Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алғыс айту парызым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғыс айту парызым!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Алғыс айту парызым!

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

8 –сыныптар: «Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны)

Мақсаттары

1.      Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.

2.      Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

3.      Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.


Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: саяхат кезінде төтенше жағдайларда (ТЖ) дұрыс әрекет етуге

және пайдалы әдеттерді дамытуға үйрету.


Қауіпсіздік міндеті

Негізгі міндеттер:

1. Балаларды төтенше жағдайлардың түрлерімен және олардың ерекшеліктерімен

таныстыру.

2. Төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі әрекеттерді (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және

т.б.) қарастырыңыз.

3. Балаларды саяхат кезінде төтенше жағдай жоспарын құруға үйрету.

Дәйексөз

Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...(Б.Момышұлы)

Құндылық

Жасампаздық пен жаңашылдық


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

I.  Өмірге риза болып, алғыс айт.

- Қайырлы күн, балалар!

- Көңіл күйлеріңіз қалай!

- Бүгінгі күніміздің қандай болғанын қалайсыздар?!

-Бүгін бізде ерекше күн, қуанышты күн.

- Ал неге ерекше күн? Ойланайық.

- Бүгін, балалар, 1 - ші наурыз Ризашылық және Алғыс айту күні екен.

- Ризашылық күні адамдар бір - біріне жылы сөздер, жақсы тілектер айту арқылы қуаныш, шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі. Бір - біріне алғыс айтады.

Ризашылық күні - балалар мен ересектердің жадында маңызды,жылы жарасымды, ерекше күн ретінде есте қалатын мереке.

Яғни, бұл нағыз - "Жан рақымының мерекесі".

.


Оқушылар ам-Балалар сендер білесіңдерме «Рахмет!» сөзі Испания тілінде «gracias», Украина тілінде «спасибі», Қырғыз тілінде «ыракмат»,Француз тілінде «merci», Африка тілі бойынша «dankie» - деп аударылады екен андасады.

презентация

Сабақ басы (13 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

«CАЯХАТ КЕЗІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР (ӨРТ,

ЖЕР СІЛКІНІСІ, СУ ТАСҚЫНЫ)»

Материалдар мен ресурстар

- ТЖ мысалдарымен таныстыру.

- ТЖ жағдайына арналған іс-қимыл жоспары бар үлестірме материалдар.

- Топтарда жұмыс істеуге арналған аймақ карталары.

- Карточкалар бойынша ТЖ жағдайларын талдау.

Сабақтың барысы

1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

2. Негізгі бөлім

Төтенше жағдайлар: дауыл, жер сілкінісі, жел, өрт, су тасқыны.

- Төтенше жағдайларды қандай 2 топқа бөлуге болатынын ойлаңыз?

Табиғи апат Адамның әрекетінен болатын

жағдайлар

жер сілкінісі химиялық заттармен улану

жел ұшақ апаты

дауыл кеме апаты

шабуыл өрттер

су тасқыны шабуылдар

Өрт

Өрт – бұл бақылауға алынбайтын жану үрдісі, адам өмірі мен денсаулығына,

материалдық құндылықтарды жоюға қарай сүйемелдейтін тілсіз жау.

Өрттің негізгі әсер етуші факторлары:

қоршаған ортаның жоғары температурасы;

түтін құрамында улы заттар бар;

түтін салдарынан көрінудің жоғалуы.

Өрт кезінде не істеу керек:

Өрт кезінде 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Өрт сөндіру: эвакуация, өрт шығу жолдарын пайдалану.

Су тасқыны: биік жерлерді іздеу, жертөлелерден аулақ болу.

Жер сілкінісі: күшті заттардың астында баспана, ашық кеңістікті пайдалану.

Топтық жұмыс: нақты сценарий үшін төтенше жағдай жоспарын құру.

Педагогтің бұйрығымен балалар орындарын ауыстырып, орындарына оралады.


3. Қ«Есте сақта!»

Өрт күзеті 101

Полиция 102

Жедел жәрдем 103

Төтенше газ қызметі 104,112

Бірыңғай құтқару қызметі 112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық

зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы,

баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне

және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел

топтарымен байланыста.

111

Төтенше жағдайда тез, мұқият әрекет ету керек, қырағы және сақ болу керек.орытынды

- Сабақты қорытындылау.

- ТЖ жағдайына арналған іс-қимыл жоспары бар жадынамаларды тарату.


Оқушылар тыңдайды




«Сөйлемді аяқта» ойыны

«Сөйлемді аяқта» ойыны бізге осы ережелерді есте сақтауға көмектеседі.

Өрт болғанда 101

Сіріңке балаларға ойыншық емес

Өр пен түтіннен қашу керек

Полиция нөмірі 102

Жедел жәрдем нөмірі 103

Түтін шыққан бөлмеде еңкейіп жүру керек

Хлормен ластану қаупінен қашу жердің төменгі бөлігінде

ТЖ кезіндегі ережелер

Команда бойынша сізге қажет:

1. Таңғышты кию.

2. Портфельдер/сөмкелер алу.

3. Белгіленген нүктеге өту.

4. Орнына оралу.

суреттер

 

















Пайдалы сілтемелер:




https://drive.google.com/file/d/19wpRcA_4fC0LL70sxwitJ7bs0-7zZIBq/view


https://drive.google.com/file/d/1Evig09Ds3VRYA6K5uSMFkNUqjpkj9abH/view


https://youtu.be/HBgZoMfOcIE?si=EZJu9AyOvXc6UNRO


Сабақтың ортасы

II. Үлкенге құрмет, кішіге ізет!

- Ал кәне балалар бәріміз жайланып отырып, көзімізді жұмып өздеріңнің отбасыларыңды, үйлеріңді көз алдылырыңа елестетіңдер...

Үйіміз қандай, әдемі, бөлмеміз жайлы жинақы, әр нәрсе өз орнына қойылған. Асқар таудай атамыз, мейірімді әжеміз, ақылды әкеміз, қамқор анамыз, ағамыз, әпкеміз, ініміз дастархан басына жиналыпты. Бәрі саған мейірлене, сүйіспеншілікке, жылылыққа толы көздерімен қарайды. Қандай тамаша! Бәрі бақытты, көңілді!

- Ал енді жайлап көзімізді ашайық, ойларыңмен, сезімдеріңмен бөлісейік.

- Балалар, міне әркім өз отбасымыздың көңілді, бақытты сәттерін еске түсірдік.

Отбасы тәрбиенің - ұясы. Отбасында татулық пен бірлік болып, үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсетіліп тұрса, бұл отбасының шаңырағын берекелі шаңырақ деп жатады.

- Ал, балалар, шаңырақ дегеніміз не?

- Осы шаңырақта кімдер тұрады?

- Шаңырақ - үлкен әкенің үйі - барлық балалары  үшін үлкен үй - қара шаңырақ деген ұғымды білдіреді.

Шаңырақ - бүкіл отбасын біріктіретін үлкен үй, киелі ұғым!

-Ал отбасы мүшелері кімдер екен?

 Атам-ақыл бағбаным,                                                        Ағам-қамқор,асқарым,

Әжем-асыл ардағым.                                               Інім-мөлдір аспаным.

Әкем- өмір тірегім,                                                 Қарындасым-қанатым

Анам-күнім,жүрегім.                                             

Постер құрау «Алғыс айтамын сізге»    

Ал енді балалар қазір біз шағын шығарма жазамыз «Алғысым шексіз»


Ата - әжелеріміз, ата - аналарымыз бар, біздер бақыттымыз. Бүгінгідей тәуелсіз егемен елде қайғы - қасіретсіз, еркін, бейбіт өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек. Үнемі алғысымызды айтып жүруіміз қажет.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі үлкен кісілерге қамқорлық, мейірімділік, сүйіспеншілік пен құрмет, сыйластық таныта білу екен.

(Балалардың ойларын ортаға салу.)

1.      Жасы үлкен кісілерге құрмет көрсету, сыйлау, біздің міндетіміз. Өйткені үлкендер бізге өнеге көрсетеді, жақсы сөздер өсиетайтып тәрбиелеп өсіреді.

2.      Үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге ізттілік, көмек көрсету - әдептілікке жатады. Сондықтан да, "Сіз деген әдеп, біз деген көмек" - деп тегін айтылмаған.

3.      Жасы үлкенге құрмет көрсету біздің ата - дәстүріміз. Өзіңді өмірге келтіріп, аялап өсірген ата - ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау - болашағымызды сақтау мен бірдей. Сондықтан үлкенді сыйлап, құрметтеу керек.


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

III. Бірлігіміз жарасқан -

       Таусылмайтын жыр дастан.

- Балалар, біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?

- Мемлекетіміз қалай аталады?

- Біздің мемлекетіміз қандай мемлекет?

- Тәуелсіз, зайырлы, көпұлтты мемлекет..

- Міне, балалар бұдан бірлігіміз бен ынтымағымыз, татулығымыз жарасқан егеменді ел екенімізді көруге болады. Бүгінде ұлт көшбасшысы Н. Әбішұлының саясаткерлігі мен көргендігінің арқасында күннің шуағына бөленген бір шаңыраққа бірігіп "Қазақстан" - деген алтын ұяда татулықпен, достықпен бейбітшілікті сақтап бақытты өмір сүріп отырмыз!


Хор бірлігіміз жарасқан

презентация




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
72
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11