Алтын
бесік-Атажұртқа
(Тәуелсіздіктің 25
жылдығына)
Армысың, елім, киелі Алтын
бесігім,
Қайда жүрсем қастерлі ,
айтар есімің
Бораныңда құлының едім
адасқан,
Бүгін, міне, ашылды маған
есігің
Табанын тірер құт мекені сен
едің
Алтайдан ауған қазақтың
ұзақ көшінің
Шерлі күндердің естідік
талай күркірін,
Зар болған күндер нанда таппай бір
тілім.
Зұлматтан қалған қайран да
мынау қазақтың,
Бағзыдан жеткен жан
байлығы-ғұрпымын.
Жарқылы болып Күлтегіндегі
көк тастың.
Сарқыны болып жиылдық көне
түркінің
Бабасын өткен ел емес едік
танымай,
Қилы заманда шашылған ұлт
ек тарыдай.
Қағанат құрып, еңсесін қайта
тіктеген
Керей, Жәнібек,Салқам Жәңгірмен
Абылай
Қаһармандарым қашан да елдің
есінде
Осы күнге де жеттік қой
шүкір, А,Құдай!
Қаймықпай өттік қарсы
соққан дауылдан,
Соғыс та сені сындыра алмаған
сағыңнан.
Аштық пен қастық талайымды жұтты
ғой.
Айырған дұшпан басымда тұрған
бағымнан
Қан майданда жан беріскен сан
боздақ.
Төлеген, Мәншүк батыры
болған Бауыржан.
Тағдыр да солай өтпеді-ау бізді
сынамай,
Ес жиып, бүгін біріктік ел боп
құламай.
Қайта оралды Алаш деп туған
арыстар
Қайта оралды қалың еліне ұлы
Абай
Қалайша тәнті болмассың мынау
бақытқа
Дархан елдің амандығын шын
сұрамай
Тектілік болып жалғасқан ерлік,
арыны,
Ұлтына тұтқа дарытқан арда
тәлімі.
Ахмет, Сәкен арыстарымнан
айналдым
Алаш деп соққан кеудеде
жүрек-тамыры
Сексен алтыда қыршыннан
кеткен көп өскін,
Мұздағы рухтың сөнбейді
мәнгі жалыны.
Санада ылғыи жатталушы едің
шалғайдан,
Самалы ескен сары ала жонда самғайды
ән.
Сенделіп саған оралды қайта
қазағын,
Сағынышы жүрегіндегі қан
майдан.
Серпіліп бүгін шұрқырасып
жатырмыз.
Сары қымыз дәмі де кетпес
таңдайдан!
Есемді өткен болашақпенен
жазамын
Әлімнің елім өзіне алған
назарын.
Бөліп те жармас тілегі бір
халықты
Бауырына басқанда мына
қазағым.
ЭХПО-ны ойдағыдай
өткізген,
Тарқамасын думанды елім
базарың!
Тұрақтылығың даралар сені
басқадан,
Береке бірлік қашанда болған асқақ
ән
Еңку де еңку жер шалып, бой
түзеген,
Есілге қонған айбарлы Ордам
Астанам
Елбасың барда бақытың сенің
еселі
Мәңгілік жолға халықты өзі
бастаған.
Арта берсін, ағайын
ырыс-береке, несібің,
Мал менен бастың қалаймын менде
өсуін
Отансыз адам ормансыз бұлбұл анық
қой
Отанын сатса болмасын онда
кешірім,
"Мәңгілік Елім"-ұлтымның
асқақ мұраты,
Жасай бер,құтты
Атажұрт-алтын бесігім!
Нұрболат
Шакимардан