Әліппе. түсінік хат. 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әліппе. түсінік хат. 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппе. түсінік хат. 1 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әліппе» пәні бойынша түсінік хат


2024-2025 оқу жылында 1 қазақ сыныбына арналған әліппе пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар құруда келесі нормативті құжаттар басшылыққа алынды.

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамырдағы №348 бұйрығы (өзгерістермен 23.09.22 №406, Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (өзгерістермен18.09.23 №264)

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің 2023 жылғы 5 шілдедегі №399 бұйрығы. 2023-2024 оқу жылында «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу -тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес әзірленген.

«Әліппе» оқу пәнінің мақсаты – әріп таныту, оқуға мен жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдар мен сөйлеу әрекетінің түрлерін ұлттық рухани құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқу пәнінің мақсатына негізделе келесі міндеттер тізбегі ұсынылады:

1) оқу әрекетіне бейімдеу;

2) дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін (сөйлеу) туралы қарапайым түсінік (ажырату, салыстыру, топтастыру және талдау) қалыптастыру;

3) дыбыс пен әріпті (баспа және жазба түрлері) үйрету;

4) оқу (буындап оқу, тұтас оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу) және жазу дағдыларын қалыптастыру;

5) коммуникативтік әрекет түрлерін жетілдіру, сөздік қорын байыту;

6) ана тіліне, Отанына, халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарай білуге үйрету, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңіру.

«Әліппе» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.00.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі