Материалдар / алғашқы мүшел жас
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

алғашқы мүшел жас

Материал туралы қысқаша түсінік
мүшел жас. 6 сынып оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2018
814
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҮШЕЛ ЖАС –МЕРЕЙЛІ ЖАС

1.Көрніс -Бесікке бөлеу

2.Көрніс-Тұсау кесу

3.Айгерім- Армысыздар, бармысыздар тойға жиналған қауым.Қош келіпсіздер.

4.Думан- Айгерім бұл не дауыс? Қандай той, қандай мереке түсінбей жатырмын?

5.Айгерім- Ой Думан сен өзі қызық екенсің? Біздің ауылда күнде той.Жалпы қазақ халқының тойсыз отырған кезін көрдіңбе өзің?

6.Думан- Олай болса сен маған көмектес. Халқымыздың тойларын еске түсірейін,және бүгін қандай мереке екенін табайын.

7.Айгерім- Жарайды онда ,ал кеттік

Той,той,той

Ананың құрсағынан басталатын

Ең бірінші қуаныш басталатын.

Той- құрсақ той, той

8.Думан -

Анадан шыр етіп туылған күн,

Кіндігі жібек жіппен буылған күн

Той- туған күн той,

9.Айгерім-

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Жылаған сәбиін әлдилеп жұбатқан,

Жас нәресте бөленсе бесікке той

Той-бесік той,

10.Думан-

Қырық күнде қырық рет түлеткенде,

Қырық қасық сумен тәнді нұр еткенде

Той-қырқынан шығару той

11.Айгерім-

Алғашқы қадам басып,қаз тұрғанда,

Тұсау кесу айналар той-думанға,

Той тұсау кесер той.

12.Думан-

Мұсылман ата-ананың міндет тойы,

Одан кейін жасалар сүндет тойы,

Той- сүндет той,той.

13.Айгерім-

Оқушы атанатын мектепке барып,

Қуантқан ата-анасын әріп танып

Тауысып әліппені жүрдек оқып

Сол күні тілашардың болатыны анық

Той- тілашар той.

14.Думан-

Өмірдің бір белесін болдырған шақ,

Санасын нұрлы ақылмен толтырған шақ

13-те отауға ие деген қазақ

Балиғатқа бас болдырған шақ.

Бүгін міне Мүшел той-үлкен той.

15.Айгерім-

Мүшел жасың құтты болсын,

Орындалсын ойда жүрген бар арман.

Таусылмайтын бақыт беріп басыңа

Отбасыңмен аман болшы әрқашан

-Ал енді Думан қандай тойда жүргеніңді түсінген боларсың.

16.Думан-

Иә,иә Айгерім түсіндім,түсіндім.Керемет сондай қуаныштымын! Бүгін біз өзіміздің тетелес өсіп келе жатқан достарымыздың үлкен бір қуанышына,мерекесіне куә болғалы тұр екенбіз.

17.Айгерім-

Дұрыс айтасың бүгінгі қуаныш достарымыздың балалық шақтан ересектік шаққа аяқ басу кезеңі екен. Ал сен мүшел жас туралы не білесің?

18.Думан-

Менің естуімше Мүшел жас деп ең бірінші 13 жасты атайды екен.Содан соң 12 жылды қосып бара береді. Мүшел жаста өте сақ болу керек.Ешкімнің ала жібін аттамай ,өтірік айтпай ,жаман әдеттерден аулақ болу керек.Мүшел жаста мал шалып,құрбандық таратады деседі.Жәнеде мүшел жас иесі өзінің қимайтын бір киімін жақын адамдарына немесе достарына береді екен.

19.Айгерім-

Бәрекелде! Сен де мүшел жас туралы біраз нәрсе біледі екенсің, жарайсың!

Олай болса бүгінгі мүшел той иелерін ортаға шақырайық.

Көңілді күн әні орындалады.

Оқушылар ортаға шығады.

1.Жалғас-13 жас.

2.Құрбан-25 жас.

3.Ержан-37жас.

4.Расул-49жас.

5.Бекарыс-61жас

6.Диас-73жас

7.Алмас-85жас

20.Көктем мезгілі

Мүшел жастың бір боларын білгенбіз,

Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз

Күн жылынып, қар еритін мезгілде,

Көктемде біз дүниеге келгенбіз.



Жаз мезгілі

Біз атақты қазақ деген елденбіз

Жақсы сөзді соған сақтап жүргенбіз

Жаздың шіркі жайма шуақ күнінде

Әнді салып дүниеге келгенбіз.

Күз мезгілі

Күз мезгілі бәрінен де жарайды

Қуат беріп қанымызға тарайды

Астықпенен дүниеге келгенбіз

Нұрға бөлеп жатқан кезде маңайды.



Қыс мезгілі

Әуелгі аты қазақ деген жерденбіз

Үлкендердің ізгі ісіне ергенбіз

Жердің беті ақ көрпеге оранып,

Жатқан кезде дүниеге келгенбіз.

21.Айгерім-

Адамзат туған анадан,

Ақылы іске жараған

Адамның жасын атаулы,

Мүшелге бөліп балаған.

22.Думан-

Достар сендер білесіңдерме? Ұлы Абай атамыз сендердей кезінде яғни 13 жасында ақындығымен,ақылдылығымен елге таныла бастаған.

Айгерім –

Ал қазақтың көрнекті жазушысы,қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.

Думан-

Ал қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкров ағамыз 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған екен.

Олай болса достар сендердің де алға қойған мақсаттарыңа жетулеріңе тілектеспіз.

23.Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан- ол Ана. Құрметті аналар сіздер үшін,қабыл алыңыздар.

-Оқушылар ана туралы тақпақтарын айтады.

24.Айгерім-

Бала үшін әкенің орны бір бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар,қиындыққа қалдырмас,арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың ол әке. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей Асқар таудай әкелер мен Аяулы аналар сіздердің құрметтеріңізге «Әке», «Ана» монологы.

25.Думан-

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім

Мереке басы болсын берекеңіз

Йгі еңбектің жемісін бәрі көрсін-дей келе «Мың бұралған биші қыздарымызды ортаға шақырамыз»

26.Айгерім-

Думан сен осы халық ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс өнері туралы не білесің?

27.Думан-

Айтыс дегеніміз қазақтың қасиетті өнері.Айтыс –ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы.

28.Жақсы, Олай болса ортаға айтыскер ақындарымыздың өнерін тамашалауға шақырамыз.

Қыз бен жігіт айтысы.

29.Думан-

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан

Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

Сіздей адам дүниеде көп болсын

Балалардың бақыты үшін жаралған.

-Ал Айгерім тапшы мен қазір кім жайлы айттым?

30.Айгерім-

Әрине ұстаз туралы.

31.Иә ұстаз туралы.Достарымыз өздерінің ұстаздарына жылы лебіздерін білдіргісі келіп тұр.

32.Думан-

Айгерім сен осы ағылшынша сөйлей аласыңба?

33.Айгерім-

Саған не болды аяқ астынан ағылшынша білгің келіп қалды?

34.Думан –

Жай сұрағанымғой.Мен осы шет елге қыдырғым келеді бірақ ағылшынша дұрыс сөйлей білмеймін.

35.Айгерім-

Сен онда емтихан тапсырып, бағыңды сынап көр.

36.Думан-

«Ағылшын тілінен»емтихан көрніс тамашалаңыздар.

37.Айгерім-

.Аяулым мен Назымның орындауында «Әке» туралы ән қабыл алыңыздар.

38.Думан-

Айгерім сен осы «Махаббат»деген сөзді қалай түсінесің?

39.Айгерім-

Мен Отаныма деген Махаббат, Анама деген Махаббат,Отбасыма деген Махаббат міне осыларды Махаббат деп түсінемін.

40.Думан-

Ой сен түсінбейсің ? Ал мен болсам бір қызға ғашық болып жүрмін.Міне осыны нағыз Махаббат деп жүрмін.

41.Айгерім

«Айтса айта берсін бағдарламасы » тамашалаңыздар.

42.Думан

Мың бұралған бишілерімізді ортаға шақырамыз.

43.Айгерім

Төлен Шырайдың орындауында күй.

44.Думан-

Оқушылардың орындауында Қазағымның дәстүрлері ай.

45.Айгерім

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гулжан Мұхамеджановнаға

Бастауыш сынып мұғалімі Гулбахар Амановнаға.

Және өздерінің балапандарына тілек айтатын жылы лебіздерін білдіретін ата-аналарға сөз береміз

45.Ата-аналарымыздың балаларына сыйлықтары бар. Қош сау болыңыздар осымен концерттік бағдарламамыз аяқталды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!