Сабақтың
басы
|
Сәлемдесу:
Армысыздар, қымбатты
оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!
Барлықтарыңыздың
жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!
Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау:
|
Оқушылар жұдырық түйістіру
арқылы бір біріне достық ықыластарын
білдіреді.
|
|
Көңілді
әуен
|
Сабақтың
ортасы
|
Тақырыпты
таныстыру:
Мұғалім «алғыс» ұғымын
түсіндіреді.
Сұрақ: «Сіз соңғы рет кімге
және не үшін алғыс айттыңыз?»
Негізгі
бөлім
1. «Алғыс айту – ізгілік
белгісі» әңгіме-дәрісі
Мұғалім алғыс айтудың пайдасы
туралы қысқаша түсінік береді.
Қазақтың «Жақсылық етсең,
қайтарымын күтпе» деген мақалын талқылау.
Топтық
жұмыс
Оқушылар 3 топқа
бөлінеді:
1. «Отбасыда алғыс» –
ата-анаға алғыс айту
2. «Достарға алғыс» – достарға
ризашылық білдіру
3. «Қоғамға алғыс» –
ұстаздарға, еліне, табиғатқа алғыс
Шығармашылық
тапсырма:
«Менің алғыс хатым» – оқушылар
кімге алғыс айтқысы келетінін шағын хат түрінде
жазады.
|
Оқушылар өз жауаптарын ортаға
салады.
Оқушылар ойынға
қатысты
Топтар өз тақырыптары бойынша
постер дайындайды және қорғайды.
Әр жағдаят бойынша оқушылар өз
шешімдерін айтады.
|
Оқушылар бірін -бірі
бағалайды
|
Ақ қағаз,
фломастерлер
|
Сабақтың
соңы
|
Қорытынды
бөлім
1. «Рақмет айту»
ойыны
Әр оқушы қасында отырған
досына, мұғалімге немесе ата-анасына алғыс сөздерін
айтады.
2.
Рефлексия
«Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?»
деген сұраққа жауап беру.
|
Оқушылар ақ қағазға өз
ойларын қысқаша жазады
|
Шығармашылық тапсырма
бойынша ауызша пікір айту.
|
Ақ
қағаз
|
Қауіпсіздік
сабағы
10
мин
|
Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын түсіндіру Психологиялық
дайындық:«Отбасы – сенім мен
қауіпсіздіктің тірегі» атты қысқа мотивациялық
әңгіме. Оқушыларға
сұрақтар: «Сіз ата-анаңызға қаншалықты
сенесіз?»
«Маңызды шешім қабылдағанда
кімнен кеңес сұрайсыз?» Тақырыпты
таныстыру:
Мұғалім сабақтың тақырыбын
жариялап, отбасы сенімінің бала өміріндегі рөлін
түсіндіреді. Негізгі
бөлім 1. Ата-аналарға сенімнің
маңызы:
Отбасы – баланың ең сенімді
ортасы.
Сенімді қарым-қатынас балаға
эмоционалдық қолдау береді.
Ата-аналар өмірлік тәжірибесі
арқылы дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Ата-анаға сену – баланың өзін
қауіпсіз сезінуіне ықпал етеді.
2. Ата-анамен дұрыс
қарым-қатынас орнату жолдары:
Ашық сөйлесу және ой-пікірмен
бөлісу.
Қиындық туындағанда жасырып
қалмау.
Ата-ананың кеңесін тыңдау және
құрметтеу.
Өз сезімдері мен ойларын
сыпайы жеткізу.
3. Маңызды шешімдерді
қабылдауда ата-анамен кеңесудің
пайдасы:
Дұрыс бағыт
алу.
Қателіктерден
сақтану.
Эмоционалдық қолдау
алу.
Болашаққа сенімді
болу. Топтық
жұмыс: 1-топ: «Сенім көпірі» – ата-ана мен
бала арасындағы сенімді нығайту жолдарын
ұсынады. 2-топ: «Отбасылық кеңес» – өмірде
кездесетін маңызды шешімдерді талқылап, ата-ананың көмегін
көрсетеді. 3-топ: «Қиын жағдайдан шығу» –
отбасымен сенімді қарым-қатынас болмаған жағдайда қандай қиындықтар
туындауы мүмкін екенін сипаттайды. Ситуациялық
тапсырмалар:
Мұғалім оқушыларға әртүрлі
өмірлік жағдайларды ұсынады, олар ата-анамен кеңесу арқылы шешім
табу жолдарын талқылайды.
«Дұрыс-бұрыс»
ойыны – ата-анамен қарым-қатынасқа
байланысты бірнеше тұжырым оқылады, оқушылар олардың дұрыс немесе
бұрыс екенін анықтайды. Қорытынды
бөлім
1.
Рефлексия:
«Мен түсіндім...» әдісі –
оқушылар сабақтан алған негізгі ойларын
айтады.
2.
Қорытындылау:
Мұғалім ата-аналарға деген
сенімнің бала өміріндегі маңызын тағы бір рет атап
өтеді.
|
Оқушылар тақырып бойынша өз
пікірлерін айтады.
Сұрақтарға жауап
береді.
Топтық жұмыс
орындайды
|
Оқушылар бірін -бірі
бағалайды
Оқушыларды
мадақтайды
Топтық жұмыстағы
белсенділік.
Талқылаудағы ұсыныстардың
нақтылығы.
Сабақ соңындағы рефлексия
сапасы.
|
Презентация
Презентация, бейнематериалдар,
қауіпсіздік белгілері, үлестірме
материалдар
Суреттер
Видеороликтер
Жағдайлық тапсырмалар
парақтары.
Презентация (интернет
қауіпсіздігі туралы).
|
Сабақтың
соңы
|
Оқушылар біз бүгін
сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой
бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз
өмірлік азық болады деп тілеймін .
|
Барлығы бүгінгі сабақта алған
әсерлерімен бөліседі.
|
Бүгінгі сабаққа белсенді
қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп,
мадақтау.
|
|