Материалдар / Алғыс айту күніне арналған тәрбие жұмысы

Алғыс айту күніне арналған тәрбие жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту күніне арналған концерттік ьағдарлама,оқушылар мен ұстаздарға мерекелік шараларда өткізіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2021
435
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАҢҒЫСТАУ АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІ

ТӘРБИЕ САҒАТ

Алғыс білдіру - ең асыл қасиет













Ұйымдастырушылар: Мұратбаева Әйгерім

Оспанғалиева Анар





2021жыл





Алғыс білдіру - ең асыл қасиет

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар мен оқушылар!
«Алғыс білдіру-ең асыл қасиет» атты ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Талайды тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. Елбасы барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітті.

Осылайша, 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды «Алғыс айту күні»- деп жариялады.

Бүгінгі кешіміз Алғыс айту мерекесіне орай салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймыз


Алдарыңызда мектебіміздің оқушыларынан құралған Фальклорлық ансамбль.

Жетекшісі: Оспанғалиева Анар

Орындалатын шығарма: Папури

Жер - Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.


Біздің ойымызды өлеңмен толықтыру мақсатында Таңбаев Ілиясты

«ЖАСА қазақстан» әнімен ортаға шақырамыз.

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын мамандық, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.

Данышпан да, данада оқып сенен,
Атақ даңқын асырған бар әлемнен.
Ұстаз деген аяулы, асыл жанды
Жақсы көрем арнаймын жақсы өлең – деп, Өрен домбырашылар ансамбльін ортаға «Балбұлақ» күйімен қарсы алайық.


Оқушылардың әр тілдегі Құттықтауларын қарсы алыңыздар

Өнерпаздар жарысып сан - салалы,
Жиын десе, той десе ән салады.
Ұлағатты ұстаздардың құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады - дей келе

Нәби Мөлдірдің орындауында Ғ.Құрманғалиевтің әні «Әнші даусы»


Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс – әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беру.
Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезім.


Алдарыңызда
Биғалиав Ринат «турецкий марш» әнімен


Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған - дегендей алдарыңызда Серпер домбырашылар ансамблі.

Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй - деп, келесі кезекті

Жау жаңбыр әнімен

Жауынбай Жазылбекті қарсы аламыз.


Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін -
Ризашылық қой әр елде - дей келе, қосалқа күйімен алдарыңызда

Орынғали Еркеназ бен Әділова Айзере және де Жора Жансаяға кезек береледі.


Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.


Ноғаев Ақниеттің орындауында «Полонез»


Бірлігі мен ынтымағы халықтың,
Көгімізде жарқырайды жарық күн,
Ырыс, дәулет, бақыт үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн!

Алдарыңызда Қобызшылар ансабльі «Абай әндеріне папури»

Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар.

Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.


Алдарыңызда « Алғыс» әнімен мектебіміздің ұстаздары


Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.
Тарқамасын қызықтың шағы қызған,
Арта берсін бақ артып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді,
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан,- деп сөз кезегін Балалар өнер мектебінің директоры: Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызына береміз.


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Осымен «Алғысым шексіз!» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңыз үшін көп - көп рахмет!






























































«Балалар өнер мектебі»

Азанғали Інжу

8-сынып

Тақырыбы: «Ана мейірімі»





«Балалар өнер мектебі»

Азанғали Інжу







«Балалар өнер мектебі»

Азанғали Інжу








«Балалар өнер мектебі»

Азанғали Інжу







«Балалар өнер мектебі»

Азанғали Інжу








«Балалар өнер мектебі»

Азанғали Інжу


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ