400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әлеуметтік желілер: пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік желілер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік желілер: пайдасы мен зияны

Қазіргі таңда қолында телефоны жоқ адамды кездестіру мүмкін емес шығар. Әлі толық бой көтермеген баладан бастап, жасы келген үлкен кісілерге шейін телефон қолданады. Қай жаста болсын, қандай мақсатта болсын, телефонды пайдалану – қалыпты іске айналып бара жатыр. Алайда, көптеген қолданушылардың мақсаты – ақпарат алмасу. Ал ақпарат көздері – әлеуметтік желілер. Бұл – көптің басын қосқан виртуалды әлем. Өміріміздің ажырамас бөлігі болып бара жатқан әлеуметтік желілердің пайдасы ғана көп пе? Анық-қанығын бірге қарастырайық.

Шынында да, әлеуметтік желілер күнделікті қолданыста. Бірақ та бір таяқтың екі ұшы бар екені бәрімізге мәлім. Біріншіден, әлеуметтік желілер - тәуелділік тудырады. Бұрын таң кофемен атады десе, қазір әлеуметтік желіні тексерумен басталады. Бұл өзімізге білінбесе де, әлеуметтік желіге деген тәуелділіктің белгісі. Есіңізге түсіріп көріңізші, ғаламтор желісі сөніп қалған да, болмаса одан да бетер жарық сөніп, телефоныңыздың қуаты бітіп қалған кез. Қандай іспен айналысатыныңызды білмей қаласызғой. Міне, нағыз тәуелділіктің белгісі. Екіншіден, әлеуметтік желіде қажетті ақпараттан бөлек, қажетсіз немесе жалған ақпарат жетерлік. Бұл өз кезегінде ақпараттың құндылығын азайтады. Адамдар ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажыратуы қиындап, жалған ақпаратқа еріп, оны таратуы мүмкін. Үшіншіден, әлеуметтік желідегі жұлдыздардың өз өмірін баршаға жариялауы. Бір қарағанда «Ода тұрғанн не бар?» деген сұрақ тудырады. Алайда қазбалап қарасақ, бұл сол контентті пайдаланушының өзін-өзі бағалауына кері әсер етеді. Блогерлер, әртістер желіге тек өмірінің тәтті тұсын салып бөліседі. Осы контентті көрген адам «неге менің өмірім осындай емес? Менің жерім кем?» деген сынды ой қалыптасып, өзін өзі бағалауы төмендеп кетуі мүмкін. Әрине, желідегі ғажап өмірге жету жолындағы еңбекті көрмейді, тек нәтижені көреді. Осы үшін де, ол теріс әсерін тигізеді. Адам ақпаратты тұтынар алдында оны тексере білуі – өте маңызды қағидат болып бара жатыр. Себебі адамдарға жалған ақпарат тарату арқылы қаралым жинайтындар аз емес

Бірақ бұл тек теріс жақтары. Осынша қаралап алып, оның пайдасын айтпай кетуім қате болар. Біріншіден мен үшін әлеуметтік желінің пайдасы – қажетті ақпараттарға қол жеткізу. Жалған ақпараттар арасынан шынайы ақпаратты қазбалап, тексеріп алып табу қасиеті дамығандай сеземін. Бұл өз кезегінде – нағыз журналист боламын дейтін адамға қажетті қасиет. Екіншіден, өзім қызығатын адамдардың өмірін бақылай аламын, үлгі тұтатын тұлғамның парақшасын қарай отырып, бойыма керегін сіңіремін, мотивация ретінде пайдаланамын. Адам болған соң, қателіксіз өмір болмайды. Үлгі тұтатын адамдардан бөлек, ойымыз мүлде сәйкес келмейтіндер де аз емес. Осы арқылы, өз бойымдағы құндылықтарымды анығырақ байқай отырып, адам ретінде қалыптасуыма пайдасын тигізе аламын. Үшіншіден, өз көзіммен көрмеген жер болса да, әлеуметтік желі арқылы, сол өлкедегі адамдармен танысып, мәдениетін сәлде болсын зерттеп көре аламын. Бұл – нағыз мүмкіндік деп білемін.

Қорытындылай келе айтарым, әлеуметтік желілердің пайдасы, оң жағы жетерлік, егер оны дұрыс тұтына алсаңыз. Өзіңізге керектіні тексеріп қана алып, керек емес дүниені ысырып қойып пайдалансаңыз – өте дұрыс болады. Оң жақтарын ғана пайдалана отырып, тигізуі мүмкін зиян жақтарын ұмытпаңыз. Сіз әлеуметтік желіге емес, әлеуметтік желі- сіз үшін еңбек атқарсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
14 маусым
117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі