Ашық тәрбие сағаты тақырыбы: «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ БІЗ: ҒАЛАМТОР УАҚЫТ ТЫНЫСЫ»
Мерзімі: 28.02.2018ж.
Бағыты: Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Формасы: ток-шоу
Көрнекілігі: фотогалерея, интербелсенді тақта
Мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау; ғаламтордың бала тәрбиесіндегі алатын орнын көрсете отырып, тиімді жақтарын ашу.
Дамытушылық:
Оқушылардың интернет туралы толық ойларын қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік:
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу, зияткерлік, ақпараттық мәдени тәрбие беру.
Барысы:
Ашылуы: Ырғақты би
(ПД-17/9Г оқу тобы оқушылары ғаламтордың шырмауын ырғақты қимыл арқылы яғни, бимен көрсету)
(Д-16/9 оқу тобының оқушысы Аманжолқызы Ақбота «Әлеуметтік желі және біз: ғаламтор уақыт тынысы» тақырыбында сурет салады.)
1-жүргізуші: Селикон алқабы дегенді естігеніңіз бар ма? Калифорния штатында орналасқан. АҚШ-тың ғана емес, әлемнің керемет технологиялық жаңалықтары жасалатын жер, сүттің бетіндегі қаймақтары жиналған ғылыми орта. Білесіз бе? Сондағы мектептерде компьютер атаулы атымен жоқ,тақта мен бор, ағаш парта мен тау-тау кітаптар тұратын сөрелер ғана бар. Ондағы оқушылар ұялы телефон, айфон, айпат, планшет дегенді мүлдем ұстамайды. Милары бос. Тынық. Тыныш. Бір компьютерсіз, тіпті бір экрансыз. Мектептің мұғалімдері гаджеттерді оқушылардың үйде де қолданбауын жөн санайды. Қиын көбейту мен бөлуді оқушылар қағаз бен тақтаға шығаруға міндетті. Бір ғажабы мұндай тәртіп осы Селикон алқабында ғылыми зерттеулер жасайтын ғұлама ата-аналардың талабы бойынша қалыптасқан. Ал біз ше? Қалта телефонсыз өмір сәнсіз, интернетсіз өмір мәнсіз. Әлеуметтік желілерге күніне кемінде бір кіріп шықпасақ, ауа жетпеген, демі тартылған адамның күйін кешеміз. Бұл дерт пе өзі? Армысыздар! Сіздермен ПД-17/9Г және Д-16/9 оқу топтары. Бізбен бірге болыңыздар!
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар пен ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әлеуметтік желі және біз: ғаламтор уақыт тынысы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Қазіргі уақытта күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін әлеуметтік желілер алып кетіп жатады. Әр жыл сайын әлеуметтік желілер саны көбейіп келе жатыр: Instagram, Вконтакте, Facebook, YouTube, Однокласники және т.б. Осылар ішінен, әсіресе, Instagram желісіне енді әріп үйренген баладан еңкейген қарттарымызға дейін кіреді екен. Жалпы әлеуметтік желі не үшін керек? Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілік пе? Бүгін біз Сіздермен осы және басқа да сұрақтарға жауап іздейтін боламыз.
2-жүргізуші: Олай болса, қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
-
__________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________
-
Колледж психологы
-
Ата-ана _____________________________________________________________________________
2-жүргізуші: Бәріңізге ортақ сауал әлеуметтік желі сіздің өміріңізде қандай орын алады? Қанша уақытыңызды жұмсайсыз? Қаншалықты маңыздылыққа ие? (қонақтар пікірі тыңдалады)
Мамандар ғаламторға деген тәуелділікті ішімдік пен нашақорлықпен бірдей ауру деп санайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ғаламторда бүкіл уақытын өткізетін адамның миы терең ойланудан қалады. Оның үстіне мұндай адамдар бір нәрсені үйренуге қабілетсіз болады. Бала денсаулығына жалпы адам денсаулығына ғаламтордың әсері бар ма?
Оқушылардың дайындаған видеоролигі көрсетіледі.
1-жүргізуші: Көптеген адамдар әлеуметтік желіні өмірінің жақсы жақтары жайлы айту үшін пайдаланады. Мысалы саяхаттан сурет, қымбат бір жерде тамақтанып отырғаныңнан белгі беретін сурет. (Мысалы: кім-күніне қанша сурет салады? Қанша лайк жинайсың?) Біреудің осы әдіс арқылы мақтануын көріп, ызыланасыз. Қызғаныш, ашу, мұң және бұл жайлы ешкімге де айта алмайсыз. Себебі мұны бірден көреалмаушылыққа жатқызатыны анық. Мұның аяғы күйзеліске апарады. Зерттеушілердің пайымдауынша әлеуметтік желілер сізді мінезіңізге тән болмаса да, қызғаншақ, ашушаң етеді. Осы пікір қаншалықты шындыққа жанасады? Ортамызда психолог маман Баянова Жұмагүл қонақта, пікірін тыңдасақ.
2-жүргізуші: Әлеуметтік желіні көп қолдану адамның есте сақтау қабілетіне де әсер етеді. Осы жерде көрермендерге бірер сұрақ қойып, байланыс жасап көрсек.
-
Сіздердің ең жақын адамдарыңыз кімдер? Сол адамдардың телефон номерлерін, туылған күндерін жатқа айтып бере аласыз ба?
-
Әлеуметтік желіге өз атыңызбен тіркелгенсізбе? Жалпы әлеуметтік желідегі өзіңіз жайлы ақпарат қаншалықты рас?
-
Ауызба-ауыз сөйлеспейміз, туған күндерінде, мерекелерде бір гүлдің суретімен құттықтау хат жібере саламыз. Осынымыз дұрыс па?
-
Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Соңғы оқыған кітабыңызды айта аласыз ба?
1-жүргізуші: Міне көрдіңіздер ме, біздің телефонға сеніп кеткеніміз сонша, кейбіріміз ең жақын адамдарымыздың телефон номерлерін жатқа білмейміз. Казинформ кз халықаралық ақпарат агенттігі ұсынған статистикаға сай, әлеуметтік желілерде әрбір екінші адам өзі жайлы өтірік мәлімет жазады. Оның ішінде 29 %-ы есімі мен жасына қатысты, 23 %-ы отбасылық жағдайы жайлы, 22 %-ы түр әлпеті мен қызығушылықтары туралы, 17 %-ы білімі мен жұмысына қатысты. Осы жалған ақпараттардың соңы қылмысқа итермелемей ме? (қонақтар пікірі тыңдалады)
2-жүргізуші: Қымбат телефонға қатысты ұрлықтар саны қанша? Дінге қатысты телефонмен танысу, ата-ана рұқсатынсыз некеге тұру қаншалықты рас? Сізге ғаламтор зиян деген сөз, өмір зиян деген сөз секілді естілмей ме? Әлеуметтік желі күн санап, сағат санап, минут санап өсіп келе жатыр. Оған балаларымыздың құмарлығы артпаса, кемімейді. Бала тәрбиесінде ата-аналардың алатын орны ерекше. Осы жерде бәріміз де ата-анамыз, балаларымызға, ең жақын адамдарымызға жанымыз ашиды. Балаларыңызбен әңгімелесіп көрдіңіз бе? Қандай әлеуметтік желілерді қолданады? Қандай сайттарға кіреді? Сөзді ата-анаға берсек.
1-жүргізуші: Ортаға Қалдыбайқызы Салтанатты шақырғымыз келіп отыр.
Серік Қалиев. "Сипасаңшы шашынан бір жетімнің..."
Үңілгенді айфонға күнбе күн мың,
Басы еттің азаматтық
міндетіңнің.
Бетін сүрте бергенше
айпатыңның,
Шашынан сипасаңшы бір
жетімнің.
Сотка қарау заманның шарты ма
еді,
Пенденің парасаты, парқы ма
еді?
Лайк жинап алданып мәз
болғанша,
Сауап жинап қалғаның артық
еді.
Байқамастай, көрместей
айналаңды,
Виртуалды бір әлем байлап
алды.
Шыны ішінен шыға алмай шыр
айналдың,
Шынайы өмір, ойланшы, қайда
қалды?
Дүниенің қызығы –
уысыңда,
Жүрек бар ма кеудеңнің
қуысында?
Андроидты телефон болды
жалғыз,
Бала-шаға, дос-жаран, туысың
да.
Ауызба-ауыз елге сыр айта
алмайсың,
Құмарға бір кірген соң қайта
алмайсың.
Саусақпенен сотканың бетін
сипау,
Құлшылық боп кеткенін
байқамайсың.
Онсыз да қысқа өмірде қадір
қалмай,
Қарап тұрып өкпемнің
қабынғаны-ай?!
Иірім, тартпа, құрдым –
бәрі-бәрі,
Қалтафонның ішінен
табылғаны-ай!
Мейірбек Сұлтанхан
Ұқсап
жүрміз тордағы тотыға
біз,
(Ұнамаса пікірім
оқымаңыз)
Дастарханның басына жиналсақ
та,
Телефонға телміріп
отырамыз.
Қонағыңды
көрсең де бүгін
келген
Байқамадым жылылык түріңнен
мен.
Ауызымыз бармайды
әңгімеге,
Саусағымыз сенсорға
жүгіргенмен.
Құлағына
сіңіріп қоңыр әнін,
Құлыным деп иiткен
омырауын.
Қарап көрші,соңғы рет қашан
екен,
Анашыңа соғылған
қоңырауың.
Қабағынан
түсінген бала сырын,
Ана шығар ең жақын
жанашырың.
Хабарласып сұрап қой
хал-жағдайын,
Даусын естіп марқайсын
баласының
Тастамаған
кедейдей көне тонын,
Босамайды Айфоннан неге
колың.
Алтынменен апталып жасалса
да,
Артық емес анаңнан
телефоның.
1-жүргізуші: Рахмет. Құрметті қонақтар мен оқушылар, осы тақырып аясында сауалнама жүргізген болатынбыз. Ендеше, сол сауалнама қорытындысына назар аударсақ.
(сауалнама қорытындысы айтылады)
Ашық тәрбие сағат басында Аманжолқызы Ақбота сурет салып бастаған болатын. Ақботаға сөз берсек. (суреті туралы, тақырып бойынша өз пікірін айтады)
Рахмет. Бүгінгі тақырып бойынша тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен қорытындыласақ. Әлеуметтік желі «дерт» пен «қажеттілік» пе?
2-жүргізуші: Әлеуметтік желілердің маңыздылығын ешкім жоққа шығара алмайды. Әлеуметтік желі жайлы кім қалай ойласа да ол өз еркі. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға негізі ұлттық құндылықта десек, айтар ойға тұздық болған әлеуметтік желі оқушы өмірінде қандай орын алса да, ұлттық мәдениетіміз бен рухани қазынамыздың ойға, бойға қажет нәрін жоғалтып алмасақ деген оймен біз болып, сіз болып жас ұрпақты алтын уақыттарын бағалай білуге, әлеуметтік желілердің жетегінде еріп кете беруіне жол бермейік.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖӘНЕ БІЗ: ҒАЛАМТОР УАҚЫТ ТЫНЫСЫ»

шағым қалдыра аласыз