Материалдар / «Алғыс – ізгі ниет» «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?»

«Алғыс – ізгі ниет» «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Алғыс – ізгі ниет» «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?»
Авторы:
20 Ақпан 2025
49
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Іс-шараның тақырыптары:

«Алғыс – ізгі ниет» «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қалай қамтамасыз ету керек?»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife tiktok

Күні:


Сынып:

11 « »

Сабақтың мақсаттары:

-ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
-
қауіпсіз еңбек туралы ақпарат беру, оны қамтамасыз ету жолдарымен таныстыру.

Құндылық :

Тәуелсәздік және отаншылдық

«Патриотизм-ата-анаңды құрметтей білуің...» Б.Момышұлы

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар

Ұйымдастыру

































Ұйымдастыру: достық шеңберін құру

Оқушылар бір біріміздің қолымыздан ұстап, бір бірімізге жасаған жақсылығымызды есімізге түсіре отырып алғыс айтып өтеміз

Әңгімелесу
-Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-Адам өзінің ризашылығын,алғысын қандай сөздермен білдіреді?
-Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
-Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
- Сендер қандай жағдайларда алғыс айтып жүрсіңдер?
-Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Балалардың жауаптары тыңдалады.




Сахналау
І-топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау
ІІ-топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
Дәйексөз. «Өмірге риза болып,алғыс айт » “Адам өз ісіне қанағаттанып,сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді.
Өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.”
-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып,риза болады.Қолындағы барын қанағат тұтып,осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді.Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді,өмірді,өмірде барды бағалаудан басталады.
Видео ролик./ата-аналардың балаларына айтқан алғыс сөздері/
Дәптермен жұмыс

Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу…
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..



Қорытындылау
-Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін ,көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін,жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.




Алғыс –адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі.




https://youtu.be/HydtsfH3HUU?si=Q5u59N0lsZn4HMmE


алғыс (аудио)














ҚС:

Сабақтың мақсаты: қауіпсіз еңбек туралы ақпарат беру, оны қамтамасыз ету

жолдарымен таныстыру.

Негізгі міндеттері:

  1. жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартын талқылау;

  2. жұмыскердің құқы мен міндеттері туралы еңбек кодексіне тоқталу;

  3. еңбек қауіпсіздігі тұрғысында жұмыскерге жүктелген талаппен таныстыру.

Материалдар мен ресурстар:

Еңбек кодексі.

Инфографика жасауға арналған ватмандар, маркерлер, суреттер.

Сабақтың барысы

    1. Кіріспе (2 мин)

Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және

«Қауіпсіз еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық еңбек ұйымы еңбекті қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогті, қызметкерлердің осал санаттарын әлеуметтік қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді, оның тұрақты даму стратегиясына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді.

    1. Негізгі бөлім (6 мин):

Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:

  • қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;

  • технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жетілдіру.

Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық- техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Еңбек шартын жасасқан кезде жұмыскер өз еңбек функциясын қандай еңбек жағдайында атқаратыны және бұл жұмыс оның денсаулығына, өміріне қандай зиян тигізетіні туралы толық мәлімет алып, жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарына қатысты жүргізілген аттестация қорытындысымен толық танысуға құқылы.

Жұмыскер мен жұмыс беруші еңбек шартын жасасқан кезде екі тарап та өзара келісу негізіндегі әдісті қолдана алады. Жұмыс беруші нақты өз талаптарына сәйкес келетін жұмыскердіқабылдауға құқылы, ал жұмыскер көрсеткен қызметі үшін өзіне тиімді еңбекақы төлеуді талап етуге құқылы. Жұмыскердің құқықтары мен міндеттері Еңбек кодексінің 22-бабында ескерілген. Еңбек қатынастарына түскен әр адам осы заңды мұқият оқып шықса, өзіне жақсы.

  1. Қорытынды. Сабақты қорытындылау, еңбек тақырыбына мақал- мәтелдер

айту:

Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=OhIfjkuMghn-2-vr https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=H4966mKInWa91l_R




Пайдалы сілтемелер:

https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=OhIfjkuMghn-2-vr https://youtu.be/DpMSqGKZBno?si=H4966mKInWa91l_R




Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі