Материалдар / әліппемен қоштасу 1 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

әліппемен қоштасу 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
38
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


« Қош бол, әліппе» 1-бет

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, нақыл сөздер.



1-жүргізуші   

Армысыздар, ұстаздар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар



2- жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.



1 – жүргізуші
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!

Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың


2– жүргізуші:

Балаларды қарсы алып,
Шашу, шашу, шашайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу, шашу, шашайық!


«Рахмет саған әліппе» атты әліппемен қостасу тойымыздың алғашқы құтықтау сөз мектебіміздің директоры: Пардабеков Нәсілбек ағайға беріледі


1-жүргізуші
Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам.
Сеннен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып, сан тарапқа тараған




1-жүргізуші:


Ең алғаш алғанымда «Әліппені» 2-бет

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді



.

2-жүргізуші 

«Әліппе» даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.


1- Жүргізуші: »


Әліппе оқуға
Үйреткен әр күні
Үйретіп санауды
Көп еңбек сіңірген
Кім атын атай ғой?

Ол біздің мұғалім апай

Құрметті ата-аналар бүлдіршіндерімізді құрметтеп қошеметтеп отырайы.



Ән: «Кәусардын орындауында Ұстазым әнімен» Қарсалыңыздар, қошеметтеп отырайық

Тақпақтар 1 «а» сынып

2-жүргізуші:

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйын:
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен:

Болашаққа жол ашқан,

Ол сүйікті Әліппе!

Ол сүйікті Әліппе!

1-жүргізуші

Ортаға құрмет қошеметпен әліппені шақырамыз. Ендеше балалар барлығымыз бірге

ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ, ӘЛІППЕ

Әліппе әнін айтып шығады

Ортаға Әліппе шығады.



Әліппе:

Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол ашар, 3-бет
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым – Әліппе!
Мені анаңдай дәріпте!
Мені оқып, ер жеткен,
Әпкең сенің, ағаң да!
Мерекелерің құтты болсын



1-жүргізуші:

Ән «Мектеп бізге үйретеді» орындайтын Шілдерхан Аяла

Би: «Әліпле биі» мен 1а сыныбы қабыл алыңыздар

2-жүргізуші:

Әліппеге арналған тақпағымызды тыңдаңыздар! 1 «ә»


2- жүргізуші:

Жиналған қауым таң қалсын,
Ән-бимен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын
.

Би «Қара жорға »1а сыныбы орындауында қабыл алыңыздар

Тақпақтар 1ә сынып


1-жүргізуші:

Ән: «Оқуда озат боламын » әні 1 «а»Шәкәрімнің орындауында қабыл алыңыздар .Ал қанекей , құрметтеп қошеметтеп отырайық

Би ;Айгөйлек 1ә сыныбы

Ән. «Әліппе»   орындайтын Исатай Райана 1а сыныбы



Әліппе:

Шәкірттерім, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.

Ал кәнекей балалар сендердің өнерлеріңді көрдім ,енді сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында сендермен « Кім жүйрік» ойынын ойнайық мына сандықшаның ішінде бірнеше сұрақтар бар, Сол сұрақтарды мен сендерге қоямын , ал сендер қол көтеріп жауап бересіңдер . Жауап берген оқушы сол сандықшаның ішіндегі ең жақсы үздік оқушыны көреді


1. Біздің елбасымыз кім? (Қасым Жомарт Тоқаев)
2. Біз қандай мемлекетпіз? (Тәуелсіз, егеменді) 
3. Еліміз қалай аталады? (Қазақстан) 
4. Ел ордамыз қалай аталады? (Астана)
5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран) 
6.
Ең алғашқы қоңырау біз үшін қай күні соғылды? (1 қыркүйек) 
7. Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
8. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42) 
9. У дыбысы қандай дыбыс? (Дауысты да, дауыссыз да) 
10
. Сөз неден құралады? (әріптен, дыбыстан,буыннан) 



4-бет

1 жүргізуші:


Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.


Тақпақтар 1 «ә»сынып


Хормен: Біздерге білім үйреткен,

         «  Рахмет, саған Әліппе»

 Әліппе   

  • Енді мен сендермен қоштасайын, сабақты жақсы оқыңдар.

                        Оқумен өсіп толыңдар,

                        Аман-есен болыңдар.

Хормен: Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе!  



1 жүргізуші:

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.



2 жүргізуші:

Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық!                  

  (Ортаға ана тілі шығады)

Ана тілі:

Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
5-бет
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.



1-Жүргізуші

Балалар, Ана тілі бізге бос келмепті. Ол: ата-аналарға арналған тапсырмаларым,- бар дейді. Ол ана мен баланың арасындағы байланысты байқамақшы. Ананың балаларына арналған жылы сөздерін,балаға деген махаббатын тыңдап көрмекші. Ортаға бес ата-аналарды шақырамын.



  Ана тілі:  Мен әліппеден оқып — білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.

Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.

Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп


Бәрі::Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!


  • Ана тілі Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.


 1-жүргізуші:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін балаңның
Аман сау жүр ақ мамам


Ана тілі ойын ұйымдастырады


Би: Өзбекше биі мен 1ә сыныбы


Ән;» « Рахмет саған әліппе» орындайтын Сүйінбай Райана


Дипломмен марапаттау


Ата-аналарға құттықтау сөз беру

Құттықтау сөз Оспанова Сапаркул апайға беріледі


  • Құрметті, ата-аналар, оқушылар бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойымыз аяқталды.

  • Келгендеріңізге көп-көп рахмет!  



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!