Материалдар / Әліппемен қоштасу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әліппемен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2023
411
1 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні:

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппе!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты:
Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау, білімдерін ортаға салу.Өнерлерін тамашалау, әліппе оқулығына оқушылардың ерекше құрметі, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсінуге,Тәуелсіздігіміздің ұландары екендерін ұғындыру. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайып, саналарының өскендерін көрсету.Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата - аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: : Интерактивті тақта, шарлармен безендіру,слайдтар 

Сабақ барысы:

1 жүргізуші :

- Гүлім, сенің есіңде ме? Біз де, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кезіміз?

2 жүргізуші :

- Әрине, Эльвира,есімде. Бізді апаймыз жылы шыраймен қарсы алып еді ғой. Біз де, оңымыз бен солымызды тануды, қолымыздан ұстап әріпті жазуды үйреткен.

1 жүргізуші :

-Еркелігімізді көтеріп,бұзықтығымызды кешіріп, еркелететін еді.

2 жүргізуші :

- Ия,ия солай. Бәрі де есімде.

Жүргізушілер өздерін таныстырады:(өлең шумағымен)

:

Мен Эльвира,түлегі алтын ұя мектептің,

Әлі есімде мектептегі шаттық толы нұр кезім,

Бастауыштың оқуы мен жазуында,

Апайымыз жылы жүзбен үйреткені.

:

Қайта оралып келіп тұрмыз алдыңызға,

Өстік міне өзіңіздің арқаңызда.

Бастауышта талай сәтті бастан кештік,

Еске аламын сол кездерді аңда санда.


1жүргізуші :

- Ендеше,бізге, қазіргі шәкірттеріне оқуды,жазуды үйреткен алғашқы ұстазымызыды ортаға шақырайық.( Өлең шумағымен)


Айнагүл апай ардақты да аяулы жан,

Шәкіртіне жылы жүзбен қарайлаған.

Оқу менен санауды да үйреткенсіз,

Өзінізге басымды иіп, рақмет айтам.

Мұғалім:

- Рақмет, сүйкімді шәкірттерім.

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар ! Біз сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз. Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз сол белестің бірінен астық. Бүгінгі «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да, қызыға аттаған, бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!

1 жүргізуші:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Оқу білім бастауы.
Ілім, ғылым арқауы
Бүлдіршінге тіл ашқан
Көкірекке нұр шашқан
«Әліппе» тойы басталды» -
2 жүргізуші:

Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеген сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым сымбатты.
1 жүргізуші:

Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Бүгін міне әліппемен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.


2 жүргізуші:

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрмет етіп, сендерді,
Бүлдіршіндер шақырамын ортаға.

Сахнаға 1 а сынып оқушылары: 

1 жүргізуші :

Топтың алды Назым деген қылықты қыз,

Мінезіне көркі сай сұлуымыз.

2 жүргізуші :

Дінмұхаммед жігіттердің ақ сұлтаны.

Анасынын құдай берген қол қанаты.

1 жүргізуші :

Аружан ерке ару тобымызда,

Қасыннан табылады жабыққанда.

2 жүргізуші :

Әлмұхаммед ақылдыда, алғыр бала

Қатарынан қалмаған жүрген алға.

1 жүргізуші :

Зерделіде, білімді біздің Іңкәр,

Әлі талай қуанышқа бізді баулар.

2 жүргізуші :

Бекарыс салмақтыда,ойшыл бала

Ата анасын құрметтейді әр қашанда.

1 жүргізуші :

Жантөре болашақта азамат боп,

Күлімсіреп жүре бергін қуанышта.

2 жүргізуші :

Айзеренің сұлулығы маржан тектес,

Қанша асылға тенесемде саған жетпес.

1 жүргізуші :

Айша екен анасынын аппақ құсы,

Әкесінін аялаған ерке қызы.

2 жүргізуші :

Ботадай екі көзі жарқ жұрқ еткен,

Айжанар ғой бұл сыныптың нұры көркем.

1 жүргізуші :

Нұрын шашқан, езуінен күлкі тартқан,

Еркебұлан көңілдіде алғыр бала.

2 жүргізуші :

Бекнұр атты жігітіміз ақылдығой,

Сабағында жақсы оқиды әр қашанда.

1 жүргізуші :

Сұлтан екен жігіттердің ең батылы,

Батырлардың ізін қуар болашақта.

2 жүргізуші :

Ерсұлтаным ер мінезді нағыз жігіт.

Айбарлыда өжет бала рухы биік.

1 жүргізуші :

Көркемайым көріктінін тандаулысы,

Анансынын баға жетпес ару қызы.

2 жүргізуші :

Үміт деген бүлдіршін қыз тәрбиелі ғой,

Үлкендерге ізет қылар әр қашанда.

1 жүргізуші :

Біздің Диас жақсы оқып сабағында,

Бос уақытта көмектер достарына.


Хормен:       

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас  иеміз біз.


1 Жүргізуші:

Армысыздар, көрермендер, әз жандар! 
Бармысыздар, инемен құдық қазғандар!
 
Әліппеге рақмет деп шырқайық!
 
Ал, қанеки енді тойды бастайық!
 

Не үйреніп, не білдік, жырдан шашу шашайық! 
Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар хормен : Әліппе,Әліппе


Әліппе: .

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң менен әпкең де.

- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Әліппе:

- Осы сендер қандайсындар?

- Талабы биік таудаймыз. (Бекнұр)

- Мың бұралған бишіміз. (Айзере)

- Біз шеберміз. (Айша )

- Ақылдымыз. (Іңкәр)

- Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. (Дінмұхамед)

- Көп оқимыз. (Әлмұхаммед)


Барлығы:

Біз – қазақ елінің болашағымыз.

Әліппе:

Мен туралы тақпақ білесіңдер ме?

Оқушылыр хормен: Әрине


1.Ұлдана :



Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым.
 
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным.
 



2.Ернар:

Бірінші беттен елімнің 
Елтаңбасын таныдым.
 
Көк байрақты қазақтың
 
Ұрпағымын,сәнімін.
 



3.Сырғалым : 

Енді біз жаза білеміз 
Әріпті қосып,әріпке.
 
Риза боп саған жүреміз
 
Сүйікті біздің Әліппе.
 



4: Аружан

Ыстық әрбір беттерің,

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің Әліппе.

Ақылшым сен – мұғалім.



5 Ибраһим: 

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!




6 Балерке.: 

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.

Сауатты адам санатына кіргенім.


7.Арайлым :

Әліппем, менің әліппем,

«А» деген басты әріптен.

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.


8.Нұрасыл : 

Әке-шеше атын сен

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.





Айша: А:

А дегенің ана ғой,

Ана деген дана ғой.


Әлмұхаммед: Ә:

Әжем әнге басады,

Әтеш ұйқы ашады.



Бекарыс: Б:

Б дегенің бала ғой,

Жұмсаса апаң бара ғой.


: І

Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшіктің атауы І әрпінен басталған.

: Е:

Елге есті ер керек ,

Ер жет өсіп ертерек.

: Ж:

Жасұланбыз, жастармыз

Жарқын істер бастармыз,

Жерімізді түлетіп,

Жайнатып –ақ тастармыз .

: К

К дегенің- күй дарын
Домбыраның дастаны.

: С

С әрпі сұлулықтың сымбаты,
Сыпайылық сан- алуан сын тақты.


2 жүргізуші:

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларын.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!
-Балалар,
-  Іші толы әріпке,  

Білімдегі жарық не?
Хормен:     

Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе.


Хор: «Әліппе»әні





"Әліппе"

Менің атым, менің атым Әліппе!

Үйретемін, үйретемін әріпке.

Оқу білім ,оқу білім саласы.

Барлық бала ,барлық бала дәріптер.


Ал балалар келіңдер.

Үйреніңдер көріңдер

Қырық екі әріпті

Жатқа айтып беріңдер.

2 рет

"А"-дегенім "А"- дегенім Анағой.

"Б"-дегенім, "Б"- дегенім Балағой.

Меніменен,меніменен достасып

Білім нәрін ,білім нәрін алағой.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!