Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Ана тілінің ғажайып, әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін , оқуға, білімге деген ұмтылысқа шақыратын
«Әліппе- білім бастауы» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
4 ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан 1- а сыныбының 15 оқушысы ойлары толысып , әліппе оқулығындағы 42 әріпті жаттап,оқи алатын дәрежеге жетті.Мерекенің иелері оқушыларымызды ортаға шақырамын!
Мерекелік залға сәнді киінген 1 «а» сынып оқушылары кіреді.
«Үйретеді» әні хор
Дария
Көз салып
қараңызшы бойымызға
Ортақ боп
бүгінгі өскен ойымызға.
Қош
келіпсіз, ұстаздар,
ата-аналар,
Әліппемен
қоштасу тойымызға
Ерсұлтан:
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп не білдік,
Қане ортаға салайық!
Райана:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!
Жанерке:
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып,
Жақын тарттың жаныңа,
Шәкіртім деп қуанып.
Сипадыңда басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
Жүргізуші: Осы біздер қандаймыз?
1-оқушы:Көп оқитын Айсана
2 – оқушы: Өнерліміз Мағжан
3 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз. Ерсұлтан
4-оқушы Біз шеберміз Жанерке
5-оқушы:Ақылдымыз Медина
6-оқушы Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз Ермек
7-оқушы: Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз Расул
8-оқушы:Ана тілін сүйетін Райана
9-оқушы: Анаға бас иетін. Ералы
10-оқушы: Елтаңбасымен еңселі Аяулы
11- оқушы:Туымен тұғырлы Абай
12-оқушы:Әнұранмен айбатты Дария
Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»
Би: «Әліппе» биі
Мұғалім:
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Балалар: Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.
Балалар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Менің атым - әліппе
Мені анаңдай дәріпте
Мені оқып, ержеткен
Ағаң менен әпкең де.
Сүйікті достарым! Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.
Ерсұлтан:
Рахмет
саған, Әліппе!
Көп нәрсені
үйреттің.
Таныстырып
әріппен,
Тақылдатып
сөйлеттің.
Райана:
Бар кітапқа бас
болған
Әліппе - ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған
Даналықтың
данасы.
Расул:
Келгенде алғаш
мектепке,
Білмеуші едік
әріпте,
Оқимыз қазір
ертекте,
Үйреткен оны
Әліппе!
Мағжан:
Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Медина:
Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
Абай:
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Нурали:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе- білім бесігі!
Әліппем
менің, әліппем,
Өшпейтін
нұрлы әріптен.
Есігін аштым
білімнің,
Өзіңнен кілт
алып мен.
Ермек:
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба Б тұрады үшінші
Ал осының сыры неде?
Түсінші?
Айсана:
А деген ол - аналар ғой ардақты,
Ә деген ол - әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Алшақ кетпей сондықтан да, расында
Тұрады олар алфавиттің басында.
Тәуекел:
Енді
жаза білеміз,
Әріпті қосып
әріпке.
Риза болып
саған жүреміз,
Сүйікті
біздің әліппе.
Ермек:
Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Аяулым:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті әліппем.
Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ералы:
Әліппемен
қош айтысып қаламыз,
Енді қолға
ана тілін аламыз.
Ата-ана
қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп
шықты міне балаңыз!
Әліппе:
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар! Мен сендерге «Шаңырақ» ойынын алып келдім,бірге ойнап, білімімізді сынайық.
-Міне, балалар! Алдарыңда бір шаңырақ астында тігілген киіз үйлер тұр. Сендер осы киіз үйлерді түстеріне байланысты таңдай отырып, таңдау жасап тапсырма орындайсыңдар!
Киіз үй түсін таңдау үшін менің қоржынымнан асық алу қажет.
1.Әліппенің атасы кім?
2.«Кел, балалар,оқылық!» өлеңін айту.
3. Ізгі тілек айту.(15 жүрекше жасау)
4 «Ойлан, тап!»
5. Санамақ айту.
6.Дыбыстармен сөз құрастыру. АНА, Отан, Қазақ, Әліппе.
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен:
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар.
Мен сендердің білімді, ынталы, ақылды екендеріңе көзім жетті.Қоштасатын да уақыт келді. Бірақ сендер мұңаймаңдар.Қош сау болыңдар!
Муз.номер. «Ән « Рахмет,саған әліппе»
Мұғалім
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: Сәлеметсіңдерме, менің жас достарым! Мен сендермен танысқаныма қатты қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Сонда ғана көп нәрсе үйренесіңдер.
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Ендеше, балалар! Біз дос болайық!
Мұғалім:Балалар! Біз енді қолымызға ! «Ана тілі» оқулығын алып, білім теңізінде одан әрі жүзе береміз.
- Болашақта біз қандай боламыз?
-Өсеміз біз күліп-ойнап,
Он саусақтың саласындай.
Өсеміз біз күліп-ойнап,
Бір адамның баласындай.
Мұғалім:
-Отан деген не?
Хормен:
-Отан деген-атамекен,
Отан деген- туған жер.
Отан- ана,
Отан үлкен,
Қазақстан –туған ел!
Ән: «Тәуелсіздік- ел ұраны» хормен.
-Құттықтау сөздер.
-Диплом тапсыру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Әліппе- білім бастауы" тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз