400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекетерге тарту. Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.Тәрбиешілермен тәжірібе алмасуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізушінің сөзі

Күз халқымның ежелден берекесі

Жерден ғой адамзаттың несібесі

Тойлаймыз бүгінгі күз мейрамын

Алтын күз құтты болсын мерекесі!

Құрметті қонақтар! Табиғаттың әсем мезгілі «Алтын күз» атты ертенгілігіне қош келдіңіздер»!

Балаларды қошаметпен қарсы алайық.

Өнерге жастайынан жақын туған,

Қазақтың дарынының жолын қуған

Өз өнерін көрсетер әр баламыз

Өзгеге ісі, үлгі болып тұрған,

Өз өнерін ортаға салмақ: Мадияр, Исатай, Әділет, Ердәулет, Аман, Нұрсафа.

Мадияр: Көк майсалы көрікті Исатай: Сары ала тон жамылған

Алқаптағы көп егін Күз атамыз секілді

Бұл күндері киіпті Қойны толы дәмді нан

Сары жібек көйлегін Тәттісі көп не түрлі

Әділет: Берекелі күз келді, Ердәулет: Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Мерекелі күз келді. Күзде бақтар жайнайды.

Жеміс-жидек мол пісіп, Құстар қайтып қош айтысып,

Қуантады біздерді. Қимас үнмен сайрайды.

Аман: Алтын, алтын сары алтын Нұрсафа: Самал қозғап қалғанда,

Алтын күзде нұр жатыр Үзіледі сары алма

Біз мектепке баратын, Шолып едім бақшаны

Алақай-ау күн жақын! Қауын біткен сап-сары.

Жүргізуші: Жомарт көңіл жарқын күз, Келістіріп бар сәнін

Сары алтынға малынған. Берген өзі табиғат

Жетті міне алтын күз! Алтын күзді ал, қане

Сары пүліш көйлегі. Қарсы алайық жамағат.



Балалар бәріміз бірге: Келші, келші алтын күз!

Келші, келші жарқын күз!

Алтын күздің сөзі: Амансыңдарма балғындар?

Күзгі бақтағы қонақтар!

Өздеріңе әкелдім

Күздің сыйын көз тартар!

Жүргізушінің сөзі: Рахмет саған алтын күз,

Жомарт көңіл жарқын күз!

Жоғары шық кел, төрлет

Көңілдерді ән тербеп,

Арналады саған жыр.

Жүргізуші: Мың бұрала билеген,

Ұл-қызды кім сүймеген.

Өнерлері шалқытар,

Дөңгеленіп билеген.

Би: «Күзгі вальс»

Жүргізушінің сөзі: Дәрумендер денсаулық сақтаушысы. Көкөністерден жарнама

Көкөністер: Жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз

Ішімізден адамға тиеді көп пайдамыз

Қызанақ: Тал шыбығым бұралып, Сәбіз: Өсіретін бойыңды

Бақшаларда қызарып Дамытатын ойыңды

Тұрған ол мен қызанақ Қоянға да азықпын

Күнге қарап ұялып. Мен жазықсыз сәбізбін.

Пияз: Боламын мен дәмдеуіш Картоп: Мен ұялшақ картоппын,

Барлық-барлық тағамға. Мен емеспін мақтанар.

Көкөністер ішінен, Мені жақсы көреді

Мен пайдалы адамға. Үлендермен балалар.



Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда Қияр: Дәмім тілді үйірген,

Менсіз дәмді щи қайда? Мен тұздалған күйімде.

Мені қосса самсаға, Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі тамсана. Жейді бәрі сүйсіне.

Алтын күз: Көкөністер бәріде,

Денсаулыққа пайдалы.

Оны жақсы көріңдер,

Мұны жатқа біліңдер.

Ойын: «Кім жылдам»

Ойынның шарты: Көкөністерді жүк машинасына кім тез жинайды?

Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық,

Қол соғайық халайық.

Күзгі бақта бүгінгі

Шырқап әнге салайық.

Ән: «Қуырмаш»

Әділет, Аяулым, Ақтілік, Нұрәлі, Аңсар, Аяла балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.

Әділет: Қандай өзі береген, Аяулым: Жемісі мол теретін,

Жемісі көп не деген Күз дос екен бізбенен.

Жеп тауыса алмайсың. Бәрін тауып беретін,

Өрік, шие, балы бар. Жомарт екен күз деген.

Ақтілек: Сары жапырақ төгілген, Нұрәлі: Қайтқан құсты көрдің бе?

Тоғайды да көрдім мен. Қаптай ұшқан әуелеп.

Енді сары бояумен Күткен күзім келдің бе?

Күз суретін салам мен. Сыңсып бағың мәуелеп.

Аңсар: Келді міне, алтын күз Аяла: Алма пісті бағымда,

Сары шашты жарқын күз. Пісті балдай қауында.

Мол өнімді әр ісімен, Жүзімдер тұр мөлдіреп,

Риза етіп халқын қыз. Үзер шағың келді деп.



Жүргізуші: Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгілді.

Біздің өмір таң шуақ,

Біздің өмір көңілді.

Би «Тиіндер»

Ойын: «Көкөністер мен жемістерді ажырат!»

Көрініс: «Алма» ертегі желісі бойынша

Жүргізуші: Сән мен сымбат екеуі үйлескенде,

Көкірегіңді керімсал күй кешкенде.

Дүниені төңкеріп сұлулықты,

Табылмайды көз тігіп сүймес пенде.

Қыздарымыздың сән үлгісін тамашалайық!

Жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп калды,

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Егердесіздер рұқсат етсеңіздер, осымен «Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі