Әлеуметтік желіні дұрыс
пайдаланамыз ба?
Бүгінгі таңда
әлеуметтік желісіз өмірді елестету
қиын. Жастар күнін телефон көрумен
бастайды және солай аяқтайды. Бірі
ақпарат алса, бірі көңіл көтереді, енді
бір танымал болуға тырысады. Дегенмен
әлеуметтік желі адамдарға жаңа
мүмкіндіктер ашқанымен, кейде уақытты
босқа өткізуге де себеп болады. Бірақ
әлеуметтік желі бізге шын мәнінде бақыт
сыйлай ма, әлде байқамай тәуелділікке
алып барады ма белгісіз.
Бір жағынан, әлеуметтік
желі қашықта жүрген адамдарды
байланыстырады. Туыстарымызбен,
достарымызбен оңай байланыса аламыз.
Бұл әлеуметтік желінің тиімділігі.
Басқа елдегі жаңалықтарды білу маңызды.
Сол арқылы дамуға да мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, талантты жастарға өз
өнерін паш етуге немесе жоспарларын
бөлісуге жағдай жасайды.
Екінші жағынан,
әлеуметтік желі тәуелділікке алып
келеді. Кейбір жастар телефонға қатты
үңіліп, шынайы өмірін онлайн әлемге
байлап қояды. Бұл қате шешім. Қатты
әуестену нәтижесінде әр адамның ойлау
қабілеті немесе білімді жастар елімізде
азаяды.
Қазіргі таңда TikTok,
Instagram, Telegram, WhatsApp сынды онлайн желілерді
қоғам белсенді пайдаланады. Бұл желілердің
де пайдасы мен зияны қатар жүреді.
Мысалы, Қазақстанда TikTok желісінде 15.7
миллион адам қолданады, яғни 81,5%-ы
пайдаланады дегенді білдіреді. Бұл өте
жоғарғы көрсеткіш. Негізі TikTok-тың пайдасы
айтарлықтай. Бұл платформа жақсы мақсатта
пайдаланған жастарға пайдалы. Желіде
отырып өз өнерімен бөлісіп табыс табуға
мүмкіндік. TikTok-қа қысқа видиолар жүктеп,
өз кеңестеріңмен бөлісіп қоғамға жақсы
жағынан әсер ету мақсатың болса бұл
желі сен үшін пайдалы болмақ, ал егер
ойыңа келген затты жүктеп, тәрбиелік
мәні жоқ профильің болса сен үшін бұл
желі уақытыңды ауаға кетіру.
Енді Instagram-ды
қарастырайық. Instagram желісін Қазақстанда
шамамен 12,4-13,7 миллион адам қолданады,
бұл елдегі жалпы пайланушылардың 60%-ға
дейінгі бөлігін құрайды. Бұл платформа
дәл TikTok секілді пайдасы мен зияны қатар
жүреді.
АҚШ-та Instagram-ды ел
тұрғындарының шамамен 52,3%-ы қолданады.
Ал ересек аудитория 64%-ға дейін жоғары.
Яғни жастардан қарағанда АҚШ-та ересектер
белсенді. Бұл дегеніміз әлеуметтік
желіні ересектер ойын-сауық үшін емес,
сонымен қатар кәсіби әрі саналы түрде
пайдаланады. Анықталған деңгей елдің
дамуына зор пайдасын тигізеді. АҚШ
жастары білімге көп көңіл бөлгендіктен
дамыған ел қатарына кірген. АҚШ-тағы
көрсеткіш Қазақстанмен салыстырғанда
10-12%-ға төмен. Яғни бұл Қазақстанның
дамуына кері әсер тигізеді.
Кері әсері тимес үшін
әлеуметтік желіге тәуелділіктен
құтылудың бірнеше жолдары бар. Соның
бірі - саналы, жоспарлы түрде қолданып
үйрену. Сонымен қатар, әр іс-әрекетке
белгілі бір уақыт өлшемін қою. Сол арқылы
біз тәуелдіктен арылып, шынайы өмірге
көңіл бөліп эмоциямызды білдіріп еркін
дамимыз. Және бұл әдіспен әлеуметтік
желінің пайдасын ғана көре аламыз. Сонда
ғана біз АҚШ секілді дамыған елдер
қатарына кіру мүмкіндігіміз өседі.
Дамыған ел қатарына кіру бұл халықтың
тұрмыс сапасын арттыру және тұрақты
даму мен болашақ қауіпсіздіктің кепілі
болмақ.
Белгілі американдық
журналист және медиа сарапшы Germany Kent
былай деп айтқан:
“Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны
бар. Ол зерттеу жасауға, білім алуға
және әртүрлі пікірталастарға қатысуға
пайдалы құрал бола алады. Дегенмен, оны
шектемей қолданатын жастар мен ересектер
үшін тәуелділік пен қауіптілік тудыруы
мүмкін”. Бұл пікір толықтай шындыққа
жақын, себебі ғылыми және психологиялық
деректермен дәлелдеген.
Қорыта келе, әлеуметтік
желіні толық дұрыс пайдаланамыз деген
ой қате. Онлайн желіні саналы пайдалану
мен тура мақсатта қолдану өте маңызды.
Қазіргі кезде әлеуметтік желіде көбінесе
тәуелділік, уақыт жоғалту, психологиялық
қысыммен отыратындардың саны аз емес.
Қысқасы әлеуметтік желінің құрбаны
болмайық!