдыңыз жоғарғы деңгейде.Сіз рөлдерге оңай еніп кетесіз, жан-жағыңыздағы өзгерістерге тез икемделесіз. Адамдарға жақсы әсер қалдырасыз.

4. Шағын - дәріс «Стресспен күресудің жолдары».

Әдебиеттерде стресстің пайда болу себептері жайында көп жазылған. Бұл өзіңді кінәлі сезіну, өмірлік құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру т.б. Көбісі мектепті жек көреді, осының салдарынан стрессогенді фактор туындайды. Тығырықтан қалай шығу керек? Тығырықтан шығу жолы: өмір салтыңызды өзгертіңіз, өзіңізді өзгертіңіз!
Уолтер Расселдің «Егер Сіз өзіңіздің көңіліңізден шықпайтын, жек көретін істерді жасасаңыз, ашу–ызадан ағзамызға кері әсерін тигізетін токсиндер бөліп шығарады, нәтежиесінде Сіз ауырып қаласыз немесе созылмалы шаршауға (хроническая усталость) ұшырайсыз. Сіз жасап жатқан ісіңізді, жұмысыңызды сүйсініп жасауыңыз керек. Шығыс ғұламаларының нақыл сөзіне сүйенсек «Барлық істі сүйсініп, қуанып, өздеріңізге белгілі әдіс – тәсілдермен жасаңыз». Сабақты сүйіспеншілікпен орындасаңыздар, денсаулығыңыз жақсарады, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Шаршағаннан, ауырғаннан сақтандырады, бір сөзбен айтқанда «зерігуден» құтқарады».

Өзіңіздің денсаулығыңызға және психикаңызға мән беріңіз.

Стресстің физиологиялық белгілері: Ұйқысыздық, бас аурулары, жүрек қағысы, арқа мен белдің, асқазанның, жүректің ауруы, астың дұрыс қорытылмауы, спазмалардың болуы. Бұл атритқа, глаукомаға, склерозға, инсультке, ракқа, лейкемияға әкеп соқтырады.

Стресстің психологиялық белгілері: зейінсіздік, алаңғасарлық, есте сақтау функциясының бұзылуы, қобалжушылық, жылауықтық, себепсіз үрей, күйгелектік, шамадан тыс мазасыздық. Бұл өз–өзіне сенімділіктің жоғалуы, соматикалық кеселге, психикалық бұзылуға, дәрі–дәрмектік тәуелділікке алып келеді.

Стрессті болдырмау үшін не істеу қажет?

       Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы вдәрумендер қоры, әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде дәрумен ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

       Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, хауызға, моншаға барыңыз.

      Үшіншіден:психикалықжәнеденерелаксациясықажет. Келесітәсілдердікөріңіз: босаңсытатын музыкатыңдаңыз, түнгі аспанға, бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

      Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялықтренингтергебарыңыз, жанұясалтанаттарынанқалмаңыз, жаңақызықтыадамдарментанысыңыз. Ата-аналарыңызға, ата-әжелеріңізге, бауырларыңызғакөңілбөліңіздер, өйткеніоларсіздіңмахаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңіздіқажететедіемеспе?


5. Пікірталас

Материал: 4 ватман парағы, фломастер, ішкі күйзелісті жоятын түрлі сөз (әр карточкаға біреуден) жазылған адам санына байланысты карточкалар

Ережесі: 4 топқа бөлініп алу керек. Менің қолымда сандықша бар, сандықшаның ішінде сөздер жазылған карточкалар бар. Әрқайсыларыңыз сандықшадан карточканы алып, бірдей сөз берілген адамдарды табады. Сөйлемей ақырын, ыммен іздеу керек.

Әрбiр «табылған» топ пантомимаға өзінің сөзін көрсетедi

Сөздер: витамин, жаттығу, релаксация, жанұя.

Ал ендi 4 топтықұрып: таймер, хатшы, спикер, төрағанытаңдаңыз. Қазiр мен сiздергеталқылауүшiнсұрақтытаратамын. Талқылау барысында жақсылап ойланамыз, топ ережесiнсақтаңыз. Сiзгежұмысқа 2 минут берiледi.

1-шi топқатапсырма:сөйлемді аяқтаңыз: «Стресс - бұл...»

2-шi топқатапсырма:ішкі күйзеліске қалай қарсы тұруға болады

3-шi топқа тапсырма: ішкі күйзелісті жағдаяттардың үлгілерін көрсет

4-шi топқа тапсырма: ішкі күйзеліс болған кезде не істеу керек

Ал енді спикерлерге талқылау барысындағы топтық идеяларды айтуды сұраймын.


6. «Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы.

Нұсқау: бір-біріміздің арқамызға тұрып, шеңбер құрайық. Джунглида қалып қойдым деп елестетіңіз. Күн бастапқыда керемет болып, күн жарқырап, ауа-райы өте ыстық болды. Бiрақ аяқ астынан жеңiл самал желпіді. Алдында тұрған адамның арқасына қолыңды тигiзiп, қолыңмен жеңiл қозғалыстарды iске асырыңыз. Жел (арқаға қысым арта түседі) күшейе түседі. Дауыл (күштi шеңберлi қозғалыстар) басталды. Содан соң (серiктестiң арқасы бойымен жеңiл соғулар) жаңбыр себеледі. Ал (алақанның саусақтарымен жоғары-төмен қозғалыс) жауын асқына бастады. Бұршақ (барлық саусақтармен күштi қозғалыстар) жауды. Жауын қайтадан жауып, жаңбыр сіркіреп, дауыл көтеріліп, қатты жел болып, ал содан соң ақырын азайып, табиғатта бәрі қалыпты жағдайға келді. Күн қайта шықты.

Ал ендi 180 градусқа бұрылып, ойынды жалғастырамыз.

Талдау:

Сіз өзіңізді бұндай массаждан кейін қалай сезіндіңiз?

Өзіңіздің алған әсеріңізбен бөлісіңіз.


7. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.



10-сабақ.

РЕЛАКСАЦИЯ

Мақсаты:

  • Релаксация туралы білімдерін жетілдіру.

1. Сәлемдесу«Сәлемхат».

"Мен сендерге өздеріңнің сәлемдеріңді бір қағазға жазып, мына қорапшаға салуларыңды ұсынамын. Қорапшадағы сәлемхаттарыңды ауыстырамын, сендер кезекпен біртіндеп сәлемхатты алып топқа дауыстап оқисыңдар. Сәлемхат өздеріңде бүгінгі күннен естелік болып қалады.
Талқылау:

  • Сәлемхатты жазу қиын болды ма?

  • Топтың алдында сіздің жазған сәлемхатты оқығанда,қандай сезімде болдың?

  • Сабағымызды әрі қарай жалғастыруға дайынбыз ба?

2«Тірі сурет»сергіту жаттығуы.

Топ 2-ге бөлінеді. Әр топ белгілі бір мақал-мәтелге сюжет ойластырады, ойласып болғаннан кейін әр топ пантомима арқылы көрсетеді. Екінші топ қандай мақал-мәтел екенін табу керек.

Талқылау: кімнің пантомимасы түсінікті болды, неліктен?


3. Релаксацияның техникаларын қиялдау арқылы үйреніп, қолдану.

Жаттығу«Ресурстық бейне»

Қатысушыларға: Денемізді босаңсытамыз, көзімізді жұмамыз. Өздеріңді қауіпсіз, ыңғайлылық және жылулық сезімін тудыратын жерді елестетіңіз, болмаса ойдан шығарыңыз. Бұл орман ішіндегі гүлгдерге толы шалғын немесекүннің шуағына толы көлдің жағасы, талдың түбіндегі көлеңке т.с.с. Өздеріңді сол ғажайып жерде екендеріңді елестетіңдер. Жұпар аңқыған иісті сезін, шөптердің сыбдырын, толқындардың шуын тыңда, күннің сәулесіне жылыған құмды, жаныңда тұрған талдың кедір-бұдыр діңгегіне қолыңды тигізіп сезін. Ұсақ-түйек бөлшектеріне дейін анық көруге тырысыңыз. Енді ғажайып елден өзіміздің сыныбымызға оралайық. Көзімізді ашамыз.

Жаттығуды орындап болғансоң талдау болады:

  • жаттығудан қандай әсер алдыңдар?

  • көңіл-күйлерің қандай?

4. «Аутогендік релаксация»жаттығуы.
Қатысушыларға келесі нұсқауларды орындауды ұсынамыз:

1. Орындыққа ыңғайласып отырамыз. Басымызды кеудемізге қарай еңкейтіп, мойынымызды босаңсытамыз. Көзіміз жұмулы. Қолдарыңызды жайлы қылып қойыңдар. Тынысымыз бірқалыпты: 1, 2, 3, 4 дегенде терең дем аламыз, демімізді шығарып жатқанымызда 1, 2, 3, 4 дегенде дереу тоқтатамыз. Ішімізден 3 рет «Мен өзімді жайлы сезінемін, мен өзімді өте жайлы сезінемін!»
2.Екі қолыңызда бір-бір шелек су бар деп елестетіңіз, шелектерді жаймен жерге қоямыз да «қолымның бұлшықеттері жағымды зуылдап тұр!» Ішіңізден «Қолдарым маған жағымды боп ауырлап кетті!» деп ішімізден 3 рет қайталаймыз.

3. Бөрененің үстіне тақтайша қойылған әткеншектің бір шетінде сенің аяғың, екінші шетінде бір қап құм тұр. Аяғыңдағы бұлшық еттеріне күш түскенін сезгенде, әткеншекті жібере салып «Аяқтарым жағымды болып ауырлап кетти!»Ішіңізден «Аяқтарым маған жағымды боп ауырлап кетті!» деп ішімізден 3 рет қайталаймыз.

4. Сенің сол қолың шылапшындағы жылы суда тұр деп елестет. Судың жылуықолыңмен жоғарыға көтеріліп келе жатыр, жауырыныңа және кеудеңнің сол жақ бөлігіне жетті. Ішіңізден «Жүрегім бір қалыпты, кушті соғады!» деп ішімізден 3 рет қайталаймыз.
Релаксациядан шығару:

1 Ауызымызды ашып 3 рет терең дем аламыз. Тіліміз бен таңдаймыздың салқындағанын сезініңіз. Салқын көз ұясына дейін жетті. Ішіңізден «Менің маңдайым салқын, ойларымда анық. Мен өз-өзімді бекем ұстаймын. Жұмыстағы қиындықтар маған оңай беріледі. Мен өз дегенімде тұра аламын!»

2. Қолыңды жайлап көтер. Қолыңды жұдырыққа қыс. Қолың басыңнан көтеріле бергенде, жұдырығыңа қарап «Бүкіл денем жаңарды, демалды және энергияға толы!»

5. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.


11-сабақ.

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ҚЫСЫМНАН АЙЫРЫЛУ

Мақсаты:. Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан босаңсытуда релаксациялық жаттығулар орындау.Оқушыларда психофизикалық күйін басқаруды қалыптастыру

1.Сәлемдесу.

Қатысушылар шеңбер құрып отырып,соңғы кездесуден кейінгі көңіл-күйлерін, өздерінде болып жатқан өзгерістері жайлы, кезекпен айтып шығады.

2. «Шілдір» (паутинка)жаттығуы.

Нұсқау: Топқа тоқыма жіптің түйіні беріледі. Тоқыма жіп топтың кез-келген қатысушысына беріледі, жіпті алған қатысушы қазіргі уақыттағы көңіл-күйін, алдағы уақыттағы армандарын, топтағы қатысушыларға тілектерін айтып жіптің ұшын өзінде алып қалып, тоқыма жіпті қалаған адамына береді. Сөйтіп, жаттығудың аяғында шілдір пайда болады.

3.Шағын-дәріс. «Жүйке жүйесіндегі психикалық қысымнан айырылу тәсілдері».

Емтиханға дайындық кезіндегі үзілістерді барынша тиімді пайдалану керек. Сендерге келесі әдістерді көрсетіп шығамын, ал сендер өздерің қалағанын таңдаңдар. Әдістер:

  • Спорттық жаттығулар

  • Контрасты душ

  • Кір жуу

  • Ыдыс-аяқ жуу

  • Ішіңдегі бар жағымсыз сезімдеріңді газет парақтарын умаждап, шамаң келгенше пресстеп кішкентай доп қылып алысқа лақтыру. Келесі, газет парағын майдалап жыртып қоқысқа таста. Келесі газеттен өзіңінің көңіл-күйіңді жаса. Газет беттерін өз қалауыңмен боя (гуашпен саусақ арқылы сурет салу,клякса).

  • Өзіңнің жақсы көретін өлеңіңді қатты дауыстап айтып билеу.

  • Саябақтарда, тыныш жерлерде серуендеу.

  • Саусақпен сурет салу (1 қасық ұн, 1 қасық су, 1 қасық бояу) Клякса салу. Салған суреттерің жайлы жақындарыңа айту.

  • Қатты дауыстап айқалап, сосын жай айқайлау.

  • Жанып түрған шамға(свеча) қарау.

  • 10 рет асықпай терең дем ал.

  • Тісіңнің ішкі тіліңмен жағын тазалау.

Әрі қарай талдау: тағыда қандай әдістерді қолдануға болады?

4."Ойымыздағы сурет"жаттығуы

Нұсқау: Қатысушыларға келесі нұсқауларды орындауды ұсынамыз:

        1. орындыққа ыңғайланып отырыңдар, денеміздегі бұлшықеттерді босаңсытамыз. Аяқтарымыз бен қолдарымызды айқастырмаймыз. Денемізді бос ұстап, жай ғана демалыңдар.

        2. Ауызымызды ашып жаймендеп өкпемізді толтыра терең демаламыз

        3. Бір ырғақпен демалуға тырысыңыз.

        4. Жаңа цикл, өзтынысыңды тыңда, өкпеңнің ауаға толғанын және сол ауадан босап жатқанын көз алдыңа елестет. Сенің дем алуың толқындардың қозғалысына ұқсайды, толқындар жағаға жайлап келіп(деміңізді шығарғанда), қайтадан артқа қарай шегінеді (демді ішке алғанда). Дем алып жатқанда толқындарды, теңіздің тұзды суының дәмін, самал желді, күннің жылулығын көз алдарыңа елестетіңдер

Жаттығу аяқталғаннан кейін талдау болады.

5. «Суретті бастап, қасыңдағыға бер».жаттығуы.

Нұсқау: Әр қатысушыға бір ақ қағаздан беріледі. Әр қатысушы өздеріне ұнаған қарындаштың (қалам) түсін алады. «Шапалақ ұрғанымда өздерің қалаған суреттеріңді сала бастайсыңдар. Шапалақ ұрғанда алдыңдағы қағазыңды және қарындашыңды оң жаңындағы көршіңе бер, сол суретіңді аяқтайды. Тағы шапалақ ұрғанда сурет салынған парақ пен қарындаш келесі қатысушыға беріледі, сурет пен қарындаш бірінші егесіне келмейінше топты жағалайды».

Талқылау:

  • Салынған сурет өздеріңе ұнады ма?

  • Қандай көңіл-күйдесіңдер?

6. «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!»жаттығуы

Нұсқау: Қазір біз бір-бірімізбен жарысамыз. Газет парағын аламыз, барлық жағымсыз эмоцияларымызды умаждау арқылы сол параққа саламыз. Сосын «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!»(немесе өздеріне ыңғайлы сөздерді айту, немесе сезімдерінің атын атау арқылы, т.с.с.) деп алысқа лақтырамыз.

Талқылау:

  • Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар?

  • Жағымсыз сезімдеріңнен арылдыңдар ма?

7. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.


12-сабақ.

ІС-ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ.

Мақсаты: Өз эмоцияларын білдіруге және басқаруға үйрету.

1 Сәлемдесу.

Әр қатысушы кез келген сөздермен немесе ым-ишараменбір - біріне сәлем береді.

2. жаттығу «Қош бол менің күрделі мәселем!»

Нұсқау: Тоқыма жіптің түйіні беріледі. Тоқыма жіп топтың кез-келген қатысушысына беріледі, жіпті алған қатысушы қазіргі уақыттағы көңіл-күйін, алдағы уақыттағы армандарын, топтағы қатысушларға тілектерін айтып жіптің ұшын өзіне алып қалып, тоқыма жіпті қалаған адамына береді. Сөйтіп, жаттығудың аяғында шілдір пайда болады. Жаттығудың аяғында қатысушылар шілтемен бірге өздерінің күрделі мәселелерін лақтырады.


3. Шағын дәріс «Эмоцияларымызды қалай басқаруға болады?»

Мақсаты: эмоцияларды басқаруды үйрету.

Жағымсыз эмоциялардан қалай айырылу керек?Сені түсініп қолдау көрсететін достарыңның ортасында айтсаң жағымсыз эмоциялардан сәл болса да жеңілдейсің.

Егер жалғыз болған жағдайда, жастықты ұр немесе орамалды(құрғақ болсада) сығып,ашуыңдысыртқа шығаруға болады. Ашудың жағымсыз энергиясы көбіне иықтың, қолдың жоғарғы бөлігіндегі бұлшық еттерде және саусақтарда жиналады. Кез келген дыбыстарды шығар, өйткені жағымсыз сезімдерің тамақта «қысылып» қалады.

Ішіңдегі жағымсыз энергияны шығарудың әсерлі әдісі кезкелген спорт түрімен айналысу.

Табиғат адамға жағымды әсерін тигізеді. Орман мен саябақтарда серуендеу, орманның шуы мен гүлдердің иісі, көлдің толқындары мен өзеннің ағысына қарау ең қиын сәттерде адамды тынышталдырып, жан дүниеңнің тепе-теңдігін орнына келтіріп, жұмысқа деген қабілетіңді жоғарылатады.

Дем алу жаттығулары, 3-4 рет қатарынан кішкенеден деміңді шығар, соншалықты деміңді ал. Осылай дем алудың арқасында миға баратын импульстар ағымы азаяды. Табиғат біздің миымызға стресстерден, психикалық қысымдардан қорғану, айырылу үшін жақсы қорғаныш сыйлағанол– жылау және күлкі. Күлкі жүйке жүйемізді қорғайды Күлкідегі демдерімізді жаттығуда шығарған демдерімізге теңеуге болады, сондықтан қысқа дем шығарулар қауіпті импульстарды азайтады. Бұл жаттығуда жылау мен күлкінің емдік қасиеттері ұштасқан.

Қазір эмоциалық қысымды шығаруға арналған бірнеше жаттығуды орындаймыз:

  1. Басбармақты бүгіп, саусақтарымызды жұдырыққа бүгеміз. Демімізді асықпай, жай шығарамыз, сол кезде жұдырығымызға күш түсіріп қатты қысамыз. Демімізді асықпай, жай ішке алғанда, жұдырығымызды босаңсытамыз. Осылай 5 рет қайталаймыз. Ал, енді жаттығуды көзімізді жұмып орындайық. Жаттығуды көзді жұмып орындағанда әсері екі еселеи түседі.

  2. 2 грек жаңғағын алыңдар да, алақандарыңда кезек-кезек домалатындар.

  3. Шынашағымызды уқалап аламыз, жаңғақты шынашағымызыдың тұсына жақындатып қойып, екінші қолымызбен жаңғақты домалата 3 мин. уқалаймыз.

4.Пікірталас.

Материал: 4 ватман парағы, фломастер.

Ережесі: 4 топқа бөліну керек. «Бәріміз ортаға шығып шеңбер жасаймыз. Сендерге карточка таратамын, карточкаларда 4 түрлі эмоция сезімдері жазылған. Тапсырма мынандай: карточка таратылып болғаннан кейін, ешкімге көрсетпей карточкадағы көрсетілген эмоцияны ым-ишара арқылы қолдана отырып 4 топқа бөлінеміз. Әр құрылған топ карточкада көрсетілген эмоцияны пантомима арқылы көрсетеді.

Сөздер: таңқалу, қорқыныш, қуаныш, сүйсінушілік.

Ал ендi 4 топқұрылды, қазiр мен сiздергеталқылауүшiнсұрақтытаратамын. Талқылау барысында жақсылап ойланамыз, топ ережесiнсақтаңыз. Сiзгежұмысқа 2 минут берiледi.

1-шi топқатапсырма:қорқыныш сезімін қалай жеңуге болады?

2-шi топқатапсырма:өзіңнің көңіл-күйіңді көтеру үшін қандай әдістерді қолданасың?

3-шi топқа тапсырма:сөлемдерді аяқтаңыз: «Менің жолым болғыш, өйткені...», «Менің жолым болмайды, өйткені...».

4-шi топқа тапсырма: ішкі күйзеліс болған кезде не істеу керек?


5. «Менің бет-бейнем»жаттығуы.

Нұсқау: Қазір мен сендерге беттің бейнесі бейнеленген парақтарды таратамын. Суреттің төменгі жағындағы жазылған сөздерді қарап, суретті өзіміз аяқтаймыз. Ал енді қазір қандай сурет салғанымызды талқылайық.

Талқылау:

  • Сенің бетіңде мұндай көңіл-күй қандай жағдайда болады?

  • Сенің көңіл-күйің болмай, мұңлы болып жүргеніңді жақындарың мен достарың қалай түсінеді деп ойлайсың?

  • Өзіңнің уайымыңды қалай білдірер едің?

  • Сен өз сезiмдерiңді бiлдiруді қалайсың ба әлде оларды іште сақтағанды қалайсың ба?


6. Рефлексия.







13-сабақ.

БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МЕН СЕНІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ

Мақсаты:

  • жағымсыз эмоциялардан айыру;

  • өзін-өзі талдау қабілетін дамыту;

  • өзін-өзі бағалауды жоғарылату.

1 Сәлемдесу.

Әр қатысушы 1 аптаның ішінде өздерінің бастарынан өткен жақсы хикаяларын, жақсы жаңалықтарымен, көңіл-күйлерімен бөліседі.


2 «Бұзылған телефон» жаттығуы.


Нұсқау: «Сендерге 2 топқа бөліну керек. Бөлінгеннен кейін бір-біріміздің артымызға қатар құрып тұрамыз. Қатардыңсоңында тұрған бала, би қимылын ойлап тауып алдыңда тұрған адамды түртіп би қимылын көрсетеді, ол адам би қимылын жаттап алып және өзінің би қимылын қосып, келесі адамды түртіп би қимылдарын көрсетеді, жаттығу ретімен жалғасып кетеді. Сосын, ең соңында қандай би шыққанын көреміз».

Талдау:

  • Көңіл-күйлеріңмен бөлісіңдер.

  • Би қимылдарын ойдан шығару және би қимылдарын қайталау қиындық туғызды ма?

  • Сенің ойынша ойынның мақсаты қандай?


3.жаттығу «Кім өзін өзгелерден артық мақтайды немесе «Қара күнге» жадынама.

Кейде әрқайсымыздың басымызға бұл дүниеде түкке тұрмайтын, қолыңнан ештеңе келмейтін дәрменсіз, сары уайымға салынып кететін кездер болады. Сол кезде өзіміздің жеке қасиеттеріміз, қабілеттерміз, жеңістеріміз, сәттіліктеріміз, қуанышты оқиғаларымызұмытылып қалады. Әрбіріміздің бойымызда мақтан тұтатын қасиеттеріміз бар. Психологиялық кеңес беруде негізі мынадай әдіс қолданылады: Психолог алдына келген кеңес алушымен бірге ол кісінің кез келген жағдайдағы қабілеті, жетістіктері мен мүмкіндіктері жайлы өзіне жадынама жасайды. Бұл жадынама өзіңді керексіз немесе қорғансыз сезінетін көңілсіз жағдайларда бойына сергектік беріп, өзін әлдеқайда өзгелерден жоғары сезінуіне мүмкіндік жасайды.


Жадынама «Менің жетістерім»



Менің өзгелерден ерекшелігім


Менің қабілеттерім мен таланттарым

Менің жетістіктерім




Нұсқау:

«Менің өзгелерден ерекшелігім» - деген бағанаға, өзіңе ұнайтын мінезіңдегі ерекшеліктерді жазуға болады.

«Менің қабілеттеріммен таланттарым» - деген бағанаға: өмірге, жұмысқа қабілеттеріңді және кез-келген саладағы таланттарыңды жазуға болады.

«Менің жетістіктерім» - деген бағанаға; кезкелген жетістіктеріңді жазуға болады.

Бланкіні толтырып болған соң, пікіралысу болады:

  • Жаттығуды орындау барысында сендерге қай бағананы толтыру маңызды болды?


4.Жаттығу «Өз құндылықтарымның деклорациясы»

Нұсқау: Қазір мен сендерге «Өз құндылықтарымның деклорациясын» оқып беремін. Бұл өзіңе арналған ұран десекте болады. Ендіұранымызды барлығымыз бірге дауыстап оқимыз.

«Мен бұл – МЕН! Бүкіл әлемде Мен секілді жан жоқ. Әрине, дүниеде маған ұқсайтын адамдар болуы мүмкін, бірақ дәл мендей жоқ. Сондықтан, менің істеген істерім ол - тек Менікі. Менің денем, менің санам, менің ойым және жоспарым, менің сезімдерім- қорқынышым, қуанышым, қысымым, махаббатым, үмітім, арманым, қандай да болмасынМенікі;менің ауызым және ауызымнан шыққан сөздерім- инабатты, дөрекі, дұрыс және дұрыс емес, қатты және жай; менің барлық іс-әрекеттерім, басқа адамдарға және өзіме деген қарым-қатынасымбұның бәрі тек Менікі! Жеңістерім, жеңілістерім, қателіктерім деменікі. Мен өз-өзімді жақын тани аламын, өзіммен достасып, өзімді сүйе аламын.Мен қазіргі сәтте не көрсем де, не сезінсем де, не айтсамда бәріМенікі. Мен өзімне лайықты емес қасиеттерден бойымды аулақ ұстай аламын, өзіме керек деген қасиеттерімді сақтай аламын және де өзімнен жаңа қасиеттерімді аша аламын. Мен көре аламын, сезіне аламын, ойлай аламын, сөйлей аламын және ісәрекет ете аламын. Менің қолымнан барлығы келеді, мені қоршаған адамдарға мейірімді және өмірлеріне қуаныш сыйлай аламын. Мен тек – Өзімдікімін, сондықтан да, мен өзімді дамыта аламын. Мен бұл-Мен, және де Мен– креметпін!».

Талқылау:

  • Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар?

  • Көңіл – күйіңмен бөліс?

  • Бұл жаттығу сендерге не берді?


5 «Пандора жәшігі» жаттығуы.

Нұсқау: қатысушыларға Пандора жәшігі жайлы аңыз айтылады. Сосын қатысушыларға бір қағаздан беріледі «Осы қағазға алдағы емтиханды жақсы тапсыру үшін сендерге не кедергі болып тұрғанын жазыңыздар. Кедергілеріңді мына \пандора жәшігіне салып жабыңдар!».

Жаттығу аяқталғаннан кейін талқылау.


6 Тренинг сабақты қорытындылау.

«Жолға дайындық»

Нұсқау: қатысушыларға тренинг сабақтардың барысында үйреніп, білгендерін емтиханға алып баратын чемоданға салу керек.



«Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге психологиялық дайындық» тақырыбындағы педагог-психологтарға арналған семинар

1 БӨЛІМ

Семинар мақсаты:

  • Бітіруші түлектерде дайындық барысында кездесетін қиындықтарды анықтау

  • Балалар түйсігінде ҰБТ туралы жағымды түсініктер қалыптастырып, белгілі бір нысанға бейімдеу

  • ҰБТ дайындығын тұжырымдау түсініктері

  • ҰБТ-ға қатысушыларды эмоционалдық жағдайда өзін-өзі реттеуге арналған бірнеше жағдаяттармен таныстыру

Семинар жоспары

  1. Семинар мақсатымен танысу

Жүргізуші семинар мақсатымен таныстырған соң, қатысушыларға жұмыс ережесін тыңдап оны қабылдауды ұсынады

Ереже:

  • 1 адамнан сөйлеу керек;

  • Бір-бірінің сөздерін бөлмеу;

  • Қатысушының сөйлеуі үшін 1,5 минуттан артық болмауы тиіс;



  1. «Келісім шкаласы» жаттығуы

Бекітілім мынадай болуы мүмкін:

  • ҰБТ жақсы өтетініне мен сенемін.

  • ҰБТ – мектептердегі қажетті және пайдалы жүргізілім

  • Оқушылардың ҰБТ-ға көзқарасы көпшілік жағдайда ата-аналар мен педагог мамандарға байланысты.



  1. «Ассоциация» жаттығуы

Барлық ассоциациялар беріліп болган уақытта жүргізуші мұғалімнің балалар мен ата-аналар арасындағы алаңдаушылық



  1. «ҰБТ-ның дәстүрлі емтиханнан айырмашылығы»

«Ой қозғау» - топтық жұмыс (7 минут). Нәтижесін талқылау.

Соңында мұғалімдерге «ҰБТ мен дәстүрлі емтиханды салыстырмалы анализдеу» кестесімен таныстырыды ұсынуға болады.


  1. ҰБТ-ға дайындық барысында кездесетін қиындықтар

Жүргізуші бұл жағдаяттардың кездесетіндігін түсіндіреді, яғни: үрдістегіше (рәсіммен байланысты), жеткілікті дәрежеде оқу компоненттерін жеке және танымдық бағытта бейімдеу.

Әрі қарай жұмыс топпен ұйымдастырылады: Қатысушылардың осы ҰБТ барысында кездесетін қиындықтар жайлы әр топтан бір мысал келтіру ұсынылады. Соңында ой-пікір арқылы қорытындыланады.


  1. ҰБТ-ға дайындық

ҰБТ-ға дайындық түсінігі тұжырымдалып, компонентттері анықталады. Қатысушылар бұл компоненттер кімге, қалай тәуелді екендігін талқылап, белгілі бір нысанға тоқталады.


  1. Өзін-өзі реттеуге арналған жаттығу. Ритмикалық төрткезеңдік дем алу.

Жаттығуды орындау үшін жай ғана ыңғайлы отырып, кеудені тік ұстап, қолдарды босаңсытып тізеге қою жеткілікті.

Бірінші кезең (4-6 секунд). Мұрын арқылы терең дем алып, алақандарды алға қаратып қолды жаймендеп көкірек тұсына дейін көтеру керек.

Екінші кезең (2-3 секунд) Дем алу кідірісі.

Үшінші кезең (4-6 секунд). Ауыз арқылы қатты және терең дем шығару. Ауа шығару барысында кеуде тұсына дейін қолды жәймен көтеріп және тік ұстап, ауада вертикалды толқындар салыңыз.

Төртінші кезең (4-6 секунд). Дем алу үзілісі. Осы сарында 2-3 минуттанн артық дем алмаңыз.

Қобалжу немесе стресс жағдайларында өзіңіздің тамыр соғысыңызды есептеп көріңіз. Қолыңыздан тамыр жолын тауып, тамыр соғысын есептей бастаңыз. Қобалжусыз жәй адамның тамыр соғысы минутына 80 рет соғуы тиіс. Ал қобалжулы адамның тамыр соғысы 80-нен көбейе түседі. Біздің тапсырма – ой жинақтау арқылы тамыр соғысының жиілеуін түзетіп, қалпына келтіру.

  1. Рефлекциялық кәсіптер.

Ынтымықтастықпен бірігіп жұмыс жасағаны үшін алғыс сөздерін білдіру. Жоспар бойынша келесі атқарылатын жұмыстармен танысу.



2 БӨЛІМ

  1. «Өзің де ойла, басқаны да көрсет» жаттығуы

Отырғандардың ішінде барлығы өзіне кез-келген бір жан-жануардың іс-қимылын ойлап, ортаға шығып оны іс-қимылымен немесе дыбысталуымен қасындағыларына жануардың кім екенін жасыруы тиіс. Ал, қасындағылары болса оның іс-қимылмен көрсетіп жасырған жануар, аң немесе құстың атын тауып жұмбақты шешуі қажет. Жаттығу әрі қарай осылай жалғаса береді.

  1. Аутогендік дайындық (3-5 минут)

Өзіңізге ыңғайлы етіп отырыңыз да көзіңізді жұмыңыз. Кеудені тік ұстап қолды алға созып, кеуде тұсына қойыңыз. Ойыңызды жан-жаққа шашыратып, миға күш салмай, қалықтап жайлануына мүмкіндік беріп, «Мен байсалдымын» қағидасын ұстаныңыз.

Ішіңізден сыртқа шығармай «Оң қол ауыр» - деп 5-6 рет қайталаңыз.

Содан соң қайтадан «Мен байсалдымын» қағидасын қайталаңыз.

Содан соң кайтадан ішіңізден шығармай «Сол қол ауыр» - деп қайталаңыз.

Кейін қайтадан іштей «Мен байсалдымын, мен дайынмын, мен жетістіктерге жетуге дайынмын!» - деп қайталаңыз.

Алдыңғы жаттығуға дейінгі өз жағдайыңызға қайта оралу үшін алақаныңызды жұмып, жұдырығыңызды түйіп, терең дем алып оны шығару арқылы жай ғана көзіңізді ашыңыз.

Соңында аутогендік жаттығудан алған әсерлерін білу мақсатында пікір алмасу жүргізіледі.

  1. ҰБТ-ға бағалау өлшемінің шығарылуы.

Жаттығу пікір талас арқылы ҰБТ барысында мұғалімдерге жүктелген жоғары міндеттерді жеңілдету жөніндегі ойларын кеңейтуге бағытталған.

Мұғалімдерге сұрақтарға жауап беру ұсынылады:

  1. ҰБТ нәтижесін бағалау қалай жүргізілетіндігі жөнінде не білесіз?

  2. Қалай ойлайсыз, баланың алған бағасының қаншалықты пайызы мұғалімге байланысты, қаншалықты пайызы – басқа факторларға байланысты және ол қандай факторлар?


4. Өзін-өзі реттеуге арналған жаттығу

Көзіңізді жұмып өзіңізге ыңғайлы етіп отырыңыз. Қолыңызды тізеге қойып, кеудені тік ұстаңыз. Енді сіз алдыңызда кішкене ғана бір дән (ұрық) тұр деп есептеңіз. Бұл дән сіздің сенімділігіңіз немесе тыныштығыңыз деп есептеп, өз тынысыңызды осы бір дәнмен байланыстырып көріңіз. Сіздің тыныс алғаныңызға қарай ол дәнде әрбір минут сайын өсе бастайды. Енді өзіңіздің сенімділігіңіздің қаншалықты өскенін сезініп көріңіз. Өз сезінген сезімдеріңізді жинақтап бірнеше рет терең дем алыңыз. Ал енді қолдарыңызды жұмып, жұдырығыңызды түйіп көзіңізді ашыңыз.

5.Тәуекел тобының балалары

Жүргізуші ҰБТ сынақ тапсыру барысында қиындық туғызатын балалармен жұмыс жасау мақсатында олармен топтық жұмыс жүргізеді:

  • Жеке қиындықтарымен: өз еркімен жұмыс жасау қабілеті төмен, өз-өзіне сенімді емес балалармен;

  • Танымдық қиындықтарымен: сөзге келіп қалғыш, тым көп қозғалғыш және өте ауыр мінезді балалармен;

Осы топқа екі топқа бөлініп, өз топтарына ат қою ұсынылады. Әр топқа ҰБТ-ға дайындық кезеңдерінде стратегиялық қолдаулар көрстеілетіндігі жөнінде тақырып беріліп, осы тақырып төңірегінде талқылау ұсынылады. Содан соң бұл топтарға психологиялық мінездеме беріледі.

6. Өзін-өзі реттеуге арналған жаттығу

Джекобсон релаксациясы. Балаларға арналған түрі. Орындықта көздерін жұмып отырып жүргізіледі. Күш пен босаңсу жағдайында екпін қарама-қарсылыққа жасалады.

Төменде бірнеше жаттығу түрлері көрсетілген.


«Лимон» Өзіңізге сол қолыңызда лимон ұстап тұрмын депелестетіңіз. Енді жұдырығыңызды түйіп лимоның шырыны тамғанша қысыңыз. Әлі де қаттырақ. Тағы да мықты етіп қысыңыз. Енді лимонды тастап жіберіңіз де, қолыңыздың қаншалықты босаңсығанын, жағымды да әсерлі болғандығын байқаңыз. Дәл осы сарынмен жаттығуды әр қолға 2-3 реттен қайталаңыз.


«Бала мысық» Сіз өзіңізді әдемі әрі үлпілдек мысықтай етіп елестетіңіз. Сіздің кеудеңізді керіп, созылғыңыз келді делік. Мұндай жағдайда қолыңызды көтеріп, басыңызды артқа қарай шалқайтып жоғары және артқа созылу арқылы қайталаңыз. Қолдарыңыз бен желке және арқа бұлшық еттеріңізге мықты күш түскендігін байқайсыз. (3 рет қайталаңыз)


«Тасбақа»Сіз – тасбақасыз, қыдырып шөптің үстімен келе жатырмын деп ойлаңыз. Бір бұтаның кесірінен бала піл тура сізге қарай бет алып, жүгіріп келеді. Ал, бала піл сізді зақымдамас үшін бар күшіңіздің жеткенінше ішіңізді қатайтыңыз. Бұл жағдайда ішіңіздің бұлшықет буындары жіті жұмыс жасай бастайды. Бала піл жүгіріп сіздің жаныңыздан өтіп кетті, енді босаңсуға болады. Ішке күш түскеннен кейінгі босаңсуға назар аударыңыз. Денеңіздің өзіңізге қаншалықты ауыр және жылы екенін аңғарасыз. (3 рет қайталаңыз)


«Биік қорған» сіз өзіңізді арғы бетінде жеміс-жидегі бар үлкен әрі биік бір ағаш қоршауының алдында тұрмын деп есептеңіз. Ағаш қоршауының көздеріндегі бір тақтайшасы жұлынып қалған, ал сіз болсаңыз сол жұлынған тақтайша көзі арқылы өзінізді зақымдап алмай өтуіңіз керек. Ішңізді өзіңізге қарай мүмкіндігінше қатты тартып, жай әрі жинақы осы тақтайша көзі арқылы өтуге тырысыңыз. Денеңізді қатайтып бойыңыздағы артық деген жерлерді тартуға тырысыңыз. Енді мүмкіндігінше бұлшық еттеріңізді, денені босаңсытып, терең дем алыңыз сіз ағаш қоршаудың арғы бетіне өттіңіз. Ішіңіз демалып, жақсы әсерде босаңсып тұрады. (3 рет қайталаңыз)


«Шыбын». Сіз мұрныңызға шыбын қонып тұр деп ойлаңыз да, қолдарыңыздың көмегінсіз оны ұшырып жіберуге тырысыңыз. Мұрынмен бірге оңға және солға басты бұру арқылы қозғалыс жасаңыз. Бет бұлшық еттерін күжірейтіп қозғаңыз. Енді бетіңізді босатыңыз. Шыбын ұшып кетті. Бетіңізде қаншалықты тыныштық орнап, босаңсығанын сезініңіз. (3 рет қайталаңыз)


«Күйіс қайтару». Ал, енді сіз аузыңызда қатты бір кәмпит бар деп ойлаңыз, сізге сол кәмпитті тістеп сындыру (бөлу) керек. Тістеріңізді тістеніп мейлінше қатты қысыңыз ..... Тағы, тағы. Бөлінді, енді бетіңізді босаңсытыңыз. Жақ сүйегінің қаншалықты ауырлағандығын, бет бұлшықеттерінің қаншалықты демалғандығын байқайсыз. (3 рет қайталаңыз)


«Тығылмақ». Енді, көздеріңізді жұмып көз қарашығын күн сәулесінен тығыңыз. Қатты-қатты көз қабағын жабыңыз. Тағы, тағы қаттырақ көз қабағын жұмыңыз. Мінекей күн де кетті бетімізді босаңсытуға болады. (3 рет қайталаңыз)


«Жылы шалшық». Өзіңізді жалаң аяқ жылы, бірақ лайлы түбі терең шалшық жанында тұрмын деп ойлаңыз. Сіз оң аяғыңызбен шалшықты басып көрдіңіз, аяғыңыз жылы әрі жұмсақ балшықты сзінеді. Сіз аяғыңыздың астынан қорған болуын қаладыңыз, енді екі аяғыңызды да шалшыққа салып баса бастадыңыз. Аяғыңыздың бәшәйлар арасынан бір қозғалыстар мен денеге тиген жылы шалшықтар жағымды да әсерлі болады. (3 рет қайталаңыз)


7. Сабақ рефлекциясы

- ҰБТ-ға дайындық барысында жаңа бір жағдайлармен таныса алдыңыз ба? Ия болса қандай?

- Сіз үшін ең пайдалы кеңес қандай болды?

- Семинар барысында берілген ақпараттардың қайсысы сіздің педагогикалық жұмысыңызға пайдасын тигізеді деп ойлайсыз?

- ҰБТ-ға қатысты алға қойған қандай жаңа жоспар және ұсыныстарыңыз бар?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
15.11.2024
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12