Алғыс – ізгі ниет»

Тақырып бойынша 19 материал табылды

Алғыс – ізгі ниет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс – ізгі ниет»
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектептің атауы

Сынып сағаты



Тақырып бойынша:

«Алғыс ізгі ниет»









(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ бойынша) жоспар сынып сағатының


Педагогтың ата жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сынып сағатының тақырыбы:

«Алғыс – ізгі ниет»

Қауіпсіздік сабағы:

«Кибербуллингтің түрлері. Әр адамның қауіпсіздігі неде және сіздің әрекеттеріңіздің алгоритмі ұандай болуы керек»

Сабақтың мақсаттары:

1.Жас ұрпаққа үлкенді сыйлау, Ата-әжелерден бата алу алқыс алудың жолдарын  ұғындыру;

2.Оқушыларымыздың рухани байлықтың көзі – алғыс сөздермен таныстыру.

3. «Рахмет», «алғыс айтамын», «өте тәнтімін» т.б сиқырлы  сөздерді жиі айтуға тәрбиелеу;


Құндылықтар тәрбиелеу

Тәуелсіздік және отаншылдық

Аптаның дәйексөздері

Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.Сабақтың басталуы.

0-5 мин


1.Позитивті эмоционалды қатынасты қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады


Мұғалімдерді қарсы алыңыздар. Өздерінің жұмыс орындарын ұйымдастырады, жеке оқу құралдарының болуын тексереді

Эмоциялық жағдайды бағалау

жай-күйлері







2. Сабақтың ортасы.

5 – 45 мин


Оқушылардың білімін өзектендіру

Қозғалысқа толы қала:

  Әуелде, көне түркі тілінде алғыс сөзі (алкыш – algis) деп аталып, «мадақтау, ізгі тілек айту» мағынасында қолданылған. Сондай-ақ, алкыш алғыс кейбір түркі халықтарында, мысалы, алтайлықтарда өтіну, жалбарыну, сахаларда әртүрлі рух иелеріне арналған мадақтау, жалыныш деген мағынада қолданылады. Мұны, әсіресе, ислам дінін қабылдамаған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, алғыстың түптөркіні алас, аластау сөзінен, онтологиялық тұрғыдан келгенде аластау ғұрпынан бастау алады. Аластаудың негізгі мәні жамандық әкелетін жәдігөй немесе озбыр күштердің ықпалынан құтқару екендігі белгілі. Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу. Демек, алғыс алас сөзінің уақыт келе сан алуан логикалық, морфофонологиялық және фонетикалық контоминациялық түрленістің нәтижесі болып табылады. Осы жайт алтайлықтардың алқыш деп аталатын фольклорлық жанрында көрініс береді. Бірақ алқыш қазақ тіліндегі алғыс мағынасында емес, бата-тілек ретінде қолданылады. Алайда алқыштың семантикасын алғыс төркінінің алас, аластау ұғымымен генетикалық байланысын айғақтау үшін әбден қолдануға болады.

 Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді.   Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, ол рух-иеге немесе басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғыс-ын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға ізет көрсетіп, сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. алғыс тұрмыспен, ғұрыппен тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданысқа көшкен.

Қазақ алғысты нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл қош болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.

Сахаларда үлкен тойлар мен қуанышты жиындар басталмас бұрын Алғысшылар әртүрлі рух-иелерге, құдіретке қарата көлемді алғыс айтатын болған. Ондай алғыстардың құрылымы да біршама күрделі: бірталай рух-иені, кереметтерді мадақтаған кіріспеден, содан соң, соларға бағышталған тоғыз түрлі жалыну, жалбарынудан, одан кейін, қорытынды өтініштен тұрады. алғыс айтылған соң сол құдіреттерге арнап қымыз шашады.

Мұндай көнелік белгі қазақ алғысында жоқ. Жалпы, қазақ алғысы өзінің байырғы мән-мағынасын, әлеуметтік- тұрмыстық қызметін жоғалтумен бірге, жеке бір жанр ретінде де қызмет етуден қалған болуы ықтимал. Оның себебі көп: біріншіден, ислам дінін ертерек қабылдаған қазақ халқы бұрынғы алғыс сөзін бата сөзімен алмастырып, алғыстың мән-мағынасын көшірген, сөйтіп, күнделікті өмірде алғыс айтудың орнына «бата беру» орныққан. Байқайтынымыз: алғысты риза болған жақ өзі айтса, батаны екінші жақ көбінесе «Батаңызды беріңіз!» деп сұрап алады. Екіншіден, алғыс ұғымында ризашылық белгісі сақталған, ол туралы қазақ паремасында «Алтын алма, алғыс ал!» деп келетін мәтелде алғыстық сакральды сипатын байқауға болады. Себебі, қазақ  ұғымында алғыс алған адамды Тәңір жарылқап, оның құты көбейеді, ырысы артады деп сенген (толығырақ қ. Бата). алғыстың мазмұны көбіне тілек түріндегі білдіріледі: Алла риза болсын! Көп жаса! Өмір жасың ұзақ болсын! Бақытты бол, Тең құрбыңның алды бол! және т.б.

М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір. Сонымен, дәстүрлі қазақы алғыс белгілі бір жанның жасаған жақсылығына (рухани, материалдық, институционалдық және т.б.) деген ризашылықтың когнитивтік образы болып табылады. Демек, жасалған жақсылықтың рухани қайтарылымы іспеттес алғыс-ты дәстүрлі ортадағы әлеуметтік байланысты нығайтудың ілкімді принциптерінің бірі деуге болады.

 

Қазақ елінде алғыс  небір кереметтері айтылған екен-ау!

Жаңалық пен жақсылыққа “құтты болсын айту”, қаза мен қайғыға “арты қайырлы болсын” деп көңіл айту – қазақтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы. Жолаушыны келгенде “қош келдіңіз, аман жеттіңіз” деп қарсы алу, кеткеңде “жолыңыз болсын, аман жетіңіз” деп, ақжол айтып шығарып салу жаңа салтымызға да жат емес. “Жақсы сөз – жарым ырыс” деп, тілектестік сөзге бөлек орын берген. Халқымызда мұндай бата, алғысты бейнелейтін шешендік сөздің сан алуан түрі бар. Мәселен, қазақ халқы “ас адамның арқауы”, “астан ешкім үлкен емес” деп заттық игіліктің адам өміріңдегі шешуші мәнін дұрыс танып, астың алды-артында жақсы тілек, игі ниеттерін білдіретін болған:

Дастарқаннан ас кетпесін,

Бастарыңнан бақ кетпесін,

Кетпес ырыс, кең пейіл берсін.

Балаларың көп болсын!

Бақыттары баянды болсын!..

деп келетін қазақтың бата, тілек, алғыстары – сонау ескі дәуірден қазірге дейін құнын жоймай келе жатқан, халықтың үміті мен келешекке сенімін білдіретін жарқын ниет, игі тілектерінің куәсі. “Алғыспен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп елдің алғысын, үлкеннің батасын алуды қазақ жоғары бағалаған.

·                 Күлкіден айырмасын!

·                 Адалынан берсін!

·                 Көш-көлікті болсын!

·                 Ауызбіршілік болсын!

·                 Торқалы той болсын!

·                 Алла абырой берсін!

·                 Талабың өссін!

·                 Сапарың сәтті болсын!

·                 Ел-жұрт аман болсын!

·                 Құдай сәтін салсын!

·                 Ақ мол болсын!

·                 Мұратыңа жет!

·                 Ғұмырлы-бақытты бол!

 ҚОРТЫНДЫ СӨЗ 

 Мұғалім сөзі: 

- Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


Қауіпсіздік сабағы;

«Кибербуллингтің түрлері. Әр адамның қауіпсіздігі неде және сіздің әрекеттеріңіздің алгоритмі ұандай болуы керек»


Оқушылар мұғалімді тыңдайды











Дескриптор:

Тыңдайды және сұрақтарға жауап береді



















































Дескриптор:

Балалар сурақтарға жауап береді



























Дескриптор:

Тыңдайды және сұрақтарға жауап береді



































Дескриптор:

Тыңдайды және сұрақтарға жауап береді
























































Оқушылар мұғалімді тыңдайды












































































































































Суреттер


















Суреттер



















Суреттер































































































































































































https://www.youtube.com/watch?v=T1uPlZeHCGE

е3. Сабақтың соңы.

40 - 45 мин


Рефлексия жасау.

-Біздің әңгімеміз әрқайсыңыз үшін пайдалы болды ма?

- Сені не туралы ойлануға мәжбүр етті?


Бағалауды ұсынады .


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, сабақтағы іс-әрекетін бағалайд






Рефлексияға арналған суреттер.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
61
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі