Алғыс айту күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне концертке, сынып сағатына арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алғыс-ізгі ниет!

1 — жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
2 — жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар!

«Алғыс-ізгі ниет!» атты алғыс айту күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

1 — жүргізуші: Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Тұңғыш ел басымыз Н.Ә.Назарбаев барлық ұлттың бір — біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.

2 — жүргізуші: Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады.

1 — жүргізуші: Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

2 — жүргізуші:

Жарқырасын, жаныңыз,
Гүлдей жайнап бағыңыз!
Айтарым тек мың алғыс,
Атсын сәтті таңыңыз!


Жер — Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде
,

Өлең шумақтарына кезек береміз

1 — жүргізуші:  Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған

Халида апай мен Балнұр

2 — жүргізуші:
Ұстаздар!
Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұлдана апай мен Аяла

2 — жүргізуші
Қазаққа дархан рахмет!
Салт — санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.

Назерке апай мен Кәусар

«Бақыт деген»

2 — жүргізуші:
Данышпан да, данада оқып сенен,
Атақ даңқын асырған бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең – деп, ақындарымыз жырлағандай мектебіміздің жас ақындарына кезек берсек. Алғыс айту күніне
арнауларын оқыса.

Өлең шумақтарына кезек береміз

2 — жүргізуші: Алғыс — адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.

Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың берекелі боп өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Халық мақалында «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деп табиғаттың тамаша құбылысына теңеген екен. Әке – ұрпақ иесі, панасы, үй басшысы. Әке – бала үшін шыңы биік асқар тау.

Жансая «Әке» әні

2 — жүргізуші:
Мың алғыс, миллион алғыс аналарға!
Аты да, өзі де ұлы тұрар алда.
Отанмен, туған жермен теңесесің,
Нәр алған аналардан даналар да.

1 — жүргізуші:
Ана — әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Хор «Ана» әні

2 — жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй — деп,

Ән: «Жаяу»

Айнұр апай мен Айша

1 — жүргізуші:
Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін —
Ризашылық қой әр елде

«Өзбек» биі, Дильназ апай

2— жүргізуші: Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір — біріне құрмет білдіретін күн.

Хор 3-ші сынып

Жанат апайды құттықтау

1— жүргізуші:
Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп — көп рахмет!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
121
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі