Спорт –денсаулық кепілі
Спортпен шұғылдану – адамның денсаулығына оң әсерін тигізеді.Спортты серік еткен адамдардың қартайған шағында ауырсынуларға жиі ұшырамауы – соныңайғағы. Қазіргі таңда көптеген жастар спорттан гөрі бір орында жасалатын хоббилерге жақын. Ол жаман емес әрине, сүйген ісіңмен айналысу сені рухани дамытады. Алайда денсаулығына назар аударып, спортпен шұғылдану – өзіңе деген қамқорлық.
Бүгін, сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында Алматы марафоны басталды. Көктемгі жүгіруге ұсыныс білдіріп қатыстушылар өте көп болды, слоттар әп-сәтте сатылып кеткені – бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артқанының белгісі. Әбетте, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл жүгірулер марафонға қатысу мәдениетін дамытады. Мұндай марафондарадамдардың спортқа деген қызығушылығын оятып, жаңа әдет қалыптастырады.
Мысалы, әлемдегі ең ауқымды марафондаардың біріне жататын - Лондон марафонын қарастырайық. 2024 жылдың сәуірінде марафонға 50.000 ғана адам қатыса алатынына қарамастан,, 600.000 -ға жуық адам қатысуға өтініш білдірген, бұл қала тұрғындарының шамамен 6,25%-ы. Ал 2025 жылғы марафонға 840.000 адам қатысуға өтініш білдіріп, 56.000-нан астамы қатысу мүмкіндігін иеленді. Бұл жаңа рекордқа алып келе жатыр десең болады. Осыған дейінгі рекорд Нью-Йорк қаласының марафонында қойылған болатын. 55.646 финишер. Лондон марафонының қашықтықтығы да аз емес, бақандай 42 шақырым, ал сол жолды еңсеруге берілетін уақыт 8 сағат.
Осындай марафондардың жүргізілуі спорттық туризмді дамытады. Себебі бұл марафонға тек қала тұрғындары ғана емес, басқа қаладан келген, тіптен өзге ел азаматтары да келіп қатысады. Одан бөлек қолдау шаралары дамып жатыр. Марафонға қатысушыларды қолдау Лондонда өте жақсы дамыған. Ол жақта марафон кезінде 1.000.000-ға жуық адам қолдауға шығады. Бұл қала тұрғындарының шамамен 20%-ы. Біздің елімізде бұл енді ғана қалыптасып келе жатыр. Ең бастысы бастауы бар, әлі күнге жалғасуда. Әр адам осылай спортқа жақын болса, еліміздегі орташа өмір сүру жасы артатынына сенім мол.
Бүгінгі марафонда өкінішке орай 2 азаматымыз көз жұмды. Аққоян Рсалиев пен Нұрбол Ахмади ағаларымыздың отбасына көңіл айтамыз.
Нұрдәулет АЛЕКУЛ,
Рахат орта мектебінің
11 «Б» сынып оқушысы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Рахат ауылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алматы Марафоны
Алматы Марафоны
Спорт –денсаулық кепілі
Спортпен шұғылдану – адамның денсаулығына оң әсерін тигізеді.Спортты серік еткен адамдардың қартайған шағында ауырсынуларға жиі ұшырамауы – соныңайғағы. Қазіргі таңда көптеген жастар спорттан гөрі бір орында жасалатын хоббилерге жақын. Ол жаман емес әрине, сүйген ісіңмен айналысу сені рухани дамытады. Алайда денсаулығына назар аударып, спортпен шұғылдану – өзіңе деген қамқорлық.
Бүгін, сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында Алматы марафоны басталды. Көктемгі жүгіруге ұсыныс білдіріп қатыстушылар өте көп болды, слоттар әп-сәтте сатылып кеткені – бұқаралық спортқа деген қызығушылықтың артқанының белгісі. Әбетте, бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл жүгірулер марафонға қатысу мәдениетін дамытады. Мұндай марафондарадамдардың спортқа деген қызығушылығын оятып, жаңа әдет қалыптастырады.
Мысалы, әлемдегі ең ауқымды марафондаардың біріне жататын - Лондон марафонын қарастырайық. 2024 жылдың сәуірінде марафонға 50.000 ғана адам қатыса алатынына қарамастан,, 600.000 -ға жуық адам қатысуға өтініш білдірген, бұл қала тұрғындарының шамамен 6,25%-ы. Ал 2025 жылғы марафонға 840.000 адам қатысуға өтініш білдіріп, 56.000-нан астамы қатысу мүмкіндігін иеленді. Бұл жаңа рекордқа алып келе жатыр десең болады. Осыған дейінгі рекорд Нью-Йорк қаласының марафонында қойылған болатын. 55.646 финишер. Лондон марафонының қашықтықтығы да аз емес, бақандай 42 шақырым, ал сол жолды еңсеруге берілетін уақыт 8 сағат.
Осындай марафондардың жүргізілуі спорттық туризмді дамытады. Себебі бұл марафонға тек қала тұрғындары ғана емес, басқа қаладан келген, тіптен өзге ел азаматтары да келіп қатысады. Одан бөлек қолдау шаралары дамып жатыр. Марафонға қатысушыларды қолдау Лондонда өте жақсы дамыған. Ол жақта марафон кезінде 1.000.000-ға жуық адам қолдауға шығады. Бұл қала тұрғындарының шамамен 20%-ы. Біздің елімізде бұл енді ғана қалыптасып келе жатыр. Ең бастысы бастауы бар, әлі күнге жалғасуда. Әр адам осылай спортқа жақын болса, еліміздегі орташа өмір сүру жасы артатынына сенім мол.
Бүгінгі марафонда өкінішке орай 2 азаматымыз көз жұмды. Аққоян Рсалиев пен Нұрбол Ахмади ағаларымыздың отбасына көңіл айтамыз.
Нұрдәулет АЛЕКУЛ,
Рахат орта мектебінің
11 «Б» сынып оқушысы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Рахат ауылы
шағым қалдыра аласыз













