Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғашқы адамдардың өмірі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Алғашқы адамдардың даму эволюциясын біледі ( түсіну). Оқушылардың басым бөлігі: Алғашқы адамдардың қай кезеңдерде өмір сүргенін түсіндіреді. Кейбір оқушылар: Алғашқы адамдардың өмір сүру дағдылары мен ерекшеліктерін ажыратады • Алғашқы адамдардың даму эволюциясын түсінеді; • Алғашқы адамдардың өмір сүру дағдыларын мен антропологиялық ерекшеліктерін айқындайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.А1.Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі.

Мектеп: Жамбыл Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Куанбаев Серік

Күні:24.05. 2018ж.Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 0

Сынып: 5 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.1 – алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Алғашқы адамдардың даму эволюциясын біледі ( түсіну).

Оқушылардың басым бөлігі: Алғашқы адамдардың қай кезеңдерде өмір сүргенін түсіндіреді.

Кейбір оқушылар: Алғашқы адамдардың өмір сүру дағдылары мен ерекшеліктерін ажыратады

Бағалау критерийі

  • Алғашқы адамдардың даму эволюциясын түсінеді;

  • Алғашқы адамдардың өмір сүру дағдыларын мен антропологиялық ерекшеліктерін айқындайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

  1. Алғашқы адамдардың өмірі туралы мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

2. Алғашқы адамдардың өмірі видеоматериалдан көріп, сыныптық талқылау жасайды (тыңдалым дағдысы).

3.Тірек сөздер арқылы сызба құрастырады (жазылым дағдысы),

4. Алғашқы адамдардың даму эволюциясын ерекшелігін ашып сипаттайды (айтылым дағдысы) .

Пәнге тән лексика мен терминология:

Антропология, питекантроп, неандертальдық, кроманьондық, палеолит, мезолит, неолит

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Қазақстан аумағында адамдар бұдан 1 млн жыл бұрын қоныстана бастады...

Неандертальдықтар бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді.

Кроманьондықтар Қазақстанның барлық жерін қоныстанды, бұдан 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген.

Құндылықтарға

баулу

  • қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • жауапкершілік;

  • айналадағыларға қамқорлық көрсету;

  • төзімді болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, дүние жүзі тарихы

Алдыңғы білім


Қазақстанның ежелгі тарихы қандай кезеңдерден тұрады?

Ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін біледі. Тас, қола, темір дәуірлерінің хронологиясын оқиды.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8мин

Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты алғашқы адамдардың суреттері арқылы 3-топқа бөлемін.

Алғашқы адамдардың суреттері арқылы оқушылармен ой-талқы ұйымдастырып, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтаймыз.

Сұрақтар:

  • Бұл суреттерден не көріп отырсыздар? (барлығы жауап бере алады).

  • Суреттерден қандай өзара байланыс байқауға болады? (басым көпшілігі жауап береді)

  • Қандай қорытынды жасауға болады? (кейбір оқушылар жауап береді).

Эволюция, анторопология, саналы деген..... ойды жалғастырып, түсті қағаздарға жазып тақтаға іледі, түсіндіре отырып топтасырады.

Қалыптастырушы бағалау. Топтағы спикер

өз тобының оқушыларын бағалайды.

Алғашқы адамдардың суреттер


Сабақтың ортасы

22 мин

Алғашқы адамдардың өмірі туралы бейнематериал көрсетемін, оқушылар не көргенін талқылайды.

Мәтін таратамын. Көрген бейнематериал мен таратылған мәтін бөліктерімен «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі бойынша топтар мынандай тапсырмалар орындайды.

1-топ: Алғашқы адамдардың даму эволюциясының себептерін анықтайды (постер қорғау).

Дескриптор

Білім алушы


Питекантроптың өмір сүру кезеңдерін көрсетті.


Неандерталь адамының өмір сүру дағдысындағы өзгешелікті көрсетті.


Краманьондық адамның өмір сүру кезеңін көрсетті.


2-топ: Алғашқы адамдардың даму

эволюциясының тарихи маңызын «ҚҚҚ»

кестесіне салу тапсырылады.

Қызық

Құнды

Қиын


Дескриптор

Білім алушы


Алғашқы адамның эволюциясының қызықты тұстарын біледі.


Алғашқы адамның дамуының құндылықтарын түсінеді.


Алашқы адам өмірінің қиындығын анықтайды.



3-топ: «Тірек белгілер» әдісі

Ежелгі адамдардың

антропологиялық ерекшеліктерін топта талқылап, кластерге түсіреді және сыныпта қорғайды.

Дескриптор

Білім алушы


Тақырып бойынша негізгі термин сөздерді таба алады.


Тірек сөздердің мағынасын ашады.


Ежелгі адамдар ұғымын қазіргі адамдар дүниетанымымен байланыстырады.


Қалыптастырушы бағалау «Белсенді оқушылар» (оқушылар бір-бірін стикер арқылы бағалайды).


Тапсырма

«Қатеңді тап» Әр топ тапсырма алады, онда мәтіндер қате құрастырылған. Оқушылар қатені тауып, түзеу қажет.

Дескриптор

Білім алушы


Қатені таба алады


Мәтіннің құрылымын аша алады

Қалыптастырушы бағалау «Смайликтер»

(мұғалім дұрыс тапқан топқа немесе оқушыға қолпаштап смайлик береді)


Оқулық (мектеп)


Collegy.vcoz.vo\oad\ 10 -1-0- 618














Қазақстан тарихы «Көне заманнан бүгінге дейін»(очерктер)

А,1994-30 бб













Самашев З.С Наскальные изображения верхнего приертышья А,1992








































Сабақтың соңы

10 мин

Қ алыптастырушы бағалау: Алғашқы адамдардың өмірі. тақырыбын қалай меңгергенін анықтау үшін «Ақ желкен» әдісін пайдаланамын. Оқушылар тақырыптан ең жақсы түсінгенін, орташа түсінгенін және қиындық тудырған жерін жазады. Сонымен қатар түсінгенін жасыл түспен, белгілі бір қиындық туса сары түспен, мүлдем қиын болса қызыл түспен бояйды.


Білім алушы

«Ақ желкен» бағалау парағы



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушылар: Алғашқы адамдардың өмірі бейнематериал көре отырып, «Құрастыр, сосын жауап бер»әдісі бойынша себептерін анықтады.(білу,түсіну)

Оқушылардың басым бөлігі:«Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі мен Алғашқы адамдардың өмірі қаншалықты маңызды болғанын талдады, түсіндірді. (қолдану,талдау)

Кейбір оқушылар:«ҚҚҚ»әдісі арқылы, алғашқы адамдардың даму нәтижесін анықтап, қалай аяқталғанын тұжырымдады, картаны пайдалана отырып көрсетті. (жинақтау).

Қалыптастырушы бағалау: Видеоматериал мен «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісімен талқылдаудан «» белсенді оқушылар», «смайлик » арқылы ауызша бағаладым.

Алғашқы адамдардың өмірі тақырыбын қалай меңгергенін анықтау үшін«Ақ желкен» әдісін қолдандым.

Әр білім алушыға ақ желкен суреті таратылады оқушылар

-егер сабақ ұнаса-жасыл түспен;

-егер сабақта белгілі бір қиындық туса-сары түспен;

-егер сабақта тапсырмаларды орындау қиындық туғызса- қызыл түспен бояды.

Сынып санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау. АКТ (интерактивті тақта) жұмыстарының пайдалану ережесін сақтау. Оқушылардың өзара қатынасын үнемі бақылау.

Сынып тазалығына мұқият қарау.


Сабақ бойынша рефлексия

Рефлексияға қажетті сөйлемнің бастары:

  • Мен бұрын … ойлайтынмын, қазір мен … ойлаймын.

  • Егер мен … бастасам, қазір мен…

  • Мен … байқадым, ал қазір маған … қызықты.

  • болғанда жағдайды еш құтқара алмадым.

  • Мен едім, бірақ

  • Келесі жолы мен ... есте сақтаймын.

  • Мен … түсіндім, енді ол … нәтижесі болды

  • болғаны мені қатты қуантты .




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
541
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12