«Алма» (қ.х.е)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Алма» (қ.х.е)

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем әдебиет конспект тәрбиешілерге көмектеседі
Материалдың қысқаша нұсқасы

І-кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 10.01.2019ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: ««Қыстайтың құстар»

Тақырыбы: «Алма» (қ.х.е)

Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетін сезіну және одан әсер алу. «Татулық», «Бірлік» құндылықтарының мәнін түсінуге ықпал ету.

1.Тәрбиелік: балаларды сыйластыққа, адалдыққа тәрбиелеу..

2.Дамытушылық :  Балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.

3.Оқыту:     Ертегіні оқу және мазмұндау, сөздерге жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар:

Ресурстармен қамтамасыз ету:  көрнекіліктер, суреттер, сұрақ жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Көптілділік (ересектер тобына)билингвалдық компонент (ортаңғы, екінші кіші тобы) алма-яблоко,қоян-заяц,қарға-ворона,кірпі-ежик,аю-медведь.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Үнтаспаға жазылған пойыздың жүрген, тоқтаған дыбысын қосамын. Пойыздың дауысын тыңдайды.

2. Негізі бөлімі:

- Балалар, мен сендерді баққа серуенге шақырғым келіп тұр. Келіңдер, пойызға отырайық.
Бірінің артына бірі тұрып, «пойызбен жүруді» ұсынамын.
- Далаға қараңдаршы, жер мен ағаштар қандай түске боялған?
- Қыс мезгілінде неше ай бар, олар қалай аталады?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болып тұрады?
- Қане, балалар, жайғасып отырайық. Мен сендерге осы жемістер туралы бір ертегі айтып берейін.
Ертегіні айтып отырғанда мазмұны бойынша салынған суреттерін көрсетіп отырамын. Ертегінің мазмұны бойынша сұрақтар қоямын.

«Алма» ертегісін балаларға оқып әңгімелеу.

Сұрақтар қою.

-Кім алма жақсы көреді?

- Жабайы алма қайда қалды?

- Алманы кім көрді?

- Қоян Қарғаға не деді?

- Қарға не істеді?

- Кірпі нені алып кетті?

- Үшеуі қайда барады?

- Аю не деп жауап берді?

- Қандай мақал айтты?

Сергіту сәті: Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенің алманың

Анамызға сыйлайық!

«Береке басы бірлікте» - жоғары дауыс,

орта дауыс , төмен дауыста айтылады.

3. Қорытынды:

- Егер алманы сен тауып алсаң,не істер едің?

- Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?

- Алма қайда өседі?

- Достар бір-біріне қандай болу керек?

Алма ағашы» ойынымен сабақты талдап, бекітемін.
«Алма ағашы» ертегі желісі бойынша салынған суреттерді алма ағашына жапсырамыз.
Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін аяқтаймыз. Суреттерді кезегімен «Алма ағашына» іліп, ертегіні әңгімелеп айтады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2019
439
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі