|
Зал
іші күздің жапырақтарымен көркемделген.Бір бұрышында алма ағашы
жемісімен тұр «күз»әуені ойналғанда сайысқа қатыспайтын балалар
залдың ішін айналып жарты шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:Сары жібек көйлегін желбіретіп,
жапырағын ағаштың селдіретіп
Тойға бөлеп елімді күзім келді.
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Құрметті ата-аналар,әріптестер табиғатымыздың бізге берер байлығы
мен берекесін сыйлайтын сары алтын күзіміз келді.Алтын күз мерекесі
құтты болсын демекпіз,жылдың қай мезгілін алсақта табиғатты
сүйіп,оны аялап күту әрбір адамның міндеті,өйткені бізді қоршаған
табиғат аман болса,бізде әрқашан көңілдіміз.Сондай көңілді
шағымызда бүгін «Алтын күз» сайысымызды
бастаймыз.Олай болса сайысымызды бастауға рұқсат
етіңіздер.
Жүргізуші:
-Бүгінгі сайысымыздың әділ
бағасын беретін әділ бағасын беретін,қазылар алқасымен таныстырып
өтейік.
Әділ-қазылар алқасы
1 «Таңшолпан»шағын орталығының әдіскері Құрманәлі Эльмира
2 №234 Ж.Жабаев атындағы мектеп психологы Мұратбаева Шаттық
Жүргізуші
Кірпігі ине болып қадалды да,
Ұшқындап көрермендер жанарында,
Балбұл жанып сайыскерлер шықты ортаға,
Қол ұрмай қалған сірә,адам бар ма?-дей отырып сахнаға
қатысушыларымызды шақырамыз.
1.Жанар анамыз бен қызы
Таңнұр
2.Мерует анамыз бен ұлымыз
Мансұр
3.Гүлзат анамыз бен қызы
Айжұлдыз
4.Гүлжайна мен
Айқын
Жүргізуші: -Күзгі бал сайысындағы
сайыскерлерімізге қойылатын шарттармен таныстырсақ
1. Таныстыру,сәлемдесу рәсімі
2. Өз өнері (би,тақпақ,өлең,көркем сөз оқу)
3. Қол өнері
4.Сән үлгісі(Әр қатысушының өз қиялына байланысты)
5. Ас мәзірі
Жүргізуші:Сайыскерлер келіп жетті
танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға
Қорықпастан ортамызға келіп жетті
Әдеппен,ізетпенен танысуға
-дей отырып сайысымыздың І-кезеңін бастаймыз.
Таныстыру
Ата-аналар бүлдіршіндер
көп-көп рахмет.Сайыскерлерді ортаға шақырайық.
-Әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде,сайысымыздың бірінші бөліміне
баға берсек.
Жүргізуші:
Жапқандай жапырағымен іздерді
Қуантып байлығымен ізгі елді
Бір тойдырып қайту үшін елімді,
Сабырлы сары алтын күз келді.-демекші сайыскерлеріміз екінші
кезеңге дайын болғанша балалардың «алтын күзге»деген
тақпақтарын қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер»демекші
келесі кезең өз өнерін көрсету
Сайыскерлерімізді ортаға
шақырайық әділқазылардың бағасын
алайық.
Жүргізуші:
«Өнерлі екен он саусақ
»демекші,келесі кезеңімізді қол өнерге
береміз.
Ендігі сөз кезегі
әділқазыларда. Жүргізуші:
Сайыскерлеріміз келесі кезеңге
дайындалғанша балабақша бүлдіршіндерінің
«Жігіттер» биін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Келесі кезең сән
үлгісі
Әділқазылар төртінші кезеңнің
бағасын беріңіздер.
Жүргізуші:Сайысымыздың ең соңғы бөлімі «Ас мәзірі»,сайыскерлеріміз
дайын болғанша «Испан» биін қабыл алыңыздар
V-кезең «Ас мәзірі»
«Ас адамның арқауы »демекші келесі кезеңде үйден дайындап
әкелінген ас мәзірлерін қорғап,оны
тапсыру.
Жүргізші: Осымен сайыскерлеріміз бес
кезеңнен өтіп өздерінің бойларындағы бар өнерлерін көрсетті,ендігі
кезек әділ-қазыларда.
Әділ-қазылар дайын болғанша бүлдіршіндердің «Алтын күз»әнің
қабыл алыңыздар
Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды келесі кездескенше аман-сау
болыңыздар..
|