15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әлеуметтік стратификация
11-сынып. Адам. Қоғам. құқық
Сабақтың тақырыбы: 11. Әлеуметтік стратификация және ұтқырлық
Сабақтың мақсаты: әлеуметтік стратификация ұғымын түсіндіру
Әлеуметті стратификация туралы, оның басқа ғылымдармен байланысы, бұл ғылымның атқаратын қызметі туралы оқушыларға егжей-тегжейлі жеткізу;
Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: әңгіме, пікіраламасу
Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Қар кесегі»
Еңбек қоғамы
Әділетті қоғам жолында
Қоғам туралы маркстік ілім
Ашық қоғам және жабық қоғам
Тұтынатын қоғам
Молшылық қоғам
Жаңа сабақтың жоспары:
Әлеуметтік стратификация ұғымы
К.Маркс бойынша таптарға бөлу
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі.Олар:
касталар;
сословиелер;
таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
жабық жүйе- Үндістанқоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді.
Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар
жоғары орта тап:
орта таптың орташасы:
төменгі орта тап.
Орта тапты осылайша жіктеуде жоғарыда айтылған факторлар, яғни адамдардың билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлері ескеріліп отыр. Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем басқа.
Тапсырма «Кластер құру»
Сабақты бекіту:
әлеуметтік стратификация деген не?
Орта тапты нешеге бөледі?
Стратификациялық жүйеге анықтама бер
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: конспектіні оқу
Орындаған: Казиева Улмекен Орынбасаровна
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген