2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Әліппемен қоштасу

Әліппемен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу сценарий
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Рақмет, саған Әліппе!»

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдыққа баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын ескере отырып, ана тілін сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше күн, өйткені біздің кішкентай балдырғандарымыз бірінші рет әліппемен қоштасып, білім жолында жаңа бір белеске қадам басқалы тұр.
Бұл күні біз Әліппе атты ең алғашқы ұстазымызбен қоштасамыз. Әліппе бізге әріптерді үйретіп, жазудың сырын ашты. Әліппемен қоштасу шарасын бастамас бұрын, алдымен оқу мен жазуды үйреніп, білімге қадам жасаған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық!

Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға 1 «А» сынып оқушылары шақырылады:

  1. Суретті жаны сүйеді, жай ғана күлімдеп жүреді. Мінезі сондай салмақты, ешқашан ол асықпайды , еркелік деген мінезден жайлап жайлап қашықтайды Нұралы

  2. Назарды ортаға салыңыз, пысық әрі алғыр қыз. Өзі үздік оқушы, маған көмектесіп жүреді, өте қайырымды, тап таза оның жүрегі. Би өнерін меңгеріп ол келеді, болашақта биші болу тілегі Талшын

  3. Математиканы үздік оқитын, есепті шемішкеше шағатын. Математик болуды армандайтын. Жігітке тән мінезі оның салмақты, білімді әрі ақылды да ардақты Муслим

  4. Үздік әрі көркем жазудың шебері, бұл қыздың қайталанбас өнері. Білім нәрін сусындайды, асайды, өте алғыр, миы қатты жасайды Жансая

  5. Сабағын оқып күн сайын, үнемі дайын жүреді, оның тәртіпті екенін бәрі бәрі біледі. Үздік әрі салмақты, білімді әрі жан-жақты . Өнері оның сан алуан, әнші және палуан Сырым

  6. Әдемі жымиып күледі, бәрімен дос боп жүреді. Байсалды әрі ақылды, қылығы оның тартымды Кәусар

  7. Суретті жаны сүйеді, жай ғана күлімдеп жүреді. Мінезі сондай салмақты, ешқашан ол асықпайды, еркелік деген мінезден жайлап жайлап қашықтайды Нұрислам

Міне, алдарыңызда 1 «А»-ның оқушылары жиналды,

Шығармашылық концертін беріп, өткізейік финалды.

Өзімді таныстырып кетсем Бахатқызы Уазирамын,

Осы сыныпты талай уайымдап, шаршадым мен күні-түн.

Ендеше, асықпаймыз, саспаймыз,

Әліппемен қоштасуды бастаймыз!

Балалар, мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Бар бiлiмнiң бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кiтап тiл ашқан?
Оқушылар: Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.

Әліппе: Айару (Әліппе кіреді) - Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

1 «А» сыныбынан әліппеге ән шашу.

  1. Ән: «Менің атым Әліппе»

Ән: «Менің атым - Әліппе»

сөзі: Б.Дәуренбеков, әні: Н.Еспанов

Менің атым, менің атым әліппе

Үйретемін, үйретемін әріпке

Оқу білім, оқу білім сыйласа

Барлық бала, барлық бала дәріптер


Ал балалар келіңдер

Үйренідер, көріңдер

Қырық екі әріпті

Жатқа айтып беріңдер


А дегенім, А дегенім ана ғой

Б дегенім, б дегенім бала ғой

Меніменен, меніменен достасып

Білім нәрін, білім нәрін ала ғой.


Әліппеге арналған тақпақтар: Әліппе, біздің балалар сізге ризашылығын, рахметін айтқысы келеді. Олардың сізге арнаған өлең шумақтарын тыңдап көріңіз.

Талшын: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте.

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны «Әліппе».

Сырым: Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Кәусар: Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

Муслим: Әке-шеше атын сен

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.

Жансая:

Әліппем менің, әліппем.

Сені қолға алып мен,

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Нуралы:

Бұрқыраған білімнің

Қайнар көзін көріп пе ең?

Том-том болған кітаптың

Басы болған Әліппем.

Талшын:

Іші толы әріпке

Мынау әйбат Әліппе!

Барлық ілім білімнің

Әжесі осы Әліппе.

Нұрислам:

Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын.

«Әліппе» атты кемемен,

Кеземін білім мұхитын.

Айару (Әліппе): Рахмет сендерге балалар! Мен өнерді қатты жақсы көремін. Бүгін мені тағы немен қуантасыңдар? Көрелік.

  1. Ән: «Үйретеді».

Ендігі кезекті әріптерге берейік. 

Г – әріпі Жансая: Г дегенім гүлім,

Көрдің неше түрін

Гүлмен бірге сенің

Күлімдейді күнің!

Е – әріпі Нұрислам: «Е» әрпінің үстіне

Екі нүкте қойғанда,

Қандай әріп шығады?

Жауабын айт, ойлан да.

З – әріпі Кәусар: Қаздан көре аласың

Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап

Үш екен деп қаласың.

Ш – әріпі Сырым:

Ш дегенім шаршы,

Шаршыны тез салшы,

Шыны,шырша,шаштан,

Ш-ны тауып алшы!

Щ – әріпі Талшын: Щетка, щетка, щеткалар,

Неше түрлі щетка бар,

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

М – әріпі Муслим:

Мұғалім,мектеп,мекеме

Молда, мешіт, меккеде

М-әрпінен басталар

Мемлекет-мекен сөзі де.

Н – әріпі: Нуралы

Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып,

Аяқталған қарашы.

Р – әріпі Талшын: Р дегенім ретте,

Рет – ретімен бетте,

Дәптер, кітап, бәрін

Ретсіз шашып кетпе!

Мұғалім: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

Жүргізуші1:

  1. «Қош, әліппе» әнін қабыл алыңыздар!


Аспанда да, жерде емес,

Өзенде де, көлде емес.

Әліппенмен қоштасу

Оңай емес.

Қоштасуға кел бері,

Оқу білем мен енді.

Әліппем-ау, қимаймын

Мүлдем сені.

 

[Қайырмасы]

Әлліпе

Балалықтың мекені,

Тәтті кезең ертегі,

Балбұлағым.

Әліппе

Оқу оқып іздену,

Әріптерді үйрену,

Білім алшы,

Білім алшы.

 

  1. Флешмоб (1 А сынып)

Жүргізуші: Әліппеге алғыс айтып, шығарып салатын кез келді.

Әліппе Айару: Рахмет,балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді, сауатты жаздырып, мәнерлеп оқытатын Ана тілін оқитын боласыңдар! Ал, қош сау болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!

Хормен: Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиеттті Әліппем!

Окушылар: Ана тілі деп 3 рет айтып шақырады

Ана тілі Інжу: Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар, енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

  1. Ана тілінің әні.

Ана тілі оқулығы ән орындайды

(Қыздар қасында билейді)


Білім нәрін жинадың әліппенің,

Құпиясын үйрендің әріптердің.

Бүгін думан тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай қағып келдім.

 

[Қайырмасы]

Менің атым болады

Ана тілі, ана тілі, ана тілі

Былдырлайды оқушы балақайлар, 

Қандай тәтті бала тілі?!


Көрініс: сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес жүгіріп шығады


Інжу Ана тілі: Дымбілмес! Дымбілмес!

Алтынай Дымбілмес: Мыналар неге жиналған, әй! Менің Дымбілмес деп атымды атаған қайсысың?

Інжу Ана тілі:

Амансың ба, Дымбілмес!

«Әліппемен қоштасу» мерекесі өтуде.

Дымбілмес деп шақырған

Мына мен Ана тілімін!

Дымбілмес Алтынай: - Әліппемен қош-та-су! Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой, мен кетейін! Чао! Чао! (кетіп бара жатып, бір баланың басындағы әріпті көріп қалады да, жұлып алмақшы болады.)
Сырым Бала: Тиіспе, менің басымдағыға! Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес Алтынай: Әріп дейді ғой. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті ғой. Ал мына бала, мәссаған, рогатканың суретін салып алыпты. Бұлардың бәрін мен «Әліппені» оқымай-ақ білемін.
Мұғалім:

Достарым, байқап қарасақ

Дымбілмес дұрыс айтады.

Әр әріптің пішіні

Ұқсайды бір нәрсеге.

Қане, достар бәріміз

Әріптерге қатысты

Жұмбақтар шешіп көрейік!

Мұғалім оқиды:

  1. Қос бүйірін тіреніп,  Тұрады ылғи шіреніп. ( Ф )

  2. Үш шырпыдан бір есік,  Құрастырып көр шешіп. ( П )

  3. Сақинаға қарайық, Ұқсайды оған қай әріп? ( С )

(жұмбақ айтылады) Дымбілмес 1-2 рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді 

Дымбілмес Алтынай: Неге қызыл түске боялған?

Ана тілі Інжу: Олар: дауысты дыбыстар.

Дымбілмес Алтынай: Неге көк түске боялған?

Ана тілі Інжу: Олар: дауыссыз дыбыстар.
Дымбілмес Алтынай: -Ой, менен басқа білмейтіндер де бар шығар–ау іштеріңде!

Інжу Ана тілі: Дымбілмес, досым көрдің бе?

42 әріпті бәрі үйреніп алыпты.
Інжу Ана тілі: -Жоқ, Дымбілмес, барлық бала жақсы оқиды.
Дымбілмес Алтынай: - Онда мен кітап оқығым келеді. Мен де мына балалар сияқты әріп танығым келеді. Енді қайтсем екен.........
Талшын: «Әліппені» таза, әдепті бала ғана ұстайды.

Інжу Ана тілі: - Өте дұрыс айтасың

Беті - қолды жуалық

Таза киім киелік

Содан соң досым, Дымбілмес,

Білімге бетті бұралық

Дымбілмес Алтынай: - Жарайды онда! Келесі тоқсанда мен де сендермен бір сыныпта оқитын боламын (жүгіріп шығып кетеді)

Інжу Ана тілі: Балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?

Мұғалім: Ал балалар Еліміз, Отанымыз туралы дайындаған әндерің болса айтып беріңдер.

  1. Ән: Қызыл Раушан (Сырым)

Мұғалім: Рахмет сіздерге, құрметті ата аналар! Қазір балаларыңыз сіздерге өз алғыстарын айтып, әндерін арнайды. Балалар,сендердің «Әліппені» жақсы меңгеріп оқуларына ата -аналардың, әжелердің қосқан үлесі көп. Кәне бәріміз бірге рахмет айтайық.  Рахмет, рахмет, рахмет.
7. Ән «Тәуелсіз ел ұраны»

Мұғалім: Мұғалімнің тілегі: 
Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы әрқашан мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын. 
8. Ән: «Ұстаз ана».

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! Рұқсат болса, Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін мектеп директорын шақырамыз.  (Әліппені бітіргендері үшін кішігірім сый беріледі оқушыларға.)


Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі. 

Жүргіуші: Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы аурмайтын мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін енбекқор күшті болсын! Осымен «Рахмет, саған Әліппе»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Зер салып, тыңдағандарыңызға рахмет!!!











Жариялаған:
Бахат Уазира
04 Наурыз 2025
167
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі