Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлеуметтік педагогтың жұмыс бағыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлеуметтік педагогтарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмыс есебі

Әлеуметтік істер жөніндегі орынбасар: Баймолдина Салтанат Токеновна

Әлеуметтік педагог: Бегалина Айым Атымтайқызы

  1. Оқу жылындағы міндеттері:

  1. Жеке тұлғаның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделеу

  2. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету

  3. Көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету

  4. «Қамқор», «жүректен-жүрекке» акциясы бойынша жұмыс жүргізу

  5. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

  6. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, патронат, жетім, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балаларға қолдау көрсетіп, жұмыс жүргізу

  7. Девиантты мінез-құлқымен оқитын балаларды анықтау


  1. Сабақтан тыс уақытта білім-алушылардың ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау

  2. Әлеуметтік ортада адамгершілік қарым-қатынас орнатуға ықпал ету.


Мектепте қыркүйек айының басында бекітілген бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды. Ең алдымен Қыркүйек айынан бастап сыныптың әлеуметтік картасы құрылды. Әлеуметтік карта бойынша сыныпта бала саны, отбасы жағдайы, отбасы құрамы, санаты, аз қамтылған отбасы саны және көп балалы, тұратын мекен-жайы, өз үйі немесе жалдамалы пәтер, ұлты анықталды. Мектебімізде жалпы саны 1268 бала оқиды. Оның ішінде:


Санаты

Саны

Көпбалалы отбасы

211

Көпбалалы, АСП

29

Аз қамтылған отбасы

86

Аз қамтылған, АСП

22

Жетім

6

ОВПР

2

Патронат

1

Мүгедек бала саны

9

ЗПР

6




Оқу жылының басынан бастап бала денсаулығын жаксарту, психологиялық саулығын жақсартуды мақсат ете отырып жұмыстар жүргізілді . Оқушылардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайын анықтап ,оқушылар бақылауға алынды.

2020-2021 оқу жылының басынан «Қамқор», «Мектепке жол» акциялары өз жалғасын тапты. Акция мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республикасының Заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету болғандықтан мектеп формасы, аяқ киім, оқу құралдары, азық-түлік мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Қыркүйек айында оқушылардың қашықтықтан білім алуына оңтайлы жағдай жасау үшін ата-аналардың өтініші бойынша қажетті техникалық құралдар таратылды.


Отбасылардың техникалық құралдармен қамтылуы туралы мәлімет



Саны

Оқушы саны

Роутер

50

153

Сим карта

8

25

Компьютер

112

250


Роутер, симкарталармен қамтылған 58 отбасына ай сайын мектеп бюджетінен 3490 теңгеден жалпы құны 202420 теңгенің теңгерімі толтырылып отырды. 2019-2020 оқу жылының тапсырысына сәйкес 357 оқушыға мектеп формасы мен 376 аяқ киім таратылды. Акция шеңберінде мектеп ұжымынан Кадирова А.Ч, Рахымжанова Р.А құны 12000 теңгелік сөмке оқу құралдарымен 2 «В» сынып оқушысы Амантай А. Мен 3 «Г» сынып оқушысы Хайратқызы А. Тарту етті. Ал «ДК Проект» ЖШС 6 телефон нөміріне 22000 теңге көлемінде теңгерім толтырып берді. Жергілікті өзін-өзі бсқару комитеті тарапынан аз қамтылған отбасы оқушылары Нұрашева А. 4 В сыныбы, Тилийхан Е 2 Е сынып оқушыларына толық оқу құралдарымен жабдықталған сөмке сыйға тартылды. Көп балалы Әзидулла отбасын 6 А сынып жетекшісі У.С Мусралинова мен ата-аналар 42000 теңге көлемінде қажетті азық-түлік, жиһазбен жабдықтады.

Қазан айында «Қамқор» «Мектепке жол» акциялары аясында мектеп тарапынан 16 отбасына жалпы құны 56000 теңгенің заттары (азық-түлік, оқу құралдары, тазалық заттары, киім-кешек) таратылып, әр отбасына шаққанда 3500 теңгені құрады. Ай сайын жағдайы төмен отбасыларға компания директоры, мектеп мұғалімдері, дүкендер демеушілік көрсетіп отырды.

Аз қамтылған, көп балалы отбасы оқушыларының барлығы ай сайын автобуста тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етіліп отырды.

2020- 2021 оқу жылының ІІІ тоқсанында мектеп асханасында оқушылардың тамақтану кестесі құрылып, асханада кезекшілік ұйымдастырылды, тамақтануға тапсырыс жинайтын жауапты адам тағайындалды. Асхананы тазалау, кварцтеу кестесі де директормен бекітілді. Асханада 1- әкімші, 2- аспаз, 2- ыдыс жуушы, 2- үстел жасаушы қызмет атқарады. Асхананың ішкі бөлігінің тазалығына, еденнің жуылуына 2 ыдыс жуушы жауапты.

Тегін тамақтануға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы анықталды.

Асхана қызметкерлерімен бірлесіп ас мәзірі бекітілді. Бір реттік ыстық тамақ құны 300 теңгені құрайды.

Мектеп асханасында тегін тамақтану ҚР Білім және ғылым министрінің 07.10.2019 жылғы №435 бұйрығымен «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсететін қызмет стандартына сай жүзеге асырылады. Көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталған.Мектеп оқушыларының қалған бөлігін тамақтандыру ата-анасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.Бастауыш сыныптардаыстық тамақпен қамту 100%.

Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалды.

Бүгінгі күні мектебіміз бойынша 22 оқушы тіркеуге алынған. Оның ішінде уйден оқитын-3 еу, мүгедектік анықтамасы бар-9, Психикалық дамуы тежелген – 9, көру қабілетінің кемістігі-3, тірек қозғалысы апарты бар-1, басқа диагноз бойынша – 3


S


  • Сыныптың әлеуметтік картасы толық жасалды

  • «Қамқор», «жүректен - жүрекке» акциясы бойынша жұмыстар жүргізілді

  • Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілді

  • Отбасы жағдайына байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді

  • Балалардың қорқыныш, үрей

  • Түнгі рейд жұмыстары жүргізіліп отырды.



W

  • Қиын отбасыларды анықтап, алдын-алу жұмысын жүргізу

  • Әрбір сынып жетекшілер қиын балаларды анықтап өз уақытында жұмыс жүргізілмеді.

  • Тәртібі бойынша жұмыстар жүргізілмеді

  • Тамақтану бойынша қиындықтар тудырды





2021-2022 жылына мақсат: Оқушыларға Әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету

    1. жылына міндеттер:

  1. Сыныптың әлеуметтік картасын жасау

  2. «Қамқор», «жүректен - жүрекке» акциясы бойынша жұмыстар жүргізуді жалғастыру

  3. Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етуді жалғастыру

  4. Отбасы жадайына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыру

  5. Балалардң қорқыныш, үрей

  6. Түнгі рейд жұмыстары жүргізу





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2021
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі