Материалдар / Әлеуметтік педагогтын ата-анамен жұмысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әлеуметтік педагогтын ата-анамен жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-анамен қарым-қатынаста болып тұру керек.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жұмысы»


Отбасы – жасөспірімдерді әлеуметтендірудегі өте маңызды институт. Бұл баланың дамуы мен жеке өмір құру ортасы, ол бір қатар өлшемдермен анықталады. Әлеуметтік – мәдени өлшемі ата-аналарының білім деңгейімен қоғамдық өмірге араласу белсенділігіне байланысты, әлеуметтік экономикалық өлшемі – ата-аналарының мүліктік-материалдық және жұмыспен қамтамасыз етілуіне байланысты; техника-гигиеналық тұрмыс жағдайы, үй құрылысының жабдықталуы, өмір салты ерекшеліктеріне байланысты, демографиялық – отбасы құрылымына байланысты анықталады. Бала дамуының қай жағын қарастырсақ та, барлық жағдайда, жас ерекшелігінің қай кезеңінде де отбасының маңыздылығы тиімді және шешуші роль атқарады. Баланың ішкі дүниесін білу, оның проблемаларына ортақтасу, немесе керісінше елеп-ескермеу арқылы ата-аналар баланың өзіндік сана-сезімі мен толық тұлғасын қалыптастырады. Сонымен, отбасы баланың әлеуметтенуінде шешуші роль атқарады.

Әлеуметтік педагогтің ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Ол отбасындағы жағдайлар туралы толық мәлімет ала отырып, бала тәрбиесіне байланысты ата-аналарымен ынтықмақтасады, оларға кәсіби-педагогикалық көмек көрсетеді.

Педагог пен ата-ананың үнемі ынтымақтаса отырып, әр кезеңде атқаратын міндеттерінің бірі - ата-ананың педагогикалық белсенділік бағытын қалыптастыру болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс жабық үйрету сипатына ие болады. Әлеуметтік педагог отбасы тәрбиесінің үлгілі, оның тәжірибесіне сүйенеді; оны жан-жақты зерттеп, жинақтап, таратады; оңды ой-пікірлерді күшейтіп, оң-терісін реттеп тәрбие процесінде пайдаланады.

1. Тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара сенімділік қарым-қатынастары оңды бағытталған, бірігіп ықпал етудің шешуші және алғашқы шарты болып табылады. Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандырып, табысқа жетуге қажеттілік және өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнатудың маңызы зор.

2. Әлеуметтік педагогтың неғұрлым маңызды міндеттірінің бірі - ата-аналарды педагогикалық білім мен дағдыға, оның теориялық және практикалық ықылымдарын меңгеруіне, әсіресе тәрбиені ұйымдастыру шеберлігіне жетілдіру болып табылады. Жұмыла педагогикалық әрекет етудің мұндай нәтижесі ата-аналардың өз баласына ғана емес, сонымен қатар біртұтас сынып оқушыларын тәрбиелеу белсенділігіне әкеледі. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бірін-бірі толықтырады.

Әлеуметтік педагогтің отбасымен өзара бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруы:

- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуде этнопедагогикалық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу.

- өз балалары мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге қажетті ата-аналардың адамгершілік әлеуметтік мүмкіндіктер принципіне қарай отбасыларын топтарға бөлу;

- халықтық педагогика дәстүрлері негізінде әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;

- өзара тәрбие қызметіндегі ағымдағы және ақырғы нәтижелерді зерттеу;

- баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көпқұрылымдығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын, тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну; әлеуметтік педагогтың отбасына ештене жақындуына мүмкіндік тудырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кешенді дәстүрлерді, әдіс-тәсілдерді, психология-педагогикалық диагностиканы: бақылау, байқау, пікірлесу, тесттеу, анкета жүргізу, іскерлік ойындар өткізу, балалар шығармашылығын пайдалану тағы басқа әдістерді жүргізе алады. 



Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтау тиіс:


- ата-аналар мен балалар өзін зерттеу объектісі ретінде сезінбеуі тиіс;

- зерттеу мақсаты, жоспарлы, үздіксіз және жүйелі жүргізілуі тиіс;

- зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс;

- психологиялық, педагогикалық әдістер әртүрлі, санқилы және кешенді пайдалануы тиіс.

Отбасына әлеуметтік педагогикалық диагностика негізінен өз баласы мен сынып оқушыларын тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік әлеуметтілігін пайдалану мүмкіндігіне қарай бөлінген отбасыларының шартты топтарда жүргізіледі. Осыған байланысты отбасыларын 5 топқа бөледі:

1. Жоғары адамгершілікті, этномәдени қарым-қатынастардағы отбасылар. Салауатты өмір салты, ұлттық-этникалық, моральдық атмосфера қалыптасқан, балалар өз қабілеттерін дамытуға толық мүмкіндік алатын отбасылар жатады. Әлеуметтік педагогтің жиі араласуының қажеті жоқ дей тұғынмен тәрбиелеудің жас ерекшелігіне баланысты қиындықтарына сәйкес кейбір кеңестер мен ескертулердің берілуі мүмкін.

2. Ата-аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болуымен сипатталатын отбасылар, бірақ, тәрбиенің оңды бағытын қамтамасыз ете алмағандықтан балаларды балада эгоизм, нигилизм, ата-анасын менсінбеу, отбасынан аластау көзқарастарының қалыптаса бастауы тағы басқа педагогтың көңіл аударуына мәжбүр етеді.

3. Дау-жанжалмен өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар. Мұндай отбасыларына педагогикалық белсенді ықпал қажет, отбасындағы микроклиматты сауықтыру, жасөспірімді қорғап қалудың шұғыл шараларын қолдану қажет. Олар:

- дау-жанжалды отбасының көп уақытқа созылған, отбасы мүшелерінің таусылмайтын кикілжіңі ауыр моральдық-психологиялық ахуалға әкеледі. Жанталасқан адамдардың балаға агрессиялық көзқарасы, ата-аналарының баланы бір-біріне айдап салуы, баланың ауытқушылығына апарып, отбасын тастап шығуға мәжбүр болады;

- педагогикалық қалыптасқан отбасы - мұндай отбасыларында балаға қарым-қатынас қатыгездікке, әкімгерлікке, тұрақсыздыққа, зорлыққа құрылған. Бұл баланың намысына тиіп, ар-ожданын таптайтын, сезімін өшіріп, өзіне-өзі баға бере алмайтын күйге жеткізеді. Нәтижесінде отбасынан аластану, ата-ана ықпалынан босап шығу ниетіне ауып, ауладағы, көшедегі бейресми топтардың қолына түседі;

- әлеуметсізденген отбасы-отбасылық ұстанымдар мен қамқорлықтың жойылуы, бала құндылығын бағаламау, тәрбиесіздік, сексуальдық арсыздық, мастардың сотқарлығы тағы басқа;

Басты «тәрбие әдісі» - ұрып соғу. Бұл отбасылардан шығатын балалардың психкасы бұзылады, үйінен, сабақтан қашады, оқу - үлгерімі нашар болып қалыптасады.,

4. Сырттай сау көрінетін отбасы - бірақ іштей рухани азғындық жайланған, шынайы адамгершілік құндылықтары жоқ, ұрпақтың сезімталдық қасиетті бұзылған. Бұл отбасыларынан шыққан кейбір жасөспірімдер өз отбасының сыртқы «бейнесін» жақсы көрсете білетіндіктен мұндай балалармен тәрбие жұмысын жүргізу аса қиындыққа түседі.

5. Қалыптаспаған отбасылар – дау-жанжалды, бейморальді мінез-құлықты, сотқарлық, қатыгездік орын алған. Баланы қорғау үшін әлеуметтік педагогтың мұндай отбасына үнемі көңіл аударып отыруы, қоғамдық ықпал көрсетуі немесе белсенді араласуы қажет.

Әлеуметтік педагог пен ата-ананың бірлескен әрекеті ортаның тәрбиелік ауанын едәуір байытады, егер өзара әрекет мақсаты формада жүргізілетін болса тұлғаны ққалыптастырудың әлеуметтік қуат-күші ашылып, әлеуметтік педагог пен ата-ана қызметінің мазмұны мұратқа жетеді.



Әлеуметтік педагог: Омарова Н.К.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!