Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алгоритмді құру" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:Информатика

Мектеп: Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алипбаева А.Е.

Сынып: 8 А, Б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді құру.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

Алгоритм анықтамасын айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Алгоритм құрып,есептер шеше алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Есептер шешу үшін тармақталған және циклдік алгоритмдерді қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

Алгоритм анықтамасын айту

Алгоритм құрып,есептер шешу

Есептер шешу үшін тармақталған және циклдік алгоритмдерді қолдану.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: алгоритм типтерін тиімді пайдаланып,есептер шешеді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

есепті шешу, таңдау, тармақталу, цикл, құрылым

Талқылауға арналған сұрақтар:

Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритмнің неше түрі бар?

Блок-схема дегеніміз не?

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастық, өзара оқыту, өзін-өзі тану.

Пән аралық байланыс

Ағылшын тілі, Биология және дене шынықтыру (денсаулық сақтау технологиялары)

Алдыңғы оқу:

Алгоритм туралы біледі.

Жоспарланған уақыт:

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы




3 мин
















5 мин





Миға шабуыл: оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Математикалық модельді компьютерде алгоритмдік модель түрінде жүзеге асырған ыңғайлы. Ол үшін блок-сызба немесе псевдокод қолдануға болады. Мысалы, оқу алгоритмдік тілі алгоритмді құрастыру, алгоритмді жобалау тәсілін және жазу тәсілін таңдаудан; тестілеуді және тестілеу тәсілін таңдаудан; алгоритмді жобалаудан тұрады. Мақсаты – программалау кезеңіне дейін жобаланып жатқан алгоритмнің логикасының дұрыстығына көз жеткізу. Егер алгоритм жеткілікті болса, онда программалау процедурасы (программалау тілін жақсы білетін болсақ) аса қиындық туғызбайды.

Псевдокод – ал­го­ритм­ді ­бір­кел­кі ­жа­зуға ­ар­нал­ған ­бел­гі­леулер мен ­ере­же­лер ­жүй­есі.

Псевдокод табиғи тілге ұқсас, сондықтан алгоритм қарапайым мәтін ретінде жазылып, оқыла алады. Псевдокодта кейбір формалды құрылымдар және математикалық символика қолданылады. Мұның барлығы алгоритм жазбасын жалпы қабылданған математикалық жазбаға жақындатады.

Анықтама. Алгортим- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.

Алгоритм құруға мысалдар: Жолдан өту ,қалааралық телефонмен байланысу, қазынаны іздеу, т. б. келтіруді ұсынуға болады. Күн тәртібі, шай қайнату, үй тапсырмасын орындау, компьютерде ойнау, футбол ойнау, шахмат ойнау, т. б. алгоритмдерді талдап мысал келтіруге болады.

Мысал: Студент болу үшін алгоритмнің мынадай қадамдарын орындау керек:

1. Орта мектепті бітіріп ,аттестат алу.

2. Ұлттық бірыңғай тест бойынша сынақ тапсыру.

3. Тест қорытындысы бойынша жинаған балл көрсетілген құжаттарды конкурсқа тапсыру

4. Конкурстан өту.

Қима қағаздар,




BilimLand.kz


Сабақтың ортасы

2 мин























Практикалық жұмыс

мысал: Екі А және В сандары берілсін. Екі санның үлкенін

табу программасы мен блок-схемасын құрайық.

Program_1;

var a,b,y:real;

begin

readln(a,b);

if a>b then y:=a else y:=b;

writeln(‘y:=’,y);

end.

2.Кез-келген санның оң немесе теріс екенін анықтайтын программасын

және блок-схемасын құр

Program;
Var a: real;
Begin
Write(‘vedite a’);
read(a);
if a>=0 THEN write(‘a
 он сан’) else write(‘а терис сан’);
end.

Топпен жұмыс

І-топ. Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық

сөзін, 25 градустан  жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан

төмен болса, “суық” сөзін  экранға шығару керек.

program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write(‘
 ыстык ‘) else
if t>=25 then write(‘
 калыпты  ‘) else write(‘суык ‘);
writeln(‘t=’,t);
end.

ІІ-топ. Екі сан А,В берілген. Егер А<В теңсіздігі орындалса, онда

олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін

басып шығарыңдар.

Program;
Var a, b, y : real;
Begin
readln(a, b);
if
 А<В THEN  y:=a+b  else y:=a*b;
writeln(‘y:=’,y);

end

оқулық, интерактивті тақта, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, смайликтер.


Сабақтың соңы

2 мин



Кері байланыс

«3Қ» әдісі. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын, ұсыныс-тілектерін үш «қ» дыбысы бойынша қорытындылап, жазып жеткізеді.

Маған қиын болды.

Маған қажет болды.

Маған қызық болды.

Рефлекцияны оқу

стикерлер

Үйге тапсырма

1 мин

5.2. тақырып.150 бет.


Бағалау

1мин

Журналға жазылатын комментарий жазылады


Қосымша ақпарат

Саралау

  1. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

  2. Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
672
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12