Материалдар / «Алғыс – ізгі ниет» «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар»

«Алғыс – ізгі ниет» «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алғыс – ізгі ниет» «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар»
Авторы:
20 Ақпан 2025
51
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Іс-шараның тақырыптары:

«Алғыс – ізгі ниет» «Қақтығыс жағдайындағы қарапайым қадамдар»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife tiktok

Күні:


Сынып:

5 « »

Сабақтың мақсаттары:

-ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
-
оқушыларды қақтығыс кезіндегі қарым-қатынас негіздерімен таныстыру.

Құндылық :

Тәуелсәздік және отаншылдық

«Патриотизм-ата-анаңды құрметтей білуің...» Б.Момышұлы

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру

































Ұйымдастыру: достық шеңберін құру

Оқушылар бір біріміздің қолымыздан ұстап, бір бірімізге жасаған жақсылығымызды есімізге түсіре отырып алғыс айтып өтеміз

Әңгімелесу
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.




Сахналау
І-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
Дәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.
Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/
Дәптермен жұмыс

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..



Қорытындылау
-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.




Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.




https://youtu.be/HydtsfH3HUU?si=Q5u59N0lsZn4HMmE


алғыс (аудио)














ҚС:

Shape1
Сабақтың мақсаты: оқушыларды қақтығыс кезіндегі қарым-қатынас негіздерімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Өз көзқарасын білдіру қабілетін дамыту.

  2. Адамгершілік қасиеттерді дамыту: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықты үйрету.

  3. Оқушылардың өзара сыйластық, өзін-өзі бағалауды дамыту.

Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрация, проектор, проекциялық экран, дербес компьютер.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут)

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. Негізгі бөлім (6 минут)

Ұғымдарды түсіндіру:

Мейірімділік Көңілсіздік.

Бір-бірін түсінбеу. Достық қарым-қатынас.

Көңіл күйдің төмендеуі, көңілсіздік.



Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау

Өткен тақырыпты қайталау.

Достық туралы мақал-мәтелдер дайындау.

Пайдалы сілтемелер:




Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/RCA_wFW-mSo?si=KDrq73ETmvPJat6H

https://www.youtube.com/watch?v=KTxqDfaQAvc&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=16




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі