Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Әліппемен аштық білім есігін,Тербетейік тәуелсіздік бесігін!»,"Наурыз-2018","Менің Отаным-Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық сыныптар мен топтар тәрбиешілері үшін көмекші құрал ретінде пайдалануға тиімді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Менің Отаным-Қазақстан»


Мақсаты:

Білімділік:Балаларға тәуелсіздік мерекесінің маңызын түсіндіру. Бала бойына Отансүйгіштік, ізгілік қасиеттерін дамыту. Өзара көмек көрсете білуге, қазақтың патриоттық және Отан, туған жер туралы әндеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.

Тәрбиелік: Елінің байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру.


Көрнекілік: Рәміздердің суреті, бейне таспа, альбом.

Сабақ барысы: Мерекелік киім киген,қолында жалаушасы бар балалар «Көк тудың желбірегені» әні әуенімен залға кіріп, отырады. Залға ат мінген бала шауып кіреді.

- Сүйінші, сүйінші тәуелсіз ел болғанымызға 24 жыл толды.

Тәрбиеші: Кел, жоғары шық. Сүйіншіңді ал. Бұл күн үлкен мереке екен. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз осы тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналсын.

(келген бала төрден орын алады)

Тәрбиеші: - Армысыздар, құрметті қонақтар. Міне, дүниені дүр сілкіндіріп келген тәуелсіздігімізге 24 жыл толып отыр. Ендеше,мектепалды даярлау «А» сыныбының «Әліппемен аштық білім есігін,Тербетеміз Тәуелсіз ел-бесігін!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. Еліміз аман, берекелі заман болсын. Жақсы оқып, ілтипатты, тәрбиелі Отанын сүйетін нағыз азамат болып өсейік.

Мерекелік құттықтау сөз: Елеукен Қуаныш Байқатқызы.

(мектептің тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары)


«Әнұран» (барлығы орындарынан тұрып,әнұранды орындайды)


Тәрбиеші:

Кіріспе: 16 желтоқсан- еліміздің ең үлкен,ең басты мерекесі.1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Міне сол тәуелсіздігімізге биыл 2015 жылы 16 желтоқсанда 24 жыл болып отыр.

Тәуелсіз- дегеніміз толық еркі бар, ерікті ,бағынышты емес дегенді білдіреді.Олай болса, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік,шоқтығы биік болсын!

Өз жеріме өзім ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн.

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп.

Тарихыма өшпес белгі салған күн!


Д/ойын: «Сиқырлы сандар» ойынын ойнату арқылы сұрақ-жауап әдісін қолдану.Қане, балалар бірнеше сұрақтарға жауап берейік.Шешуі: Отан-Ана.

1-О -Біздің Отанымыз қалай аталады?

2-Т -Біздің ұлтымыз қалай аталады?

3-А -Біздің елордамыз қай қала?

4-Н -Біз қай қалада тұрамыз?

5- - -Отан туралы бір мақал айт.( Отан- оттан да ыстық.)

6-А -Елбасымыз кім?

7-Н -Мемлекеттік рәміздерді білеміз бе?

0-А -«Байтерек» қай қалада екенін білеміз бе?

Тәрбиеші: -Мына суреттен біздің Отанымыз Қазақстанның картасын көріп отырмыз.

Қазақстанның жері үлкен,кең және өте бай.Ірі завот,фабрикалар,әртүрлі саладағы шаруашылықтар мол өнімдерін игеруде.Сонымен қатар көп ұлттың өкілдері де тату-тәтті бірге еңбек етіп,бірге оқып, өмір сүруде.Біз өз Отанымызды мақтан етеміз.

-Ал балалар Отан дегеніміз не?

-Оны өздерің қалай түсінесіңдер?


Бәрі: Отан –сенің ата-анаң,

Отан -досың,бауырың.

Отан –өлкең,астанаң,

Отан -аудан,ауылың.


Нұртас: Мереке бүгін, ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын,

Теңессін төбем көкпенен.

Өркенжан: Күн болды бұл күн керемет,

Ақ түйенің қарны жарылған.

Ел болдық, шүкір не керек,

Әлемге аты танылған.


Батырбек : Мереке бүгін, ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Желкілдетіп желмен тұлымын,

Теңессін төбем көкпенен.


Аслан: Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.

Хадия: Жұпар шашқан гүлімнің,

Жаңа ашылған күні бұл.

Бір-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл.


Самат : Келмеске кеткен мәңгүрттік,

Мереке бүгін, думан күн.

Аруақтар рухын жаңғыртып,

Еліміз қайта туған күн.


Дінмұхамед: Алты алаштың баласы,

Қауымдасқан күні бұл.

Бір-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл.


Ерасыл: Дүбірлетсін өңірдің,

Дүбірлетсін дүлділі.

Қазақ деген елімнің,

Құтты болсын бұл күні.


Күлпаш : Ұлы той аспандай тулардың,

Желбірейтін күні бұл.

Еліміз деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.


Айбек : Аялап ару ананы,

Өсірген еркін баланы,

Бесігім болып тербеткен,

Отаным – Қазақстаным.

Би: «Мен сурет саламын»


Д/ойын: «Өз туыңды таны» өзге ұлттардың туларының ішінен өз туымызды табу.


Тәрбиеші : -Балалар ,еліміздің егемендігіне қол жеткізу оңай болған жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанында Қазақтың санасын дүр сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

Желтоқсан құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков,Ербол Сыпатаев,Ләззат Асанова,т.с.с.Ол қаһарман аға-апаларымыздың батылдығы,өжеттігінің нәтижесінде егемендігімізге қол жеткіздік.Халық қаһарманы аға-апаларымызбіздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

(бір минут үнсіздікпен еске алу)


Бәрі: Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел бүгін.


Тәрбиеші:-Қазір біздің Отанымызды қорғайтын айбынды сарбаздарымыз бар.Әрбір Қазақстан азаматы өз Отанын қорғауға міндетті. Біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы өзге ұлт елінің алдыңғы қатарындамыз.Елбасы біздің еліміздің жарқын болашағы үшін жыл сайын халыққа жолдауын жолдайды.Биылғы жылдың 1 желтоқсанында жолдаған жолдауында болашағымыз балалар жаңа заманға лайықты мектепте білім алу керек деген.Олай ,болса балаларбіз алдағы жылы бірінші сыныпқа барамыз.Қолымызға алғашқы«Әліппе» оқулығын аламыз. Сол оқулықта сендерге жақсы оқуды тапсырған. Енді біз Елбасымыздың тілегін орындап сабақты беске оқиық!


Тәрбиеші:- Балалар, енді жұмысқа көшейік. Өз Отандарыңды қалай сүйсеңдер соны қағаз бетіне жалауды бейнелеп көрсетейік. Еңсеповтың Әке толғауы – күйімен сурет салынады.

- Өте жақсы балалар. Суреттеріңді қонақтарға сыйлауға болады.

Тәрбиеші:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұр басында.

Бүгінгі ертеңгілігімізді «Бала тілегі» әнімен қорытындылайық.


Бәрі:»Бала тілегі» әнін орындайды.


Мерекелік құттықтау сөз: Ата-аналарға беріледі.


Е р т е ң г і л і г і м і з а я қ т а л д ы, с а у-с а л а м а т т а б о л а й ы қ!



Тәрбиеші:

- Балалар, енді жұмысқа көшейік. Өз Отандарыңды қалай сүйсеңдер соны қағаз бетіне бейнелеп көрсетейік. Еңсеповтың Әке толғауы – күйімен сурет салынады.

- Өте жақсы балалар. Суреттеріңді қонақтарға сыйлауға болады.


Тәрбиеші:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұр басында.



Ата-аналармен бірге.



Ұлы той аспандай тулардың,

Желбірейтін күні бұл.

Еліміз деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.





Көк тудың желбірегені.

Жаныма қуат береді.











Отан – сенің ата-анаң

Отан - өлкең, астанаң.

Отан – досың, бауырың,

Отан – аудан, ауылың.


46орта мектеп






Тақырыбы: «Менің Отаным –Қазақстан»






Өткізген:ӨскінбаеваЖадыра Сайлыбайқызы








Мектепалды даярлау «А» сыныбы.














1-бала: Мереке бүгін, ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің ұлымын,

Теңессін төбем көкпенен.

2-бала: Күн болды бұл күн керемет,

Ақ түйенің қарны жарылған.

Ел болдық, шүкір не керек,

Әлемге аты танылған.


3-бала: Мереке бүгін, ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Желкілдетіп желмен тұлымын,

Теңессін төбем көкпенен.

4-бала: Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.

5-бала: Жұпар шашқан гүлімнің,

Жаңа ашылған күні бұл.

Бір-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл.


6-бала: Келмеске кеткен мәңгүрттік,

Мереке бүгін, думан күн.

Аруақтар рухын жаңғыртып,

Еліміз қайта туған күн.


7-бала: Алты алаштың баласы,

Қауымдасқан күні бұл.

Біб-бірімен жарасып,

Бауырласқан күні бұл.


8-бала: Дүбірлетсін өңірдің,

Дүбірлетсін дүлділі.

Қазақ деген елімнің,

Құтты болсын бұл күні.


9-бала: Ұлы той аспандай тулардың,

Желбірейтін күні бұл.

Еліміз деген ұлдардың,

Елжірейтін күні бұл.

«Туған ел» әні орындалады.

Ертегі: «Туған жерің – түп қазығың».

Жүргізуші:

Би: «Боз жорға».

Жүргізуші: Бұрынғы заманда халқымыздың арын ойлап, жер дауын, ел дауын әділ шешіп, қара қылды қақ жарған, елде тек бірлік пен береке, тыныштық тілеген кемеңгер билері –Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне құлақ салайық. Күн ойнап тұрады, залға үш би кіреді.

Қазыбек би: - Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жәй жатқан елміз, еліміздің құт-берекесі қашпасын деп, басымыздан сөз асырмаған елміз, досымызды сақтай білген елміз.

- Армысыңдар балалар. Мен Қазыбек би болам. Ерте кезде елімізді мен сияқты билер, хандар, сұлтандар басқарған басқарған. Осы президентіміз кім болады?

- Н.Ә. Назарбаев.

- Бәрекелді. Еліміздің рәміздерін кім айтып береді?

- Елтаңба, жалау, әнұран.

14-бала: Елтаңбадағы шаңырақ – біздің ұлттың алтын белгісі. Асыл діңгек аман болса, алтын бесік өмір жырымен тербеле береді деген ұғым бар. Елтаңбадағы бес жұлдыз – халқымыздың бағы ашылып, жұлдызымыз жарқырасын деген ниектті білдіреді.

Қос арғымақ – еркіндіктің белгісі.

15-бала: Тудың түсі көк – ашық аспанды білдіреді.

Қыран құс – еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздік белгісі.

Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің шеберлігінің белгісі.

Ән: «Елтаңбасы елімнің».

Төле би:

Уа халайық, сөз қадірін білсең,

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Сөз тыңдағыш жастарға он түрлі жұмбағым бар.

Әйтеке би:

- Биікке шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң көңілің толады. Айтыңыз.

Төле би: Айтсам жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Әйтеке би:

«Бір дегеніміз – бірлік кеткен ел жаман,

Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз – үшке бөлінген ағайын жаман,

Төрт дегеніміз – тұрақсыз дос жаман.

Бес дегеніміз – беске бөлінген ел жаман,

Алты дегеніміз – асқынған дерт жаман.

Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса сол жаман,

Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.

Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақта.

Өлімде бас көрсетпесе, сол жаман.

Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дуа болмас» деген.

Төле би: Дәл таптың ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.

Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ. Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Төле би: Ал, балалар, бүгін қазақ халқы өзінің көптен аңсаған арманына жетті. Тәуелсіз ел болғанымызға 15 жыл толып отыр. Осы он бес жылда қандай жетістіктерге жеттіңдер?

- 1991 жылы 16-желтоқсанда күні тәуелсіздігімізді алдық.

- Төл теңгеміз дүниеге келді.

- Қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров тұңғыш ғарышқа самғады.

16-бала. Он бес жыл тәуелсіздік төрінде,

Бақыт құсы ұшты самғап көгімде.

Қымбатшылық, жоқшылықты өткердік,

Он бес жыл бір ғасырдай көрінді.

17-бала: Нағыз атың енді ғана табылды,

Нағыз атың енді ғана танылды.

Қазақ елі, өрле әлем төріне,

Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі.


18-бала: Тәуелсіздік – балалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.


19-бала: Туған тілім – бабам тілі - өз тілім,

Туған тілім – ана тілі - өз тілім.

Туған тілім – далам тілі - өз тілім,

Туған тілім – адам тілі - өз тілім.


20-бала: Туған тілім – сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді ауыртып-ақ алыңдар.


21-бала: Республика, ерікті ел – Қазақстан,

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатып,

Торды бұзған мен де мәз арыстан.


22-бала: Шалқы қазақ, шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ, аман келді.

Кең далада көрініп, атыңды атап,

Жырда қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді.


Ән: «Бау – бақша белдер».

Жүргізуші: Ежелден-ақ, жақсылықты алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай, қазақ халқына кең байтақ жерімізге, жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ.

Өз тілін, өз мәдениетін дамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермеді. Ол 1986 жылы 16-желтоқсанындағы шайқас еді.

Тәрбиешілердің орындауында: Желтоқсан әні.

Жүргізуші: Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер құрбан болмады? Қазақ жерін, ұлылығын жырлаған ақындардаң өлеңін бүлдіршіндер оқып береді.


4-бала:

Абай туған,

Сәкен туған,

Құрметте достым қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған,

Қазақсатн Республикам менің.


5-бала:

Орманы пүліш, бұлағы күміс,

Таулары заңғар, өзені ырыс.

Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан,

Қазақстан Республикам менің.


6-бала:

Отанды жас – кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бірімізде,

Туып өмір сүреміз.


7-бала:

Отан – сенің ата-анаң

Отан - өлкең, астанаң.

Отан – досың, бауырың,

Отан – аудан, ауылың.


Ән: Отан.

Би: Қазақ биі.


Жүргізуші: Ал енді балалар, Отан, туған еліміз туралы мақал – мәтел білесіңдер ме?

Балалар:

1. Жері байдың – елі бай.

2. Отан – оттанда ыстық.

3. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

4. Отан елдің анасы,

Ел – ердің анасы.


Би: Қаражорға ұлдардың орындауында.

Жүргізуші: Балалар Отанымыз, еліміз, жеріміз туралы атадан қалған сөздерімізді бәріміз хормен айтайық. (буынға бөліп).


Әйтеке бидің сөзі:

Туған жердей, жер болмас,

Туған елдей, ел болмас.


Қасым Аманжоловтың сөзі:

Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,

Құл емеспіз, еркін жанды, азатпыз.

Жүргізуші: 1986 жылдың 16-желтоқсанында Қазақтың санасын дүр сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды. Желтоқсан құрбандары Ербол. Ләззат, сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.

(1 минут үнсіздікпен еске алу).

Тәрбиеші:

- Балалар, енді жұмысқа көшейік. Өз Отандарыңды қалай сүйсеңдер соны қағаз бетіне бейнелеп көрсетейік. Еңсеповтың Әке толғауы – күйімен сурет салынады.

- Өте жақсы балалар. Суреттеріңді қонақтарға сыйлауға болады.


Тәрбиеші:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық дейтін ұғымның,

Желтоқсан тұр басында.


Ән:

Елім менің әнін балалар хормен орындайды.






















Қуат.Қуат бірліктері.

Наурызбай Лиза Сайлыбайқызы,физика пәнінің мұғалімі.

М.Орынбасаров атындағы орта мектептің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Қуат.Қуат бірліктері.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:оқушыларға ғылыми негізде қуат туралы түсіндіру.

2.Дамытушылық мақсаты:оқушылардың ойлау қабілетін түсіндіру.

3.Тәрбиелік мақсаты:оқушыларды адамгершілікке,ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа баулу.

Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілдері:лекция,сұрақ-жауап салыстыру.

Сабақтың көрнекіліктері:компьютер,электронды оқулықтар,проектор,слайттар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.

4.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру(жұмыс орны,отырыстары,сыртқы түрлері)

5.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру,қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептер шығару.

III.Білімді жан-жақты тексеру.

IV.Жаңа материалды қабылдауға әзірлік,мақсаттары.

1.Жұмыс дегеніміз не?

2.Жұмыс ұғымы неліктен енгізілген.

3.Жұмысты қалай есептеуге болады.

4.Жұмыстың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

V.Жаңа материалды меңгерту:

Қуат

Сол бір жұмыс әр түрлі уақытта істеліне алады.Егерде,мысалы,құм салынған қапты қандайда бір қашықтыққа тасымалдау талап етілсе,онда адам оны бірнеше минутта жеткізе алады,ал бір түйірден таситын құмырысқа үшін бірнеше жыл керек болады.

Жұмыстың істелу тездігі қуатпен сипатталады.Қуат уақыт бірлігінде(СИ жүйесінде

1сек-та)қандай жұмыс істелінетіндігін көрсеткен.Егерде мысалы, 2 сек-та 6 Дж жұмыс істелінсе,онда 1 сек-та 2 есе аз жұмыс істелінеді.6 Дж-ды 2 сек-қа бөліп,3 Дж/сек-ты аламыз.Осы жауап қуат болып саналады.

Сонымен,қуатты табу үшін жұмысты осы істелген жұмысқа кеткен уақытқа бөлу керек

Жұмыс

Қуат= ¬¬¬¬¬

уақыт

немесе

А

N= ¬¬¬¬ (19.1)

t


Мұндағы N-қуат, A-жұмыс,t-уақыт

CИ жүйесінде қуат бірлігі ватт (1Вт) болып саналады.1Вт-бұл 1 сек-та 1Дж жұмыс істелінетін қуат.


1Вт=1Дж/с

Бұл бірлік алғашқы бу машинасын құрастырған ағылшын өнертапқышы Дж.Ватт(Уатт) (1736-1819) құрметіне осылай аталған.Уаттың өзі бу машинасы мен аттың күшін салыстыру мақсатымен енгізген қуаттың басқа бірлігін –ат күшін (1а.к.)пайдаланған.

1 а.к.= 735,5 Вт.

Техникада қуаттың ваттан басқа, ең үлкен ірі бірліктері-киловатт пен мегаватт қолданылады:

1Квт =1000Вт,

1МВт= 1000000Вт тең.

Қуат кез-келген қоғалтқыштың сипаттамасы болып саналады.Әр түрлі (тоңазытқыштың,тігін машинасының қозғалтқыштары,ғарыштық кемелердің,ракета-тасығыштарының қозғалтқыштары т.б.) миллиондаған киловаттқа дейін барады.Жүректің өндіретін орташа қуаты 2,2 Вт-қа тең.Ал адам орнынан секіру немесе ауырлықты көтеру кезінде қуатты мың есе артық қадам жасайды.Қуатты біле отырып,жұмысты есептеуге болады.(19.1) формуладан мынаны аламыз


А=Nt (19.2)


Жұмысты табу үшін қуатты жұмыс істелінген уақытқа көбейту керек.

VI.Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§64 дайындық сұрақтарын талдау.

1.Қуат дегеніміз не?

2.Қуат ұғымы неліктен енгізілген?

3.Қуатты қалай есептеуге болады?

4.Қуаттың ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

VII.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

Есеп шығару.

36-жаттығу.№1.2.3 есептерін тақтаға шығару.

VIII.Бағалау.Үй тапсырмасын беру. §64 дайындық сұрақтары.36-жаттығу.



Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Тұмалыкөл елді мекені

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.01.2019
366
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12