Материалдар / Алихан Бокейхан Алаш козгалысы

Алихан Бокейхан Алаш козгалысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
348
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы

Радиотехника және байланыс коллледжі

 

Бағыты:Социалды бағыт

                           Тақырыбы: Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысы

 

 

 

 

 

                                                                           

 

 

                                                       

                                                                                                                Авторы: Думанқызы Әйгерім

                          Мамандығы,курсы: Телекоммуникациялық жабдықтар мен байланыс арналарын электромонтаждаушы-реттеуші

                                                                                                                                                     1курс

                                                                                   Жетекшісі:Мендыгалиевна Жаннат Суйлеменова

                 

 

 



































































«Әлихан Бөкейхан және Алаш қозғалысы»

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.

1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды.Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі.Әлихан Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға және қызметіне тығыз араласып, «Запискилерде» ғылыми мақалаларын жиі жариялап отырды. Олда Абай Құнанбаевпен қатар Семейдің статистика комитетіне де мүше болды. Әлихан Бөкейханов – қазақтың тұңғыш энциклопедисі деуге де негіз бар. 20 ғасыр басында неміс Ф.А.Брокгауз бен орыс И.А.Ефрон секілді баспагерлер көптомдық «Жаңа энциклопедиялық сөздігін» шығарып тұрған. Қазақ өлкесін танушы ғалым Бөкейханов осы «сөздікті» әзірлеуге ат салысқан. «Сөздікке» енген қазақтын тарихы, қазақтың хандықтары, мысалға Бөкей ордасы жайында (8 том, 447-452 беттер), қазақтың көрнекті хан-көсемдері туралы және басқа материалдарды Ә.Бөкейханов әзірлегендігі күмән тудырмайды. Энциклопедиялық сөздікті баспаға дайындаған қызметкерлердің тізімінде Ә.Бөкейхановтың аты-жөні 4 томнан 21 томына дейін дерлік көрсетілген.

Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Ұлы ақын мұрасына деген бұл сүйiспеншiлiктiң соңы Әлихан Бөкейханов пен Абай балалары, жалпы Құнанбай қажы ұрпақтары арасындағы үлкен сыйластыққа, достыққа келiп ұласқаны белгiлi.

Алаш қозғалысы – XX ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 жылы қазақ оқығандары ұйымдасқан түрде саяси шараларды қолға ала бастайды. 1905 жылы 26 маусымдағы «Қарқаралы кұзырхаты» деп аталған Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған құжат осы қозғалыстың бастауы болып табылады. Осы оқиғадан кейін Қазақстанның көптеген өңірлерінен патшалық билікке құзырхаттар жолдана бастайды. Осы жылы қарашада Мәскеуде қазақ халқының жағдайы жөнінде Ә.Бөкейхан, автономшылар сьезінде М.Тынышбаев сөз сөйлейді. Аталған жылы Орал қаласында қазақ облыстары өкілдерінің сьезі ұйымдастырылып, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру жөнінде шешім жасалып, партияның бағдарламасы қабылданады. Зиялылардың осындай саяси әрекеттері Алаш қозғалысын 1905 жылы бастауға мүмкіндік береді. Ұлт зиялыларының бірінші, екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайлануы оларды бір-бірімен таныстыра, жақындастыра түсті. Думаға сайланған Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Ш.Қосшығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің заң шығарушы ең жоғары органына қазақтың мәселесін көтеріп, оны саяси биліктегілерге жеткізуге күштерін салды. Думадағы қазақ депутаттары ел ішіндегі беделді, белсенді азаматтармен тығыз байланыста жүріп, олар қалың бұқараның қолдауы мен сеніміне ие болды. Яғни, ел ішіне олар көтерген теңдік пен азаттық идеялары жылдан-жылға кең тарай бастады. Қазақстан мемлекеттік Думаға депутат сайлануы олардың Мұсылман фракциясына енуіне мүмкіндік берді. Сөйтіп, қазақтың елшіл азаматтарының Ресей империясына отар болған мұсылман халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен бірігіп жұмыс істеуіне де қолайлы жағдай туғызды. Мұндай парламенттік фракция құрамына Б.Қаратаев, Ы.Жаманшалов, С.Лапин, А.Жантөрин, Е.Оразаев, А.Өтегенов сияқты зиялылардың енуі ұлттық мүдденің көтерілуіне маңызды ықпал жасады. Жалпы Алаш қозғалысында діни-рухани мәселе басты мәселелердің біріне айналды. Қозғалыстың тарихында хазіреттердің, ишандардың, молдалардың рөлі жоғары болды. Қозғалыстың келесі кезеңінде зиялылардың халық өмірін танып, оны жігерлендіру, ояту қарекеттері байқалады. Айталық, «Оян, қазақ!», «Қырық мысал», «Маса», «Бала тұлпар» жинақтары, «Айқап» журналы, «Қазақстан» газеті қозғалыс ұрандарын қалың бұқараға таратқан мәдени-рухани құбылыстар болды. Осы кезеңде ұлт мүддесін бірлесіп шешу үшін жалпықазақ сьезін ашу мәселесі туындады. Оны алғаш көтерген Ж.Сейдалин болатын. Оның 1911 жылдан бастап «Айқап» журналында сьез ашу мәселесіне арналған мақалалары қазақ зиялыларының ортасында үлкен пікір тудырды. Ж.Сейдалиннің сьез ашу жөніндегі осы мақалаларына Б.Қаратаев, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Сыртанов, М.Тынышбаев, Е.Қасаболатов тағы басқалар алдымен сол «Айқап» журналының өзінде, кейінірек «Қазақ» газетінде пікірлерін білдірді. «Қазақ» газетінің жарық көруі, оның ұлтшылдық бағыты – халықты оятудан тұтастыруға бейімдеді. «Қазақ» ұлттың қазір қандай жағдайда екендігін, қай жолмен жүрсе, қалай болмағын нұсқап, зиялылардың ең көкейтесті ойларын жариялады. Ең бастысы – газет қазақ жерінің барлық өңірін қамти отырып ұлтты оятты, қазақ баласының пікірін, ойын, мақсатын тұтастырды. Яғни, ұлт-азаттық қозғалысы пікір жүзінде де, іс барысында да ортақ мүдде әрекетімен өрістей түсті, дамыды. Осы жылдарда зиялылардың өзара ұйымдасуы, қауымдасуы күшейе түсті. Қозғалыстың өрістеу эволюциясының бағыты мен қарқыны, азаттық қайраткерлерінің мүмкіндіктері мен дайындықтары 1917 жылы Ақпан төңкерісінен соң бедерлене байқалды. Атап айтқанда, сәуірдің алғашқы күндерінен бастап облыстық қазақ сьездері өткізіле бастады. Орынборда, Алматыда, Оралда, Омбыда, Семейде өткізілген Торғай, Жетісу, Орал, Ақмола, Семей облыстық сьездері, Ташкентте өткізілген Түркістан Мұсылмандарының Бірінші құрылтайы Алаш баласының азаттыққа шындап бағыт алғандығын байқатты. 1917 жылдың 2 сәуірінде Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының төрағалығымен басталған Торғай облыстық қазақ сьезі Алаш қозғалысының «Алаш» партиясына, Алашорда үкіметіне ұласар кезеңінің ең алғашқы айтулы оқиғасы болды. Сьездің ұйымдастырылуы мен өткізілуінің басында Ахаңмен бірге Алпысбай Қалменов, Уәлитхан Танашев, Сейдәзім Қадырбаев, Омар Алмасов, Шафқат Бекмұхамедов сияқты ұлт зиялылары тұрды. 1920 жылдың 5 наурызында Әскери-революциялық комитет Алашорданы таратуға арнайы шешім қабылдағанға дейін Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты саяси, әлеуметтік, мәдени үдеріс болды. Қазақ мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырағанымен, Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тәуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды. Алаш үкіметі мықты, қуатты елге айналу үшін ұлттық әскері қалыптасу керек идеясы осыдан бір ғасыр бұрын қалыптасты дей аламыз. Мемлекеттік құрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық әскер құру ісі басты фактор екендігін айтып кетті. Бүгінгі жас Қазақстанның негізгі қуатты мемлекетке айналдырып, қорғаныс жүйесі мен мемлекеттілік мәртебесін сақтап қалуда ұлттық әскер реформасын Алаш әскері негізінде құруды ойластырған жөн.

Алаш зиялыларының бүгінгі күнге дейін Қазақ жұртына тигізген еңбектері ел есімінде.Тәуелсіздіктің негізгі нышаны Алаш партиясы.Әрбір алаш зиялыларының еңбектерін болашақ ұрпаққа дәріптеуіміз керек.Алаш партиясының арманы тәуелсіз мемлекет болу,біздің өмір сүріп жатқан еліміз Алаш партиясының жемісі!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ