жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Алтын күз"
Алтын күз!
Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.
Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.
Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.
Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Ертеңгілік барысы:
Дауыс: Міне, өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен толқып, билеп күз де жетті. Күздің келуін бәріміз де асыға күттік. Ал, күз бізге мол өнімдерін сыйға тартуда.
1.«Біз өнерлі баламыз» әні (Жапырақтар биін билеп балалар келеді. Би аяқталған соң өз орындықтарының қасына барып тұрады.)
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар! Біздің «Еркемай» балабақшасына «Алтын күз!» мерекесін бізбен бірге өткізуге қош келіпсіздер!
Бүгін мейрам, бүгін той
Қуаныш күн, біліп қой
Күзгі бақта сыңғырлап
Алақанды ұрып қой.
Қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін қолдарымызды бұлғап амандасайық!
(Балалар қолдарын бұлғайды)
Жарайсыңдар балалар! Қонақтар мен балалардың жүзінен қуаныш пен шаттықтың ізін байқайық!
2.Балалардың күз мезгілінің келуіне арналған тақпақтарын тыңдайық:
|
Дария:
Берекесін сыйлауға |
Аңсар:
Қуандырып біздерді |
|
Адина:
Көптен күткен күз келді |
Мұстафа: Күн шуаққа маужырап, |
3.Ән: Күз тамаша!
Жүргізуші: Балалар қазір бізде күз мерекесі, күз мезгілінің неше айы бар екен?
Күз айларын кім атап шығады?
4.Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)
Нұрали (Қыркүйек):
Сыңғырлайды қоңыраулар
Қыркүйек айында
Сағынышпен біз барамыз
Өнер білім тойына
Адель (Қазан):
Қазан айы басталды
Құстар қайта бастады
Туыстық, адам достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін
Дана (Қараша):
Күздің караша айында
Алма, алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр, сыбдыр түседі
5. Бағбаншы ( Шыңғыс): кіреді.
Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?
Бағбаншы: Бақша, бақты
күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен
құттықтауға келдім. Ал сендер неге жалғызсыңдар? Күз
ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен
келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын
көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған
шығар.
Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді қазір өздерін таныстырсың.
6. Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар
|
Өрік
(Айнұр): |
Алма
(Н.Айзере): |
|
Сәбіз
(Милана): |
Картоп (Сәттіғұл): |
|
Алмұрт (Алинұр): |
|
7.
(Әуен: Жел мен жаңбырдын
дауысы.)
Күз (Айзере) бен жел (Мұстафа)
кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер,
көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф ! Күзді ұйықтатып тастайын. Қара
бұлтымен күзді жауып тастайды.
Бағбаншы: Желдін артынан
қуады.
Жүргізуші: Жел сен неге күзді сиқырлап тастадың?
Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.
Жел: мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап
тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда
шапшаң!
8.Тосын сәт: Аюдың кіруі
Аю: Сәлеметсіңдерме, балалар! Қалдарың қалай? Мен сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Мен бір себет жеміс пен көкөністерді жинап қойып, соны жоғалтып алдым, көрмедіңдер ме?
Балалар: көрдік, ол ағаштың түбінде.
Аю: рахмет! Балалар мен салат және компот қайнатайын деп ем, бірақ жемістер мен көкөністерді ажырата алмаймын, маған көмектесесіңдер ме?
Жүргізуші: Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік,
жемістер мен көкөністерді ажырата білетінімізді
көрсетейік.
9.Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Екі баладан ортаға шығып, музыка әуені аяқталғанша көкөністер мен жемістерді ажырату керек. Қай топ дұрыс және жылдам жинаса соның жеңіске жеткені болады.
Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?
Жел: жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер
жеңдіңдер.
Жүргізуші: күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып
отыр.
Күз (Айзере) оянады.
Береке бақ дарыған
Жомарт көңіл жарқын күз
Сары алтынға малынған
Мен Күз ханшайымымын.
Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
10. Күз ханшайымының әні «Алтын күзде молшылық!».
Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!
Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.
Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.
11.Ән: Күзгі әуен
12.Би: «Вальс»
13. Тақпақтар
Асет:
Ағаштарда жапырақ,
Ұшып ұшып азайды.
Тырау тырау
тырналар,
Туған жерден ұзайды.
Майра:
О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші күлімдеп
Аунар ма еді, жатып ап!
Ернұр:
Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
14.Би: «Шашу» ( Аделя, Дана, Адина, Айнұр, Дария, Милана)
15. Асель: Алма әні
Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Ендеше мені басқа балалар тосып отыр,
Сау болыңдар балалар!
Келгенше жыл айналып.
(Күз кетеді)
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
16. Ән «Урожай»
17. Марапат беру.
Жүргізуші: Осымен мектепалды даярлық «Тұлпар» тобының «Алтын күз»» атты ертеңгілі аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!
МАД «Тұлпар» тобының «Алтын күз» ертеңгілігі
1.«Біз өнерлі баламыз» әнімен балалардың кіруі.
2.Балалардың күз мезгілінің келуіне арналған тақпақтарын тыңдайық:
Дария, Аңсар, Мұстафа, Адина
3.Ән: Күз тамаша!
4.Күз айларын ортаға шақырайық . (Қыркүйек, қазан, қараша)
Нұрали-қыркүйек, Адина-қазан, Дана-қараша
5. Бағбаншының кіруі ( Шыңғыс).
6. Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар
Өрік (Айнұр), Алма (Н.Айзере),
Сәбіз (Милана), Картоп (Сәттіғұл), Алмұрт
(Алинұр).
7. Жел мен күздің келуі.
Мұстафа мен Айзере
8.Аюдың
кіруі
9.Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
10.Күз ханшайымының әні «Алтын күзде молшылық!».
Айзере
11.Ән: Күзгі әуен
12.Би: «Вальс» (Мұстафа
13. Тақпақтар
14.Би: «Шашу» ( Аделя, Дана, Адина, Айнұр, Дария, Милана)
15.Асель «Алма» әні
16. Ән: «Урожай»
17. Марапат беру.
Жүргізушінің сөзі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген