400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әлікен туралы бір аңыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал публицистикалық стильде жазылған. Кезінде Райымбек ауданында өмір сүрген Сәрсебаев Әлікен деген кісі жайында жазылған. Ол кісінің өнегелі істері, айтқандары кейінгі ұрпаққа аңыз болып қалған. Елге көп көмегі тиген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аты аңызға айналған дара тұлға.

Бүгінгі күнде жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрді аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі.

Халық ауыз әдебиеті – халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, сана-сезімімізді, тыныс-тіршілігімізді танып білуге үйретеді. Оларды құрметтеуге шақырады. Оқиғасын реалистік болмыстан, шындық өмірден алып, ауызша шығармалардан қазақ халқының көркем шығармаларының елеулі бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз-әңгімелердің алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған алуан істері ел аузында аңыз-әнгімеге айналып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен. Олардың аты, істеген істері ерте кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан хатқа түспеген. Тек халықтың аңыз-әңгімелерінде сақталған.

Аңыз фольклорлық шығарма. Онда тарихи шындыққа негізделген, халықтың тариха жадында сақталған, әйтсе де уақыт келе өңделіп, көркемдік сипат алған оқиғалар баяндалады. Тарихи тұлғалар қатысқан тарихи оқиғалардың баяндалуы, оқиға өткен уақыт шегі, жер атауының нақтылы көрсетілуі, белгілі дәрежедегі аймақтық шектеушілік (негізінен, белгілі бір өңірде өмір сүрген адамдар, болған оқиғалар туралы аңыздар көбірек таралады), сюжеттік-композициялық шарттылықтың сақтала бермеуі – аңыздың жанр ретіндегі ерекшеліктері. Заман алға озып, ел жадында тарихи тұлға көмескі тартып, тарихи оқиға елеске айнала бастағ

ан кезде, әуелдегі реалистік әңгіме халықтың көркемдік қисын тезіне түсіп, өзгеріске ұшырап аңыз ретінде айтылатын болған. Айталық қазақ батырлары жайында аңыздарда көп ұшырасатын батырдың ұйықтап жатқанда аузына кірген жыланның басын тісімен қырқып тастауы сияқты сюжеттер аңыз жанрына ертегілерге тән сюжеттік стереотиптердің де жат еместігін айғақтайды. Қайсыбір аңыздарда, тіпті, қиял-ғажайып ертегілердегі тылсым күштер, таза фантастик кейіпкер де кездеседі.

Аңыздар шартты түрде тақырыптық сипатына қарай: тарихи аңыздар және топонимикалық аңыздар болып жіктеледі. Қазақ арасында көп тараған Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек тағы басқа көрнекті тұлғалар аңыздардың бірінші тобына жатса, екінші топқа нақтылы қоныстардың тарихын баяндап, оның нақты қай кезде, қалай аталуының сырын ашатын аңыздар кіреді.

Мен өзіміздің өлкеде айтылып жүрген Әлікен Сәрсебайұлы жайлы және сол кісінің айтқандары ел ішінде аңызға айналып айтылып жүргені жайлы айтпақпын.

Сәрсебаев Әлікен 1900 жылы Нарынқол аймағының Жабыр өңірінде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесінен 5 ұл,5қыз тарайды Өзі бес ұлдың кенжесі болған, жастайынан пысықтығымен көзге түскен. 13 жасында Айғыржолдағы 3кластық орыс-қазақ мектебін бітірген. Қабілетінің арқасында орысша жетік білген. 16 жасында ауылға келген қызыл әскердің мылтіғын сұрап алып, ұшып бара жатқан қарғаны атып түсіреді. Осыдан бастап басшылардың назарына ілініп, колхоздастыру кезінде комсомол, қосшы ұйымдарында қызмет істей бастайды. Өзінің алғырлығымен таныла бастаған Әлікенді сол кездегі милицияға жұмысқа алады.

Қырғызсайдағы милиция құрамында жұмыс істеп жүрген Әлікенді Жаркент уездік атқару комитетінің секретары болып қызмет атқарған Манап Байпақовтың (академик Карл Байпақовтың әкесі) ұсыныс қолдауымен Қаратал аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы етіп жұмысқа жібереді. Осы жерде жұмыс істеп жүрген Әлікеннің іскерлігі мен қабілетін бағалап, жоғарғы басшылардың ұсынысымен Ташкент қаласындағы жоғарғы оқу орны САГУ-ге оқуға жібереді. 30-жылдардан бастап Манап Байпақовты «бай тұқымы, кеңес өкіметіне жат, қас адам» деп қудалау басталады. Осының салдары Әлікенге де кері әсерін тигізеді. Манаптың пікірлес досы ретінде сол кездегі теріс саясаттың құрбаны болып, 10 жылға сотталып кетеді. Алайда өзінің пысықтығының арқасында жолын тауып түрмеден қашып шығып, елге келеді. Елде артынан түскен адамдар тыныштық бермей амалсыз, 1932 жылдың жазында Қытайға өтіп кетеді. Алғаш шекараға жақын Мұңғылкүре аймағына қоныстанады. Бірақ артынан қайта-қайта адам жіберіп , «Елге қайтсын, кешірім беріледі» деп маза бермейді. Кеңес өкіметінен қауіптенген Әлікен арылай Текес ауданы Шолақтерек деген жерге қоныс аударады. Сол жерде де басшылық қызмет атқарып, сол жердегі қазақ отбасыларына көп көмек жасайды. Онда да тыныштық бермей, қудалауға түседі. Қайтарып ала алмаған соң «Әлікен- кеңес өкіметінің шпионы» деген өсек таратады. Сөйтіп, Қытай өкіметі 6 жылға соттайды. Бірақ Қытайдағы 39-жылғы мемлекеттік өзгерістің шапағаты тиіп, 1940 жылы босап шығады.

Ол жақта да өзінің іскерлігі мен қабілетінің арқасында Кеңес өкіметіне қайта оралғанға дейін басшы қызметтерде істеген. Орысша, қытайша таза сөйлеген. Қиналған қазақтарға қамқор болып, көп көмек жасаған. Әділетсіз жала жауып, кінәсіз түрмеге түскен қазақтарды құтқарып отырған. Аш қалған отбасыларға елден көмек жинап, қамқор болған. 1954-1956 жылдары Қытайда Текес ауданының әкімі болып қызмет істеген. Сол кездегі Совет өкіметінің ішкі-сыртқы саясатын сауатты түрде бақылай отырып, 1956 жылы қараша айында өзімен бірге жүзге тарта отбасын отанына көшіріп әкелген. Қайта оралған соң да совет өкіметі маза бермей «сенімсіз адам» ретінде сұралып, бақылауда болған. 1968 жылы қайтыс болды.

Әлікеннің айтқандары

Әлікен айтқандай деп ел ішінде «Дүние қуып біз жүрміз, бізді қуып өлім жүр» деген сөзі айтылып жүр.

Қытайда жүргенде түгел бір отбасын өлімнен алып қалғандығы айтылады.

Бір қазақты қытайды өлтірді деп отбасын түгел өлтірмекке бел буады. Әлікен қорықпай қытай әкімшілігіне барып «қазақ қытайға қызмет етеді, қазыналарыңды толтырады. Сол қазынаға қол сұққанға қандай жаза бар ?- дейді. Қытай тарапы «ұрыларға- өлім»-дейді. Олай болса өзім куә ол хансу қазынадын түнде астық алды»-деп құтқарып қалған екен.

Әлікен сөзге шешен кісі екен. Бір күні ел аралап келе жатып, бір үйге түседі. Үйде үлкендерден ешкім жоқ, тек бір бойжеткен қыз бар екен. Қыз самаурын қайнатып, шай беріп отырып, жел шығарып қояды . Сонда Әлікен ата:

«Сары қыз оқтап аптың дәріңізді,

Сары самаурын, сары шайнек болмаса,

Қырар едің бәрімізді»дегенде қыз сыртқа шыға жөнеліпті.

Әлікен атамыз Қытайға үдере көшіп бара жатқанда, қасында ағайындас Омар деген кісі болыпты. Омардың Тұмар атты жалғыз қызы бар екен. Қыз көштің алдында келе жатып, Хантәңірінің етегіне жеткенде байқамай шұңғыла құзға құлайды. Әкесі қызын құтқарам деп өзі бірге кетеді. Сол жерге Әлікен атамыз «Омар-Тұмар» деп ат қойып кетіпті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлдібаева Алмагүл

Алматы обл Райымбек ауданы Қайнар орта мектебі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі