400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға, эссе жазу барысында пайдасы тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күз

Күндері бар қызуы әбден сөнбеген,

Гүлдері бар қызылы әлі сембеген.

Күз де менің елу жасым сияқты,

Жаздар өтіп, қыс келер деп сенбеген-деп, ақын Жұбан Молдағалиев жырлағандай, жайнаған жазда кетіп, өз кезегін алтын күзге берді. Жаз жанымызға жайлылық сыйласа, күз күңіреніп жанымызды жабырқатары тағы бар.

Күз мезгілінде диқаншылар қамбаға астық толтырса, жан-жануарлар азық жинап әлек. Күздің байлығы бау-бақшамызда әбден пісіп жетілген көкөністер мен жемістер, жаздың жайқалған шөбінен нәр алған төрт түлік.

Әдетте, күз мезгілін мінезі құбылмалы адамға теңеген. Расында да, күндіз күн шайдай ашық болса, әп сәтте-ақ күңіреніп шыға келеді. Адаммен табиғаттың егіз ұғым екендігі осында жатырса керек. Ауа райы суытса да, күзгі күннің шуағы жанымызды әліде болса жылытқысы келеді, күзде жазды қимайтындай көрінеді. Күзде жасыл жапырақтар сарғайып, айналаны алтынға бөлейді, жайқалған гүлдерде, бірде ызғары қатты күздің желіне, бірде нөсер жаңбырына төтеп беруден шаршап, оларда қурай бастайды. Көктемде жылы жақтан келген құстарда өз әндеріне салып, топ боп ұшып, жылы жаққа ұшып бара жатқаны да қоңыр күздің лебін одан сайын сездіре түседі.

Күз мезгілімен қатар келетін мерекелерімізде бар, алғашқы күздің күнімен келетін мерекеміз жазғы демалыстан кейін бар ынта-ықыласымен мектепке сағынышпен келетін бүлдіршіндер! «Білім күні» біз үшін ерекше күн! Күздің екінші айымен келетін мерекеміз қазыналы асыл аталарымызбен, әжелеріміздің мерекесі «Қариялар күні», одан кейін, ұлағатты ұстарымыздың мерекесі «Ұстаздар күні» мінекей, осындай мейрамдарымыздың арқасында бір марқайып, күлімдесіп қалатынымыз тағы бар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсам, күз мезгілі молшылық пен берекенің, байлықтың айы. Күздің күніне бойымыз тоңсада, жанымыз жабырқамасын! Қыркүйек, қазан, қараша айлары біз үшін қысқа дайындық іспеттес. Күздің жауынын, күздің нұры деп қарайық!



Қатысушының аты-жөні

Қатысушының жасы

Аудан

Білім беру ұйымының атауы

Байқаудың номинациясының, жұмыстың атауы

Жетекшісінің аты-жөні

Байланыс құралдары

Рашиден Тоғжан

12

Бөкей Ордасы ауданы

Жәңгір хан атындағы ЖОББМ

«Ғажайып көрініс» күз туралы эссе

Әдешева Раушан Амангелдіқызы

87059154794 rowa.94@mail.ru





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.11.2020
798
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі