Материалдар / Алғашқы әскери және технологиялық дайындық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери технологиялық дайындық бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
2719
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы

«21 » сәуірдегі № 154 бұйрығына қосымша



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 425-қосымша

 


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (жаратылыстану-математикалық бағыттағы, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы)



1-тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген).

2. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты жастарға ұйымдастыру және өткізу үшін негіз болып табылады:

1) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы;

2) «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген);

3) «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген).

3. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде әскерге шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы жастардың міндетті оқытылатын пәні болып табылады.

4. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздік әрекеті бойынша білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

5. Пәннің мақсаты – білім алушыға мемлекетті қорғау негіздері туралы ойының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен ерекшеліктерін түсіндіру, әскери қызметтің маңызын, Қазақстан Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.

6. Пәннің міндеттері:

  1. әскери анттың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғыларының негізгі талаптары туралы білімін қалыптастыру;

  2. әскери бөлімдердің қару-жарағы мен әскери техникасы, жеке құрамның өмірі мен орналасуымен таныстыру;

  3. қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды ақпараттық технологияны пайдалана отырып робототехникада, дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері және төтенше жағдайда адам өмірі қауіпсіздігі негіздерінде қалыптастыру;

  4. жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін дарытуға тәрбиелеу;

  5. әскери істерге байланысты мамандық кәсібіне оң көз-қараста тәрбиелеу;

  6. жеке қауіпсіздік және қоршаған ортаның қауіпсіздігі мәселелеріне саналы және жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру.

7. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады:

1) теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;

2) практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.

8. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін білім алушылар оқығанда:

1) әр азамат өз Отанының қауіпсіздігін және оны қорғаудың қажеттілігі мен маңызын түсінуге;

2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскери құралымдарында қызмет атқару үшін қажетті білім, білік және дағды алуға;

3) алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызмет еткенде қолдануға;

4) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді жүйені қалыптастыруға;

5) өзінің дене бітімінің физикалық дамуының іс-әрекет құзыретін жақсарту қажеттілігін бағалауға;

6) жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту қажеттілігін түсінуге;

7) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.


2-тарау. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


9. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат, сондай-ақ далалық оқу жиынына (лагерьлік) вариативті бөлімнен 30 сағат қарастырылған;

2) 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат.

10. Барлық жалпы білім беру мектептерінде меншік түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша құралдар және жиһаздармен жабдықтау нормасына сәйкес көрнекіліктер, көрнекі үгіт-насихат стендтері және техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі үнемі жетілдіріліп отырады.

11. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабағына білім алушылар білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіліп белгіленген киім үлгісінде қатысуы тиіс. Қару макеттері және өзге де әскери-техникалық құралдармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі білім беру ұйымдарының есебінен іске асырылады.

12. Кіріспе сабақты өткізу кезінде білім алушыны әскери қызметке даярлау және Қазақстан Республикасын қорғауға, алғашқы әскери және технологиялық дайындықтың оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін адамгершілік-жігер, психологиялық және физикалық күшін жұмылдыра білу қажеттілігіне баса назар аударылады.

13. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушы әскери істі оқыту процесінде жастардың бойында азаматтық таным, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қорғау, әскери қызметке деген саналы жауапкершілікті қалыптастыруға тәрбиелеу мен оқытудың басты міндеттерін шешеді.

14. Әр сабақ сайын білім алушылар әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын дамытып, білім алушылардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстарын ынталандыру керек. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін заңдар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсіндіру қажет.

15. Тактикалық дайындық алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді:

1) білім алушылар сабақ кезінде мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастыру құрылысы және штаттық қару-жарағының ұрыстық мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдары, бөлімдерінің негізгі қару-жарақ түрлері мен әскери техникалар бойынша берік теориялық білім алады, сарбаздың әр түрлі ұрыстағы іс-әрекетіндегі қару және жарықшақты қол гранаталарын қолданудағы практикалық дағдылар шыңдалады;

2) тактикалық дайындықтың практикалық сабақтарында автоматтың макеттері, кіші жүргінші күрегінің, сонымен қатар оқу гранаталардың сөмкесінде бар болуы қарастырылуы тиіс.

16. Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде қару және оқ-дәрілерді қолданудың қауіпсіздік ережелеріне баса назар аударған дұрыс:

  1. білім алушылар сабақ кезінде атыс қаруының құрылысы, оларды атуға даярлау тәртібі, ату негіздері мен ережесін, қаруды сақтау ережелерін игереді;

  2. атыс дайындығының практикалық сабақтарында АК-74 салмақты-пішінді макеті, пневматикалық винтовка, сонымен қатар пневматикалық оқтардың болуы қарастырылады.

17. Саптық дайындық бойынша сабақтар саптық алаңда өткізіледі:

1) практикалық сабақтарды өткізу барысында саптық тәсілдерді үйрену кезінде оқытушының саптық тәсілді тұтас және бөлшектеп көрсетуіне баса назар аударылады;

2) білім алушылардың жаттығу жасауы міндетті түрде сабақта қарастырылады.

18. 10-сыныпта әскери топография сабақтарын білім алушыларға оқытқанда таныс емес аймақтарда картасыз және картамен бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды, сонымен қатар ұшқышсыз қашықтықта ұшатын аспаптардан алынған ақпараттарды қолдануын үйретуді қарастырады.

19. 10-сыныпта өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технология негіздері бөлімінде – азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері сабағында білім алушылар Қазақстан Республикасының халқын бейбіт және соғыс кезіндегі табиғи апаттарда, ірі апаттарда, қасірет пен террористік актіде атқарылатын іс-шаралармен таныстырады.

20. Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі.

21. Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу сағаттарымен қамтамасыз етіледі.

22. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу нәтижелерін бағалау үшін ауызша сұрақ қою, жазба жұмыстың және практикалық жаттығулар бақылауын қолдану арқылы жүзеге асырады.

23. 11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы ережесін және автокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізуді зерделеу қарастырылады.

24. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық, практикалық және бақылау сабақтары болып табылады.

25. Теориялық және зертханалық-практикалық оқу сабақтарының ұзақтығы – 40 минут, ал міндеттерді белгілеу, қорытынды шығару, құжаттама ресімдеу және білім алушыларды ауыстыру уақытын қоса алғанда, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтардың ұзақтығы – 60 минут.

26. Зертханалық-практикалық сабақтарды үзіліссіз 80 минут ішінде өткізуге рұқсат етіледі.

27. Теориялық және зертханалық-практикалық сабақтарды оқытушы өткізеді, автомобиль жүргізу бойынша практикалық сабақтарды көлік жүргізуге үйрету шебері білім алушылармен жеке жүргізеді.

28. Зертханалық-практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін иллюстрациялық және зерттеушілік жоспарда жүргізіледі.

29. Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан өтеді.

30. Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі.

31. Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін қорытынды сабақтар өткізіледі, олардың нәтижелері бойынша емтихандарға өздігінен дайындалу үшін ұсынымдар беріледі.

32. Әрбір оқыту ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындықты оқытудың оқу жылына есептелген күнтізбелік-тақырыптық жоспары құрылады.

33. Оқыту процесінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыс іске асырылады:

1) «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»: сөз қорын алғашқы әскери және технологиялық дайындық саласына қатысты терминдермен толықтыру;

2) «Физика»: уақыт, кеңістік және материяның физикалық процесінің адам және қоғамға тигізетін әсерін білу;3) «Биология»: адам гигиенасы және физиологиясын білу, сонымен қатар зиянды дағдылардың ағзаға тигізетін зияны туралы білімді қолдану;

4) «Химия»: уытты заттардың адам ағзасына тигізетін әсерін білу; әскери істе қолданылатын жарылғыш заттарды қолданғандағы қауіпсіздік тәртібін білу;

5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: отансүйгіштікті тәрбиелеу, Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне деген құрметті тәрбиелеу, бір тарихи процес ретінде адамзаттың тарихын білу;

6) «Құқық негіздері»: мемлекеттің заң шығару негіздерін, Қазақстан азаматының құқығы мен міндеттерін білу;

7) «География»: бағыт тұстарын білу, түрлі белгілер және топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлау біліктілігі, қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының аумағы мен шекараларын анықтау;

8) «Дене шынықтыру»: саптық жаттығуларды қолдану, граната лақтыру, кедергілер жолағынан өту;

9) «Информатика»: білім беру процесін сүйемелдеуде білім алушылардың білімінің сапасын арттыру мақсатында IT-технология білімін пәндік ақпараттық ортада моделдеу, құрастыру және талдау.

34. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып.

35. «Кіріспе сабағы» бөлімі:

1) білім алушыларға «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұнын;

2) «Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 347 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15725 болып тіркелген), «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген). Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.

36. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» бөлімі:

1) Мемлекет қорғанысының конституциялық негіздері – Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, олардың құрамы және атқаратын қызметтерін;

2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талаптары. Әскери қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының қасиетті борышы және міндеттерін;

3) Экстремизм және терроризмнің ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары – Экстремизм түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық. Экстремизм, терроризм, олардың өзіндік сипаттары. Қазіргі әлемдегі террорлық қауіп-қатерлердің ұлғаю себептерін қамтиды.

37. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімі:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары, олардың әскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметкерлердің жалпы міндеттері. Әскери атақ және айыру белгілерін;

2) Әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары –Бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші әскерилер, олардың құқықтары мен міндеттері. Әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі. Бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі. Бастықтарға жəне шені жоғарыларға мəлімдеме жасауды;

3) Әскери тәртіп, оның мәні мен мағынасы – Әскери тәртіп, марапаттау және жазалау. Әскери тәртіпті сақтау бойынша әскери қызметшілердің міндеттері. Сарбаздарға көрсетілетін марапат түрлері. Сарбаздарға берілетін тәртіптік жазалауларды қамтиды.

38. «Тактикалық дайындық» бөлімі мотоатқыштар бөлімшесін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері – Бөлімшені ұйымдастыру. Штаттық қарулану және ұрыстық техника. Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктерін қамтиды.

39. «Атыс дайындығы» бөлімі:

1) Калашников автоматы және қол пулеметі – Қару және патрондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмін;

2) Калашников автоматын (қол пулеметін) жартылай бөлшектеу жəне жинақтау – Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау; Калашников автоматының атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің, патронының құрылысын;

3) Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау –Автоматтың керек жарақтары. Автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі. Автоматты сақтау. Автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау. Ату кезіндегі кідірістер және оны жою амалдарын;

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!