Әліппемен қоштасу 1-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Әліппемен қоштасу 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әліппемен қоштасу сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әліппемен қоштасу


Флешмоб «Үйретеді»

Мұғалім: Қымбатты оқушылар! Бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Себебі, кеше ғана біздің мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер, міне әліппені сәтті аяқтауда. Кеше ғана алаңсыз ойнап жүрген бүлдіршіндер-бүгінде бойларында жауапкершілік сезімі пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуларынан аман-есен аттап отыр.


1-жүргізуші:

Армысыздар балалар!

Бармысыздар балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз.

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ.

Бүгінгі жыр әніміз!


Директор, оқу ісінің меңгерушісіне сөз беру.


1-жүргізуші:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым данасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.


2-жүргізуші:

Алдарында сан тарау жолдары тұр.

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ міне,

Келген қауым қол соғып қолда бүгін!



2-жүргізуші:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым данасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

-Олай болса, өздерің алғаш рет қолдарыңа ұстаған аяулы «Әліппеге» сөз кезегін берейік.


-



-Музыка әуенімен әліппе ортаға шығады. (қолына сандығын көтеріп ала келеді)


Әліппе:

-Армысыздар жас достар,

Армысыздар жас достар.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаңа.

Мен сендерге сыйлық ала келдім. Сыйлық «Сиқырлы сандық» ішінде. Сандық білімдеріңді жоғары деңгейде көрсете алсаңдар ғана ашылады.

Мұғалім:Ендеше балалар, әліппенің тапсырмасын орындауға дайынсыңдар ма? Топ бойынша бөлінейік. Әр топ орындап, болған соң белгі көрсетеді.


1-тапсырма «Сиқырлы сөйлем» ойыны.

Мынау ненің моделі?

Бұл сөйлемде неше сөз болады екен?

Ендеше, осы модельге сай сөйлем құрап жіберіңдер. Болған топ белгіні көрсетеді.

(Shape3 Shape2 Shape1 Тексеру. )


2-тапсырма «Бұл не?» пазл құрастыру.

-Балалар, қолдарыңда ненің элементтерін көріп тұрсыңдар?

-Бұнымен не құрастырады деп ойлайсыңдар?

Жарайсыңдар балалар, бұл не?

Тудың түсі қандай?

Туда нелер бейнеленген?

Тудан басқа қандай рәміздерді білеміз?

Әліппе: -Балалар, сендердің білімдеріңе риза болдым. Жарайсыңдар! (музыка ойналады)

-Мінекей сандығымыз да ашылды. (сандық ішінен ана тілі оқулығы шығады)

-Бұл не?

Олай болса менің ізімді жалғастырар, білімдеріңді одан әрі шыңдайтын Ана тілі екен.

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, байлығың.

Ана тілін өздеріңе табыстаймын. Ана тілін жыртпай, шимайламай, таза ұстайық. (Мұғалімге табыстайды)


Мұғалім: -Рақмет, саған Әліппе. Біздің балаларымыздың өнерін тамашалап, бірге болыңыз.



1-жүргізуші: Ортада сыныптың өнерін тамашалайық.


Әліппе: - Тамаша! Балалар, ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме? (Ияяя)

Мұғалім: -Ендеше, әліппе сендерге «Әріп жаса» ойынының шартымен таныстырып өтсін.

Әліппе: -Ияяя, ойынды жұппен ойнаймыз. Қазір кубикті лақтырамын. Қандай әріп түседі, сол әріпті жұппен жасайсыңдар. Дайынсыңдар ма?

Ана тілі: -А, Т, М, О, Н

-Жарайсыңдар, балалар! Әліппеден үйренгендерің көп екен.


1-жүргізуші:

Әліппені бітірді балаларың.

Әліппеден нәр алған даналарың.

Өздері жазып, оқитын қалге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың!


2-жүргізуші: Хор «Рақмет саған, Әліппе!»

Әліппе: Тамаша, балалар! Сендерге арналған тәтті сыйымды қабыл алыңдар.(шоколад тарату)

Мен сендермен қыркүйек айынан бастап жұмыс жасадым. Сендер менен 42 әріпті танып, оқи алдыңдар. Сендермен уақытым қызықты, көңілді өтті. Рахмет сендерге, балалар! Қоштасатын кез келді. Енді мен келесі сапарымды 1-қыркүйекте сендердің бауырларыңмен жалғастырамын. Қош сау болыңдар (Әліппе шығып кетеді, музыка)


1-жүргізуші:

Осымен «Әліппемен қоштасу» кешіміз аяқталды. Көңіл бөліп, мерекемізге ортақтасып келгендеріңізге көп рақмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2024
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі