2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Алғыс-ізгі ниет

Алғыс-ізгі ниет

Материал туралы қысқаша түсінік
3 наурыз күні болатын Тәрбие сағаты мен Қауіпсіздік мақсаты бар жоспар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:



Сабақтың тақырыбы:

«Алғыс – ізгі ниет»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

24-САБАҚ

10–сыныптар: «Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді жіберу қауіп»

Сабақтың мақсаты:

Алғыстың мағынасын түсіну және оның өмірдегі рөлін анықтау.

Отанға, туған жерге ризашылық білдіруді үйрену.

Өзіндік ой-пікірін жеткізуге дағдылану.

Қауіпсіздік мақсаты :

Сабақтың мақсаты: оқушыларды кибербуллинг және кибергруминг туралы хабардар ету

Қауіпсіздік міндеті:

Негізгі міндеттер:

1. Кибербуллинг және кибергруминг туралы ақпарат беріңіз.

2. Оқушыларды жеке қауіпсіздікті сақтауға үйрету

Дәйексөз

Патриотизм – ата-анаңды құрметтей білуің...(Б.Момышұлы)

Құндылық

Тәуелсіздік және отаншылдық айы

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

- Психологиялық ахуал қалыптастыру.

- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді түсіндіру.

- Мұғаліммен амандасады.

- Сабаққа дайындалады.

- Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Компьютер





Сабақ басы (10 мин)












ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

«Бейтаныс адамдарға жеке фотосуреттерді жіберу қауіп»


Жеке деректердің таралуы – Суреттеріңіз үшінші тұлғалардың қолына түсуі және сіздің рұқсатыңызсыз таратылуы мүмкін.

Фишинг және алаяқтық – Кейбір алаяқтар фотоларды пайдаланып, сізді немесе сіздің жақындарыңызды алдауға тырысуы мүмкін.

Бопсалау (шантаж) – Сіздің фотоларыңызды өзгертіп немесе бұрмалап, оларды сізге зиян келтіру үшін пайдалануы мүмкін.

Цифрлық із – Интернетке жүктелген кез келген сурет кейіннен жойылса да, оны басқа біреулер сақтап қалуы мүмкін.

Қауіпсіздік кеңестері:

Жеке және құпия фотоларды тек сенімді адамдармен бөлісіңіз.

Әлеуметтік желілердегі жеке өмірге қатысты баптауларды тексеріп, реттеңіз.

Бейтаныс адамдарға сурет жібермес бұрын ойлану қажет.

Күмәнді сұраныстарға жауап бермеңіз және қажет болған жағдайда блоктау функциясын қолданыңыз.









тыңдайды
















Пайдалы сілтемелер:












Ортасы (30 мин)


Алғыс айту күнінің Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен сәйкес келуінде үлкен мән бар. Оған себеп ата-бабамыз бастан кешірген, ауыр нәубет жылдары.


Тарих беттерін ақтарсақ, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес үкіметі көптеген халықты күштеп көшіруге шешім қабылдады. Одан соң корей диаспорасын да айдауға салып, біздің елімізге басқа да ұлт өкілдерін жер аударып отырды. 1946 жылы Кеңес одағында жер аударылғандардың саны -2,5 миллионға жеткен. Ал ішінде біздің елге қоныс аударғандар саны 1 миллион 200 мың адам. Кейін өзге ұлт өкілдеріне өз отандарына қайтуға рұқсат беріледі. Дегенмен көбі қазақ жерінде қалып қойды. Содан бері Қазақстан үшін еңбек етіп келеді.


2015 жылдың 22 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуді ұсынған болатын.

Алғыс айту – адамдардың бір-біріне деген ризашылығын білдіруі.

1 наурыз – Алғыс айту күні Қазақстандағы барлық халықтар арасындағы достықты нығайту үшін белгіленген.

Бұл күн елдің дамуына үлес қосқан ата-бабаларымызға, тарихи тұлғаларға, туған жерімізге алғыс айту күні болып саналады.


Шығармашылық тапсырма:


1-тапсырма: «Еліме алғыс» атты өлең шығару. «Синквейн»әдісі бойынша шығару

2-тапсырма: «Елімізге, жерімізге, халқымызға алғыс» тақырыбында хат жазу.

3-тапсырма: Постер жасау ( Елім үшін алғыс,жерім үшін алғыс,күнім үшін алғыс ,суым үшін алғыс ,орманым үшін алғыс.)тақыптарн ашық постер жасау



Оқушылар тыңдайды



























Шығармашылық тапсырманы орындау










Соңы


(2 мин)




"Менің алғысым" (әр оқушы бір ауыз сөзбен кімге, не үшін алғыс айтатынын жазады).

"Алғыс айту арқылы не өзгеруі мүмкін?" сұрағы бойынша ой бөлісу.

Бағалау

Өзін-өзі және өзара бағалау.

Мұғалімнің кері байланысы.





"Алғыс айту арқылы не өзгеруі мүмкін?" сұрағы бойынша ой бөлісу.

презентация













28 Ақпан 2025
202
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі