
Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп,
тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде
орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай
алуғаболады? Алма өте биікте – секіріп жете алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп
отырды.
— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! - дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ
алманы
тұмсығымен қармап ұстай алмай,
жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды.
Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре
жөнелді.
— Бұл қалай?
Қорқып кеткен Қоян алма ағашының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің
тікеніне құлағанын түсініп:
— Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды
қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен:
- Бұл - менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап
алдым.
Қоян да қояр емес!
— Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян
мен Кірпіге Қарға қосылады.
— Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын!
–деді ол өтірік-шынын араластыра.
Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып,
орман айғайдан у-шу болып кетеді.
Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады.
— Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған
жақындап:
— Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан
бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп аюға оқиғаның қалай
болғанын баяндап, төрелігін сұрайды.
Аю сәл ойланып, сұрады:
— Алманы кім тапты?
— Мен! — дедіҚоян.
— Ал, алманы кім үзіп алды?
— Мен! — деп қарқ еттіҚарға.
— Жақсы. Кім оны ұстап алды?
— Мен ұстап алдым! — деді
Кірпі.
— Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы
алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі!
— Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян, Қарға түсінбей.
— Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! —
деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті:
— Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі
алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп:
— Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін
Қарғаға беріп:
— Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі
аузына салып:
— Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші
бөлігін беріп:
— Бұл саған, Аю!
— Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю.
— Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! — деді ол, риза кейіппен.
Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю
ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді.
« Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған
көрінеді.
Онды орта мектебі

Дайындаған: Даярлық сынып мұғалімі
Набиева Гүлзина
Құрметті ұстаздар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! Сіздер даярлық сынып оқушылары дайындаған «Алма» ертегісіне тамашалайсыздар. Бұл ертегінің мақсаты: оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.
Ортаға Қазақ биімен Аманқос Айкүреңді шақырамыз.(би биленеді)
1 – оқушы: Ернар
Білгір қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Тобымызға келіп отырған,
Ұстаздарды қарашы.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар.
2 – оқушы: Алаш
Даярлықтың есігін
Беске тола аттадық,
Балапандай өсіріп
Мектебіміз баптады.
3 – оқушы Саягүл
Құрдастарым бек керім
Міне, сынып мектебім
Тісім кетік болғанмен,
Білетінім көп менің.
4 – оқушы: Ержан
Жасымыз толды беске де,
Ересек біздер боламыз.
Әріпті бастап үйреніп,
Буындап оқи аламыз.
5 – оқушы: Іңкәр
Гүлмен келсін келер күн
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
6 – оқушы: Рамазан
Алып келді анамыз
Мына нұрлы сарайға
Білім құйған бұл мектеп,
Білім берген талайға.
7 – оқушы: Рысты
Біз ұстаздың айтқанын,
Күнде орындап келеміз.
Ал, келесі кезекті,
Ертегі еліне береміз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алма" ертегісі Даярлық сыныбы

Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп,
тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде
орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай
алуғаболады? Алма өте биікте – секіріп жете алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп
отырды.
— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! - дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ
алманы
тұмсығымен қармап ұстай алмай,
жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды.
Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре
жөнелді.
— Бұл қалай?
Қорқып кеткен Қоян алма ағашының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің
тікеніне құлағанын түсініп:
— Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды
қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен:
- Бұл - менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап
алдым.
Қоян да қояр емес!
— Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян
мен Кірпіге Қарға қосылады.
— Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын!
–деді ол өтірік-шынын араластыра.
Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып,
орман айғайдан у-шу болып кетеді.
Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады.
— Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған
жақындап:
— Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан
бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп аюға оқиғаның қалай
болғанын баяндап, төрелігін сұрайды.
Аю сәл ойланып, сұрады:
— Алманы кім тапты?
— Мен! — дедіҚоян.
— Ал, алманы кім үзіп алды?
— Мен! — деп қарқ еттіҚарға.
— Жақсы. Кім оны ұстап алды?
— Мен ұстап алдым! — деді
Кірпі.
— Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы
алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі!
— Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян, Қарға түсінбей.
— Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! —
деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті:
— Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі
алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп:
— Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін
Қарғаға беріп:
— Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі
аузына салып:
— Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші
бөлігін беріп:
— Бұл саған, Аю!
— Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю.
— Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! — деді ол, риза кейіппен.
Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю
ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді.
« Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған
көрінеді.
Онды орта мектебі

Дайындаған: Даярлық сынып мұғалімі
Набиева Гүлзина
Құрметті ұстаздар! Ертегілер еліне қош келдіңіздер! Сіздер даярлық сынып оқушылары дайындаған «Алма» ертегісіне тамашалайсыздар. Бұл ертегінің мақсаты: оқушыларды өнерге бейімдеп, әртістік қабілетін арттыру.
Ортаға Қазақ биімен Аманқос Айкүреңді шақырамыз.(би биленеді)
1 – оқушы: Ернар
Білгір қазақ баласы,
Сәлем – сөздің анасы.
Тобымызға келіп отырған,
Ұстаздарды қарашы.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар.
2 – оқушы: Алаш
Даярлықтың есігін
Беске тола аттадық,
Балапандай өсіріп
Мектебіміз баптады.
3 – оқушы Саягүл
Құрдастарым бек керім
Міне, сынып мектебім
Тісім кетік болғанмен,
Білетінім көп менің.
4 – оқушы: Ержан
Жасымыз толды беске де,
Ересек біздер боламыз.
Әріпті бастап үйреніп,
Буындап оқи аламыз.
5 – оқушы: Іңкәр
Гүлмен келсін келер күн
Бала бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
6 – оқушы: Рамазан
Алып келді анамыз
Мына нұрлы сарайға
Білім құйған бұл мектеп,
Білім берген талайға.
7 – оқушы: Рысты
Біз ұстаздың айтқанын,
Күнде орындап келеміз.
Ал, келесі кезекті,
Ертегі еліне береміз.
шағым қалдыра аласыз


