Тақырыбы : Қош бол, құтты Әліппе !
Мақсаты : Әліппені аяқтауды салтанатты түрде атап өту.
Көрнекілігі : шарлар, суреттер, нақыл сөздер
Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
(патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді.)
1 уәзір: Нұрлан
Уа, уәзірлер , қараңдаршы ! Үлкен мереке болғалы жатыр ғой деймін , көп қонақтар отыр.
2 уәзір : Рамазан
1 – сыныпта үлкен қуаныш екен, «Әліппемен қоштасу ертеңгілігі болады» деп естідім.
3 уәзір: Абдулла
Ой , неге тұрмыз, патшамызға хабарлайық !
Ханша : Дильназ
Уәзірлер , қараңдаршы ! Осында патшамыз да келе жатыр
Уәзірлер :
Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.
Патша : Бекнұр
Уа, уәзірлерім , ертегі әлемінде не болғалы жатыр ?
1 уәзір : Нұрлан
Қымбатты патшамыз , бүгін 1 – сыныптың ертегілер келіне келіп ән айтып, би билейтінін , Әліппемен қоштасатынын , сауаттарын ашып, әріп танып алғандарын ұзынқұлақтан естідік .
Патша : Бекнұр
Не дейді ? (ашуланып қолындағы алтын таяғын 2- рет қатты ұрып) Осыны ұйымдастырған кім екен , шақырыңдар !
Уәзірлер:
Құп, тақсыр ! (екі уәзір ұйымдастырушыны қолдарынан жетектеп ортаға патшаға әкеледі)
1-жүргізуші : Иә , білім патшасы , кешіріңіз. Сіз бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Менің достарым сенің еліңнің барлық әріптерін танып , біліп, үйреніп, жазып оқи алатын жағдайға жетті. Осы қуанышымызды дүйім жұрттың алдында паш етеміз . Одан да ашуыңызды басып 1- сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Патша : Рұқсат,рұқсат, жас бүлдіршіндер ертегілер әлемінде өнерлерін көрсетулеріне қарсы емеспін.
2 – жүргізуші : Рахмет білім патшасы!
Тыңдаңыздар ! Тыңдаңыздар !
Естімеген естіңіздер,
Тыңдамаған тыңдаңыздар,
Қазір бізде «Әліппе тойы» басталады.
-
Жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға.
Мұғалім : Құрметті ұстаздар, ата-аналар, ата-аналар ,оқушылар , қонақтар, бала- біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру – ұстаздың міндеті.Барлық ғылымның атасы, алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан біздің жақын досымыз Әліппемен қоштасқалы отырмыз.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
2-жүргізуші : Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы,
Жас балаға нұр шашқан
Әліппе кітап тіл ашқан.
1-жүргізуші : Олай болса «Рахмет сізге, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Шашу , шашу шашыңдар,
Ақ сандықты ашыңдар.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасаңдар.
Шашу, шашу шашылсын!
Ән : «Мектебім»
2-жүргізуші:
Балалар, мына музыка сендердің естеріңе ешнәрсе түсірмей ме ?
-
оқушы : Фарида
Иә, менің есімде алғашқы мектепке келгеніміз бірінші қыркүйекте мектеп есігін ашып, алғашқы ұстазымызбен танысқанбыз.
1жүргізуші: Ендеше сол ұстаздарға рахметтерімізді , ризашылықтарымызды айтайық.
2 оқушы: Сабина
Сипадыңда басымнан
Әліппені ұсындың
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
3 оқушы: Аман
Келгенімде алдыңа
Қызыл арай гүл алып
Жақын тарттың жаныңа
Шәкіртім деп қуанып
4 оқушы: Гүлімай
Пай , пай, пай
Ұстаздар неткен ер!
Білім нұрын сепкендер,
Ұрпақ үшін қашанда
Аянбай төккен тер
Халықтың баласын
Мейіріммен өпкендер
Ей, адамдар,
Сол ұлы ұстаздың
Алдынан бас иіп өтіңдер!
5 оқушы: Еркін Аделя
Біз бүгін шексіз қуаныштымыз
Өйткені алғаш қолымызға ұстап
Хат танытып, сауатымызды ашқан
Әліппені бітірдік.
6 оқушы : Айнагуль
Еркесі едім әкемнің
Еркесі едім анамның
Толып биыл жетіге
Мен оқушы атандым.
7 оқушы : Дильназ
Анамызды сыйлаймыз
Үйдің ішін жинаймыз
Бұрынғыдай бұртиып
Ашуланып тұрмаймыз
8 оқушы : Дильяра
Елімдегі атақты
Ғалым ата не тапты?
Бәрін – бәрін білесің ?
Оқи берсең кітапты
Хормен : Ата-ана сізге рахмет !
-
Жүргізуші: Бүлдіршін достарымызға жұмбақ жасырсақ қайтед?
2 жүргізуші :
Жасырсақ , жасырайық
Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жас балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан ?
Хормен : Әліппе
Әліппе :
Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, қонақтар,
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға !
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден
Құрмет көрсеткендеріңе көп рахмет! Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.
2 жүргізуші :
Әліппе , бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз. Бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.
Хор : Әліппе
1-жүргізуші : Әліппеден үйренгеніміз көп, соны тарту етсек қайтеді?
2 – жүргізуші : Жарайды.
Әліппеге көрімдік
Болсын сізден халайық
Не үйрендік , не білдік
Кәне ортаға салайық
9 оқушы: Бекнұр
Мынау менің Әліппем
Көгілдір туым түсіндей,
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған кісімдей
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
10 оқушы : Гүлімай
Үңіліп әліппенің сырларына,
Дыбыстың ілесіп ап ырғағына,
Ажыратып дауысты, дауыссызды
Бірін қызыл, бірін көк бөліп сыздық.
11 оқушы: Еркін Аделя
Дыбыстан буын жасап сөз құрадық
Мағынасына үңіліп
Кәне көңіл бұралық.
Таныған соң қырық екі әріпті
Жүгіріп тез оқымай
Қалай ғана тұралық.
12 оқушы : Эльдана
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
13 оқушы : Рамазан
Әліппе деген - алтын жол
Апарар сені алысқа .
Жеңіл емес , ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа.
14 оқушы : Диас
Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
15 оқушы : Балауса
Әліппе – білім бұлағы
Әліппе – өмір шырағы
Әліппе – білім көзі
Әліппе – ұстазымның сан айтқан сөзі
16 оқушы : Айда
Әліппемен аштым өмір есігін
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзенге шомылып
Жаттап өттім ұстазымның есімін
Мұғалім : Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ . Біз қай жерде өнер көрсетіп жатырмыз?
Ә – әлемге Аяжан
Л – легімен С. Аделия
І – ізгілік Нұрлан
П – парасатты Балауса
П – пейілмен Амина
Е – ертегідеміз Бекнұр
1 жүргізуші : Жарайсыңдар , біз әлем ертегісіндеміз.Енді осы сүйікті кітабымыздан не үйрендік ортаға салайық.
Мұғалім : Бүгінгі күндері Отанымыздың сендер сияқты мыңдаған балалары «Әліппе» оқулығымен қоштасып жатыр.
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық , тойладық
Әліпбилер шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар
Бастайық кәне айтысты
Жібермейік намысты
Эльдана
А «А» дегенің ана ғой
Ана деген дана ғой.
Дильяра
Ә: Әжем әнге басады
Әтеш ұйқы ашады.
Батыр
Б : «Б» дегенің бала ғой
Жұмсаса апаң бара ғой.
Айда
Г : «Гу» деп алғаш бөбектер
Гуілдейді ақырын.
Рамазан
Ғ : Ғалым, ғылым, ғасырды
«Ғ» білімге асырды.
Айсұлу
Д : Дүлділ аттар баптаған
Дәркенді жұрт мақтаған.
Дулат
Е : Елге есті ер керек
Ер жет өсіп ертерек.
Балауса
Ж : Жан, жақсылық, жаңалық
Жатыр «ж» дан таралып.
Гүлімай
З : Зауза ұшады зыңылдап
Зымыранша зырылдап.
Сабина
К : Кекілік ау , кекілік
Кетіп қалма секіріп.
Фарида
Л : Лашын биікке самғайды
Ашын көкті шарлайды.
Бекнұр
М : мектеп берген біліммен
Марқаясың, жас ұлан !
Аман
Н : Наурыз айы келгенде
Наурыз тойы тойлансын.
Аяжан
Р : Роза шықса ән салып
Риза болған бар халық.
С. Аделия
С : Сыйламаған жолддасың
Сыйлай алмас өз басын.
Амина
И : Игі іске батыл бол
Игілікке жақын бол.
Абдулла
Т : Тырау , тырау, тырналар
Тамаша әнін тыңдап ал.
Айнагүл
Ұ : Ұлытауға «Ұ» шығыпты
Төбесінде «Ү» шынықты.
Нұрлан
Х : Хадиша сөмке көтерген
Хат хабар күнде әкелген.
Е.Аделя
Ы : Ыдысты саздан жасаған
Ықылас біздің жас маман.
Дильназ
Я : Мен «я» ең соңғы әріп
Менен әрі барып көр
Даурықпаңдар әріптер
«Я» - ны кей жұрт дәріптер.
17 оқушы : Аяжан
Таныстырған қырық екі әріппен
Қош бол, менің қасиетті Әліппем !
Сенің арқаң оқи , жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім
18 оқушы : С. Аделия
Бізге оқу үйреткен
Бар уақыты бірге өткен
Әліппеге рахмет!
Ән :
«Бұл қай әріп ?» ойыны.
19 оқушы : Дильназ
Ата аналар , балаларыңыз тек Әліппені ғана игерген жоқ, математика деген пәнмен сауаттанды. Сандарға кезек берейік.
Сабина
Бір : Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Барлық санға жол ашып
Ең басында тұрамын.
Нұрлан
Екі : Бірден кейін тұрағым
Бірден кейін тұрамын
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын шырағым.
Дильяра
Үш : Екіден соң әрқашан
Үш саны мен тұрамын
Орныма барамын
Екі айшық саламын.
Рамазан
Төрт : Үш сызықты таяғым
Оқушылар қояды
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.
Гүлімай
Бес : Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті
Амина
Алты : Мен өзімді қатарға
Бестен кейін қоямын
Басым бірден басталып
Нөлден бітер аяғым
Бекнұр
Жеті : Қара мына қызықты
Көсеуді кім ұмытты?
Жеті болам бір тартсаң
Бел ортамнан сызықты.
Аяжан
Сегіз : Менің атым сегіз
Жетіден соң деңіз
Жазылғанда қос дөңгелек
Мен боламын сегіз.
Еркін Аделя
Тоғыз : Сегізден кейін тоғыз
Алты төбесінен тұрғыз
Сонда боламын тоғыз.
Дулат
Он : Он дегенім –Отан
Отан – ұлы атаң.
20 оқушы : Аман
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең ?
Том – том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
21 оқушы : Балауса
Қолыңа тұңғыш қалам ап
А әрпін алғаш жазарсың
Біліп ал А-ны саралап
Б –сына көзді саларсың
22 оқушы : Дәулет
Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар
Оқу сырын өзіңнен
Біліп алды балалар !
23 оқушы : Эльдана
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді
24 оқушы : Айсұлу
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата – ана , қунышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппе : 42 әріпті игердің
Әріптен буындап сөз тердің
Ризамын балалар сендерге
Рахмет айтар кез келді.
-Рахмет , балалар ! Әріпті танып, тақылдап сөйлей аласыңдар. Енді сауатты жазуға мәнерлеп оқытатын досыммен таныстырайын.Ол –Ана тілі ! Қош сау болыңдар , жас достар!
Ана тілі : Сәлеметсіздер ме балалар ?
Хормен : Сәлеметсіз бе ана тілі!
Ана тілі : Мен сендермен танысқаныма қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын – жазушылардың ертегі – әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсені үйренесіңдер.
Ана тілі – пәніңмін
Ана тілі – ұраның
Ана тілі құралыңмын
Ана тілің болмаса
Болмас еді Отаным.
Мен сендерді Ана тілін жақсы оқиды деп сенемін. Мен сендерге жұмбақ алып келдім , жасырайын шешуін таба алар ма екенсіңдер?
Ән :
25 оқушы : Нұрлан
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықтап сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрінде
Атын, затын, түрінде
26 оқушы : Фарида
Біз жазамыз ана деп
Біз жазамыз дана деп
Біз жазамыз қала деп
Біз жазамыз дала деп.
(осы кезде бастарына кеспе әріптеден қиып, ана, дана , қала, дала сөздері жазылған оқушылар шығады)
1 жүргізуші : Балалар, мына жазылған сөздерді оқимыз.
Би :
Ана тілі : Сендер аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйреніпсіңдер , осының бәрін үйреткен кім ?
Хормен : мектеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.
2 жүргізуші : Балалар, ендігі сендердің достарың Ана тілі . Сондықтан Әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілін одан да жақсы меңгеуге ант бересіңдер ме ?
-Ия
-Кітапты ұқыпты , таза ұстауға
-Ант береміз!
-Ішіндегі білімді маржандай теруге
-Ант береміз!
-Сабақты жақсы оқуға
-Ант береміз!
28 оқушы : Батыр
Әріптерді танып
Білімге еркін қанып
Қадіріңді ұқтық
Тәліміңді алып.
Көрініс :
1 жүргізуші : «Талап , еңбек терең ой, қанағат рақым ойлап қой» деп ақын атамыз жырлағандай осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін Ана тілін меңгеруіміз керек.
2жүргізуші : Бойларына жақсы қасиеттерді жинаған биші бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Би :
Мұғалім : Ана тілің біліп қой
Еркіндігің теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың елдігің - дей келе енді біздер қолымыздағы жаңа оқулық Ана тілін оқитын боламыз. Әріптерді толық таныдық , мәтіндерді оқи аламыз, оқыған мәтіндердің мазмұнын айтуға үйренеміз. Мен сендердің Ана тілін жақсы меңгеретіндеріңе сенемін.
-Қонақтар , ұстаздар, ата – аналар , бүгінгі 1 – сынып оқушыларының «Рахмет сізге, сүйікті Әліппе » атты ертеңгілігі өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әліппемен қоштасу

шағым қалдыра аласыз