Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алгебралық өрнектер және түрлендірулер 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары жас мамандарға,ұстаздарға әдістемелік құрал ретінде қолдануға көмегін береді, жәнеде сабақ жоспарын құруға үлгі ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:


Мектеп: «М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназия» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Фазилова Зада Бахытжановна


Сынып:6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Алгебралық өрнектер және түрлендірулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.2.1.9 Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруді орындау



Сабақ мақсаттары

Көбейтудің терімділік, ауыстырымдылық, үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып өрнектерді теңбе-тең түрлендіреді.

Мәтіндік есептерге алгебралық өрнектер құрады

Мәтіндік есептерге өрнектің мәнін қойып, есептеуді орындайды

Бағалау критерийі

1 Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіреді.

2.Мәтіндік есептерге алгебралық өрнектер құрады.

3 Мәтіндік есептерге өрнектің мәнін қойып,есептеуді орындайды


Тілдік мақсаттар

-қандай өрнектің алгебралық өрнек екенін түсіндіреді;- алгебралық өрнекті түрлендіреді;- өрнектерді ықшамдайды;-көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруге негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

-өрнек,алгебралық өрнектер,айнымалы,өрнектерді ықшамдау,өрнектерді түрлендіру, көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттері

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер:

-екі өрнектегі айнымалының қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде сәйкес мәндері тең өрнектер теңбе-тең өрнектер

-өрнекті оған теңбе-тең өрнекпен алмастыруды өрнекті теңбе-тең түрлендіру

-қосу мен көбейтудің қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді...


Құндылықтарды

дарыту



Оқушыларды еңбекке және шығармашылық ынтымақтастыққа қалыптастыру,өмір бойы білім алуға баулу


Пәнаралық байланыстар

Геометрия, жаратылыстану ,тұрмыста қолдана алу

Бастапқы білім


Жақшаларды ашу, ұқсас мүшелерді біріктіру,өрнектерді ықшамдау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(10 мин)

Ұйымдастыру сәті:

Оқушылармен сәлемдесемін,түгелдеймін,сабаққа дайындығын тексеремін. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнатып, шаттық шеңберінде тұрып топқа бөлемін. Топқа бөлу: сынып шаттық шеңберінде тұрады бүгінгі тақырыпқа байланысты оқушылардан көбейтудің неше қасиеті бар екенін сұраймын.Сол қасиеттер бойынша сыныпты үш топқа бөлемін. Оқушылар ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік деп кезекпен атап ауыстырымдылық қасиеті -І топ ,терімділік қасиеті-ІІ топ, үлестірімділік қасиеті –ІІІ топ. Әр топ өз тобының аты жайлы түсінік беріп,қорғайды.

Өтілген тақырыптар бойынша ширату сұрақтарын қоюды жоспарлаймын. Ширату сұрақтарын «Қар кесегі» әдісі бойынша оқушылардың бір-біріне сұрақтар қоюы арқылы аламын.

-жақшаларды ашу дегеніміз не?

-жақша алдында «+» таңба болса жақшаны қалай ашамыз?

-жақша алдында «-» таңба болса, жақшаны қалай ашамыз?

-ұқсас қосылғыштарды біріктіру дегеніміз не?

-өрнекті ықшамдау дегеніміз не?

-қосудың қандай қасиеттері бар? Атаңдар

-көбейтудің қандай қасиеттері бар? Атаңдар

Қалыптастырушы бағалау: Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды смайлик арқылы қолдау көрсете отырып, дер кезінде қатесін жөндеп, кері байланыс жасаймын.












Доп








смайлик

Сабақтың ортасы

(25 мин)

Топтық жұмыс: Әр топтың көшбасшысы «Мозаика» әдісімен тақырыпты бөліп,оқушылар тақырыптың маманы ретінде сарапшылар тобында зерделеп,талдап,бастапқы тобына қайтып, білгендерін өз тобының мүшелеріне үйретеді.Мұнда алдымен жеке,сосын жұппен, кейін шағын топта түсіндіріп ,түсінгенін бөліседі және сабақтың мақсатын ашады.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін «Галереяға саяхат» әдісі(постер) арқылы жүргіземін. Бұл әдісті таңдау мақсатым: әр топ оқушылары өздеріне берілген көбейтудің қасиеттеріне байланысты есепті постер арқылы қорғап шығады. Мұнда оқушылардың сыни ойлауы және математикалық сөйлеуі қалыптасады.




І- топ (Ауыстырымдылық)

1.№729 а) 2(а+в)

ә)2*а*(-3)

2. №734. Саяхатшы а км жолды велосипедпен,ал одан 80 км артық жолды машинамен жүрді.Саяхатшылар барлығы неше км жол жүрді?

3.№747. Қораға тік бұрышты параллелепипед пішінді шөп жиналған. Оның ұзындығы m м, ені n м және биіктігі h м. 5 м3 шөптің массасы 3 ц. Қорадағы шөп неше центнер? m=5; n=2,5; h=2


II-топ (Терімділік)

1.а)0,4(а+3)

ә)-6*в*(-5)

2.Алмастың қорасында 7 қозы жайылып жүр және а күшік ойнап жүр. Олардың барлығында неше аяқ бар?

3.Құйманың құрамында мыс, қалайы және мырыш бар. Ондағы қалайы m кг, ал мыс одан 5,2 есе көп, мырыш 0,08 кг .Құйманың массасын табыңдар? Мұндағы m=0,6

ІІІ-топ(Үлестірімділік)

1.а)8(а+в)

ә) 0,5*(-8)*с

2.Оқушы 2 дәптер және 2 альбом сатып алды.Дәптердің бағасы а тг, альбомның бағасы в тг.Оқушы неше теңгеге сауда жасады?

3.Бағасы а теңгеден 2 кг пияздың және бағасы b теңгеден 6 кг картоптың құны неше теңге болса, 2 кг алманың құны сонша теңге. 1 кг алманың бағасы неше теңге? Мұндағы a=45, b=30

Бағалау критерийі

Дескриптор

1. Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіреді

1.Үлестірімділік қасиетті пайдаланып жақшаны ашады

2.көбейтудің терімділік қасиетін қолданады

2. Мәтіндік есептерге алгебралық өрнектер құрады

1.Мәтіндік есептерге шарт құрады

2.Шартқа байланысты өрнек құрады

3. Мәтіндік есептерге өрнектің мәнін қойып,есептеуді орындайды

1.Мәтіндік есептерге шарт құрады

2.Шартқа байланысты өрнек құрады

3.Өрнекті ықшамдайды

4.Өрнектің мәнін табады

Қалыптастырушы бағалау: Қорғаған топқа қалған екі топ кері байланыс бере отырып, бірін-бірі, яғни өзара бағалау жүзеге асырылады.

Жеке жұмыс: Оқушылармен саралаудың «тапсырма» беру тәсілін қолданып, үлгерімі төмен оқушылар үшін нұсқау ретінде семантикалық картамен жұмыс жасауды жоспарладым.

Қасиеттер

ауыс-қ

терімд-к

үлес-к

жауабы

5(а+b)





5m*0,2n*m





2,5a*4b





2,1+3s+1,9





4,3m+6,5n-1,3m






Дескриптор

1.Өрнектерді қосу мен көбейтудің қай қасиетіне жататынын анықтайды

2.Жақшаны ашады

3.Өрнектерді қасиеттерді пайдаланып ықшамдайды

4.Өрнектің мәнін табады.

Оқушылар слайдта көрсетілген жауаптарды сәйкестендіріп жұптар бір-бірін тексереді.

Ал қабілеті жоғары оқушылар үшін оқушылардың қажеттілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануды жоспарладым.

748, №757

Қалыптастырушы бағалау: Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ынталандыру, мадақтау мақсатында смайлик арқылы бағалай отырып, кері байланысты тиімді жүргіземін.

Сергіту сәті «Жұппен жұмыс»әдісі: арқылы оқушылардың бірін-бірі естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге,өз пікірін айтуға,дәлелдеуге, басқаның пікірімен санасуына мүмкіндік беремін. Жұппен жұмыста оқушылар өз серігін өзі таңдай отырып, бір-бірін толықтыратын формула жұбы құрастырады.

Мысалы:

a+b= b+a a*b=b*a

(a+b)+c =a+(b+c) (a*b)*c=a*(b*c)

(a+b)*c=ac+ab




Плакат, оқулық, маркер, сызба құралдары












Плакат, маркер, стикер,А4 жазылған тапсырма, оқулық математика 6 сынып



















Үлестірме парақтар, смайликтер









Оқулық математика 6-сынып, дәптер





Формула жазылған кеспе қағаз




Сабақтың соңы (5 мин)

Смайликті көп жинаған оқушыларды мадақтай отырып, сабаққа ынталарын көтеремін.

Оқушылар «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясы бойынша оқу мақсаттарының бағалау критерийлеріне сәйкес өздерінің бүгінгі сабақта нені ұғынып, нені игергендерін, нені әлі де болса жетілдіру қажет екендері жайлы ойларын стикерлерге жаза отырып, рефлексия парағын толтырады.

Бүгінгі сабақта нені білдім?

Сабақта не түсініксіз?

Нені білгім келеді?





Үйге тапсырма: №768 , №770, 188бет



Рефлексия парағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеймін. «Қар кесегі», «Мозайка», «Галереяға саяхат» әдістері оқушыларды сыни ойлауға үйретудің ең оңтайлы тәсілдері арқылы оқушыларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру; Оқушылармен саралаудың «тапсырма» беру тәсілін қолданып, үлгерімі төмен оқушылар үшін нұсқау ретінде «семантикалық картамен» жұмыс жасауды ,ал қабілеті жоғары оқушылар үшін оқушылардың қажеттілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануды жоспарладым;

Жұмыс кезінде оқушылардың дұрыс түсініп не қате түсініп отырғанын тапсырма жауаптарын тексеріп, кері байланысты әр тапсырма соңында беріп отырамын. Қолдау көрсету мақсатында смайлик арқылы өзара бағалау іске асырылады.

Қауіпсіздік техникасы сақталған кабинетте оқушыларға сабақ жүргізіледі. Оқушылар қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырылған.

Сабақ бойынша рефлексия





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
689
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12