Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Әліппемен қоштасу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Қош, сүйікті Әліппем!»
Әліппемен қоштасу
ертеңгілігі.
Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға
салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі
басқаруға үйрету.
Көрнекіліктер:
Шарлармен
безендіру,слайдтар, нақыл
сөздер.
Жүргізуші
мұғалім:
-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі «Қош, сүйікті Әліппем!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі
отбасының тұңғышы,бірі кенжесі, ата-әжесінің сүйікті де еркесі
болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған
Әліппемен бүгін қоштасқылы
отыр.
-Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім
өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Сонымен «Қош,
сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіміздің
кейіпкерлерін
1 «А» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік.
Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не ?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.
Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)
- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппеге арналған тақпақтар:
Ғани:Рахмет саған,
Әліппе!
Көп нәрсені
үйреттің.
Таныстырып
әріппен,
Тақылдатып
сөйлеттің.
Медина:Бар кітапқа бас
болған
Әліппе - ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған
Даналықтың
данасы.
Ұлболсын:Келгенде алғаш
мектепке,
Білмеуші едік
әріпте,
Оқимыз қазір
ертекте,
Үйреткен оны
Әліппе!
Бекзат:Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Жасмин:Әліппе-білім бұлағы,
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе-білім көзі,
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.
Ән: «Әліппе»
Мұғалім:
Ерте, ерте
ертеде,
Ешкі жүні
бөртеде,
Орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі
қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар
тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің
қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып көңілді тұрыпты да, ал көк
үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліпби «Мен осы екі
үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып,
араластырыпты. Сөйтсе, ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей
жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөзден сөйлем пайда
болыпты.
-
Қазақ тілінде қанша әріп бар?
(42)
4. У дыбысы қандай дыбыс?
(Дауысты да, дауыссыз да)
5. 2 дыбыстан тұратын әріптерді ата
(ю,я,ё)
6. Дыбыс бермейтін әріптер
(ъ айыру белгісі, ь жіңішкелік белгісі)
-
Дыбыстар неше түрі бар?
(дауысты, дауыссыз дыбыстар)
-
Дауысты дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
-
Дауыссыз дыбыстар деп қандай дыбыстарды айтамыз?
-
Сөз неден құралады?
(Буындардан, дыбыстардан, әріптерден)
Ойын: әріптерді ажырату
Алфавиттер туралы тақпақтар.
Айша:
Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
А Алихан:Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
М Аккербез: Мұғалім, мектеп,мекеме
Молда, мешіт, меккеде
М-әрпінен басталар
Мемлекет-мекен сөзі де.
Ғ Ержан:
Ұқсайды өзі
шалғыға
Елестет көз
алдыңа,
Қане, ойланып
табайық
Болды екен бұл қай
әріп?
Ж
Ақжан:Түн шымылдық
ашқаннан
Жымыңдайтын
аспаннан.
Көп шырақты
жұлдыздар
Ж әрпінен
басталған.
Қ Жасұлан:
Қаздан көре
аласың
Қағаздан да
табасың
Байқамасаң
анықтап
Үш екен деп
қаласың.
Й
Анара:Ай, тай, май,
Шай, жай, сай,
Ой, той, қой,
Сөз соңында кілең «Й»
Аты оның - «қысқа й»
Ө Айзере:
Өрікте сөздің
басында
Бөрікте б - ның
қасында.
Бұл қай әріп
көріңдер,
Енді айтып
беріңдер.
Е
Берекет:«Е» әрпінің
үстіне
Екі нүкте
қойғанда,
Қандай әріп
шығады?
Жауабын айт, ойлан
да.
Н Айназ:Н әрпінде – екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу.
П Айлин:Әр үйде бір қақпа бар,
П - аумаған тап солар.
Р Данияр:Р әрпі жылқышының құрығындай,
Қарашы, құрыққа ұқсап тұруын-ай.
Ә Ғаділбек:Таныстырар әріппен,
Мынау кітап әліппең,
Әліппе деген аты оның
Басталған ә әрпінен.
Ф Мадина:Ф-ның екі көзі бар,
Футбол деген сөзі бар.
І Аянат:Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшіктің атауы
І әрпінен басталған.
Дархан:О – кәдімгі
дөңгелек
Кетпесін ол
дөңгелеп.
Мұғалім:
- Рахмет, балалар! Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік. Ендігі кезекте Отанымыз туралы білгенімізді ортаға салайық.
- Балалар, біздің Отанымыз қай мемлекет?
- Біздің Президентіміз кім?
- Біздің еліміздің елордасы қай
қала?
- Рәміздерді білесің
бе?
- Біз қай облыста тұрамыз?
- Ендеше Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.
Каусар:Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан,ауылың
Ержан:Отан-тарих, Отан –тіл
Жасаған ерің, ер халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Айша:Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап,сүйе біл.
Мұғалім:Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.
Ұстаз туралы тақпақтар:
Мадияр: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Ақжан:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе
Шәкіртім деп қуанып.
Медина:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
Ғани:
Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Аккербез: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Ән: «Ұстаз-ана»
Әліппе:
Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілін қошеметпен ортаға шақырайық!
Ана тілі:
Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.Балалар,енді бұрынғыдан да көп
оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге
үйренесіңдер.
Әліппе:
Әр сөзімді жаттаған,
Балалар үшін мақтанам.
Рахмет айтып, шаттанам,
Риза болып аттанам.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман есен болыңдар!
Ән:
«
Әліппе!»
Мұғалім:
Балалар, бүгін біздің ортамызда
ата-аналарымыз да қуанышымызға ортақтасып келіп отыр. Ата-аналарға
әліппеден үйренген білімдерімізді көрсетейік. Ол үшін тапсырмаларды
орындаймыз.
Қорытынды:
Әліппеге арналған тақпақтар:
Ғани:Рахмет саған,
Әліппе!
Көп нәрсені
үйреттің.
Таныстырып
әріппен,
Тақылдатып
сөйлеттің.
Медина:Бар кітапқа бас
болған
Әліппе - ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған
Даналықтың
данасы.
Ұлболсын:Келгенде алғаш
мектепке,
Білмеуші едік
әріпте,
Оқимыз қазір
ертекте,
Үйреткен оны
Әліппе!
Бекзат:Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерге.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Жасмин:Әліппе-білім бұлағы,
Әліппе –өмір шырағы.
Әліппе-білім көзі,
Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.
Айша:
Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
А Алихан:Атыраудың айдыны,
Алтай таудың айбыны.
Астанамыз - Астана,
Алматымыз - бас қала.
М Аккербез: Мұғалім, мектеп,мекеме
Молда, мешіт, меккеде
М-әрпінен басталар
Мемлекет-мекен сөзі де.
Ғ Ержан:
Ұқсайды өзі
шалғыға
Елестет көз
алдыңа,
Қане, ойланып
табайық
Болды екен бұл қай
әріп?
Ж
Ақжан:Түн шымылдық
ашқаннан
Жымыңдайтын
аспаннан.
Көп шырақты
жұлдыздар
Ж әрпінен
басталған.
Қ Жасұлан:
Қаздан көре
аласың
Қағаздан да
табасың
Байқамасаң
анықтап
Үш екен деп
қаласың.
Й Анара:Ай, тай, май,
Шай, жай, сай,
Ой, той, қой,
Сөз соңында кілең «Й»
Аты оның - «қысқа й»
Ө Айзере:
Өрікте сөздің
басында
Бөрікте б - ның
қасында.
Бұл қай әріп
көріңдер,
Енді айтып
беріңдер.
Н Айназ:Н әрпінде – екі тіреу,
Ортасында басқыш біреу.
Е
Берекет:«Е» әрпінің
үстіне
Екі нүкте
қойғанда,
Қандай әріп
шығады?
Жауабын айт, ойлан
да.
П Айлин:Әр үйде бір қақпа бар,
П - аумаған тап солар.
Р Данияр:Р әрпі жылқышының құрығындай,
Қарашы, құрыққа ұқсап тұруын-ай.
Ә Ғаділбек:Таныстырар әріппен,
Мынау кітап әліппең,
Әліппе деген аты оның
Басталған ә әрпінен.
Ф Мадина:Ф-ның екі көзі бар,
Футбол деген сөзі бар.
І Аянат:Ірімшікті жедің ғой,
Тәтті екен дедің ғой.
Ірімшіктің атауы
І әрпінен басталған.
Дархан:О – кәдімгі
дөңгелек
Кетпесін ол
дөңгелеп.
Каусар:Отан- сенің ата-анаң
Отан-досың бауырың
Отан-өлкең, астанаң
Отан-аудан,ауылың
Ержан:Отан-тарих, Отан –тіл
Жасаған ерің, ер халқың
Отан-өлең, Отан-жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Айша:Отан осы достарым
Көңілге мұны түйе біл.
Отан деп өс,жас қауым,
Оны ардақтап,сүйе біл.
Мадияр: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.
Каусар:
Келгенімде алдыңа,
Қызыл арай гүл алып.
Жақын тарттың өзіңе
Шәкіртім деп қуанып.
Медина:
Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.
Ғани:
Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!
Аккербез: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!