Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
|
Тәрбие сағаты |
|
|
|
Күні |
|
|
|
Сынып жетекші: |
|
|
|
Сынып: |
|
|
|
Сабақтың тақырыбы: |
Алты алаштың қайсар ұлы-Т.Рысқұлов |
|
|
Сабақтың мақсаты: |
Тұрар Рысқұловтың өмірі мен еңбектерін зерттеу арқылы оның ел тарихындағы рөлін түсіндіру. Тарихи тұлғаның қайраткерлік қасиеттерін талдау, қазіргі қоғамдағы патриотизммен байланыстыру. Шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. |
|
|
Сабақтың барысы |
||
1-Топ: Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны.
Дулат тайпасының Шымыр руынан.[1] Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады.
1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», - деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді.
2-Топ: Қоғамдық-саяси қызметі.
Қоғам 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.
Төңкерістен кейін
1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады.
1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді.дық-саяси қызметі.
3- Топ: Оның Қазақстанның дамуына қосқан үлесі.
Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1933 жылы Алматы облысының, қазіргі Өжет ауылының шетінде кетіп бара жатып, бір топ еңбекшіні көріп, сонау қиын-қыстау ашаршылық кезіңде, Мойынтұрық ауылының атын, Өжет етіп өзгертуді ұсынған..
(Тұрар Рысқұловқа)
Туылған тар заманда Тұрар едім,
Елім деп еңіреген ұлан едім.
Қолымда құдіретті билік болса,
Тарихты тура жолға бұрар едім.
Мың өліп, мың тірілген қазағым-ай,
Аз ба еді арқалаған азабың-ай?
Тауқімет тартқызатын қайта-қайта,
Тағдырдың тәлкегін-ай, мазағын-ай.
Алқакөл ақтабанды шұбырынды
Аямай созған еді сіңіріңді.
Жаулармен жағаласқан қан майдандар
Қаншама қырқып кетті ғұмырыңды?
Ел едік жаралмаған мұңдық үшін,
Көз көрді жауыздардың сұмдық ісін.
Жатқанда бауырларым баудай түсіп,
Шыбын жан шырқырады шындық үшін.
Ойранды «отыз екі» малыңды алды,
Отады «отыз жеті» дарындарды.
Тұқымың біржолата құри жаздап,
Әйтеуір, шығар-шықпас жаның қалды.
Қаншама шайқатылып шаңырағы,
Қаншама оттың басы қаңырады?
Қалғаны көшіп кетіп, босып кетіп,
Аһ ұрып атамекен аңырады.
Қиянат, көрген қорлық бір бұл емес...
Біржола құрып кету мүмкін емес.
Құлпырған көктемдегі қыраттардай,
Қалайша өртең орны дүркіремес?
Төсекте тыныш жатқан түнің бар ма?
Төскейде тартыспаған күнің бар ма?
Қайтадан қабырғалы ел боларсың,
Қылыштай тілің барда, ұлың барда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Алты алаштың қайсар ұлы-Т.Рысқұлов тәрбие сағаты қмж

шағым қалдыра аласыз