Әлеуметтік педагогтың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен жұмысы.
№82 ЖББОМ әлеуметтік педагогы
Торебаева А.Р
Әр баланың жеке өсу процесінде, дамуында оның қоғамдағы орны да, дәлірек айтқанда қоғамдағы балаларға деген қамқорлық аясында анықталады.
Балалық шақ адамның бастапқы өмірінің белгілі бір бөлігі, ал оқыту мен тәрбиедегі педагогикалық процестің барлығы, өзінің әлеуметтік орнына байланысты болады. [Ақиқат.3; 87 б.]
Қоғамда негізінен ата-ана қамқорлығынан айырылғандарды табиғи және де әлеуметтік жетім деп екіге бөледі.
Жетім бала-ата-анасының екеуі де немесе біреуі қайтыс болған жалғыз басты бала. Жетімдік қоғамның, адамзат қоғамының дамуымен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық дамудың білінбес бір бөлшегі болып табылады.
Ата-анасынан айырылған және де интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психологиялық жағдайы төмендеп, өзін-өзі реттеп бағыттауы бұзылады, көңіл-күйі жабырқау болады. Мұндай балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоғалып, өз-өзіне деген сенімсіздігі күшейіп, бойын бір қорқыныш билей бастайды. [Мұқанов Ы.Б.2; 237 б.]
Біз «жетім балалар» мен «ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар» ұғымын қарастыра келе, «жетім балаларға» ата-анасының не біреуінен, не екеуінен айырылғандарды жатқызсақ, «ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға» ата-анасы ең алдымен:
-ата-ана құқықтарынан айырылған;
-жоғалып кеткен немесе еңбекке қабілетсіз, яғни емдеу мекемелерінде жатқан ата- аналардың балалары;
-
өлді деп танылғандардың балалары;
-
бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу орындарында отырғандар
дың балалары;
-қылмысқа қатысы бар деген айып тағылып, уақытша тергеу орындарында отырғандардың балалары;
- балаларын өсіріп -тәрбиелеуден біржола бас тартқан ата-аналардың балалары;
- басқа да жағдайға байланысты балалар жатады.
Жетімдік ол әлеуметтік жетім және де тұл жетім деп екіге бөлінеді.
Әлеуметтік жетім-отбасындағы дағдарыс кезінде баланың құлықтық қондырғыларында, панасыздықтың, қараусыздықтың өршуі. Әлеуметтік жетім-ата-анасы бар немесе яғни қайтыс болмаған, бірақ ата-ана өз келісімдерімен баладан бас тартып, сондай-ақ ата-ананың түрлі қылықтарға баруы арқылы олардың құқықтарын шектеп баланы айырып алу. Әлеуметтік жетім балаларға кішкентайынан 18 жасқа дейін әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты ата-анасы тірі болса да ешбір қамқорлық көрмеген балалар жатқызуға болады.
Ал тұл жетім балаларға ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасының қайтыс болған балалар жатқызылады.
Әлеуметтің жетімдіктің негізгі себебі: ата-ана құқығынан айырылған ата-ана санының көбеюінде, тілексіз туған балалар, сонымен қоса халықтың материалдық жағдайының төмендеуі де негізгі себептердің бірі болып табылады. Ал жетім балаларды аялаудың бір түрі-қамқорлыққа алу яғни оның негізі ретінде ата-анасының қайтыс болуы, ата-аналарының ата-ана құқығынан айырылғандары не шектелген, ата-анасының еңбекке жарамсыздығы, ата-анасының бала тәрбиесіне де жете көңіл бөлмей, бас тартуы тағы басқа да себептері алынады.
Қамқоршы – баланы өз қамқорлығына алған соң ол баланың жалпы өміріне, денсаулығына, тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын жеке тұлға болып табылады. Ол арнайы органдар арқылы өзінің тұрғылықты жеріне сай тағайындалынады. Қамқоршыға қойылатын мен міндеттер мен талаптар және қамқорлыққа алынған баланың құқығы Конституция заңдары мен халықаралық құқық нормаларына сәйкес көрсетіледі.
Әлеуметтік педагогтың осындай қамқорлыққа алынған балалармен жұмысы олардың бойындағы достық және сүйіспеншілікті, бір-біріне деген түсіністік сезімдерін оятуда жатыр.
Сынып оқушыларының арасынан
жетім балалар, қамқорлыққа алынған оқушылар тізімі сынып
жетекшісінің ұсынысымен тіркелінеді.
Бұл оқушыларға жеке құжаттар жинақталынады. Жалпы оқу қорынан
бөлінетін материалдық әлеуметтік көмек түрлері жыл бойында осындай
оқушыларға үлестіріліп отырылады. Қамқорлыққа алынған оқушылардың
үй – жайын, гигиеналық тазалығын, сабақ оқитын және жатын бөлмесін
тоқсанына екі рет аралап акт толтырылады. Жыл бойы бұл тізімге
өзгерістер мен түзетулер енгізіліп отырылады.
Осы тізімдегі оқушылар
ата-аналар жиналысының шешімі бойынша қала сыртындағы және мектеп
жанындағы сауықтыру лагеріне ақысыз жолдама алып демалып қайтады.
Қамқорлыққа алынған балалардың әлеуметтенуіне жағдай туғызып, оған
бақылау жасау әлеуметтік педагогтың басты міндеттерінің бірі болып
табылады. Балалық шақтың тәтті кезеңінен ерте айрылған осындай
балалармен жұмыс жүргізу өте қиын да күрделі, жауапты
іс.
Ата-анасынан айырылған балаларды кейбір жүрегі кең мейірімді адамдар өзіне бала етіп асырап ала алады. Мұны асырап алу деп атауға болады.
Асырап алу- бұл мемлекеттік заңда көрсетілген, екі жақты келісім нәтижесінде қол қойылатын акт болып табылады. Бұл актіге екі жақ асырап алушы мен асыранды бала (асырап алуға беруші орган) өзара міндеттерді айқындай отырып қол қояды. Асырап алу мәселесі бойынша әлеуметтік педагог асырап алушының психологиялық жағынан дайындығын, әлеуметтік-экономикалық, физиологиялық жағын жете зерттеуге аса көңіл бөлу қажет. Баланың асырап алушының мәдени ортасын, ниетін де білуі тиіс және асырап алушыға психологиялық көмек бөлуді қолға алу керек. Баланың жас ерекшелігін, ұлттық ерекшелігін ескере отырап, оның барған жерінде бейімделу кезеңіне көңіл бөлу аса маңызды екенін үнемі есте сақтау керек.
[Дәулетбекова Ж.4;27 б.]
-Еңбекке баулу арқылы балалардың бойында түрлі дағдылар мен қабілеттерін қалыптастыру нарық заманында оларды бәсекеге түсе алатындай маман етіп шығару;
-баланы белгілі бір іс-әрекет, еңбек арқылы өзін-өзі жақсы сезініп, өзіне-өзі баға бере алатындай етіп тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру;
-балаға білім беру қорынан берілетін материалдық көмектердің орындалуын жүзеге асыру;
-өзіндік жеке бағдарламасы бойынша жұмыс ұйымдастыру әлеуметтік педагогтың негізгі әрекеті болып табылады.
Қазіргі таңда кәмелетке толмағандардың, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған санаттарға жататын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған заңнамалық база жасалынған. Бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың бірі. Сонымен қатар жергілікті органдармен қатар халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы отбасы үлгісіндегі жаңа балалар үйлерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл тарапта көптеген жұмыстар жасалынуда. [Сақтағанова Т.С. 5; 6 б]
«Бала-бауыр еті», бала өмірдегі бақытың, өшпейтін ізің, жарқырған жүзің деп атам қазақ бекер айтпаған. Ата-ананың аялы алақанына, бір ауыз жылы сөзіне зар болып жүрген ұл мен қыз күні ертең оқтай түзу жолы жоқ,бұралаң бұлтарысы мол өмір кешінде тағы адасып қалып жатса, бұл біз үшін өте ауыр сын болмақ.[Сухомлинский В.А. 1; 13 б.]
Қолданған әдебиеттер тізімі:
-
Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы - Алматы.1987.
-
Мұқанов Ы.Б. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1991. – 237
бет.
-
Көп мәселе әлеуметтік көңіл-күйге де қатысты // Ақиқат.- 2008.-№10.-87
-
Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру.
Алматы, 1997ж.
-
Сақтағанова Т.С. Өркениетті білім беру жүйесіндегі педагогикалық-
психологиялық қызмет // Мектептегі психология, 2006, №2, 6-бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз