400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Алғысым шексіз

Материал туралы қысқаша түсінік
алғыс айту күніне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» 

Жатақхана меңгерушісі    

_________Джусипова Ю.К.  

«25» _02_ 2025 ж.



  













ТӘРБИЕ САҒАТЫ


Тақырыбы: «Алғысым шексіз!»







 









Жауапты: Қалдыбаева А.Т














Шымкент 2025





Тақырыбы: «Алғысым шексіз!»

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты: 25.02.2025 ж.

Тәрбиеші: Қалдыбаева А.Т


«Болашақ» тобы


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Мақсаты: 

Оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; «Алғыс айту күні» ұғымының мағынасын ашу, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, өлең, презентация, маркерлер


Тәрбие сағатында қамтылатын білім беру құндылықтары

  • Құрмет

  • Ашықтық

  • Адалдық

  • Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер

Құндылықтар


  • «Skillfolio» курсынан  алынған тәжірибені қолдану;

  • Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Ресурстар

Интернет ресурстары, слайдтар, бейнежазбалар

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Тәрбие сағаты барысы

Басы


Тақырыпты ашу

5 мин























Жаңа білім

10 мин































Ортасы

20 мин

Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.


Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Жарайсыңдар, балалар, олай болса тәрбие сағатымызды бастайық.


Қызығушылықты ояту. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, төмендегі сұрақтарға жауап берейік.

  • Алғыс дегеніміз не?

  • Алғыс айту неліктен маңызды деп ойлайсыңдар?

  • Айналамыздағы адамдарға қаншалықты жиі алғыс айтамыз?

  • Сендерге кім, қандай жағдайда алғыс айтты?

  • Өздерің соңғы рет кімге, не үшін алғыс айттыңдар?

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.

Жалпы «Рахмет!» сөзі ағылшын тілінде «thank you», испан тілінде «gracias», украин тілінде «спасибі», қырғыз тілінде «ыракмат», француз тілінде «merci» деп аударылады екен.


Қазір барлығымыз бірге Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Не деу керек?» өлеңін оқиық.


Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

«Рахмет» деу керек.


- Балалар жүр көшеде

Естіледі айқай - шу.

Сен де шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

«Кешіріңіз» деу керек.


- Әжең сенің түскі асқа

Қант - кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол.

Жөн еді не айтқаның?

«Рұқсат па» деу керек.


- Добын апар Назардың

Деді ағаң, бармадың.

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың.

Сен қай сөзді айтпадың?

«жарайды» деу керек.


«Жақсылық қылсаң өзіңе» бейнеролик тамашалау. https://youtu.be/MaiaXJbl7pY?si=WyasKl8Nm7JTgNLp


«Алғысым шексіз!» ұялы телефон арқылы сөйлесу сәті. Қазір біз тікелей байланысқа шығып, келесі адамдарға алғыстарымызды айтайық.

  1. Президентке алғыс

  2. Мұғалімге алғыс

  3. Мектеп қызметкерлеріне

  4. Досына алғыс

  5. Ата-анаға алғыс


«Автограф» ойыны. (Әр оқушыға артына қағаз бекітіледі. Осы қағазға басқа оқушылар алғыстарын жазуы қажет)



Қорытынды

5 мин

Оқушылар, жақсылық пен алғыс егіз ұғым. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.


Кері байланыс

Іс-шарадан алған әсерлерімен бөліседі.









































Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақхана қабырғасында өткізілген «Алғысым шексіз!» тәрбие сағатының

есебі


Өткізілген орны:

Өткізілген уақыты: 25 ақпан 2025 жыл

Қатысқан топ: «Өркен»

Жауапты тәрбиеші:  Дуйсебаева Д.А.


2025 жылдың 25 ақпанында «Өркен» тобының оқушыларымен «Алғысым шексіз!» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларды әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 1 наурыз «Алғыс айту күні» ұғымының мағынасын ашу, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Тәрбие сағатының барысында оқушыларға алғыс айтудың адам өміріндегі рөлі туралы кеңінен айтылып, маңызы түсіндірілді. Берілген тапсырмаларды белсенділікпен орындап, тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. Сабақ барысында оқушылар алтын ұя мектебіне, ұстаздарына және ата-аналарына қоңырау шалып, өз алғыстарын білдірді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 мамыр
58
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі