«ӘЛІППЕ» ОҚУЛЫҒЫ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕМЕЛЕР
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі..Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
2017-2018 оқу жылында Ақтөбе қаласы Новый орта мектебінде мектепалды даярлық сыныбында «Әліппе» оқулығын апробациядан өткізіліп жатыр. Эксперименттік сыныпқа 24 оқушы қабылданды. Оқу үдерісін ұйымдастыру мен оқу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолданылатын құжаттар: ұзақ мерзімді жоспар және қысқа мерзімді жоспарлар.
Әліппе оқулығы «Алматыкітап» баспасынан шыққан. Бұл пәннің мақсаты: оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын, фонематикалық есту-тыңдауын, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктерін, сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін, ауызша, жазбаша тілін дамыту әрі қалыптастыру және педагогтерге мектепалды балаларына сауат ашу негіздерін меңгертудегі «Әліппе» оқу-әдістемелік кешеннің негізгі идеялары мен күтілетін нәтижеге оңтайлы жетудің тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Барлық тәрбиеленуші «Әліппе» оқулығымен, №1, 2 жұмыс дәптерлерімен тәрбиеші электронды құралмен және педагогке арналған әдістемелік нұсқаумен қамтамасыз етілген.
Әдістемелік кешендегі көмекші құралдың бірі – электорондық құрал. Электорындық құрал балалардың оқулықтан алған білімін, біліктілігін бекіту мақсатында берілген тапсырмалардың жиынтығы.
Оқулық пен жазу дәптері сапалы жазылған, әрі сапалы материалдан жасалған. Оқулық балалардың жас ерекшеліктеріне сай құрылған, қолжетімді. Кітап беттері балалардың қолданылуына ыңғайлы, көлемі де тиімді. Кітап пен жазу дәптерінің мазмұны бір-біріне сәйкес келеді. Мазмұны жағынан толыққанды мәлімет берілген. Оқулықтың суреттері, безендірілуі балалардың қызығушылығын тудырады және бір ерекшелігі тілін дамыту мақсатында тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштар кең көлемде орын алады. Баланың ойын, сөйлеу дағдысын жетілдіруге арналған тапсырмалар да көп берілген. Балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын бағалауға жағдай жасайтын суреттер молынан кездеседі. Айтылым дағдыларын игеруге еліктеу, рөлдерімен алмасу, өзгерту, құрастыруға қатысты грамматикалық, фонетикалық жаттығулар берілген. Сөйлеу əрекетінің төрт түрінде тыңдалым, айтылым, оқылым жəне жазылымда балаларды жас кезінен халқымыздың дəстүрлі дүниетанымы мен əдет - ғұрпына баулитын, отаншылдыққа жəне адамгершілікке тəрбиелейтін мəтіндер, жаттығулар, тапсырмалар қамтылған. Негізгі тақырыпты ашуда ойын жаттығулар, ұжымдық, топтық, жұптық жəне өздігімен жұмыстар берілген. Фонематикалық есту-тыңдауын, дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғым дары мен түсініктерін, сызба-модельдерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасау, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, сөздерді буынға бөлу дағдыларын, қабылдау қабілеттерін және тұрақты зейінін, ауызша, жазбаша тілін дамыту әрі қалыптастыру мақсаттары ескерілген.
Оқу жылының басында ата-аналарды әліппе оқулығымен таныстырып, сауалнамалар жүргізілді.
«Әліппе» Ұйымдастырылған Оқу Қызметі мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады.
. «Әліппе» бойынша қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін оқулық пен жұмыс дәптерлерінің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сәйкес ұйымдастырылған.
«Әліппе» пәнінің ерекшеліктері: оқу мақсаттары жүйесінің және білім беру үдерісі нәтижелерінің артықшылықтары төмендегі тәсілдемелерді жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады: құндылыққа бағдарланған, әрекеттік, тұлғаға бағдарланған.
Әліппе оқу-әдістемелік кешенінде сөйлеу іс-әрекетінде басты міндеттер ретінде көзделген. Мектепалды балалардың балалардың төрт түрлі сөйлеу іс-әрекетін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары арқылы қалыптастыруға бағытталған. Бұл дағдылары баланың кез келген орта жағдайында бəсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Балалар сызба бойынша сөз бен сөйлемді оқу, буындап оқу. тұтас сөзді оқу дағдыларын үйренеді.
Соның ішінде дыбыстарды созып айтқызу тәсілі ең бір тиімді тәсіл болып есептеледі.
Оқу-әдістемелік кешен ішіндегі маңызды құралдардың бірі жазу дәптері. Мектепалды балалары жазылым іс-әрекеті арқылы сөз және сөйлем бойынша графикалық сызбалар құру; штрихтер, жиектердің элементін салу, баспа әріптердің жиегін басу, айналасын жүргізу, сызықтарды қосу, өрнектерді бояу, қолды үзбей жиектерді жүргізу, әріптер элементін жазу, тік, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу таныс заттарының суретін салу.
Кітап пен дәптерде шартты белгілері берілген. Барлық шартты белгілер түсінікті, әрі тиімді қолданылады. Мұндағы барлық тапсырмаларды балалар қызығушылықпен орындайды.
Қазіргі таңда «Әліппе» оқулығы бойынша балалар дауысты дауыссыз дыбыстарды оңай ажыратады. Балалар сөздерді қатыстырып сөйлем құрай алады. Берілген тапсырмаларды орындайды. Сұрақтарға толық еркін жауап бере білуге үйренуде. Суреттегі заттарды атап, буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды, сызба бойынша сөз бен сөйлемді оқу, буындап оқу, тұтас сөзді оқу дағдыларын үйренді.
«Әліппе» оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенін апробациядан өткізу барысында оқу мақсаттарының, күтілетін нәтижелердің білім, білік және дағдылар деңгейіне сәйкестігі анықталады. Осы бағытта апробация жұмыстары жалғасуда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз