Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алғыс айту" күніне арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі балаларға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты апайлар мен балалар!

«Алғысымыз шексіз» атты ризашылық күніне арналған мерекелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2016 жылғы 14 қаңтарда 1 наурызды «Алғыс айту күні» - деп жариялады. Тұңғыш рет Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.


-Бүгінгі ертеңгілігімізді бастамас бұрын ауылдық округ әкімі Ақылбек ағай мен балабақша меңгерушісі А.Иниятоваға сөз кезегін береміз.

-лебіздеріңізге көп рахмет.

Жүргізуші:

Жер-Анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

-Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке тағы кімдер және нелер лайықты деп ойлайсыңдар?

-Тізімді бірге құрайық!

-Бастысы – алғыс айта білу.

1. Анаға - өмір сыйлағаны үшін,

2.Әкеге – қорған болғаны үшін.

3.Күнге – шуағы мен назары үшін,

4.Досқа – құшағы мен жүрегі үшін,

5.Әжеге – ыстық алақаны үшін р а х м е т

Жүргізуші:

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Бүгінгі күн – нұрлы күн,

Жарық шашқан әлемге.

Ескеретін күн бүгін,

Ризашылық қой әр елде. – дей келе «Балдырған» тобы балаларының алғыс айту тақпақтарына кезек берелік.

Аяулым

Әуелі Аллаға рахмет!

Тірлікті мынау жаратқан.


Дильназ

Көз ілмей түн ұйқысын төрт бөлген,

Өзіңдей асыл жанды кім көрген.

Алғысым шексіз саған, жаным анам


Гүлсезім

Анаға шексіз рахмет!

Ақ сүт берген, толғатқан.


Гүлжайна

Әкеге айтам мың алғыс!

Ұрпақтар жібін тарқатқан.


Нұрлыайым

Бауырға туған рахмет!

Қолдаған, сүйген, жұбатқан.


Абылайхан

Ұстазға ұлы рахмет!

Нәрімен білім сусатқан.


Қ.Айзере

Балалық досқа рахмет!

Қуанған бірге мұңдасқан.


Марғұлан

Халқыма туған рахмет!

Шыңдаған, елге танытқан.


Дана

Қазаққа дархан рахмет!

Салт-санасын сіңірген.


Р.Айзере

Жеріме байтақ рахмет!

Таза ауа үшін сімірген.


Сырғалым

Барша әлем, саған рахмет!

Әр күнім үшін кешірген.


Ислам

Атама айтам мың алғыс!

Бабалар сөзін өрбіткен.


Құндыз

Әжеме айтам мың алғыс!

Мейірім төккен жүректен.


Бауыржан

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін рахмет


Айқош

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін рахмет.


Айсұлу

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін рахмет.



Жүргізуші:

Бірлігі мен ынтымағы халықтың,

Көгімізде жарқырайды жарық күн.

Ырыс,дәулет, бақыт үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн.!

Құрметті балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген қсиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.


Осымен «Алғысым шексіз» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар, көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

-сау болыңыздар!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
1322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12