Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде керек болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байбосынов Кажымухан Абдихалыкович


Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Алгебралық өрнектер және түрлендірулер



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




8.2.1.3 Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу:




Сабақ мақсаттары

-квадрат үшмүшенің коэффициенттерін анықтайды.

-квадрат үшмүшенің түбірлерін табады.

-квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.

- параметрі бар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді .



Бағалау критерийі

-квадрат үшмүшенің коэффициенттерін анықтайды.

-квадрат үшмүшенің түбірлерін табады.

-квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.

- параметрі бар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді .



Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеуді біледі және қолданады.


Пәнге қатысты лексика мен терминология :

-квадрат теңдеу,квадрат үшмүше,түбір табу,көбейткіштерге жіктеу, дискриминант,коэффициенттер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

-квадрат үшмүшенің түбірлері бар болса,онда ол көбейткіштерге жіктеледі.

а-квадрат үшмүшенің бірінші коэффициенті,в-екінші коэффициенті,с-бос мүше

Квадрат үшмүшенің түбірлері болмаса ,онда .... жіктелмейді

Д >0 болса ,квадрат теңдеудің екі түбірі болады .

Д<0 болса, түбірлері болмайды

Д=0 болса, екі түбірі тең болады

Құндылықтарды

дарыту



Өзін-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: Оқушылар топтық жұмыста өзгелердің пікірлеріне,көзқарастарына құрметпен қарайды,тапсырмаларды нақты және өз уақытында орындауға тырысады.

Ұлттық құндылықтар:Оқушылардың бойында ұлттық рухы,азаматтылығы мен әлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер әрі бәсекеге қабілетті тұлғаға тән қасиеттер мен сапаларды жетілдіру.

Пәнаралық байланыстар

геометрия

Бастапқы білім


Квадрат теңдеу ,квадрат теңдеудің түбірлері,келтірілген квадрат теңдеу , Виет теоремасы, қысқаша көбейту формулалары, көпмүше

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

Оқушылармен сәлемдесемін,сынып оқушыларын түгендеп,сынып тазалығына көңіл бөлемін.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнатамын .Сыныпты а, в,с коэффиценттерін пайдаланып топқа біріктіремін.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Толықтыру тесті » әдісін қолданамын

Қалыптастырушы бағалау.Оқушылар тапсырманы орындап болған соң сағат тілі бағыты бойынша жұмыстарын алмастырып, тақтадағы слайдқа қарап тексереді.Оқушыларды тапсырманы орындауына қарай смайликтер арқылы бағалаймын.













Сабақтың ортасы

27 минут

1. Жаңа сабақты меңгерту мақсатында «SWOT-талдау» әдісін пайдаланамын.Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды ,жағымсыз жақтарына сараптама беріледі,мүмкіндіктері бағаланып ,қауіп -қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі.

Бұл әдісті қолдануда әр топқа Д >0 ,Д<0, Д=0 болатын жағдайдағы квадрат үшмүшелер беріледі,топ ішінде терең талқылайды, көбейткіштерге жіктеу формуласын пайдаланады .

1 топ 2 топ 3 топ

0,5х2 – 3,5х + 3 12х2 + 5х – 2 5 х2 + 2х – 3


х2 + 4х – 21 х2 + 5х +8 х2 + х – 1


3х2+4 х2 + 4х +4 х2 + 6х +9


«Бас бармақ» әдісімен топтар өзара бағалайды.


2. «Ойлан-жұптас -бөліс» әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру үшін оларды қабілеттеріне қарай жұптастырамын. Жұптаса отырып есептерді шығаруын бақылаймын.

Қызыл түс -А -деңгей №2.98

Сары түс -В деңгей №2.101

Жасыл түс -С деңгей №2.103

А-деңгей

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қызыл түс

квадрат үшмүшенің коэффициенттерін анықтайды.

квадрат үшмүшенің түбірлерін табады

1.Есептің берілгенін түсінеді .

2.Коэффициенттерін ажыратады

3.Түбірлерін табады .



В-деңгей

Бағалау критерийі

Дескриптор

Сары түс

квадрат үшмүшенің коэффициенттерін анықтайды.

квадрат үшмүшенің түбірлерін табады

квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді

1.Есептің берілгенін түсінеді.

2.Коэффициенттерін ажыратады .

3.Түбірлерін табады.

4.Квадрат үшмүшені көбейткішке жіктейді.





С-деңгей

Бағалау критерийі

Дескриптор

Жасыл түс

квадрат үшмүшенің коэффициенттерін анықтайды.

квадрат үшмүшенің түбірлерін табады

параметрі бар квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді


1.Есептің берілгенін түсінеді.

2.Коэффициенттерін ажыратады .

3.Түбірлерін табады.

4.Параметрі бар квадрат үшмүшені көбейткішке жіктейді .



Өзара топтық бағалау «Өзін-өзі бағалау» парақшаларына өзара бағалайды .

3. Сабақты қаншалықты меңгергенін бақылау мақсатында оқушылардан жеке «Цифрлық» диктант аламын.

«Ия»-1; «Жоқ» - 0.

  1. ах2+вх+с түріндегі көпмүше квадрат үшмүше деп аталады.(Ия)

  2. Д꞊0 болғанда квадрат теңдеудің түбірі болмайды.(Жоқ)

  3. Д>0 болғанда квадрат үшмүшелік көбейткіштерге жіктеледі.(Ия)

  4. х1꞊х2 түбірлері тең болғанда көбеткіштерге жіктеледі.(Ия)

  5. Д<0 болғанда көбеткішке жіктеледі. (Жоқ)

Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар слайдтағы жауапқа қарап өздерін тексереді. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалаймын.






А4 форматтағы қағаз.

















































































Сабақтың соңы

5 минут

«Кері байланыс» «Бір сөзбен »әдісі оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

Төзімсіздік ,Ашу,Қуаныш,Немқұрайлық,Қанағаттану, Шабыт ,Зерігу,Алаңдау,Тыныштық, Сенімділік,Рахаттану.


Үйге тапсырма ; №2.100


Бағалау парақшысы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақты баяу,өз ойларын айта алмайтын оқушыларға қолдау арқылы жұмыс жасағанда қолдау көрсетемін .Қабілеті жоғары оқушы жұптық жұмыс жасауда сыныптастарына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге с-деңгейдегі есептерді орындату арқылы олардың білімдерін кеңейтемін.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Толықтыру тесті » әдісін қолданамын.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында «SWOT-талдау» әдісін пайдаланамын.

«Ойлан-жұптас -бөліс» әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру үшін оларды қабілеттеріне қарай жұптастырамын. Жұптаса отырып есептерді шығаруын бақылаймын.

Сабақты қаншалқты меңгергенін бақылау мақсатында оқушылардан жеке «Цифрлық» диктант аламын.



Оқушыларды тапсырманы орындауына қарай смайликтер арқылы бағалаймын.

«Бас бармақ» әдісімен топтар өзара бағалайды.


Өзара топтық бағалау «Өзін-өзі бағалау» парақшаларына өзара бағалайды .

Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалаймын.



АКТ тиімділігін қолдануға жағдай жасау,техника қауіпсіздігін ескерту.

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру,оқу құралдарын пайдаланғанда ұқыптылықты қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі