Тақырып бойынша 11 материал табылды

Алматы 1000 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы 1000 жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Алматы - арман қала».
Көрнекілігі: Видео,нақыл сөздер, интерактивті тақта,суреттер т. б материалдар.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі..
2. Негізгі бөлім.
Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтардан өзгеше, бұл сабақта өздеріңнің оқығандарыңды, көргендеріңді, түсінгендеріңді ортаға саласыңдар. Қазір барлықтарыңды 4 топқа бөлемін. Менің берген тапсырмамды топтарыңда талдап, жазып түсінік беретін болыңдар.
1 тапсырма нақыл сөздер.

2 тапсырма өлең шығару.

3 тапсырма сөз жұмбақ.

4 тапсырма сурет салу.
Алматының тұрған орнын картадан көрсетіп тұрып әңгімелейміз.
Алматының әсем қала екендігін көрсететін сызба жасаймыз.

3. Тақырып бойынша топтардан балл таңдаймыз.

1. Алматының тарихы.
100. Алматының тұрған жерінде ежелден кімдер мекендеген?.
Жауап: Қала тұрған жерді қазақ ұлтын құраған тайпалар мекендеген. Археологтардың зерттеулерінде ертеде сақтар, кейін үйсіндер, орта ғасырларда дулат тайпалары мекендеген деген дәлел айтады.
200. Алматы ежелден қандай атпен аталған?
Жауап: Алмалық пен Алмату. Алмату қазіргі Алматы тұрған жерде орналасқан. Алматудан қалған ескерткіштер 20 ғасырдың 40 - 50 жылдарына дейін сақталған. 1807 жылы Верный бекінісі салынған.
300. Алматы атағын қашан алды?
Жауап: 1918 жылы 2 наурызда Кеңес үкіметі орнады.
1921 жылы ежелгі Алматы атауын қайта алды.

Алматы кеше.
100. «Қазақстан» кітабынан «алтын адам» туралы не білесің?
Жауап: Алматы облысы, «Есік» қаласынан, қаланың сол жақ жағалауынан табылды. 1969 - 1970 жылдары К. Ақышов 17 - 18 жастағы сақ жауынгері бейнесін.
200. Алматыда қандай оқу орындары бар? Жауап: Алматы құрылыс Академиясы, Мед Академия, Жоғарғы әскери Академия, Алматы жоғарғы би мектебі, Алматы Мемлекеттік Консерваториясы, Ал. МУ, т. б.
300. Қалаға көрік беретін қандай ғимараттар бар?
Жауап: Даңқ монументі, М. Әуезов драма театры, Медеу мұз айдыны, Спорт сарайы, «Қазақстан», «Анкара», «Рахат - палас» қонақ үйі, Республика сарайы, Мемлекеттік музей, т. б.

Алматы ертең.
100. Өз ойыңда Алматыға не керек?
Жауап: Метро, Арал - Алматы темір жолы, океанариум, Электричка.
200. Алматының болашағына кедергі келтіретін нелер деп ойлайсың?
Жауап: Көліктердің түтіні, ауаның ластығы, таулы жерде тұратындығы.
300. Алдағы уақытта Алматыда қандай кинолар түсірілсе деп ойлайсың?

Біздің туған жеріміз Аралдың тарихы, жолда көретін қиындықтарымыз, Ортадағы өткелдерді адамдардың көрген қиындығын ағаларымыз көріп, солар жайлы деректі фильмдер, арнайы жобалар жасаса деп ойлаймыз.

Алматы бүгін.
100. Қазір Алматыда қандай өнер адамдары тұрады?
Жауап: Барлығы бақ қуып, Астанаға кетіп қалды ғой деймін.
200. Алматыдан қандай ақпарат құралдары тарайды? Қандай газет - журналдар бар?
Жауап. «Хабар», «Ұлттық арна», «КТК», «Алма тв», «Ақ желкен», «Қазақстан әйелдері», «Балдырған» т. б.
300. «Қазақфильм» киностудиясы шығарған қандай кино тамашаладың?
Жауап: «Қыз Жібек», «Құлагер», «Өтелмеген парыз», «Несібелі», «Шегіртке», Қазір түрлі телесериалдар т. б.

II бөлім. Енді балалар, өз бетерінше жинақтап, қосымша материалдар алып келген екенсіңдер, соны тыңдайық.
Ұлдай Ізмамбетованың орындауында «Сағындым Алматымды», Сансызбаева Айтолқынның орындауында «Алматым», Төлегенова Назеркенің орындауында «Астанам» әндері орындалды.

Қорытынды. Ал, балалар бүгінгі тәрбие сағаты өз мәресіне жетті, түсінбеген сұрақтарың болса сұраңдар, түсінгендеріңді ойларыңа тоқып, алдағы уақытта қолданады деп ойлаймын.
Әлі де білімдеріңді жетілдіріп отырыңдар. Алда Алматы қаласы сіздерді күтіп тұрған шығар.
Біздің тақырыбымызға араласып өздеріңнің білімдеріңді көрсеткендеріңе рахмет, сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
553
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі