жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алгоритм және оның типтері, қасиеттері
Күні: 29.12.2018 жыл
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның типтері.
Сабақтың мақсаты: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.
Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.
Жетістік критерийлері
•Алгоритм тақырыбы бойынша материалды есіне түсіреді
•Алгоритм ұғымын, орындаушы ұғымын, алгоритм қасиеттерін, түрлерін мен жазу жолдарын айырып таниды
•Алгоритм, алгоритм жазу жолдары және алгоритм орындаушысы жайлы білімдерін практикалық есептер шешуде қолданады.
•Алгоритм, алгоритм орындаушысы, орындаушының командалар жүйесі мен алгоритм жазу жолдары ұғымдарының арасындағы байланысты анықтайды.
•Алгоритмнің әрбір түрі жайлы білімдерін түйіндейді.
•Сабақтағы тәжірибелік жұмыстарға сыни талдау жасайды
Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсаттар: алгоритм тақырыбында ( өмірдегі кездесетін алгоритмдер) мысалдар келтіріп, қандай алгоритм түрлеріне жататыны туралы пікір туғызып, сыныптастарымен пікірталасқа түсе алады.
Құндылықтарды дарыту
Мектеп құндылығы:
Оқушылар бойындағы жауапкершілік, коллаборативті орта құру.
Пәнаралық байланыстар
Математика, технология, әдебиет.
АКТ қолдану дағдылары
Оқу үрдісін электрондық ресурстармен визуализациялайды (Microsoft PowerPoint).
Ғаламтордан, оқулықтан, мәтіндерден қажетті мәліметтерді іріктей алады.
Бастапқы білім
Оқушылардың алдыңғы жылдары алгоритм тақырыбы бойынша игерген білімдері сабақта көмегін тигізеді
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Бөлінген уақыт
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушылардың іс - әрекеттері
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындақтарын тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.

ІІ.Үй жұмысын тексеру. 10 мин
Сұрақ-жауап.
1.Алгоритм дегеніміз не?
2.Алгоритм тіл дегеніміз не?
3.Программа дегеніміз не?
4.Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
5.Алгоритм тілі дегеніміз не?
Жауаптар:
1. Алгоритм дегеніміз – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
2. Алгоритмдік тіл дегеніміз- алгоритмдерді біріңғай, анық жазуға және оларды орындауға арналған белгілеулер мен ережелер жүйесі.
3. Программа дегеніміз - қандай да бір программалау тілінде жазылған алгоритм компьютерге қажетті командалардың жиынтығы.
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз - құрастырылған алгоритммен басқарға тиісті объект немесе субъект.
5. Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
10 мин
Алгоритм құрылымына қарай оны келесі типтерге бөлуге болады:
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген
1-ші серия
2-ші серия
Шарт? Иә жоқ логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1-ші серия) , ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2-ші серия) орындалады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.

IV.Сергіту сәті.
2 мин
Қол саусақтарына арналған жаттығулар
•Алақанды уқалау.
•Қолды қысу
•Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
•Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
•Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса
Жаттығуды
орындарында отырып орындау.
- Сөздер жазылдған қима қағаздар беріледі. (алгоритм анықтамасы шығуы керек)
- қайталау «Қарама-қарсы шабуыл» әдісін қолдану(Топтар өткен сабақта танысқан тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. Сұрақ алмасу), «сәйкесін тап» сызбасы арқылы өткен тақырыптар бойынша түсіну деңгейлері бағамдалады.
Сабақтың мақсаттары болжанады, жетістік критерийлері талқыланады
1-қосымша.
2-қосымша. Power Point
Оқушылар сұрақтары
1-4-слайдтар.
Сабақтың ортасы
(Ресурстармен қамту)
Деңгейлік тапсырмалар. 5 мин
1. Көйлек тігу алгоритмін ретімен орналастыра отырып оны сөздік формада өрнекте.

2.Суретке қарап блок – схема құрастыр. Алгоритмнің қай түріне жатады? Кімнің сөзі?(Қазыбек би)
2

3.Алгоритмнің қай түріне жатады?
Блок – схемасын құр.
Дені сау мысықтың баласы күніне 8 сағаттан кем емес уақыт ойнайды. Марғау деген мысықтың дені сау екенін анықтайтын алгоритм құрыңыз.
Оқушылар жеке деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып білімдерін нақтылайды.
Топтық жұмыс.
Сынып оқушылары 3 топқа бөлінуі тиіс.
Күн шуақ әдісімен оқушыларды топқа бөлу.
Топтың ережелері

5 мин
Тапсырма №1 Екі санның арифметикалық ортасын табу алгоритімін құр.
1-топ: алгоритімді сөз түрінде жазыңдар. Басқа жазу жолдарымен салыстырғанда сөз түрінде жазылған алгоритмнің артықшылықтары қандай деп ойлайсыңдар?
2-топ: алгоритімді график түрінде жазыңдар. Басқа жазу жолдарымен салыстырғанда график түрінде жазылған алгоритмнің артықшылықтары қандай деп ойлайсыңдар?
3-топ: алгоритімді алгоритмдік тілде жазыңдар. Басқа жазу жолдарымен салыстырғанда алгоритмдік тілде жазылған алгоритмнің артықшылықтары қандай деп ойлайсыңдар?

Қалыптастырушы бағалау – мұғалімнің түсініктемелері, өз беттерінше оқулары,жұптағы көмек беру арқылы оқушылардың нұсқаулықтарды түсінуі нақтыланады.
Тапсырма №2 Таратпа сұрақтар мен тест сұрақтары. 5 мин


Тапсырма №3. Төтенше жағдай тудырмау үшін, «Судың қайнау» алгоритмін дұрыс құру. 5 мин
Алгоритм «Судың қайнауы»:
•Шәйнекке су құю.
•Газдың кранын ашу.
•Шәйнекті плитаға қою.
•Судың қайнауын күту.
•Шырпыны газға апару.
•Шырпыны жағу.
•Газды өшіру.
Тапсырма №4. Ағашты өсіру» алгоритмінің реттілігін дұрыс орналастырыңдар.
Шұңқырды толтыр…
Шұңқырды қаз
Су сепкішті алып, көшетті отырғыз
Күрек пен көшетті ал
Көшетті шұңқырға сал.
Күрек пен су сепкішті орнына қой

Тапсырма№5.. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.
Газды жақ
Газға табаны қой
Жұмыртқа мен майды дайында
Табаға майды еріт
Жұмыртқаны жар
Жұмыртқаның қабықтарын таста
Жұмыртқаға тұз сеп
Жұмыртқаны 5 минут қуыр.
Газды өшір.
Сергіту сәті.
3
мин
Венн диаграммасын толтырады.
Рефлексия

V . Қорытындылау Тест тапсырмалары 3 мин
1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?
А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан
Б) Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан
В) әл-Фараби атының латынша айтылуынан
2. Алгоритм дегеніміз не?
А) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар
Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым
В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау
3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет
А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі
Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы
В) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы
4.Алгоритм орындаушыларына жатпайтынын көрсетіңдер:
А) Жазу үстелі
В) Адам
С) Ыдыс жуатын машина
Д) Робот
5. Кез – келген алгоритмнің соңғы бұйрығын көрсетіңдер
А) Бітіру
В) Алгоритмдегі іс –әрекетті аяқтайтын кез келген бұйрық
С) Соңы
6- тапсырма. Ребусты шешіңдер. 2 мин

VI. Үй жұмысы. Алгоритм және оның түрлері.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
VII. Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою. Сабақ аяқталды! Сау болындар!
Күнделіктеріне бағаны қойдырады.


Сергіту сәті




шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген