400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кусайнов Әлібек

Материал туралы қысқаша түсінік
.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ - ОЙ АЙҚЫНДЫҒЫ



Қоғам, адам өмірінде ана тілінің алатын орны ерекше. Сәбит Мұқановтың сөзімен айтқанда, ол - " халықтың қымбаттан қымбат кені" . Ендігі міндет - баршамыз осы асыл кенді арзандатып алмау, оның беделі мен мерейі үшін күресу .

Осы орайда, қостілділік деген сылтаумен кей кісілердің орыс тілінің де мемлекеттік тіл болуын тілеген ойларын оқып, естіп жүрміз. Олардың ойынша, қазақ және орыс тілдерін білу тек қазақтардың,, оның ішінде, ана тілін білетін қазақтардың міндеттеріне жататын сияқты. Демек, қазақ тілін білетін адамдар орыс тілінде сөйлеп, жазуға тиіс. Ал, ана тілін білмейтін қазақтар мен орыс тілінде сөйлеушілер үшін тек орыс тілін білу жеткілікті екен. Біржақты түсінік дегеніміз осы емес пе?

Кімнің қанша тіл білуі өз ықтиярында, бұл әркімнің қабілетіне, қоршаған ортасына байланысты. Әңгіме ауасын жұтып, сол жерде өніп-өсіп, ержеткен, кішкентай Отаны болып кеткен республиканың атымен аталған халық тіліне азғантай болса да құрмет, ілтипаттылық қажеттілігіне болып отыр.

" Грузиядағы орыс жазушылары,- деп жазады М. Лохвицкий,- орыс па, әлде, грузин бе, армян ба, әлде, еврей ме, черкес пе, әлде, грек пе, қай ұлттан болғанына қарамастан, белгілі бір дәрежеде грузин тілін меңгереді, мұның өзі оның ішкі қажеттілігінен туындап жатады". Ал, Қазақстандағы аралас мектептерде сабақ беріп жүрген мұғалімдердің қазақ тілін білмейтіндігі өкінішті.

Орыс тілінде шүлдірлеген қазақ өзінің ана тілін білуі қажет. Бұл талап ешқандай да адам құқығына қол сұғу ретінде қаралмауы тиіс. Бұл - парыз. Перзенттік парыз. Адамдық парыз .

Ана тілі, бұл - асыл қасиет. Асыл қасиетті таптау - өз халқыңа, Отаныңа жасаған опасыздық . Осыны кейбір жеңілойлылар түсінбей-ақ келеді. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатын білсе ғой. Авар ақыны Расул Гамзатов: " Тілімнің ертең жоғалатын білсем, мен бүгін өлуге дайынмын"-, деген екен. Не деген жүректі толқытар сөз десеңізші. Өз ана тілін, өз ұлтын сүйген жан осындай-ақ болар.

Тіл тазалығы - ой тазалығы. Ана тіліңде өз ойыңды анық жеткізе білу - сенің анаңа деген адалдығың, халқыңа деген құрметің . Ана тілдің қадірін төмендетіп, киесіне ұрынбайық дегім келеді .

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қазан
49
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі