жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алғашқы ұстаз ата-ана"
Тақырыбы: Алғашқы ұстаз — ата-ана
«Отбасы — көзбе-көз» ата — аналар жиналысының әдістемелік дайындау конкурсы
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Көрнекілігі:
Тақтаға ұлағатты сөздер жазған парақшалар ілінеді: «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Балақан өсіру — Балапан ұшыру емес», «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле өлгенше соны таныр қиядан», кестелер, т.б.
Сауалнама
-
Балаңыз балабақшаға барды ма? (неше жастан)
-
Баланы кім тәрбиелейді?
-
Жанұяда күн режимі сақталама? (тұруы, жатуы, тамақтануы, демалуы)
-
Балаңыздың қиналатын жері бар ма? (киіну кезінде, тамақтануда, жуыну кезінде, ұйықтау кезінде).
-
Балаңыздың сүйіп тыңдайтын ертегісі, әңгімесі, телехабары, тамағы бар ма? (атап көрсетіңіз)
-
Балаңыз үй жұмысына көмектесе ме және күнделікті қандай міндеттемелері бар?
-
Жанұяда кімді тыңдайды? (бәрін, әкесін, шешесін, ешкімді)
-
Жанұяда баланы тәрбиелеуде қандай тәсілдерді қолданасыз? (мадақтау, шара қолдану, сөгу, түсндіру, талдау).
-
Жанұяда балаға үлкендерден бірдей талап қойыла ма? (рұқсат беру, тыйым салуға)
-
Балаңызға айтқан уәдені үнемі орындауға тырысасыз ба?
Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.
Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырған аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
Жиналыс барысы: (Ата-аналар үш топқа бөлініп отырады)
Кіріспе сөз
Мұғалім: — Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі «Алғашқы ұстаз — ата — ана» атты жиналысына хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосып пікір алысудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
І. Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»
Баяндамашы 1 сынып жетекшісі Шәниева Б.К.
ІІ. Баяндама төңірегінде пікір алысулар және ата-аналарға сұрақтар қойылып, мәселелер туралы айтылады.
А) Бала тәрбиесінде кемшілік бар екенін мойындайсыз ба?
Ә) Балаңызға үлгі болатындай бойыңызда қандай жақсы қасиеттер бар?
Б) Келешекте балаңыз қандай адам болғанын қалайсыз? т.б.
ІІІ. «Ассоциация» жазу
Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіз? (үш топқа бірдей)



Әр топтың бір мүшесі қорғайды.
І топ. Нукенова З. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе олар өз балаларына өнеге бола алады.
ІІ топ. Таласпаева Г.Қ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.
ІІІ топ. Қажрахимова Р.Х. Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көосетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса нағыз өнегелі отбасы бола алады.
IV. Педагогикалық ойын
1)Кесте толтыру.
|
Мақтау |
Ұрсу |
|
|
|
(2 минут уақытта кестені толтыру, іштей шешімге келу. Кестенің қай жағындағы сөздер көп? Ойлау)
Жауаптар:
— Қай сөз көп болу керек?
— Неліктен?
— Ата-ана жауабы:
— Мақтау баланың көңіл-күйін көтереді, өзіне деген сенімділік артады.
Егер ата-ана баланы үнемі ұрсып, айыптап, балағаттап жатса онда ол бұйығы, қатыгез, кекшіл болып өседі.
V. Педгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»
Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады). (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.).
VІ. Сөйлемді аяқтау. «Ой — өрісіңді тексер»
І топ
1) Егер
баланы үнемі сынап отырса ............
(оқуға құлқы болмайды)
1) Балаға үнемі күлсе ................................
(бұйығы болып өседі)
2) Баланы қолдап отырса ...........................
(білімге деген ынтасы артады)
ІІ топ
1)
Баланы қолдап отырса .....................
(өз ісіне сенімді болады)
2) Бала төзімділікте өссе .................................
(адал болып жетіледі)
1) Бала қауіпсіз жағдайда өссе ..............................
(ол адамға сеніммен қарайды)
ІІІ топ
1) Бала
кекшілдікте өссе .............................
(ол қатыгез болып өседі)
2) Бала адалдықта өссе
...........................................
(әділ болып жетіледі)
3) Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе
........................
(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді)
(Әр топтың бір мүшесі оқып береді)
VII. «Сіз қандай ата-анасыз?» Психолог
(өз-өздерін тест арқылы тексеру)
1. Сіздің балаңыз мектептен кейін, үйге біресе көзін көгертіп, біресе шалбарын жыртып келеді.
А) Сіз
не болғанын сұрап, шалбарын тігіп, компресс қоясыз
Ә) Балаңызға көмектесесіз, кішкене ұрсасыз, бір күні осы қылықтары
үшін бірдеңеге ұрынатынын айтасыз
Б) Оған ешқандай көңіл аудармайсыз. Бәрін өзі
істесін.
2. Балаңыздың достары бар. Бірақ олардың тәртібі нашар, тыңдамайды.
А) Сіз
ол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Ә) Балаларды үйге шақырып, оларға әсер етуге тырысасыз
Б) Балаңызға достарының кемшіліктерін айтасыз, олардың үлгі бола
алмайтынын түсіндіресіз.
3. Балаңыз ойнағанды ұнатады, бірақ жеңілгенді ұнатпайды.
А) Еш
әрекет етпейсіз, балаңыз жеңіліске үйренсін
Ә) Ол жеңілісін мойындап үйренгеншеғ енді онымен ойнаудан бас
тартасыз
Б) Жеңілісін мойындауға үйрететін жағдайды әдейі
туғызасыз
4. Сіздің балаңыз тәулігіне 24 сағат ойнауға бар. Кешкілікте мүлде ұйқысы келмейді.
А)
Ұйқының қандай маңызды екенін түсіндіресіз
Ә) Нешеде жатам десе де рұқсат бересіз, бірақ таңертең уақытында
тұрғызасыз
Б) Төсегіне белгіленген уақытта жатқызып, жалғыз
қалдырасыз
5. Балаларға арналған телебағдарламаларды азсынып, балаңыз күні бойы теледидар көруге дайын.
А)
Балаларға арналған бағдарлама бітісімен ұйқыға жатқызып, ол
ұйықтағаннан кейін ғана теледидарды қосасыз.
Ә) Оған нені көруге болатынын, және нені көруге болмайтынын
түсіндіресіз
Б) Балаңыз үшін кейбір тыңдайсыз
6. Балаңыз үлкендердің сөзіне көп араласады.
А) Бұл
қылықтың жағымсыз екенін түсіндіресіз
Ә) Тыңдамағаны үшін жазалайсыз
7. Сіздің балаңыздың жасы әлі кіші болса да өзінше ғашық болады.
А) Бәрін
сол қалпында қалдырасыз
Ә) Балалық махаббатқа жол бермейсіз
Б) «Махаббаттың» не екенін, қарым-қатынастың қандай болу керек
екенін түсіндіресіз.
8. Басқа балалар сіздің балаңызды ұрады, келемеждейді
А)
Есесін қайтаруға үйретесіз
Ә) Сол балалардың ата-аналарымен сөйлесесіз
Б) Балаңызды сол балалармен араластырмау үшін бәрін
жасайсыз
9. Балаңыз қатал, аяушылықты білмейді, басқа балаларға қол жұмсайды
А) Өзіне
де дәл сондай жағдай туғызасыз (аяушылық білдірмейсіз)
Ә) Осы кезге дейінгіден көбірек көңіл бөлесіз балаңызға
Б) Зорлық, зомбылықтар көрсетіп фильмдерді көруге тыйым
саласыз
Жинаған баллды ата —аналар өздері санайды
|
№ |
а |
ә |
б |
|
1 |
3 |
0 |
5 |
|
2 |
2 |
5 |
0 |
|
3 |
0 |
3 |
5 |
|
4 |
3 |
5 |
0 |
|
5 |
0 |
2 |
3 |
|
6 |
5 |
0 |
3 |
|
7 |
3 |
0 |
5 |
|
8 |
5 |
3 |
0 |
|
9 |
0 |
5 |
3 |
нәтижесін психолог хабарлайды:
0 — 18 Сіз балаңызды өзіңіз сүріп жатқан өмірге дайындап, соған ыңғайлап тәрбиелеп жатырсыз. Сіз оның басқа заманның адамы екенін ескермейсіз. Балаңыздың заманында ең бастысы — адамдардың өз-өзіне сенімділігі, шығармашалығы, өкінішке орай сіз ол қасиеттерді көрмейсіз де, дамытпайсыз да. Сіз өмірдің өзгеріп, алға жылжып бара жатқанын көрмейсіз. Сізде ескі көзқарас қалыптасқан.
19 — 35 Сіз балаңыздың келешекте қалай өмір сүретіні туралы әлі де аз ойланасыз. Бірақ та сіз заман талабына сай болу үшін жарасып бағасыз. Тәрбиеде ескі әдіс-тәсілдерді қолданбауға тырысасыз. Кездескен қиындықтарды балаңызға өз бетімен шешуге үйретіп жүрсіз. Оған жеткілікті түрде бостандық бергенсіз, өзіңіз бағындыруға тырыспайсыз. Бірақ әлі де өзіндік өмірге дайындық аз. Сіз балаңыздың өз бетімен ойлауын дамытуды қолға алыңыз, сонда балаңызда әр нәрсеге, жағдайға деген өз көзқарасы қалыптасады.
36 — 50 Сіз балаңыздың мейірімділік пен әділеттілігі басымдырақ,ақыл, ойды, ашық мінезді, жеке пікірді бағалап, өзімшілдікті сөгетін әлемде өмір сүретініне сенесіз.
Толғаныс
«Жанұя типтері»
-
Әмірлі (авторитарлық)
-
Демократиялық (егемендік)
-
Бетімен жіберушілік
-
Рақымшыл жанұя
Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұяңыз сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?... Өзгерткіңіз келмей ме? Қалай өзгертер едіңіз? Кімнің көмегі керек?) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса, рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.
Рефлексия парағы
|
Қай типті таңдадыңыз? |
Өзгерткіңіз келе ме? |
Кімнің көмегі қажет? |
|
1 |
Иә |
1) Отбасы мүшелері |
|
2 |
Жоқ |
VIII. Білім сапасын көтерудегі ата — ана рөлі
«Біреулер құдайдан бала тілейді». Ол баланы не қылады?
— Өлсем орнымды бассын, — дейді.
— Артымнан құран оқысын, — дейді
— Қартайғанда асырасын, — дейді.
Осыдан басқа бар ма?
— Сіз қалай ойлайсыз?
— Білімді, жан-жақты тәрбиелі болсын т.б.
— Қандай білім алғанын қалайсыз?
— Сапалы білім
— Ал баланың сапалы білім алуы кімге байланысты?

Олардың әрқайсысына қандай талаптар қойылады? Талдау
І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде білім негізі — стандарт талаптарын орындау, яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде оқушыға мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі міндетті түрде қажет.
«Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Қорытынды
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.
Сынып жиналысының хаттамасы:
(Айы, күні, жылы)
Кімдер қатысты:
-
Абуова Т.
-
Әміржанова Б.
-
Бәйкенов М.
-
Қапанова С.
-
Балахметова Б.
-
Имакова Ж.
-
Кириллова А.
-
Абуов Қ.
-
Таласпаев Н.
-
Қажрахимова Р.
-
Мухамеджанова Ә.
-
Нукенова Г.
-
Смайыл Л.
-
Семенычева Л.
-
Шалова Б.
-
Сәрсекеева Ж.М. — психолог
Тақырыбы: «Алғашқы ұстаз — ата-ана»
Күн тәртібі:
А)
Кіріспе (сынып жетекшінің сөзі)
Ә) «Жанұядағы бала тәрбиесінің ерекшелігі» атты сауалнама
Б) Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі»
В) Ата-анамен ынтымақтастығы (пікір алысу)
Г) Оқушының білім сапасын көтеру
Жарыссөзге қатысқандар: Нукенова З., Қапанова С., Балахметова Б., психолог Сәрсекеева Ж.М.
Қабылданған шешім:
Ата — аналар жиналысының шешімі:
-
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
-
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
-
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.
-
Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
-
Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).
Төраға: Бәйкенов М.
Хатшы: Абуова Т.
Ескертпе
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес:
-
Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
-
Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
-
Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
-
Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
-
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
-
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Пайдаланған әдебиеттер:
-
«Бастауыш мектеп» журналы № 4 2005 жыл
-
«Бастауыш сыныпта оқыту» № 2 2008 жыл
-
«Тәрбие құралы» журнал № 5 2006, 2008, 2007
-
«Сынып жетекшісі» журнал № 3, № 6 2007 жыл
-
«Сынып жетекшісі» кітабы С.Ш. Әденбаев
«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» танымдық-отбасылық сайысы
Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.
Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.
Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, спорт.
Өтетін орны: Мультимедия кабинеті.
Сайыстың жүру барысы:
Жүргізуші:Тәуелсіздік- қасиетті
ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлыр мен замандар бойы
бабаларымыздың асыл арманы болған. Тәуелсіздік ақ қанатты періште
сипатында халқымыздың басына бақ болып қонды.1995 жылы 13 шілде
күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату
туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің автолар тобының жетекшісі
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы
Республика алаңында Қ.Сәтбаев пен К.Байсейітова көшелерінің
қиылысатын жерінде орналасқан. Монумент орналасқан ауданның
ұзындығы 180 км жерді қамтиды. Маңғыстаудың бедерлі құлпы тастарға
ұқсас оюлы Сынтас. Осы Сынтас үстінде бойы алты метрлік қанатты
барысқа мінген «Алтын адамның» мүсіні тұр. Бұл көркем бейне ойдан
алынбаған, негізінен Есік қорғанынан табылған атақты «Алтын адам»
сипаты пайдаланылған. Үстіндегі сәнді, салтанатты дүниежүзілік
дәрежедегі өнерлік туындыға жататын зергерлік бұйымдарға қарағанда
бұл өзі ханзада болса керек. Ол патшаның баласы болса- онда оның
әкесі билеген патшалық болғаны да даусыз.Осы тұста «Мен- қазақпын,
мың өліп, мың тірілген» деген ақын Жұбан Молдағалиевтің өлең
жолдары еріксіз ойға оралады. Сынтастың түбінде, төрт жағында
мүсіндер тобы орналасқан.Олар: Ақыл- ой иесі- Абыз,Жер- Ана, тайға
мінген қыз бала мен ұл бала.Төмендегі мүсіндердің төртеу болуы да
тегін емес. Қазақ шартарапты дүниенің төрт бұрышы дейді, ол түгел
болса жақсылық және береке табады. «Төртеу түгел болса
төбедегі келеді»- деуі содан. Тайға мінген балалар- жаңа құрылып
жатқан тәуелсіз мемлекеттің нышанындай. Олардың келешегі-алда; «біз
көлденеңнен қосылған көкдөнен» емеспіз, адамзат өркениетіндегі
игілікті істерге ат салысамыз, сайысқа түсеміз деген ойды
білдіреді.Батыр ханзаданың бас киімінің тәжі, кеудесіндегі қалқан,
белбеу, барыстың қанатына алтын
жалатылған.
Егер Тәуелсіздікті ақ сұңқар құсқа теңесек, қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп-әлпештеп, құрметтеп ардақтайық!Бәйтеректей асқақтап, аспан құшағына өршелене құлшынып өссін,Отанымыз көркейсін!
Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру:
Әділ- қазылар алқасын сайлау:
1.-----------------------------------------------------------
2.-----------------------------------------------------------
Бағалау парағы беріледі. Әр топтың жеке таныстыруы.
Сайыс шарттарымен таныстыру:
-
Әріптер сөйлейді
-
Ұлттық салт-дәстүр
-
Сандар сыры
-
Пәндер сыры
-
Шығармашылық жұмыс
Алғашқы бөлім «Әріптер сөйлейді». Бұл бөлімде экраннан әріптер көрсетіледі. Әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады, ал жауап сол әріптен басталады немесе жауаптың ішінде таңдаған әріп кездеседі.
|
А |
Ә |
Б |
В |
Г |
Ғ |
|
Д |
Е |
Ё |
Ж |
З |
И |
|
Й |
К |
Қ |
Л |
М |
Н |
|
Ң |
О |
Ө |
П |
Р |
С |
|
Т |
У |
Ұ |
Ү |
Ф |
Х |
|
Һ |
Ц |
Ч |
Ш |
Щ |
Ъ |
|
Ы |
І |
Ь |
Э |
Ю |
Я |
А- Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/
Ә- Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
Б- Астана қаласының символы /Бәйтерек/
В- 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
Г- Тарихтың атасы /Герадот/
Ғ- Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/
Д- Алла тарапынан берілген әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы /Дін/
Е- «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік қаланың маңынан/
Ё- Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? /1992ж 4 маусым/
Ж- «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/
З- Сиырдың пірі /Зеңгі баба/
И- Елбасымыздың мамандығы /Инжинер- металлург/
Й- Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы. /Халифа Алтай/
К- Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/
Қ- Ж. Баласағұнның XI ғ жазған еңбегі /Құтты Білік/
Л- 1959 ж М. Әуезоке «Абай жолы» роман -эпопеясы үшін берілген сыйлық /Лениндік сыйлық/
М-Қ.Р «Мәдениет және ақпарат» министрі /Мұхтар Құл –Мұхамед Абрар ұлы/
Н- Күйші-сазгер, дирижер, домбырашы / Н.Тілендиев/
Ң-1993 ж белгіленген ҚРҚК әскері құрымының жоғарғы офицерлері, ҰҚК, ІІ, прокуратура т.б органдар басшыларына берілетін орден. /Даңқ ордені/
О-Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/
Ө-Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/
П-Жоғарғы заң шығарушы орган /Парламент/
Р-1995 жылы «Әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам /Р.Бағланова/
С-Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/
Т-Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
У-Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
Ұ-1999ж Қазақстанда қандай жыл болып жарияланды /Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жыл/
Ү- Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген /Үркер/
Ф-«Екінші ұстаз» атанған ғұлама /Фараби/
Х-2009ж 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға /Халық санағы/
Һ-Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздігі жолында күресі үшін берілетін орден /Халық қаһарманы/
Ц-Астана қаласының бұрынғы атауы /Целиноград/
Ч-Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/
Ш-Аса көрнекті сазгер, ән жанрының майталманы.
/Ш.Қалдаяқов/
Щ-Биыл тәуелсіздікке неше жыл /18жыл/
Ъ-«Семей полигоны» атты кітаптың авторы /К. Бозтаев/
Ы-Қазақтан шыққан кескіндемеші қыз /Г. Ысмаилова/
І-Көшпенділер трилогиясының авторы /І. Есенберлин/
Ь-Қазақстанның ең биік тауы /Тянь-Шань/
Э-Халықтардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым /Этнография/
Ю-Халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі /Ою/
Я-Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/
Келесі бөлім «Ұлттық салт- дәстүр». Бұл бөлімде әр топ экранда көрсетіліп тұрған тақырыптардың біреуін таңдап соны қорғайды.
Үшінші бөлім «Сандар сыры»
Бұл бөлімде әр топ бір сан таңдайды Сұрақ сол сандардың қасиеттеріне байланысты болады. Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
3 саны
Ø Үш дананы атаңыз /Абай, Шоқан, Ыбырай/
Ø Үш байлық /Денсаулық, ақ жаулық, он саулық/
Ø Үш тұл /Қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым/
Ø Үш алыс /Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы/
Ø Үш қадірлі /Бақ, ырыс. Дәулет/
4 саны
Ø Төрт тұлға /от, су, жер, жел/
Ø Төрт маусым /Қыс, көктем, жаз, күз/
Ø Төрт періште /Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил/
Ø Төрт мұрат /Дау мұраты- біту, сауда мұраты- ұту, жол мұраты- жету, қыз мұраты- кету/
Ø Төрт кітап /Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран/
5 саны
Ø Бес парыз/Иман, намаз, ораза, зекет, қажылық/
Ø Бес қару /Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта/
Ø Бес намаз /Таң, бесін, екінді, ақшам, құптан/
Ø Бес жаратылыс /Күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн/
Ø Бес өсиет /Топасқа сенбе, Жауға иілме, Әрқашан сақ жүр, Аш үйге қонба, Жарлыдан сый алма/
7 саны
Ø Жеті күн /Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі/
Ø Жеті ата /Бала, әке. ата, арғы ата, баба. ту ата, тек ата/
Ø Жеті қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/
Ø Жеті жұт /Зілзала, жұт, оба, соғыс, өрт, топан су, құрғақшылық/
Ø Жеті жоқ /Аллада бауыр, аспанда тіреуіш, жерде өлшеуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, жылқыда өт/
|
Қазақ тілі |
10 |
20 |
30 |
|
Математика |
10 |
20 |
30 |
|
Тарих |
10 |
20 |
30 |
|
Биология |
10 |
20 |
30 |
Төртінші бөлім «Қазақстан мәдениеті»
Мәдениетіміздің салалары бойынша сұрақтар беріледі. Сұрақтар қиындылығына байланысты 10, 20, 30 баллдарымен бағаланады. Сұрақтар суретті слайдтар арқылы көрсетіледі.
Қазақ тілі
10-Дара сөздерге мысал келтір, ережесін айт.
20- Күрделі сөздердің түрлерін ата.
30- Сын есімнің мағыналық түрлері нешеу, оларды ата, ережесін айт.
Математика
10-( -) * (-) * (-) * (-) =
20- Теңдеуді шеш:
-29+(-x) =-3,8
30Периодты ондық бөлшекпен жаз: 7/15
Тарих
10-Патша әйел Томирис қарсы соғысқан парсы патшасы
20 –Ежелгі аргиппейлер мекендеген аймақ
30-Ғүн басшысы Мөде . . . соғысты
Биология
10 - Өсімдік жасушаларына ғана тән және оларға түрлі түс беретін органоид
20- Негізгі тамыры жақсы дамыған тамыр жүйесі
30- Фотосинтез процесін ашқан ғалым
Соңғы бөлім
«Шығармашылық жұмыс».
Соңғы қорытынды сөз әділ-қазыларда.
Сайысты қорытындылау.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
"Тәуелсіздік белестері" тәрбие сағаты
Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Жүргізуші: Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Әнұранды орындау

1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтын жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімніңбар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды,ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам?!
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек-
Елдің ашық қабығы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман-қыраны.
Жалауы бұл-халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Елтаңбасы елімнің
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбәт, әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада-аспан әлемі.
Құт, береке, шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған...
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым -
Мың қайталап айтам мұны.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
1988 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы Қазақстандағы Пушкин жылы болды.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
Сұрақ-жауап сайысы
1. Қазақстан қандай ел?
2. Қазақстанның қанша халқы бар?
3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5. Біздің еліміздің басшысы кім?
6. Еліміздің Президенті кім бола алады?
Мақал-мәтелдер сайысы.
«Жалғастыр»
1. Еңбек түбі береке,
(Көптің түбі мереке)
2. Елінен безген – ер оңбас,
(Көлінен безген – қаз оңбас)
3. Ер бір рет өледі,
(Қорқақ мың рет өледі)
4. Сөз атасы – құлақ,
Жол атасы – тұяқ,
(Су атасы – бұлақ)
5. Өлеңді жерде
Өгіз семіреді.
Өлімді жерде
(Молда семіреді)
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Турлина А.К.
![]()
![]()
![]()
Ò
Ò
Сабақтың тақырыбы: «Мен – егеменді елдің болашағымын»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;
Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Пікірталас, әдеби-монтаж, жобамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, ҚР Азаматының құқықтары мен міндеттері жазылған плакаттар.
Сабақтың кезеңдері:
Психологиялық даярлық. Оқушыларды топқа бөлу.
1 КЕЗЕҢ. Ояну. Қазақстан, Отан, Қазақстан азаматы туралы ой-пікір.
Әдісі: Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан» деген сөз мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіреді.
|
|
|
|
|
|
|
|
1 Қ |
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
2 |
|
|
А |
|
|
|
|
|||
|
|
3 |
|
З |
|
|
|
|
|
|
||
|
|
4 |
|
|
А |
|
|
|
|
|
||
|
|
5 |
|
|
|
Қ |
|
|
|
|||
|
6 |
|
|
|
|
С |
|
|
|
|
||
|
|
|
7Т |
|
|
|
|
|
||||
|
8 |
|
|
А |
|
|
|
|||||
|
|
9 |
|
Н |
|
|
|
|||||
1. Қазақстанның ауа райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8. Қазақстанның көршілерінің бірі?
9. Қазақстан неге бай?
Мультимедиалық көрнекілік.
Мұғалім: Сонымен біз Отан деген сөз біздерге қандай ассоциация тудыратынын қарастырдық. Енді осы сөздер біздің аталарымызда қандай ой тудырғанын әдеби-монтаждан тамашалайық:...
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Байтағым!
Аз емес саған айтарым!
Қалдырдың артта жолдардың ауыр қайтқанын,
Көгімді шүкір, торламаса екен қайта мұң!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Мәртебем!
Қазақстаным менің,
Жәннатым!
Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
Қуат бар сенде дастасып бірге табатын!
Қазақстаным менің,
Қазақстаным менің –
Ырысым!
2 КЕЗЕҢ. Түсіну. Өткенге көз тастау.
«Егеменді елдің болашағы» дегенді қалай түсінесіңдер? Әр топ осы жұмыс бойынша өз ойларын маркерлермен ватманға түсіреді немесе интерактивті тақтамен жұмыс жүреді.
Әрекет жасай отырып оқушылар жаңа мазмұн, жаңа ақпарат, идея, жаңаша ойлауға ұмтылады. Бұрынғы білімі мен жаңа мазмұнды интеграциялайды.
Отан патриоты болу үшін өз Отанының, жерінің, елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеуді айтады.
3 КЕЗЕҢ. Сыни көзқарастар.
Конституция – халық пен биліктің қарым-қатынасын білдіретін, біздің өміріміз бен тұрмысымызды айқындайтын құқықтық құжат.
Мемлекеттің тұрақтылығы мен гүлденуі, Ата Заңның орындалуында. Әрбір Қазақстан азаматы осы ойды есте сақтауы керек. Заңға бағыну – тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық, адамгершілік т.б. адамға тән қасиеттер бар. Сол қасиеттер ғана қоғамның гүлденіп дамуының негізі, болашағымыздың алтын арқауы болады.
Оқы да білім ал деген,
От бол да мәңгі жан деген.
Ата Заңым менің!
Еңбек ет, еркін жүр деген,
Асыр сап, ойнп-күл деген.
Ата Заңым менің!
Қорғаған аспан, күнімді,
Қолдаған бостандығымды.
Ата Заңым менің!
Құптаған көңіл қоштығын,
Ұлттардың берік достығын.
Ата Заңым менің!
Тәуелсіз, еркін ел бүгін,
Талай жыл күткен теңдігім –
Ата Заңым менің!
Санама құйған таң нұрын
Бақытым, бағым, тағырым –
Ата Заңым менің!
4 КЕЗЕҢ. Қорытынды.
Сараптаулар, синтездеу жұмыстары жүреді. Оқушылар Отан туралы бірнеше мақал-мәтелдер үлгісін жасайды.
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттан нанын тұзбенен,
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Отан адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр.
Өткізген: Иманкалиева С.
![]()
![]()
![]()
“Нұрлы балалық шақ”
Ò1-жүргізуші: Армысыздар жаны жайсан қазақ елі!
Ò2-жүргізуші: Қайырлы күн, қарыштаған Қазақстан!Ò Асқақтаған Астана жұртшылығы.Ò Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Ò Бүгінгі бастауыш сыныптар аралығында өтіпÒ отырған нұрлы балалық шақ атты ән байқауына хош келіпсіздер!
Ò 1-жүргізуші:
Ò Жүректен жасыл жырым жалын қылар,
Ò Білімді биіктерді бағындырар,
Ò Байқауға бүгінгі жиналыпты,
Ò Бүлдіршіндер, талантты дарындылар!
Ò Бүгінгі күн жүрекке нұр енеді,
Ò
Бәрімізде таланттың
иегері,

Ò Қазақтың жалындағағ ұл, қызы барда
Ò Ешқашан шет қалмайды, ән өнері!
Ò1-ж: Намысын ақиқаттың халық қуған,
Ò Болмайды әділ биде сірә туған,
Ò Келіпті ортамызға әділ жандар
Ò Аулақ қып, бойын ұстар, әркез шудан
ÒҚұрметті көрермендер, әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.
Ò2-ж: Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар деп, Абай атамыз айтқандай бүгінгі ән байқауы, жас бүлдіршіндеріміздің жүрегінен үлкен орын алатынына кәміл сенеміз.
Ò1-ж: Шашу, шашу шашайық,
Ò Ән-думанға басайық,
Ò Көктем келді далама
Ò Наурыз келді қалама! Олай болса, Наурыз көктем әнімен бірінші сайыскерімізді 3-А сынып оқушысы, Берікқазы Нұрзатты кошеметпен ортаға шақырайық.
Ò2-ж: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Ò Күй ойнайды қазағымның жанында,
Ò Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсілі,
Ò Қазағымның домбырасы барында, деп Қадір ақын жырлағандай,
Ò3-Ә сыныбының оқушысы, Жұбанышова ардақты “Қасиетті домбыра” әнімен ортаға шақырамыз.
Ò1-ж: Отаным кең дала орманды,
Ò Болаттан соғылған қорғанды,
Ò Бақыттың, шаттықтың мекені
Ò Қолдаймыз, қорғаймыз Отанды! “Ел қорғауға әзірміз” әнімен 3-В сынып, оқушысы Пернеқұл Заңғарды ортаға шақырайық.
Ò2-ж: Келесі сайыскеріміз 4-К сыныбының оқушысы, Дүйсенбаева Аяулымды “Ертегілер әнімен” ортаға шақырамыз.
Ò1-ж: Солғанша гүлім күзде тонып,
Ò Анамен деп, ән салам
Ò Кетейін мейлі жүзге толып,
Ò
Бөбекпін мен
саған!

ÒАнаға салем әнімен 3-Г сынып оқушысы, Құралбекова
ÒДананы ортаға шақырамыз.
Ò2-ж: Келесі сайыскеріміз 2-Б сынып оқушысы,
ÒАманжол Мұхаммедті “Бала тілегі ” әнімен ортаға шақырамыз.
Ò1-ж: 2-Д сынып оқушысы, Жұмакадирова Мадинаны Жас дәуірдің түлегіміз атты әнімен ортаға шақырамыз.
Ò2-ж: Қадамың бар, баспаған
Ò Асуың бар аспаған,
Ò Халқың жетсін мұратқа,
Ò Ей, бас қала-Астанам! 4-Д сынып оқушысы,
ÒБузданова Камиланың орындауындағы
ÒМаленькая страна әнімен қабыл алыңыздар.
Ò1ж: Анашым шалқып күлсең,
Ò Алдымда ұзақ жүрсең,
Ò Жүрегім жыр толғайды
Ò Көңілім ортаймайды,
Ò Анасы бар адамдар
Ò Ешқашан қартаймайды! 4-Ә сынып оқушысы, Қайратқан Динараны “Анашым” әнімен щақырамыз.
Ò2-ж: Шәкірттер мектеп үшін толғанады,
Ò Толқыған шәкірті үшін, терін төккен
Ò Мектепке сәлеміміз арналады, 1-Е сынып оқушысы, Ткач Кириллді “Мен мектепке” барамын атты әнімен ортаға шақырамыз.
1-ж: Келесі сайыскеріміз 3-Б сынып оқушысы, Алпысбай Диасты ”Бала махаббаты” атты әнімен ортаға шақырамыз.
2-ж: Бүрмелі әсем койлек, кәмшәт
бөрік,
Жарасқан тал бойына көрік беріп,
Турленген гүл шоғындай көзді қарып,
Қыздары киген сәнді жеңсіз зәріп!
“Үкілі кәмшәт” әнімен 1-Ә сынып оқушысы, Жакупова Аминаны ортаға шақырамыз.
1-ж: Келесі сайыскеріміз 2-В сынып оқушысы, Құралбекова Анельдің орындауындағы
Қамажай әнін қабыл алыңыздар.
2-ж: “Мен бақытты баламын”, 1-А Аманжол Маликаны ортаға шақырамыз.
1-ж: Шалқытып сайыстарда ән салайық,
Өнерпаз, өрендерге тамсанайық,
Ән-шашуын біздерге алып келген,
Кішкентай бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Ендеше бүлдіршіндерімізді марапаттау үшін әділ-қазылар алқаларына сөз береміз. 2-ж: Осымен бүгінгі байқауымызды жабық деп жариялаймыз. Хош сау болыңыздар!
![]()
![]()
![]()
Қазақ киносы заманауи кинорежиссерымен бақытты!
Қалила Нематұлымен кездесу
Омаров Қ.Н. 1957 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданында дүниеге келген. №51 Жаңақорғандық қазақ орта
мектебін бітірген соң, 1978 жылы Ленинград қаласына мәдени – ағарту
училищесінің кинофото мамандығына оқуға түседі. Қалила ағамыз
Қарағанды мүсінші Жаңбасар Калиев туралы “ Кісен ашқан” атты
дипломдық фильмі, Ленинград қаласындағы “Белый ночи – 82”
кинофестивалінен бас жүлде орнын алып, сонымен қатар Мәскеу
халықаралық қысқа метражды фильмдерінің арнайы дипломдарына қол
жеткізген. 
1988 жылы Алматы қаласына аттанып “ Қазақтелефильм” киностудиясында атақты кинодраматург Кәрім Танаевпен бірігіп, жоғары дәрежеге ие болған “Тәушен” және “Заман шері” атты екі документті фильмдер түсірді.
Арайлым: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және
ортамызға келген сыйлы қонақтарымыз кинорежиссер –
документалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР
Кинематографистер одағының мүшесі II дәрежелі “Қайсар”
“Бауыржан Момышұлы” құрмет белгілерімен марапатталған Қалила
Нематұлы мен Мұхтар
Қалилаұлы. 
Бүгінгі біздің ұйымдастырып отырған «Қазақ киносы заманауи кинорежиссерымен бақытты» атты кешімізге қош келдіңіздер! Ақылды ер азаматы бар елдің, намысы ешқашан төмендемейді. Әрбір елде тірек деген ұғым бар, халқымыздың, ұлтымыздың тірегі, қорғаны Қазақ киносының дәрежесін өрге жетелесем деп жүрген ұшқыр ойлы Қалила ағамыздың өмір белестері ...
Бақнұр: Қ.Омаров 30-дан аса деректі фильмдер түсірді.
Негізгі тақырыптары қазақ халқының Ақтандық тарихына арналған
ашаршылық туралы “Нәубет”, “Алашорда”, “Алаш қайраткері”,
М.Жұмабаев, М.Дулатов туралы деректі фильмдер түсірген. 1988 жылы
Омаров “Алатау” ұлттық телеарнасының бас режиссеры жұмысын атқарып,
одан әрі ҚР Президенті телерадиокомплексінің режиссері және
1994-2004 жылдар аралығында “Хабар” агенттігінде аударма
режиссеры болып жұмыс істейді. Атап айтқанда “Перекресток”,
“Саранча” атты отандық телехикаяларын қазақ тіліне аударды. 2006
жылдан бастап Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” студиясында докуметті
фильмдер түсірді. 2004-2011 жылдар аралығында “Мұнай
тамшысындағы тағдыр”, “Қазақ мұнайының 100 жылдық тарихы” тағы
басқа мұнайшылар туралы кинолар жасалды. Ұлы композитор Жұбанов
атамыз туралы да кино жасалынды. Қазақ жерін сақтап қалған Алашорда
атты фильм және “Қазақтың Бауыржаны” атты фильмін халық назарына
берді. Осындай шығармашылықтары үшін кинорежиссер
Қ.Ниметұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағымен
марапатталған. Қазақстан жастар одағы мен халықаралық Жамбыл
сыйлықтарының лауреаты. Қазір сіздерге ұсынылатын “Қазақтың
Бауыржаны” атты фильм үшін Б.Момышұлының құрмет белгісінің иегері.

Келесі сөз кезегі Қалила ағаға берілді. Қалила Ниметұлы тың деректерімен, әсіресе қызықты оқиғалармен аудиторияны өзіне қаратты.
Содан соң «Қазақтың Бауыржаны» деген деректі фильмді тамашаладық.
«Түсіру жұмыстары 6 айда Алматы, Тараз, Шымкент, Мәскеу және т.б. қалаларында жүргізілген. Ұзақтығы 30 минут. Фильмде Б. Момышұлының балалық шағынан бастап, оың егде тартқан шағына дейін және ұлы адамның отбасы мен ішкі болмысы, жан-дүние әлемі суреттеледі. Туынды әлі еш жерде жарияланбаған деректерден құралған.» - деді, Омаров Қ.Н.
Арайлым: Өзіміз байқағандай батырдың ұлысы, асылдың тұяғы Бауыржан атамызға арналған фильмде халықтың жадында сақталып қалған ұлы тұлға туралы тарихи деректер өте көп болды. Бұдан бұрынғы КСРО кезінде Б. Момышұлы туралы тек соғыс ардагері ретінде фильм түсріліп келген болса, бұл фильмде ол кісіні Алаш зиялысы ретінде, ұлттың ұлы тұлғарының бірі ретінде байқадық.
Ұйымдастырушылар: 11 “А” сыныбы
Жетекшісі: Сармолдаева М.Д.
Ұстазым,
менің ұстазым!"
Мақсаты:
ұстаз еңбегінің жемісі,
білім өмір шырағы,
оқу -
инемен
құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі:
нақыл сөздер:
«Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден
балаға»
Абай.
«Өнер -
білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы -
білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы..... жақсы
ұстаздан басталады»
Мұғалім.
- Құрметті ұстаздар,
оқушылар,
ата-аналар бүгін біздің мектепте үлкен мереке.
Сынып оқушылары мектеп ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтағалы отыр.
Бәрі-бәрі ұстаздан білім,
тәлім алған,
сондықтан,
ұлағатты
ұстаздар
Сіздерге
бүкіл әлем баласы бас иеді.
1 оқушы.
Мөлдір.
Ғұлама,
білгіш
ғалымнан
Оқушы жас жалыннан
Мархабатты ойшылдан
Мал өсірген қойшыдан
Жазушыдан,
ақыннан,
Космонавтан,
батырдан,
Өнері тасқан артистен,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден
Ой тербеткен күйшіден
Сіздерге бүгін мың алғыс (бәрі бас иеді)
Хор:
«Мұғалім –
ол біздің»
әні орындалады.
0 оқушы.
Нұрлан.
Құрметті ұстаздар!
Біз сіздерден үлгі аламыз,
сіздерді
мақтан
етіп жырға қосамыз.
Енді өздеріңіз туралы жүрегімізден шыққан алғыс сезімізді тындаңыздар.
3 оқушы.
Маржан.
Ұлт ұстазы
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім,
үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол -
ұстаздар
деп білемін.
Оқушыға мейірі мол анадай,
Ол қуанса,
қуанады
баладай.
Түсе қалса,
қабағы
мен қасы егер,
Жұбатады жылы сөйлеп аялай.
Үйретеді жалықпастан өнеге,
Отырығызып білім атты кемеге.
Теңіздейін тереңіне бойлатып,
«Маржан»
терсе,
көтереді
төбеге.
Өрелі боп өссе ұлы-қыз бағына,
Асып -
тасып мерейленіп тағы да
-Міне,
менің шәкірттерім осындай,-
деп,
өткенін
еске сағына.
Жақсы шәкірт -
жақсы ұстаздың жалғасы,
Өзендердей ортаймайтын арнасы.
Ұлт ұстазы,
ұлағатты
келіскен,
Ар-білімін ұрпағыңа арнашы!
Хор:
«Біз бақытты балдырғандар»
Сөзі М.Әлімбаевтікі,
әні Ө.Байділдаевтікі
Мұғалім.
- Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,
ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,
нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін,
білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,
халыққа
беріп отырады.
4 оқушы:
Ұлан
«Ұстаз деген....»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген -
жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім,
ол -
бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген -
ұлағаттың
шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген -
шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын,
шалдықпайтын,
тәйірі.
Ұстаз деген -
ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар —
ұстаз емес,
мұғалім,
Мұғалім боп,
ұстаз болмау күнә,
мың.
Қара тақта,
ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс,
айласы.
Ұстаз болу бақыт,
әрі абырой
Ұстаз деген –
шәкірттердің
айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.-
Оқушы -
мұғалімнің
өзін көретін айнасы.
Мұғалімін
жақсы көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды,
тек балалардың сүйіктісе бола біл.
Бұл онша қиын да емес,
өкінішке
орай,
барлық
ұстаз осы дәрежеге көтетле алмай қалуы мүмкін.
5 оқушы:
Саяжан
«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата -
тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл -
болмай
ма ұлықты,
Қыз -
болмай
ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім.
- Ұстаз жолы -
қиын да қызық,
ауыр да абыройлы жол.
Ән «Сәби болғым келеді»
сөзі М.Мақатаевтікі,
әні Т.Рахимовтікі
Көрініс:
«Баласы мен атасы»
Баласы -
Ата,
маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім?
Мен білетін ертекке,
Дұрыс,
дей ме,
шырағым!
- Ата,
мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге?
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды?
Еркелікке,
көнсе егер
Күнде етем бе сонымды?
-Ата,
Сізсіз
мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.
Атасы:
-
Айналайын,
ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған атаңа.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол,
ақ батама.
Атасының баласы
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Ұлдар тобының орындауында «Жорға»
биі.
Мұғалім.
Бала тәрбиесі үлкен өнер.
Әр балаға әр түрлі тәсіл керек.
Біреуіне
ақыл айтсаң да жетіп жатыр.
Енді біреуіне ақыл жүрмейді,
мінез-құлқына қарай басқа амалын табу керек.
Бала жүрегі -
кішкентай
ғана күйсандық.
Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Мұғалімнің
қолында
әр кезде сол кілт жүруі керек.
6 оқушы:
Перизат
Өмірімнің жалғасы түлектерде,
Жас ұрпақтың өмірін мәпелеген,
Бір саналар ана менен әкеменен
Мен ұстазбын,
бірімін, миллиондардың,
Болашаққа,
ұрпаққа
жетелеген.
7 оқушы:
Шыңғыс
Диханмын мен жерге емес,
жүректерге,
Ұлан -
асыр өлшеусіз тілектерге.
Дән орнына азамат жан өсірем,
Өмірімнің жалғасы -
түлектерде.
8 оқушы:
Жансая
Ізденетін үнемі сан саладан,
Жүгім ауыр,
демеймін
арқалаған.
Ел мақтаны азамат өссе болды,
Осы менің тілегім бар қалаған.
Мұғалім.
Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық.
Көзі жаудырап алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын,
ғылымның
тылсым
сырын ашатын,
қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
9 оқушы:
Біржан
Ұстаздар Хан бол,
мейілің, қарабол
Дарын бол,
мейілің, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
10 оқушы:
Жанар
Ұстаздар -
ұлттың
тірегі,
Ұстаздар -
мектеп
жүрегі.
АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН,
ӨТЕУ - СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ
Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.
Ғ.Мұстафин
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отбасынындағы ата-ана рольінің қаншалықты зор екендігі мен ата-на парызын өтеу қарыз екендігін түсіндіріу
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.
«Баланы – жастан» дегенге мен де толық қосыламын. Бірде Бернард Шоудан: «Маған ақылыңызды айтыңызшы, баланы қай жастан тәрбиелеген қолайлы?» деп сұрамай ма, сонда атақты драматург қарсы сауал қойыпты: «Балаңыз қанша жаста?». «Өмірге келгеніне екі апта болды», депті оған сауал қоюшы. Сонда Б.Шоу: «Сіз дәл екі аптаға кешіктіңіз» деген екен. Мұның өзі достық нақышта айтылғанмен, астарында шындық жатыр.
Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып, емірене айтатын бесік жыры.
Ал нәресте өмірінің нәрі - Ана сүті. Халқымыздың байырғы ұғымында баланың Анасы алдындағы парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың»,- деп түсіндіреді. Атақты орыс жазушысы М. Горькийдің: «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған»,- деуі де сол шындықты айқындайды. Әрине, сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады.
Ал ананың балаға деген сүйіспеншілігі жайында мынандай бір аңыз бар. Оны қазақтың дарынды қызы Ақұштап Бақтыгереева әдемі де әсерлі жырға айналдырған:
…Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.
Қыз атын айтса, ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты.
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сүлде боп таусылыпт
Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О, сұлу неткен қатал керемет ең?!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын»,- деген екен
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол, міне, қыздың шартын орындады.
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы
Ананың кезі бар ма кекті болған,
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса топырақта жатқан жүрек:
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған…
Бұл – ананың баланы қаншалық шексіз сүйетінін білдіретін терең мәнді көңілсіз мысал.
Ал біздің бала кезімізде « Ана тілі» оқулығында Ы. Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлеңі болды. Осы өлеңді оқығанда, сол кезде кішкентай бала болсақ та, қатты тебіренуші едік. Бала ұғымына лайық тілмен ананың қадір-қасиетін жүрекке жылы етіп жеткізген өлең шумақтары әлі күнге дейін есімде. Онда былай деуші еді:
Кім сендерді балалар сүйе -тұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа
күйе -тұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз
жүре –тұғын.
Кім сендерді, балалар
тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар,
жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын
көлдететін.
Кім сендерді сағынар
шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай,
көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз
сайын,
Хат жазып тұр, төбесі
көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді
келгеніңше,
Құлындарын көзімен
көргенінше?
Сендер қайтып келгенде
адам болып,
Еш арманым болмас
дер өле-өлгенше.
Барша аналарға тән қасиет осындай деп ойлаймын.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу - айрықша парыз. «Әкеге бағыну - Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу - Алла алдында күнәһар болу» дейді Пайғамбарымыз.
Халқымыздың мақал - мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік.
«Алты аға бірігіп - әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр. Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Ақыры, ең қастерлі тілектері: бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса, - дейді. Осындай ата-ананы сыйлау сәби шағыңда өзіңді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап, күту қандай ғанибет!
Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір - қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.
Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке-шешесі:
- Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, - депті баласы. «Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды»,- деген бар емес пе? Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», - демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.
Бүгінде кейбір жастар ата-анаға ақша жағынан қарасуды өздерінің перзенттік борышын өтегендік деп біледі. Мұны әке-шешесін аңыратып, ат ізін салмай кеткендер мен жалғыз басты қарттарын кәрілер үйіне тапсыруға дәті барған жүзіқараларға қарағанда адамшылыққа баласақ та, оның да оңып тұрмаған қате түсінік екені айқын.
Ата-анаға қажетті - баласынан күтері жалғыз материалдық жәрдем бе екен? Қайта, ата-анасы баласымен бірге тұруға болмаған күнде, жиі-жиі көрісіп, жүзбе-жүз отырып әңгімелесіп, мейірін қандыруды, баласын, келіні мен немерелерін көріп, көңілдері көншуін, олардың сый-құрметін көріп, тәңірге шүкіршілік етуді аңсамай ма?! Дүниеге бала әкеліп, оны азаптанып өсіріп, енді соның қызығын, қызметін көре алмай, тірідей суынып, қайырылмай кеткен баласын аңсай-аңсай, дүниеден өткен кәрі әке-шеше қайғысынан артық қайғы бар ма?!
Абайдың: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - дейтіні содан шығар.
Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті ғой. Сол арқылы-ақ бала ата-анасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді.
Отбасындағы психологиялық оңды ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке – оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
Балалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі әке-шешенің жатса-тұрса жадынан шықпайтын қауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар үнемі алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан кірбің кетпейді.
Бұған қарама-қарсы еңбекқор, кең пейіл, жарқын мінезді болып өскен ұл-қыз ата-ананың қас-қабағына қарап, хал-жағдайларын айтқызбай аңғарып, олардың көңілін тауып, мерейін өсіреді. Демек, балалары ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен, әдепті болулары керек, өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарып, отбасына кіріс кіргізіп, әке-шешенің қарттығын қажетті тыныштықпен және дәулетпен қамтамасыз етулері қажет.
Ата-ана да адам, сондықтан олардың қателесетін, жаңылысатын, ағаттық жіберетін кездері болады. Әдепті бала ондай кезде зіркілдеп, дауыс көтеріп шыға келмейді, ал үлкенді балағаттау – бала тұрмақ жасы кіші адамның ісі емес. Үлкендердің әлдеқалай істеген ісі, сөзі жанына қатты батса да, сабыр етіп, өзіңді дүниеге әкеп, зор мехнатпен әлпештеп өсіргенін есіңе түсіруің, кешірімді болуың міндет.
Ұл-қыз әдептілігінің негізі – ата-ананы риза қылып, үнемі алғыс батасын алуында. Сонда ғана үлкендердің мерейі көтеріліп, ұл-қыздардың өркені өспек!
Сабақтың тақырыбы: Ата Заңым ардақты
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға заң туралы ұғым беру
Негізгі бөлім
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі;
лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес іске асыратын оқу орны;
мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер
оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.
2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;
2) білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары мен білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады, оларды іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;


Өткізген мұғалім:
Шалова Р.Қ
ЖОМ № 29
6 «Б» сынып жетекшісі.
Павлодар қаласы, 2009 ж.
Тақырыбы: «Сегіз қырлы, бір сырлымыз».
Мақсаты:
1.Білімдік: оқушылардың интеллектуалдық ой – өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Туған жерді қадірлеуге баулу, қазақ тілі, әдебиеті, тарихы, өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, мерекелерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың барысы:
1 оқушы шығып өлең оқиды.
Әрі қатты, әрі тәтті өмірге,
Келген жоқпыз кешке бекер еруге
Тиістіміз болашақтың алдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге
Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар. – деген сөздермен бүгінгі «Сегіз қырлы, бір сырлымыз» атты сайыс сабағымызды - алдымыздағы келе жатқан Наурыз мерекесіне, Жаңа жылға арнаймыз.
2. Сынып үш топқа бөлінеді.
1 – ші топ « Атамекен».
2 – ші топ «Жерұйық».
3 – ші топ «Достар».
3. Сайыстың шарты.
1. Уақытты үнемдеу.
2. Бір – біріне кедергі жасамау.
3. Ұйымшыл болу.
4. Қазылар алқасын анықтау (мұғалімдер).
5. Топтар орнынан тұрып.
1) Топ ұранын айтып.
2) Өздерін таныстырады.
«Атамекен» ұраны:
Айналайын, Атамекен,
Қойнауыңда жатады екен.
Жыр – толғауы бабалардың,
Сағынышпен саған жетем!
«Жерұйық» ұраны:
Жерұйығым туған өлкем,
Сені ғана сыйлап өтем.
Керегі жоқ басқа Отанның,
Сенің орның алабөтен!
«Достар» ұраны:
Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.
6. Топтарға сәттілік тілеп, ән шырқалады.
«Шақырады көктем».
1 – ші бөлім «Бәйге» әр топқа кезектесіп екі сұрақтан сұрақ қойылады.
«Атамекен» тобына қойылатын сұрақтар.
-
Наурызда жасалатын ұлттық тағамды ата.
-
Қандай ұлттық киімдерді білесіңдер?
«Жерұйық» тобына қойылатын сұрақтар.
-
«Наурыз көже» қандай тағамнан жасалады?
-
Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
«Достар» тобына берілетін сұрақтар.
-
Наурыз күні адамдар бір – біріне қандай тілек айтады?
-
Қазақтың қандай дәстүрлерін білесіңдер?
2 – ші бөлім. Өлең сайысы. « Отан» туралы жаттап келген өлеңді мәнерлеп оқу.
3 – ші бөлім. Сөз жұмбақ шешу. ( бір бала тұрып жұмбақты шешеді).
«Атамекен» тобына.
Тиіп кетсе жырлаған,
Дауысы көпке ұнаған. (жауабы не?)
«Достар» тобына
Бір кітаптың парағы,
Күнде азайып барады. (жауабы не?)
«Жерұйық» тобына:
Таудан биік,
Теңізден терең. (жауабы не?)
-
Наурызға арналған ән шырқалады.
« Наурыз әні».
4 – ші бөлім. Мақал – мәтел сайысы, әр топқа тапсырма беріледі.
«Атамекен» Отан туралы
«Жерұйық» Білім туралы
«Достар» Достық туралы
Он мақал – мәтелден айтып берулері керек.
5 – ші бөлім. Үй тапсырмасы сайысы. Әр топ елімізде болған есте қаларлық мәліметтер туралы айтады.
1. «Атамекен» - Павлодар облысына 70 жыл толғаны туралы.
2. « Жерұйық» - Шәкен Айманов туралы
3. «Достар» - Астанаға - 10 жыл толғаны туралы әңгімелейді.
8. Сынып оқушылары түгел ортаға шығып «Жаңа жыл» әнін орындайды.
Сабақтың нәтижесі туралы мұғалімдер мен оқушылардан құрылған қазылар алқасы өз ойларын ортаға салады. Мұғалім сабаққа қатысқан оқушыларға, көрермендерге алғыс айтып, сабақтың аяқталғанын хабарлайды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген