Әліпби

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әліпби

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Буын және тасымал

Педагогтің аты-жөні:

Нурсейтова Гулжан Илесбаевна

Күні:

2025

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әліпби

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсат- тары

1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Мұғалімнің көмегімен өлеңде не туралы айтылғанын анықтайды, өлеңді түсініп оқиды. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді әліпби ретімен жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт



Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті



Бағалау



Ресурс-тар

Басы

Психологиялық дайындық

Балалар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім бір сөзді айтып, допты лақтырады. Қағып алған оқушы бірден сол сөздегі буын санын айтады. (Егер айтуға қиналса, буынға бөліп айтуына болады.)

Мұғалім:

– Сөздегі буын саны неге байланысты? Неліктен сөздер бір буынды, екі буынды, үш буынды, төрт буынды болады?

Топқа бөлу. «Буын саны». Балалар қағазға жазылған сөздерді алып оқиды. Сөздің буын санына қарай топқа бөлінеді.

1-топ. Бір буынды сөздер. 2-топ. Екі буынды сөздер. 3-топ. Үш буынды сөздер. 4-топ. Төрт буынды сөздер.

Алма – 2 буын, доп – 1 буын, қарлығаш – 3 буын. Буын санын анықтайды.







Өткен сабақтан алған білімдерін тексеру және бекіту үшін сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

















ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.


Ортасы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Өлеңді түсініп оқиды. Автор жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

Ермек Өтетілеуұлы – балалар ақыны. 1938 жылы бұрынғы Ақмола, қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында туған. «Балдырған» журналында қызмет еткен. «Өсіп келе жатырмыз» атты өлеңдер жинағы, «Жанашыр» атты әңгімелер жинағы бар.

Өлеңді мұғалім дауыстап, мәнерлеп оқып береді.

Сөздік жұмысы жүргізіледі.

Өлеңді барлық оқушы бір жолдан тізбектей оқып шығады.

Өлеңде не туралы айтылған? Әліпби деген не?



Автор жайлы мағлұмат алады.













«Түртіп алу жүйесі» бойынша оқушылар өздеріне түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.

Өлеңді барлық оқушы бір жолдан тізбектей оқып шығады.

Мұғалімнің көмегімен өлең мазмұнына талдау жасалады.

ҚБ.

«Отшашу»

арқылы бағалау.







https:// kk.wikipedia. org/wiki/ Ермек_ Өтетілеуұлы











Дәптермен жұмыс

Сауатты, көлбеу, көркем жазуға дағдыланады. (Мұғалім оқушының орындықта түзу, орнықты отыруына назар аударады.)

Көркем жазу

Ф Ф Ф Ф Ф Ф Ф

ф ф ф ф ф ф ф





  1. жаттығу. Барлық оқушы тізбектей оқып шығады.

Дауыссыз дыбыстардың қалай оқылатынын айтады.



  1. жаттығуды жазбаша орындайды. Суреттердің орнына жасырынған сөздерді тауып, шыққан сөзді әліпби ретімен жазады. Мысалы: жұлдызша, Айжан, балықшы,

... .

















Жұмыс дәптеріндегі шығарма- шылық тапсырманы орындай- ды. Қоянға әріптерді әліпби ретімен жинауға көмектеседі. Мысалы: А, Ә, Б, В, …



2-жаттығу. Әріптерді оқы. Дауыссыз дыбыстардың қалай оқылатынын айт. Қай таңбалар оқылмайды?

ҚБ. «Шапалақ» арқылы бағалайды.




3-жаттығу жазбаша орындалады. Сөздерді тауып, оларды әліпби ретімен жазады.



Топтық жұмыс.

Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

  1. топ: Дауысты дыбыстарды қызыл үйге кіргізіңдер. Әндетіп айтыңдар.

  2. топ: Дауыссыз дыбыстарды көк үйге кіргізіңдер.

  3. топ: Екі таңбаға сөз ойлаңдар. Айырмашылығын айтыңдар.

  4. топ: Қосарлы дыбыстарға сөз тауып айтыңдар.

Сергіту сәті

«Әліппе әнін» хормен айтады. Қимылдар жасап билейді.

Шығармашылық тапсырма.

Қоянға әріптерді әліпби ретімен жинауға көмектесетіндері түсіндіріледі. Алдымен алфавитті естеріне түсіріп қайталатып жіберуге болады.




«Әліппе әні» https://youtu. be/ 97pJRMJi7GE

Соңы

«Менің есімім» ойыны. Сыныптағы барлық оқушы есімдері бойынша әліпби ретімен шеңберге тұрып, өз есімдерінің мағынасын айтады.

Мысалы: Айнұр – айдың нұрындай сұлу болсын деген мағына береді. Әсел – балдай

Әр оқушы өз есімінің мағынасын айтады.

ҚБ.

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.



тәтті қыз болсын деген мағынада қойған. Осылайша жалғаса береді.




Кері байланыс

Бүгінгі сабаққа «Бағдаршам» арқылы кері байланыс береді.

Жасыл түс – барлығын түсіндім. Сары түс – маған көмек керек. Қызыл түс – ешнәрсе түсінбедім.

Мұғалім сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыны мадақтап, қалған оқушыларды да

белсенділік танытуға шақырады.

Сабаққа, бір-біріне кері байланыс жасап, стикерге жазып, тақтаға жапсырады.


Кері байланыс тақтасы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
260
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі